Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет2/21
Дата09.03.2017
өлшемі2.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

№ 
Маршрут бағыты 
Қашықтығы /км/ 
Уақыты /сағ/ 

Жасыбай көлі - Жылысай жылғасы-Ботаникалық соқпақ 



Жасыбай көлі - Жасыбай батырдың зираты 



Жасыбай көлі - С.Торайғыров бейіті/Найзатас жартасы, 
Кемпіртас жартасы, Айманбұлақ бұлағы, Торажыф көлі 
арқылы өтеді/ 
36 


Жасыбай көлі - Қоңыр әулие үңгірі/Саймантас жартасы арқылы 
өтеді/ 
30 


Жасыбай көлі - Кең алаң далашығы 
7,5 


Жасыбай көлі - Туристер жазулары жартасы 

2,5 

Жасыбай көлі - Көгершін жартасы/Кемпіртас жартасы арқылы 
өтеді 
10 


Сабындыкөл көлі - С.Торайғыров зираты 
14 


Сабындыкөл көлі - С.Торайғыров зираты 
73,5 

10  Жасыбай көлі - Қоңыр әулие үңгірі (Жамбақ шатқалы арқылы 
өтеді) 
12 

11  Жасыбай көлі - Кемпіртас жартасы/Найзатас жартасы арқылы 
өтеді 
10 

Жасыбай демалыс аймағында жиырма жыл бойы «Ертіс меридианы» өңіраралық туристер слеті өтеді. 
Оның ұйымдастырушылары «Звезда Прииртышья» облыстық газеті мен «Павлодартурист» АҚ, жастар, 
туризм мен спорт істері жөніндегі облыстық басқарма. Слетті өткізудің мақсаты: Ресей мен Қазақстан 
туристері арасында достық байланыстарды нығайту, спорттық туризмді одан әрі дамыту, табиғатты 
аялауды насихаттау мен спорттық тәжірибемен алмасу. Слет бағдарламасы кросс - жорықтан, туристік 
эстафетадан және міндетті түрде туристік ән конкурсы енетін бағдарламадан тұрады [6]. 
Жоғары айтылған мәселелерге талдау жасай отырып, келесі ұсыныстарды беруге болады: 
- облыстың физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып, 
мәліметтерді жинақтау, жүйеге келтіру; 
- білім беру мазмұнына бағдарлық компонент, мектептік компонент немесе үйірме ретінде ендіру; 
- мектеп оқушыларын далалық практиға шығару, ол үшін туристік маршрут тізбесін құру. 
1. Назарбаев Н.А. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда». 
КАЗИНФОРМ, 2012 г. - Астана. - 10 шілде. 
2. Артықбаев Ж. Баянауыл. - Астана: Фолиант, 2009. - 307 с. 
3. Сатаров Қ.Т. Павлодар облысы топонимикасы қалыптасуының геоэкологиялық астарлары: географ. гыл. 
канд. дис. автореф. - Алматы, 2004. - 26 б. 
4. Рысберген Қ.Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері. Филология 
гылъмдарының докторы гылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Алматы, 
2010. - 48 б. 
5. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. ред. АА. Абдулин. -Алматы:Атамұра, 2006. - 584 с. 
6. Ақыбаев Р.М. Баянаула. - Астана: Фолиант, 2001. - 238 б. 


ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Резюме 
Бейсенова А.С. - д.г.н., профессор, академикНАНРК 
руководитель научно-методического центра по географии и экологии, 
Нурбаева Р.К. - магистрант 1-го курса, raigul-1987@mail.ru 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Урок краеведения в школе - сочетание теории и практики 
(на примере Павлодарской области) 
В даной статье рассматриваются особенности, значение, методические особенности школьного предмета 
краеведение. Основная цель школьного краеведения заключается в изучение особенностей родного края. Во-вторых, 
передаче исторических топонимовподростающему поколению, как культурное наследие общества. В-третьих, дать 
оценку туристическическому потенциалу края, возможности развития. 
Предмет «Краеведение» включает исторические, природные, социальные, экономические, экологические, 
культурнно познавательные особенности родного региона и дает советы для реализации регионального компонента. 
Рассматриваются пути укрепления практических сторон, роль в преподование и в формирование методических 
особенностей. А также раскрывается значение исторических названий топонимов, рассматривается осуществление 
экскурсий на места природных памятников. 
Ключевые слова: краеведение, топоним, исторический топоним, экологический туризм, реестр маршрутов. 
Summary 
Beysenova A.S. - Dr. of Geographical Siences Professor, 
Chair Scientific and Practical Center of Geography and Environment, 
Nurbaueva R.K. - master course student first-year, raigul-1987@mail. ru 
Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
Local History Lesson at school - a combination of theory and practice 
(For example, Pavlodar region) 
The this article discusses the features, value, methodical peculiarities of local history school subject. The main purpose of 
the school of Regional Studies is the study of the features of their native land. Second, the transfer of historical place names 
rising generation, as a cultural heritage of society. Third, to assess the potential turisticheskicheskomu edge development 
opportunities. 
"Regional Studies" item contains historical, natural, social, economic, environmental, cultural, cognitive features of the 
native region and gives advice for the implementation of the regional component.Consider ways to strengthen the practical 
side, a role in the formation of labor education and methodical features.And also revealed the value of the historic place names 
names, addresses implementation of excursions to places of natural monuments. 
Keywords: local history, the place-name, the historical place name, eco-tourism routes Register. 


Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
ӘӨЖ 545.23.964 
Л А Н Д Ш А Ф Т Т А Н У  П Ә Н І Н Е Н ДАЛА  П Р А К Т И К А С Ы Н ӨТКІЗУДІҢ 
ӘДІСТЕРІ  М Е Н ТӘСІЛДЕРІ 
Абулгазиев А.У. - ага оқытушы 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 
aksail966@mail. ru 
Мақалада география пәндерінен (ландшафттану пәні негізінде жазылған) жүргізілетін дала практикасын өткізудің 
әдістері, тәсілдері және оның орындалу барысы сөз етілген. Дала іфактикасьшьщ дұрыс және жүйелі түрде 
жүргізілуі болашақ мұғалімдердің, мектеп қабырғасында оқушыларға қоршаған ортаны, тұрғылықты жерінің 
табиғатын түсіндіруде және сыныптан тыс жорықтар өткізуде берер пайдасы көп. Дала практикасы теориялық 
білімді шыңдаудағы ең тиімді жолдарының бірі. Мақалада практиканы жүргізудің бірнеше әдістері, зерттеу, бақылау 
жүргізудің тәсілдері және олардың қалай орындалуы керектігі туралы ұсыныстар мен жоспар берілген. Практиканың 
дайындық кезеңі, практиканың далада жүргізілу кезеңі және қорытынды кезеңдегі іс-шаралар ретімен жазылған. 
Сонымен бірге практиканың ғылыми тұрғыда маңыздылығы, қоршаған ортаны зерттеудегі рөлі және студенттерді 
ғылымға жақындатудағы маңыздылығы көрсетілген. Соңында өткізілетін есептің жоспары, жоспардың мазмұны 
берілген. Бұл технология студенттердің өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіншілік береді. 
Түйін сөздер: ландшафттану, дала, практика, әдіс, ландшафт картасы, топырақ картасы, ботаникалық карта, 
профиль, жергілікті жер, қоныс, фация, нивелир, теодолит. 
«5В011600» және «5В060900» география мамандықтарында 2-курстың аяғында физикалық география 
пәндерінен кешенді дала практикасы өткізіледі. Дала практикасы болашақ география пәнінің мұғалімдері 
үшін, не үшін қажет деген сұрақ туындайтыны заңды мәселе. Дала практикасы аудиториядағы теориялық, 
зертханалық және семинарда алған білімді практика жүзінде, талдауға, сараптама жасауға және теорияны 
практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі кредиттік технологиямен оқу барысында 
география пәндеріне арналған дала практикасының сағат көлемі біршама азайып кетті. Мақаланы 
жазуыма түрткі болып отырған мәселе оның сағат көлемін көбейту емес, практиканың маңызы және оны 
қалай жүргізу керектігі. Үстіміздегі жылдан бастап орта мектеп бағдарламасына біршама өзгерістер 
енгізілді. Қазіргі география пәндерін оқыту барысында негізгі мәселе жергілікті жердің табиғи ортасына 
бейіндеп оқыту алғашқы орында тұр. Көптеген мысалдар Қазақстан жеріндегі болып жатқан үрдістермен 
салыстырылуы керек. Сонымен бірге оқитын тақырыбың оқушының өмір сүріп жатқан географиялық 
және табиғи ортасы мен байланысы болуы қажет. Осыған орай оқушының қоршаған ортасыны бақылау, 
зерттеу жасауына көңіл бөлінген. Дала практикасы оқушыларды күнделікті өмірде көп көңіл бөле 
бермейтін табиғи ортамызды жақынырақ танып білуіне, болып жатқан үрдістердің шығу тегіне тереңірек 
үңіліп, оны бақылауға, зерттеуге деген ой тууына себепші болатыны сөзсіз. Осындай ойды туғызуға жол 
ашатын білімді, практик мұғалім қажет. Ондай мұғалімдерді жоғары оқу орнын оқып жатқан кезінде 
қалыптастыру керек. Білімі теориялық және практикалық тұрғыдан сәйкес келетін студенттерді 
аудитория көлемінде емес, кешенді немесе арнайы пән көлеміндегі практика арқылы шыңдай аламыз. 
Дала практикасының суденттерге беретіні көп. Өздеріне таныс болғанымен қыр сырын толық түсіне 
бермейтін географиялық үрдістермен танысуына қолайлы мүмкіндік туады. Зерттеу жұмыстарының 
әдістерін үйренеді, зерттеген жұмысын талдап, сараптап оған қорытынды шығаруды үйренеді. 
Студенттерде зерттеу, ізденіс жұмыстарына қызығушылық туындайды. Ендігі мәселе дала практикасын 
қалай жүргізу керек. Өзімнің ландшафттану пәнінен жүргізілетін дала практикасына толығырақ тоқталып 
өтпекшімін. Аталмыш практика жыл аяғында 2-курс студенттерімен мамырдың аяғы және маусымның 
алғашқы аптасында өткізіледі. Ең бірінші студенттерді практиканың маңызы және міндетімен таныстыру 
керек. Қысқаша айтқанда практика не үшін қажет деген сұраққа жауап беру керек. Дала практикасы 
географиялық қабық компоненттерінің байланысын, олардың кеңістіктегі орнын және жіктелуін, 
жергілікті жердің табиғи кешенін (қазіргі жағдайы, генезисі және ары қарай даму деңгейі) оқып үйрену 
және ТТК бағалау және оны тиімді пайдалану, қорғау жолдарын іздестіру. Ландшафт практикасы 
Физикалық география, Картография топография негіздерімен, Геология және Биогеография курс-
тарынан алған білімді жинақтайтын және қорытындылайтын практика. Ең басты мақсаты дала 


ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 

жағдайында ландшафтылық зерттеу әдісін үйрену және зерттейтін жердің геожүйесін зерттеу, бағалау. 
Сонымен бірге практиканы ұйымдастыруды үйрену. Негізгі міндеті: белгіленіп берілген жерді картаға 
түсіру, профиль түсіру, топырақ, өсімдік дүниесін анықтау әдісін үйрену және оны меңгеру [1, 7 б.]. 
Дайындық кезінде оқытушы студенттермен бірігіп дала практикасының мақсаты мен міндетін өздері 
шешіп алады. Суденттер алдын ала картографиялық материалдар және зерттелетін аймақтың әдеби 
қорын жинайды және жеке және топтық тапсырмалар алады. Зерттелетін ауданға жеткенше жұмыстың 
күнтізбелік жоспары, шаруашылық мәселелері, бригада мүшелері, жұмыстың орындалу мерзімі, есепке 
қажетті материалдар шешіліп қоюы тиіс. 
Дала практикасында суденттер орындауы тиіс жұмыс түрлері: 
1. Аумақтың ландшафтылық түсірілімі (съемка); фация және қоныстың картасын жасау. 
2. Ландшафтылық профил түсіру. 
3. Зерттелетін жердің шаруашылықта пайдалануы. 
4. Материал жинау және қазіргі геожүйесі жағдайындағы табиғатының пайдалануының ландшафты-
лық және геоэкологиялық картасы. 
5. Жеке берілген тапсырмаларды орындау. 
6. Қорытынды есеп жазу. [2, 3 б.]. 
Практикага дайындық барысында жинақталатын материалдар: 
- зерттелетін аудан туралы әдеби және картографиялық материалдар; 
- бұған дейін жүргізілген зерттеулердің есептері(геологиялық, биологиялық және топырақ); 
- сол ауданның тау жыныстарының және минералдарының коллекциясының суреттері мен атаулары; 
- зерттелетін аймақ туралы қысқаша конспект дайындау. Конспект ғылыми әдебиеттерге, топо-
графиялық, геологиялық, геоморфологиялық, топырақ карталарының деректеріне және осыған дейінгі 
зерттеу материалдарына сүйене отырып жазылады; 
- картаға түсірудің масштабын және оның шартты белгілерін анықтау; 
- зерттелетін аймақтың аэрофото суреттерін және топокарталарын дайындау; 
- қажетті анықтамаларды және сөздіктерді дайындап қою; 
- дала практикасының ғылыми баяндамаға тақырыбын таңдау және анықтау; 
- зерттелетін ауданның ауа райын, геологиялық даму тарихын, жер бедерінің ерекшелігін, 
гидрографиясының сипатын, топырақ-өсімдік жамылығысын, жануарлар дүниесін және қорғауға алынған 
немесе Қызыл кітапқа енген жануарлары мен өсімдіктерін біліп, оқып дайындалып баруы тиіс. [3, 5б.]. 
Далалық практика кезеңі: 
Геожүйені оқып зерттеп үйренудегі негізгі кезең. Бұл кезеңде кешенді түрде зерттеу жұмыстарын 
жүргізетін жергілікті жердің зоналық, интрозоналық, биіктік белдеу геожүйесі зерттелінеді. 
Зерттеудің негізгі әдістері (ретімен жүргізіледі): 
1. Жергілікті жердің табиғатына қарапайым шолу жасау. 
2. Маршруттық ландшафтылық сьемка түсіру әдісі. Түсіру кезіндегі маршруттардың жиілігі 
жергілікті жердің ландшафтысының күрделі немесе қарапайым болуына байланысты. Күрделі болса 
маршрутты көбейту керек. Қажет болған жағдайда көлденең маршрут жасау керек. 
3. Негізгі әдіс. Участоктың ең маңызды немесе осы жерлерге тән геожүйелерін, жан-жақты зерттеу. 
Бұл жерлерді зерттеу арқылы ландшафтылық-экологиялық мониторинг жүргізуге тиімді және негізгі 
міндеттерді орындауға мүмкіншілік береді. 
Далалық зерттеу жұмысы кезіндерет-ретімен төмендегідей жұмыстар орындалады: 
- Жалпы шолу жасап жергілікті жермен танысу. Жергілікті жердің геожүйесін қалыптастырушы 
негізгі факторлар мен үрдістер, ландшафтылық профиль түсіретін жер, участоктың ең маңызды 
зерттелетін жерлері анықталынады. Сонымен бірге ең күрделі деген жерде оқытушы қалай зерттеу 
жұмысын жүргізу керектігін, студенттермен бірлесіп іс жүзінде орындап көрсетеді. Бақылауды қалай 
жүргізу керек, гербариді қалай жинап сақтау керек, геологиялық, геоботаникалық және топырақ картасын 
жасаған кезде масштабты таңдау жолдары, арнайы құралдарды пайдалану жолдарын жетекші үйретуі 
тиіс [4, 24 б.]. 
1. Бірінші кезеңде студенттің міндеттері: 
- күнделікке істеген жұмыстарын жазып отыру; 
- карточка, бланкі және кестелерді толтырып отыру; 
- топырақ кесіндісінің суретін салып, сипаттама беру. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 

2. Екінші кезеңде бөліп берілген участоктарында студенттердің іс цимылы: 
- берілген аумақпен жалпы танысу; 
- ландшафтылық съемканың маршрутын анықтау; 
- ландшафтылық профиль түсіретін жолақты анықтау; 
- жер бетіне шығып жатқан тау жыныстары мен танысу; 
- гидрологиялық бақылау нүктесін анықтау; 
- өзеннің, жыра немесе сайдың, көлшіктердің, орманның аттарын анықтау; 
- адамдардың әсер ету деңгейін анықтау; 
- шаруашылыққа пайдалану деңгейін анықтау. 
3. Жалпы шолу аяқталғаннан кейін, бригада мүшелері ландшафттардың морфологиялық бөлігін 
(жергілікті жер, қоныс, фация) картаға түсіреді. Жан жақты зерттеу үшін бірнеше профиль нүктесін алып 
картаға түсіреміз. Профиль сызығының салыстырмалы биіктігін нивелир немесе қарапайым тіктеуіш 
(деңгейлегіш) арқылы анықтауға болады. Профильге геологиялық құрылымы, жербедері, топырағы, 
топырақтың ылғалдылығы, өсімдігі түсіріледі. 
Кешке зерттеу жұмысы аяқталған соң бригада мүшелері бүгінгі түсірген жұмыс картасын, жетекшіде 
болатын таза параққа түсіреді. Студенттер тарапынан қателіктер жетекшімен және бригада мүшелерімен 
біріге отырып шешілуі тиіс. Сонымен бірге күнделікті жиналған материалдар өңделіп отырылуы тиіс. 
Оларға: студенттердің жеке күнделігіндегі жазбалар, графикалық сызбалар (ауа температурасы, қысым, 
ауаның ылғалдылығы, судың температурасы, желдің жылдамдығы және бағыты), сызылған профиль, 
жиналған және кептіріуге дайындалған гербарий, топырақтың үлгілері. Жалпы дала практикасы 
аяқталған соң әрбір бригада, жетекшінің берген нұсқауы бойынша есепке қажетті сызба және жазбаларды 
ретке келтіріп, қажет жерін университетке қайтпай тұрып толықтыруы тиіс. 
Камералдыц немесе сараптау, өңдеу кезеңінде орындалатын материалдар: 
- ландшафт картасы; 
- кешенді ландшафт профилі; 
- жеке геожүйелерге арнайы арналған тапсырмалар (бланкілер, карточка және кесте); 
- геожүйе туралы жазылған күнделіктегі деректер; 
- жергілікті жердің микроклиматтық көрсеткіштері, нивелир немесе теодолитпен өлшенген деректер, 
жұмыс барысында жасалған каталогтар; 
- қолдан сызылған және фотосуреттер; 
- геожүйеге антропогендік әсердің деңгейі туралы сараптама қорытындысы; 
- зерттелінген аумақтан жиналған өсімдік, топырақ және тау жыныстарының үлгілері; 
Бұл кезеңде бригада мүшелері толығымен қатынасып әрқайсысы өзіне жүктелген жұмыстарын ретке 
келтіреді. Барлық карталық жұмыстар алғашында қарапайым қағазға түсіріліп, жетекші тексеріп өзгеріс 
енгізгеннен кейін жаңа параққа немесе ватманға түсіріледі. Карталар толығымен аяқталған соң картаның 
мәтіні жазылады. [5, 18 б.] 
Мәтінге цажетті деректер: 
а) кіріспе, практиканың өткен уақыты және мекен жайы, мақсаты және міндеті, орындалған бақылау 
зерттеу жұмысының көлемі; 
ә) практика жүргізілген аумақтың физикалық-географиялық сипаттамасы. Мысалы, Іле Алатауының 
Ақсай шатқалы; 
б) ландшафтылық құрылымдарының сипаты; 
в) геожүйенің қазіргі табиғи және табиғи-антропогендік жағдайы; 
г) геожүйенің экологиялық жағдайын сипаттап оның болашағына, қалпына келтіруге ұсыныс жасау; 
ғ) қорытынды; 
д) пайдаланған әдебиеттер тізімі; 
е) қосымша материалдар [6, 7 б.]. 
Практиканың есебін бригада мүшелері біріге отырып қорғайды. Әрбір студентке жеке сұрақтар 
қойылу арқылы істеген жұмысы бағаланады. Практиканың қорытындысын жетекші, студенттермен біріге 
отырып ғылыми журналдарға жариялауы керек. 
1. Рябинина Н.О. Руководство по проведению полевой практики по ландшафтоведению и ландшафтному 
планированию /Н. О. Рябинина. - Волгоград, 2004. 
2. Берест В.Г. Руководство к проведению комплексной полевой практики по физической географии / 
В.Г. Берест. - Тамбов: Изд-во Тамбовского гос. пед. ин-та, 1991. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
10 
3. Казаков Л.К. Ландшафтоведение с основами ландшафтного планирования. /Л.К. Казаков. — М., 2008. 
4. Колбовский Е.Ю. Ландшафтоведение /Е.Ю. Колбовский. —М., 2007. 
5. БобковАА. Селиверстов Ю.П. Землеведение. / А.А.Бобков. — М., 2007. 
6. Жучкова В.К. Организация и методы комплексных физико-географических исследований / В.К. Жучкова . — 
М.: МГУ, 1977. 
7. Пашканг К.В. Комплексная полевая практика по физической географии /К.В. Пашканг. — М.: Высшая школа, 
1969. 
Резюме 
Абулгазиев А.У. — старший преподаватель 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
aksai1966@mail. ru 
Методы и способы для проведения полевой практики по предмету ландшафтоведение 
В статье говорится о методах, способах и ходе проведения полевой практики по географическим дисциплинам 
(на основе предмета ландшафтоведение). Правильное и комплексное проведение полевой практики принесет 
большую пользу будущим учителям при объяснении ученикам тем о природе родного края, об окружающей среде, а 
также при проведении внеклассных мероприятий и походов. Полевая практика является самым рациональным путем 
закрепления теоретических знаний. В статье приведены несколько методов проведения практики, способы 
исследований, наблюдений, а также даны предложения и план их выполнения. По порядку описаны мероприятия 
подготовительного, полевого и заключительного этапов практики. Кроме того, показано научное значение практики, 
ее роль при изучении окружающей среды, а также ее значение в приобщении студентов к науке. В заключении 
приведен план отчета и содержание плана. Данная технология дает студентам возможность самостоятельно 
проводить исследовательские работы. 
Ключевые слова: ландшафтоведение, полевая практика, метод, ландшафтная карта, почвенная карта, 
ботаническая карта, профиль, местность, урочище, фация, нивелир, теодолит. 
Summary 
Abulgaziyev A.U. — senior Lecturer 
Kazakh National Pedagogical University named after Abai, 
aksai1966@mail. ru 
Methods and techniques for field practice on the subject of landscape 
The article describes the techniques, methods, and during the field practice of geographical disciplines (based on the 
subject of landscape). Proper and comprehensive conduct field practice will greatly benefit future teachers in explaining the 
students about the nature of their native land, the environment, as well as during extra-curricular activities and trips. Field 
practice is the most rational way consolidate the theoretical knowledge. The article describes several methods of practice, 
methods of research, observations, and present a proposal and plan for their implementation. The order described the 
preparatory activities, field and the final stages of practice. In addition, it shows the scientific value of the practice and its role 
in learning environments, as well as its value in the admission of students to science. In conclusion, the report shows the plan 
and content of the plan. This technology gives students the opportunity to conduct their own research. 
Keywords: landscape studies, field practice, technique, landscape map, soil map, botanical card, profile, area, tract, facies, 
level, theodolite. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
11 
ӘОЖ 72.012 (674.2) 
Ж А Ң А  Т Е Х Н О Л О Г И Я  Т Ә С І Л І М Е Н  Ф И З И К А Л Ы Қ  Г Е О Г Р А Ф И Я  П Ә Н І Н  О Қ Ы Т У 
Иркитбаев С.Н. - доцент, saken603@mail. ru 
Асанхан А.М. - 1 - курс магистранты 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы 
Аталған тақырып көптеген жылдары географиядан сабақ беретін мұғалімдердің ойында болып келді. Әсіресе 
мектеп педагогтары өз ісінде тәрбие және оқыту жұмыстарымен терең шұгылданды. Сондықтан бұл екі мәселе пән 
арқылы оқушыларға, олардың ой-санасының қалыптасуына көмектеседі. Яғни әрбір кәсіби маман - педагог сабақ 
беру, оны жоспар арқылы өткізуді қазіргі кезде ең басты тиімді тәсіл деп біледі. Сабақ мазмұны, оның көзделген 
бағыты, мақсаты оқушыға оңай, түсінікті түрде өту үшін, мұғалім өз жоспарларының негізінде тәрбие және оқыту 
тәсілінің дұрыс жолдарын кіргізеді. Соған байланысты қазіргі кезде жоғарғы мамандар: ғалым-географтар, 
методистер жаңа мазмұндағы мектептерге арналған, география оқулықтарын шығаруда. Мысалға айтатын болсақ, 
көрнекті ғалымдар-географтар Ә.Бейсенова, Қ.Кәрпеков, Ә.Бірмағамбетов, К.Мамыров, Ұ.Есназарова, т.б. 
оқулықтары қазақ-орыс тілінде жарық көруде. Әсіресе, бұл оқулықтар көптеген жаңа мәліметтерге толы, 
методикалық негіздері жоғары деңгейде пайдаланылып, мазмұны бүгінгі күннің талабына сәйкестелінген. 
Физикалық география курсы оқушылардың бастапқы білім баспалдағының бірі болғандықтан, оның структурасы 
оңай құраст^ір^ілған, оқушының ой-өрісіне, жасының ерекшеліктеріне бейімделіп жазылған. 
Каталог: docs -> vestnik -> serya estestv geogr nauki
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
serya estestv geogr nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет