Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата09.03.2017
өлшемі2.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Түйін сөздер: оқыту, тәрбие беру, жаңа тәсілдерді пайдалану, тәжірибелер жасау. 
Аталған тақырып көптеген жылдары географиядан сабақ беретін мұғалімдердің ойында болып келді 
[1, 7, 10]. Әсіресе мектеп педагогтары өз ісінде тәрбие және оқыту жұмыстарымен терең шұғылданды. 
Сондықтан бұл екі мәселе пән арқылы оқушыларға, олардың ой-санасының қалыптасуына көмектеседі. 
Яғни әрбір кәсіби маман - педагог сабақ беру, оны жоспар арқылы өткізуді қазіргі кезде ең басты тиімді 
тәсіл деп біледі [8]. Сабақ мазмұны, оның көзделген бағыты, мақсаты оқушыға оңай, түсінікті түрде өту 
үшін, мұғалім өз жоспарларының негізінде тәрбие және оқыту тәсілінің дұрыс жолдарын кіргізеді. Соған 
байланысты қазіргі кезде жоғарғы мамандар: ғалым-географтар, методистер жаңа мазмұндағы 
мектептерге арналған, география оқулықтарын шығаруда. Мысалға айтатын болсақ, көрнекті ғалымдар-
географтар Ә.Бейсенова, Қ.Кәрпеков, Ә.Бірмағамбетов, К.Мамыров, Ұ.Есназарова, т.б. оқулықтары қазақ 
және орыс тілінде жарық көруде. Әсіресе, бұл оқулықтар көптеген жаңа мәліметтерге толы, методикалық 
негіздері жоғары деңгейде пайдаланылып, мазмұны бүгінгі күннің талабына сәйкестелінген. Физикалық 
география курсы оқушылардың бастапқы білім баспалдағының бірі болғандықтан, оның структурасы 
оңай құрастырылған, оқушының ой-өрісіне, жасының ерекшеліктеріне бейімделіп жазылған [2]. Әрбір 
тақырып өзінің стандарттық мектеп сабақтарына арналып бекітілген уақыт бюджетінің көлеміне 
сәйкестеліп құралған. Мұндай жоспар оқушының басқа да сабақтардың уақыт бюджетіне әсерін 
тигізбейтінін білдіреді. Бұл жағдайға сәйкес бағдарламалар құрастырылуда. Олардың бәрі мектептің 
басты мақсатына арналған, география білімінің мазмұнды өзгерістерінің керектігі білінеді. Осы 
мәселелер туралы көптеген басылымдарда айтылып келеді. «Биология, география және химия», 
«География в школе» журналдарында жаңа бағдарламалар бойынша үздік тәжірибелер өткізіліп жатқаны, 
зерттеу жұмыстары туралы жазылып тұр. Соның ішінде айтатын бір жәйіт, ол сабақты игеру бағалары 
жоғары болғанымен, түсініктемелік қабілеті әліде болса толық қалыптаспағандығы байқалады. Сонымен 
бірге сұрақтарға жауап кезінде мазмұндағы себепті-нәтижелі байланыстарды деңгейлі тұрғыда білмейді, 
басын қосып қорыта алмайды. Кейбір географиялық мәселелер туралы білімі жетілмеген, тұрақталмаған. 
Мұндай кемшіліктердің себептерінің бірі - географиялық мазмұндар керекті мөлшерде терең оқымайды, 
методикалық өзгерістерге, оқуды ұйымдастыру формасына сәйкестелмегендігі. 
Оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың басты формасы - сабақ. Географияны оқыту нәтижесі, оны 
ұйымдастырып, өткізуіне байланысты. Жақсы тәрбие, оқу арқылы оқушылардың сана-сезімін арттыру, 
өмірге деген бейімділігін, жұмысқа үйрену дайындығын қалыптастырады. Сол себепті уақыт кеңістігінде 
оқыту-тәрбие бағдарламасын жетілдіру істері болып жатыр, сол үшін оның мазмұнын түзету тағыда жаңа 
методикалар көмегімен оқушыларға тез түсінушілік қабілетін үйретеді. 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
«Қазақстан-2050» стратегиясының талабына сай [6] география пәнінің мұғалімдері де сабақты қайта 
ұйымдастыру тәсілдерін іздестіру жолында. Оның дәлелі жарық көріп жатқан мақалалардағы сабақты 
тақырыптық жоспарлар арқылы өткізуі туралы [3, 9]. Бұл мақалаларда бұрынғы бағдарламалар бойынша 
жазылған мақалаларға қарағанда, сабақ жоспарларын дамыту, жетілдіру әрекеті білінеді, оларда алдына 
қойылған мақсат бар, оқу-тәрбие мәселелеріде білініп тұр. Сонымен қатар сабақты пысықтап оқыту, 
қайталау әдістемелеріде кездеседі, оқыту жұмыстары топтастырылған. 
Бірақ, қазақ мектептерінде география сабақтарын ұйымдастыруда кейбір кемшіліктер көрініс беруде. 
Оның бәрі бұрынғы бағдарламалар бойынша сабақ өткізу кезінде қалыптасқан қателіктер. Көбінесе 
жоспарда сабақтардың мазмұны бойынша кешегі мен бүгінгі байланысы ғана ескерілетін, дидактикалық 
мақсатпен комбинация әдістерін бір қалыппен өткен сабақты ауызша сұрап, жаңа материалды түсіндіріп, 
үйге берілетін тапсырмамен шектелетін. Мұғалімдердің қиналатын жерлерінің бірі - сабақ өту алдында 
оқу-тәрбие мәселелерінің тұжырымдап айтуда қиындық көретіндігі еді. Мектепте өтетін физикалық 
географияның мазмұны білім беру құрамы бойынша өте әр түрлі болып келеді. Білім алу үшін фактілерді 
түсініп, есте сақтау керек, жалпы географиялық түсініктерді, жеке заңдылық байланыстарды сабақ өткізу 
жолдарын мұғалім өзінің тәжірибесі мен шеберлігі негізінде жүргізуі қажет. Білімнің әр түрлі оқушының 
тану іс-қимылының ерекше ұйымдастыру формасын, соған сәйкестелген құралдарды таңдауды талап 
етеді. Бірақ, оқыту тәжірибесінде сабақ өткізу тәсілдері біркелкі өзгермей келеді. Көбінесе білім беру 
информациялық түрде өтуде; алдымен мұғалімнің өзі жаңа материалды түсіндіреді, содан соң әртүрлі 
көрнекі құралдарды көрсетеді. Ал оқушының қалай қабылдағанын, түсінгенін ескермейді. Жаңа 
материалды өту кезінде оқушының білім алу қабілетін тексермейді. Мұғалімнің бұлай оқу процесін 
ұйымдастыруы, шын мәнінде сырттай қарағанда уақыт үнемдейді. Соған қарамастан, оқу нәтижесі 
ойлағандай болып шықпайды. Жеткілікті түсінік, нақтылы және әр жақты білім алғаны білінбейді. 
Бір мұғалімнің сабақты жоспарлауы көбінесе мақсаты, алға қойған мәселелері дұрыс қарастырылмаған 
болып келеді. Сол себепті оқу процесі қалай болса, солай ұйымдастырылады. Жалпы мектептердің 
мұғалімдері жоспарға оқылатын материалдар мазмұнын, білімін тексеру үшін үйге берілетін тапсырма-
ларды және сұрақтарды кіргізеді. Оқушының түсіну қабілетін басқару үшін мұғалім жай әңгіме формасын 
сабақ кезінде пайдаланады. Сабақты қайталаған кезде оқушылардың білімін, түсінігін тексереді. 
Тексеруді әрбір тақырып бойынша жүргізеді. Мұндай қайталау сабақтарында өткен материалдары 
қорытудың, бір жүйеге келтірудің орнына жалпы төрт сұрақпен доғарады: не? қай жерде? қашан? қанша? 
деген. Айтылған жәйіт, кездейсоқ нәрсе емес. Мұғалімдер арасында өткізілген анкетада мұғалімдер 
сабақты қайталаған кезде тек дидактикалық мақсатпен және оқушылар білімін тексерумен шектел-
мейтінін білдіреді. Яғни қайталау сабағы мен оқушылардың оқу жыл аяғында білімін тексеру процесінің 
айырмашылығы туралы болып отыр. Бұл жағдайға әліде болса мән аз беріліп келеді, ол толық 
зерттелмеген. Айтылған проблема туралы методикалық әдебиетте фундаментальды теориялық жұмыстар 
жоқ. География сабағының спецификалық ерекшеліктерін білген жағдайда оқу-тәрбие мәселелерін 
шешуге мүмкіндік туады. Осыған айғақтай сабақтың теориясы туралы мәлімет беретін А.В. Даринский-
дің еңбектерін атауға болады. Соның ішіндегісі «Географияны оқытудың методикасы» деген еңбегінде 
және «География сабағы, оның маңызы және структурасы», «География сабақтарының типтері» деп 
аталған жұмыстарында көптеген география сабағын ұйымдастыру мәселелері көрсетілген. Сабақтарды 
типтерге бөлген, сабақ структурасы талданған, сабаққа арналған материалдарды мазмұнына қарап таңдау, 
сабақ жүргізу методикасы, ұйымдастыру ісі берілген. 
Көп жылдар басылымында география сабағын өткізу методикасының әр түрлі жағын сипаттайтын 
дәлелдейді [4, 5]. География сабағын өткізуіне қойылған талаптарға маңызды көңіл бөлінген. 
Талаптардың бірі - сабақта ғылыми мазмұн болуы шартты белгі, тәрбиелік бағыты болуы шартты белгі, 
тәрбиелік бағыты болуы керек, ынталылық іс-қимылын дамыту талабы. 
Тағы бір айтатын жағдай - ол мұғалімдердің өз жұмысында сабақты қалай өткізу жолдарын белгілеу. 
Бұл жол курстық методикаға жатады: курстық методикада, география сабағының спецификалы ерекше-
лігіне арналған ұйымдастыру мазмұнында оқу-тәрбие мақсаты туралы бөлім көрсетілмеген. Әліде кейбір 
мұғалімдер өз жоспарында алдымен «сабақты өткізу мақсатың» деген сұрақ қойса, кейбіреулері ол 
сұрақты келтірмейді. 
Жақсартылған география бағдарламасы, оның методикалық аппараты сабақ процесін жетілдіруге, 
оқытуға көмектесетін құралдарды, пәнаралық байланыстарды, сабақты қорыту мазмұнын таңдауға 
көмектеседі. Сабақты ұйымдастыру оқу процесінің бір бөлігі бола тұрып, физикалық география курсы 
бойынша ол мұғаліммен байланысты болады. 
12 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Бағдарламалардағы география мазмұнымен оны іске асыру жағдайының арасындағы қайшылықтар 
сабақты ұйымдастыруға жетілдіру проблемасын тудырады. 
География методикасында әліде болса теориялық дәлелденген және эксперимент бойынша мынадай 
сұрақтарға дұрыс жауап жоқ: 
а) мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатын ойдағыдай шешетін қандай жоспарлар керек география пәні 
бойынша; ондай жоспарлардың атқаратын функциясы қандай, арақатынастары, бір-бірімен тәуелділігі, 
формасы және мазмұны қандай болмақ; 
ә) қандай сабақтар дидактикалық мақсат бойынша мектеп географиясына қолайлы; егерде оның өзіне 
тән мазмұнын және оқушылардың жастық ерекшеліктерін, оқу-түсіну қабілетін ескеретін қандай 
жоспарлар жасау керек; 
б) география курсының мазмұнына және оқу-тәрбие мақсатына байланысты болған әрбір типтегі 
сабақтардың структурасының ерекшеліктері неде. 
Сонымен сабақ проблемасы көп аспектілі болып келеді [2-4]. Оған жататындар: сабаққа таңдалатын 
жаңа материалдардың мәселелері, негізі және қосымша материалдарды бөліп қою; сабаққа керекті 
құралдарды таңдау, қай методпен сабақты өткізу; қандай жолмен оқушылардың білімін тексеру және оны 
есепке тіркеу, тағы да олармен жеке жұмыс істеу аспектілері. 
Сөйтіп, оқу үдерісін тиімді басқару үшін оқытушыға оқу және тәрбие мақсаттары бар география 
сабақтарына арналған бағдарлама керек. Мұндай бағдарлама рөлін сабақ жоспары атқарады [5-8]. 
География пәні бойынша оқу процесін жетілдірудің ең басты түйіні мұғалімнің өз география пәнінің 
жоспарын жетілдіру, жоғары сатыға көтеруі. Ол үшін едәуір жоспарға өзгерістер енгізілуі қажет, тағы да 
жоспарда оны орындауды ұйымдастыруына жаңалықтар кіруі шарт [1-10]. 
Мақала физикалық географияның бастапқы курсы бойынша жоспарланған сабақтардың 
педагогикалық негіздерінің бастапқы мәселелеріне арналған [5, 7-10]. 
1. Бабанский Ю.К. оптимизация учебно-воспитательного процесса. - М. .'Просвещение, 1982, 
2. Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазацстан Республикасының физикалыц география курсын оцытуга арналған 
жаңа оцулыцтың цұрылымы мен бағдарламасының жобасы //Биология, география және химия. - 2000. - №1. 
3. Есназарова ¥. Қазацстанның физикалыц және экономикалыц географиясын оцыту. - Алматы, 1996. 
4. Кәрібаев Ш. Оцу кестелерінің тиімділігі //Биология, география және химия. - 2001. - №5. 
5. Лисов В.А., Пухова А.Г. Примерное тематическое планирование на 2-е полугодие по курсу физической 
географии СССР//География в школе. - 1971. -№6. 
6. Назарбаев Н.А. Қазацстан - 2030. -Алматы:Білім, 1998. 
7. Полвонкин А.А. Физикалыц географияны оцыту методикасы. - Алматы: Қаз.мемл.оцу-пед. Басп.,1955. 
8. Финарев Д.Р. и др. Тематическое поурочное планирование школьного курса «Петербургцоведение» // 
География в школе. -2003.-№1 
9. Ходатаев Т.А. Примерное планирование уроков по курсу 5 класса //География в школе. - 1977. - №5, №6. 
10. Швецов Г. Тематическое планирование //География в школе. -1963. - №2. 
Резюме 
Иркитбаев С.Н. - доцент, saken603@mail. ru, 
Асанхан А.М. - магистрант 1 - го курса 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Метод преподавания физической географии с новым технологиям 
В течение многих лет этот предмет преподается учителями географии. Особенно школьные учителя занимаются 
углубленной работы в их образовании и обучении. Это означает, что каждый учитель преподает специалистов в 
рамках плана на данный момент. Известны, наиболее эффективные подходы. Цель содержания урока в направлении, 
обозначенном студентами и преподавателем, чтобы двигаться вперед, легко понять, ввести правильный метод 
образования и профессиональной подготовки специалистов. В связи с этим, нынешние ведущие специалисты: 
ученые, географы, методисты выпустили учебники для школ нового содержания по географии. Например, видные 
ученые и географы А.Бейсенова, К.Карпеков, А.Бирмагамбетов, К.Мамыров, У.Есназарова и т.д. Казахстанские 
учебники издаются на русском языке. Особенно учебники заполнены с большим количеством новых данных, 
использование высокого уровня методологической основы, требования к содержанию сегодня идентифицирован¬ 
ный. Один из лестницы начального образования для студентов в курсе физической географии, ее структура легко 
монтируется, адаптирован к особенностям возраста и мыслей студентов. 
Ключевые слова: обучение, образование, новые подходы и методы. 
13 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
Summary 
Irkitbaev S.N. - docent, saken603@mail. ru, 
Asankhan A.M. - master course student first-year 
Kazakh National Pedagogical University named after Abai, 
New technology means teaching physical geografiya 
For many years, this subject is taught geography teachers in the game. Especially school teachers engaged in in-depth 
work in their education and training. Two students with the subject of education. Mind This means that every teacher teaches 
specialists in the framework of the plan at the moment it is known that the most effective approach. The purpose of the lesson 
content in the direction of the students and the teacher to move easy to understand on the basis of their plans to enter the 
correct method of education and training pathways. In this regard, the current leading specialists: scientists, geographers, 
Methodists new content from geography textbooks for schools. For example, prominent scientists and geographers 
A.Beysenova Q.Karpekov, A.Birmagambeto, K.Mamirov, U.Esnazarova etc. Kazakh textbooks are published in Russian. 
Especially textbooks are filled with a lot of new data, the use of a high level of methodological basis, to the content of today 
identified requirements. One of the staircases of primary education for the students in the course of physical geography, its 
structure can be easily mounted, adapted to the peculiarities of the age of the thoughts of students on the field. 
Keywords: training, education, new approaches and methods. 
ӘӨЖ 373.1.013:37.033/.035 
Г Е О Г Р А Ф И Я Л Ы Қ  Г Л О Б А Л И С Т И К А 
Карбаева Ш.Ш. -Елтану және туризм кафедрасының доценті, п.г.к. 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
karbaevash@mail. ru 
Глобалистиканы қазіргі антропогендік іс-әрекет және ресурстардың таусылуы жағдайындағы адамның бір-
бірімен, қоғаммен, табиғатпен кешенді өзара әсерлесуін бейнелейтін ғаламданудың мәнін, алғышарттарын, 
қалыптасу кезеңдері мен даму тенденцияларын анықтауға бағытталған ғылыми зерттеудің ерекше саласы ретінде 
қарастыруға болады. Ғаламдық проблемалар сипаты жағынан әр алуан, дегенмен, олар адамзаттың географиялық 
бірлігі мен олардың тіршілігі идеяларымен кіріктірілген. Егер бұрынғы кезеңде дағдарыс құбьгльістарьі жекелеген 
мәдениет пен аумаққа қауіп төндірсе, қазіргі мегадағдарыс әлемді және барлық адамзатты жаулап отыр. 
Географиялық глобалистика ғылымның жаратылыстану және қоғамдық бағытын саралай келе, жалпыадамзаттық 
проблемаларды қозғайды және нақтылы пәнаралық сипатта. 
Мақалада «ғаламдану», «ғаламдық проблемалар», «глобалистика», «географиялық глобалистика» ұғымдарының 
мәніне анықтама берілген, сондай-ақ глобалистиканың негізгі категориялары мен олардың өзара байланысы 
сипатталған. Сонымен қатар ұсынылып отырған мақалада ғаламдық проблемалардың ерекшеліктері, жіктемесі, 
өзара байланысы және географиялық глобалистиканың зерттеу бағыттары қарастырылған. 
Түйін сөздер: ғаламдану, ғаламдық проблемалар, глобалистика, географиялық глобалистика, ғаламданудың даму 
тенденциялары, антропогендік, ресурстардың таусылуы, адамзаттың географиялық бірлігі, глобалистиканың негізгі 
категориялары. 
Жер ғаламшарындағы әлеуметтік табиғи процестерді бейнелейтін ғаламдық проблемаларды ерекше 
білім саласы - глобалистика зерттейді. Қазіргі таңда адамзаттың ғаламдық проблемалары пәнаралық 
зерттеулердің маңызды нысанына айналып отыр. Ғаламдық проблемалардың кешенді сипатына 
байланысты оларды жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың жекелеген салалары 
зерттейді. ХХ ғасырдың екінші жартысын да ғаламдық проблемаларды зерттеумен айналысатын 
ғылымының жаңа бір саласы - ғаламдық география немесе географиялық глобалистика қалыптасты. 
Ғалымдар глобалистикаға ғаламданудың мәнін, оның себептерін, даму тенденцияларын, сонымен қатар 
оның оң және кері әсер ететін салдарларын айқындауға бағытталған ғылыми зерттеудің пәнаралық 
саласы деген анықтама беріп отыр [1]. 
14 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Глобалистика жеке ғылыми бағыт және қоғамдық тәжірибе саласы ретінде, әртүрлі ғылым 
салаларының алдында планетарлық ауқымдағы кешенді проблемаларды шешу қажеттігінен ХХ ғасырдың 
60-жылдары қалыптасып, алғашында «қоғам-табиғат» жүйесінде анықталған проблемалар, кейіннен 
ауқымы кеңейіп, жалпылама «қазіргі ғаламдық проблемалар» деген атқа ие болып, ғылыми 
қауымдастықтың назарына іліге бастады. Осылайша глобалистика термині арнайы әдебиеттерде беріліп 
келді. Ал оның мазмұны туралы социалистік жүйенің құлауы мен геосаяси картадағы өзгерістерден кейін 
ғана, яғни 1990 жылдардың екінші жартысында айтылып, ғалымдар глобализация процесіне көңіл аудара 
бастады. 
Глобалистиканың негізгі категориялары мен олардың өзара байланысын анықтамас бұрын, алдымен 
«Ғаламдану», «ғаламдық проблемалар», «глобалистика», «географиялық глобалистика» ұғымдарының 
мәнін ашып алайық. 
Ғаламдану (глобализация) - бүкіләлемдік экономикалық, саяси, мәдени және діни үрдістердің 
(процес) кіріктірілуі (интеграция) және біріздендірілуі (унификация). 
Ғаламдану - ол көпғасырлық табиғи-тарихи процес болса, ғаламдық проблемалар осы процестің 
заңды нәтижесі. 
Ғаламдану: 
- тарихи тұрғыда - дамудың (капиталистік) бір кезеңі; 
- экономикалық тұрғыда - дүниежүзілік шаруашылық құрылымындағы өзгеріс, нарықтық 
экономиканың туындауы; 
- саяси тұрғыда - демократиялық ұйымдардың таралуы; 
- мәдени тұрғыда - адамзат қоғамы арасындағы мәдени алмасулар; 
- географиялық тұрғыда - табиғи, экономикалық және әлеуметтік үрдістерде жүретін ғаламдық 
проблемалар жиынтығы. 
Экономикалық қызығушылықтар және экономикалық сауда, тауар алмасу жаңа экономикалық 
ғаламданудың негізі болды. Ол Еуропадан таралып барлық әлемді жауалап алып отыр. Экономика 
саласында халықаралық қаржы институттары ашылып, трансұлттық корпорациялар пайда бола бастады. 
Ал ғаламдық проблемалар қазіргі адамзат өмірінің түрлі салаларының дамуының біркелкі еместігінен 
және әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеологиялық, әлеуметтік-табиғи және адамдардың басқа да 
қатынастарынан туындайды. Ғаламдық проблемалардың өзіне тән ерекшеліктері бар (1-сурет) [2, 3]. 
Ғ а л а м д ы қ 
п р о б л е м а л а р д ы ң 1 
ерекшеліктері 
Барлық әлемді цамтиды 
Қазіргі және болашақ 
үшін қауіп төндіреді 
Барлық елдер мен 
халыцтардың бірігуін 
талап етеді 
Сурет 1 - Ғаламдық проблемалардың негізгі ерекшеліктері 
Глобалистика - глобализация мен ғаламдық проблемалардың теориялық және практикалық саласы. 
«Глобалистика» сөзінің этимологиялық шығу тегі латын тілінде «globus» - ғалам деген мағынада, яғни 
Жер ғаламшарына тиісті ғаламдық ауқымдағы проблемалар туралы білім жүйесі. Глобалистика білім 
берудің жаратылыстану ғылыми және қоғамдық-гуманитарлық салаларының пәнаралық формасы. 
15 

ВЕСТНИК КазНПУ им Абая Серия «Естественно-географические науки» №3(49),2016 г. 
«Глобалистика» - ғылыми, философиялық, культурологиялық және қолданбалы зерттеулердің жиынтығы, 
одан алынған нәтижелер мемлекет деңгейіндегі және халықаралық ауқымдағы экономикалық, әлеуметтік 
және саяси салаларда жүзеге асырылады [4]. «Географиялық глобалистика» - табиғи, экономикалық және 
әлеуметтік процестерде жүретін проблемалар. 
Географиялыц глобалистика: 
- физикалыц географиялыц: қоршаған ортаның - су, топырақ, ауаның ластануы, ғарышты және 
дүниежүзілік мұхитты игеру, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуі, қалпына келмейтін ресурстар 
қорының таусылуы проблемаларын, т.б.; 
- экономикалыц географиялыц: экономикалық артта қалушылықты еңсеру, энергетикалық, 
демографиялық, азық-түлік жетімсіздігінің артуы проблемаларын, т.б.; 
- әлеуметтік географиялыц: бейбітшілікті сақтау, жаппай жою құралдарын жасауды жою, халықара-
лық терроризм, денсаулық сақтау және білім беруді, т.б. қамтиды. 
Глобалистика философия, тарих, саясат, әлеумет, мәдениет, экономика және география салаларын-
дағы процестерді қамтиды. Мәселен, саяси глобалистика - ғаламдану үрдісін саяси көзқарас тұрғысынан 
зерттейді. Саяси глобалистиканың ерекшелігі - бұл ғылым саласы ғаламдық проблемаларды сипаттаумен 
қатар, ядролық, азық-түліктік, энергетикалық, т.б. ғаламдық проблемаларды шешудің құралдары мен 
әдістерін ұсынады. 
Саяси глобалистиканың әдіснамалық негізін өркениеттік немесе әлеуметтік-мәдени әдістер құрайды 
Саяси глобалистиканың міндеті адамзат қарамағындағы болашақ баламасын дайындау және анықтау 
болып табылады. Өркениеттік тәсіл шеңберінде саяси глобалистика ғаламдану үрдісін тарихи динамикада 
қарастырады. Оның ең маңызды мәселелерінің біріне өркениеттер диалогы тұжырымы, онда әлемдік 
өркениеттегі негізгі әлеуметтік-мәдени құндылықтарға, өркениетаралық өзара қарым-қатынастың саяси 
стратегиясына, ғаламданудың балама жолдарына салыстырмалы талдау жасалады. Сонымен қатар 
ғаламдық саяси уақыт пен кеңістікті қалыптастыратын жаңа мәселелер, ғаламдану үрдісіндегі кейбір 
ауытқушылықтар зерттеледі. 
Ғалымдардың пікіріне сүйенсек географиялыц глобалистиканың цалыптасуына: 
- ғаламдық проблемалардың басым көпшілігінің географиямен байланыстылығы; 
- география кез-келген құбылыстардың кеңістік таралуының заңдылықтарын зерттейтіндіктен, 
әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және т.б. процестердің аймақтық ерекшеліктерін айқындауға 
әсері; 
- географияның жаратылыстану және қоғамдық ғылымдармен кіріктіріле дамуы қоғам мен табиғат 
арасындағы күрделі мәселелерді кешенді зерттеуіне мүмкіндік беруі сияқты факторлар ықпал етеді. 
Географиялық глобалистикалық зерттеулердің қазіргі дүниенің ғаламдық өзгерістері мен проблема-
ларын зерттеудегі бірнеше бағытын және ғаламдық, аймақтық және мемлекеттік деңгейлерін ажыратуға 
болады. 
Ғаламдық деңгейдегі зерттеулер географиялық қабықтың біртұтастығы туралы заңдылыққа сүйенеді. 
Қоршаған ортаның біртұтастығы туралы ұғымдар әлеуметтік және экономикалық географиядағы біртұтас 
кеңістік ұстанымының қалыптасуына негіз болған. Қазіргі кезде ғаламдық тұрғыда адамзаттың мекен 
ортасын анықтайтын «Жер - ортақ үйіміз», яғни біртұтас экологиялық кеңістік ұғымы пайда болады. Осы 
аталғандар негізінде географиялық тұрғыдан ғаламдық болжамдар жасаудың кешенді сипаты 
анықталады. 
Аймақтық деңгейдегі зерттеулер география ғылымындағы «Аймақтағы ғаламдық» ұстанымына 
негізделеді. Бұл ұстанымның екі түрлі мағынасы бар, біріншіден, ғаламдық сипат алған көптеген 
проблемалар аймақтық деңгейде пайда болады; екіншіден, ғаламдық проблеманың аймақтық ерекше-
ліктері болады. Мысалы, Арал апатына байланысты туындаған аймақтық экологиялық проблема ғалам-
дық экологиялық проблеманың қатарынан орын алады, ал оны шешу жергілікті аймақтық ерекшеліктер 
(табиғи, экономикалық, әлеуметтік) тұрғысында жүргізіледі. 
Мемлекеттік деңгей ғаламдық проблемалардың шешілуі мемлекет аумағындағы қабылданған 
шешімдерге тікелей байланысты болумен анықталады. Жергілікті жерде мемлекеттің қаржы-экономика-
лық мүмкіншіліктеріне, даму деңгейіне, аумақтың табиғи ерекшеліктеріне, тұрғын халықтың құрылымы 
мен қоныстану сипатына қарай ғаламдық проблемалардың өзіндік басым бағыттары айқындалады [5]. 
Бұл бағыттағы зерттеулер көрнекті ресейлік географ ғалымдар Я.Г. Машбицтің «проблемалық елтану», 
Л.В. Смирнягиннің «ғаламдық елтану», Н.С. Мироненконың «кешенді қоғамдық-географиялық елтану» 
идеяларында көрініс тапты. 
16 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану - география гылымдары» сериясы №3(49), 2016 ж. 
Географиялық глобалистикада деңгейлік зерттеулермен қатар, ғаламдық өзгерістер мен проблема-
ларды салалар бойынша зерттеу орын алған. Осы тұрғыдан алғанда, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында 
геоглобалистикада географияның жекелеген салалары (дүниежүзілік шаруашылық географиясы, 
геоэкология, геоақпараттану, саяси география және т.б) негізінде дамыған жаңа бағыттар пайда болып, 
олардың әрқайсысының зерттеу нысандары мен проблемалары айқындалды. 
Деңгейлік зерттеулер 
х 
Салалық 
зерттеулер 
Каталог: docs -> vestnik -> serya estestv geogr nauki
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
serya estestv geogr nauki -> Хабаршы вестник bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет