Буын Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді



Дата26.03.2023
өлшемі166,5 Kb.
#76304
түріҚұрамы
  • Буын
  • Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық ауамен тікелей байланысты болады
  • Буын туралы теория
  • 1. Экспираторлық теория: буын ауаны бір демде шығару сәтімен, жұтылған ауаны шығарумен сипатталады. Мысалы, шамға қарап сөйлегенде сөзде қанша буын бар болса, шамның жалыны сонша рет дірілдейді. Осылайша, буын дегеніміз – жұтылған ауаны сыртқа шығару. (Томпсон, Богородицкий)
  • 2. Динамикалық теория: буындағы дыбыс - ең күшті, ең қарқынды. Бұл теория бойынша бұлшықетке көп күш түседі. Франция ғалымы Граммон, Ресей ғалымы Щерба осы теорияны жақтап, демек, буын дегеніміз - бұлшықеттің күшті, қарқынды қозғалысы деп анықтайды. Мысалы,
  • ПРАЗ-ДНИК. Щерба егер бірінші дауысты дыбыс епінді болса, одан кейін дауыссыз дыбыс күшті болып табылады және осы дауысты дыбысқа іргелес болып қалыптасады да жабық буын (шапка, кошка) құрайды; егер екпінді екінші дауысты болса,содан кейінгі екі дауыссыз дыбыс ашық буын тәрізді естіледі (капкан, кошмар).
  • 3. Сонорлық теория: буын анық естіледі. Дыбыстардың дыбысталуы дауыстыдан бастап төмендеп дауысты, сонор дауыссыз, шулы дауыссыздарға дейін төмендейді. Бұл теория бойынша буын дегеніміз – шулы, дауысты элемент пен үнсіз, дауыссыз элементтердің үйлесе айтылуы.
  • Сонорлық теорияны жақтаушы белгілі лингвист Р. И. Аванесов 3 деңгейден тұратын шкаланы жасайды:
  • 1.ең аз дыбыс (шулы)
  • 2.дыбысы басым (сонор)
  • 3.мүмкіндігінше дауысты дыбыстар. Демек, буын жоғары дыбыстық толқын принципі бойынша құрылады. Мысалы, го-ло-ва, сти-хи, стра-на, ар-тист, о-зе-ро
  • Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады.
  • Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді. Екпінің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады (қытай,корей,жапон,литва).
  • 3.Квантитативті екпін (количество).Басқа буынның ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады.
  • Буынға тән негізгі белгілер:
  • Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс.
  • Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау.
  • Байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді.
  • Түркі тілдеріндегі V-дауысты, C-дауыссыз
  •  V, VC, VCC, CV, CVC, CVCC – негізгі тұлғалар деп танығанмен, осы модельдердің қайсысы алғашқы деген мәселе үлкен пікірталас өзегі болып отырғаны белгілі. Түркi тiлдерiндегi түбiр морфемалардың фонетикалық құрылымын әр қырынан қарастырған Н.А.Баскаков түркi түбiрiнiң CVC тұлғалы болып келетiнi жайлы алғашқы ойын қарақалпақ тiлi деректерi негiзiнде көрсетеді: ана, ата, жер, қол т.б.
  • Ай-т, же-т, ар-т, ке-т: са – «ойлау»
  • «увеличивать». : ulga «расти, сделаться большим» .
  • ï «растение» (ДТС, 603): ï bar bas asdïmïz, гага.т. ығач қаз.т ағаш 
  • aγ→aγït «отгонять, разгонять» , *ad «айғыр», д/й адақ/айақ
  • *üz→üze «наверх, вверху». Ұза, ұзық, ұзын,ұзағырақ
  •  А. Байтұрсынұлы
  • а, о, ү,и, е дыбыстарын буыншы әріптер деп таныған.
  • Буыншы әріп басқалардың ортасында, қамауда тұрса, бітеу буын деп атаған (тас, кел т.б.)
  • Буын аяғы буыншы әріпке тіркелсе, ашық буын деп атаған (же, не т.б.)
  • Буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, тұйық буын деп атаған (ат, ек т.б.)
  •  А. Жұбанов буынның 6 түрін ажыратқан
  • 1. Жалау буын. Тек дауысты
  • 2 Ашық буын. Дауыссыз, дауысты (же, не т.б.)
  • 3. Тұйық буын деп атаған (ат, ек т.б.)
  • 5.Жеңіл тұйық буын. (Дауысты, дауыссыз)
  • 6. Ауыр тұйық буын. Дауысты созылыңқы, дауысты қатаң
  • 7. Ауыр бітеу буын. Дауыссыз, дауысты, созымды, қатаң дауыссыз
  • І. Кеңесбаев Щербаның көзқарасын жақтай отырып, буын жұтқан ауаны сыртқа шығарумен экспирациямен байланысты болатынын анықтайды. Күшті бас дыбыс және күшті соңғы дыбыс болатынын нақтылайды. Буынның ашық, бітеу, тұйық буын түрлерін ажыратқан


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет