Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет11/67
Дата16.01.2023
өлшемі3.52 Mb.
#61524
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
қажеттілігіне, түпнұсқа идеялардың туындауына, стандартты емес 
мәселелерді тиімді шешуге, ақпаратты оңтайлы түрлендіруге, қалыптан 
тыс ойлауға, мінез-құлыққа, қарым-қатынасқа, нәтижені болжауға 
байланысты кӛрінетін тұлға сапасы.». 
«Креативтілік» 
ұғымын 
зерттеуде 
«шығармашылық» 
ұғымы 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде бірге жиі кездеседі және 
қолданылады. Н.М.Гнатко [66] ӛзінің зерттеуінде «креативтілік» және 
«шығармашылық» ұғымдарын құбылыстардың бір шеңберінің екі жүзі 
ретінде анықтайды, мұнда шығармашылық - бұл бірліктің процедуралық-
нәтижелі мәні, ал креативтілік - субъективті-анықтаушы жағы.
А.К.Маркова 
[67], 
Л.М.Митина 
[68] 
«креативтілік» 
және 
«шығармашылық» ұғымдарының арақатынасын анықтай отырып, оларды 
бірдей деп санап, бұл ұғымдарды ажыратпайды. Олардың пікірінше, 
креативтілік ӛз қызметіне шығармашылық кӛзқараспен тығыз байланысты. 
«Креативтілік» және «шығармашылық» ұғымдарын зерттеуге және 
байланыстыруға қалыптасқан үш негізгі кӛзқарас бар:
1. Екі ұғым синоним болып қарастырылады, яғни екеуінің мағынасы 
ӛзара ұқсас.
2. Креативтілік шығармашылықтан бӛлек зерттеліп, жаңашылдықты 
бейнелейді. Шығармашылық іс-әрекет субъектісі жасаған жаңалықтың 


19 
қазіргі әлеуметтік-мәдени контекстпен ӛзара әрекеттесу үдерістерін 
кӛрсететін құбылыс ретінде қарастырылады. Яғни, креативтілік– субъект 
үшін жаңа мүмкіндіктер құру, ал шығармашылық-тұтастай алғанда мәдениет 
үшін жаңа мүмкіндіктер.
3. Креативтілік шығармашылықты зерттеудің жеке аспектісі ретінде 
әрекет етеді және адамның ішкі қоры ретінде қарастырылады [69]. 
Болашақ мұғалімдердің жоғары білім беру ұйымындағы теориялық және 
практикалық 
дайындығы 
барысында, 
В.И.Загвязинскийге 
сәйкес, 
педагогикалық шығармашылықтың үш деңгейі меңгеріледі – ашылымдар 
(іргелі зерттеулер, жаңа педагогикалық идеяларды ұсыну), ӛнертабыстар 
(педагогикалық жүйелердің, құралдардың, әдістердің, оқыту мен тәрбиелеу 
шарттарының жекелеген құраушыларын қайта құру және құрастыру) және 
жетілдірулер (оқыту мен тәрбиелеудің белгілі әдістері мен құралдарының 
нақты жағдайларына жаңғырту және бейімдеу) [70].
К.К.Платонов мұғалімнің шығармашылық қабілетін оның ақыл-ой 
белсенділігімен байланысты іс-әрекеттегі белсенділігінің жоғары сатысы 
ретінде қарастырады, осылайша автор шығармашылық белсенділік пен 
зияткерлікті қарастырды [71]. Болашақ мұғалімнің ӛзін кӛрсете алатын 
шығармашылық қызмет салаларын келесідей айқындауға болады: 
- әдістемелік шығармашылық - педагогикалық жағдайларды талдай білу, 
кәсіби мінез-құлық үлгілерін таңдау, педагогикалық ықпалдың мазмұны мен 
әдістерін жобалау, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және оны мұғалім 
мен балалар ұжымының жеке ерекшеліктері аясында ӛз тәжірибесінде 
сауатты қолдану мүмкіндігі; 
- коммуникативтік шығармашылық (педагогикалық практика барысында 
балалармен ӛзара әрекеттесу) - кәсіби іс-әрекетте және шығармашылық ӛзін-
ӛзі жүзеге асыруда қарым-қатынас салаларын таңдау, сонымен қатар ӛз іс-
әрекетін түзету мүмкіндігі; 
- ӛзін-ӛзі шығармашылық тәрбиелеу - ӛзінің кәсіби қызметі үшін 
шығармашылық дамудың маңыздылығын түсіну, одан әрі жетілдіруді және 
түзетуді, сондай-ақ үздіксіз ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жүйесінде ӛзін-ӛзі 
жетілдірудің ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеуді талап ететін кәсіби және 
жеке қасиеттерін анықтау. Мұғалімнің шығармашылық ӛзін-ӛзі дамытуы 
оның кәсіби қалыптасуының ең жоғары деңгейі деп саналады.
Алайда, бұл болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының барлық 
кезеңдерінде шығармашылық дамуды жоққа шығармайды, керісінше, ертерек 
шығармашылық даму болашақ кәсіби қызметте жақсы нәтижелерге ықпал 
етеді. 
«Креативтілік» - бұл қазіргі заманғы дискурстың тұжырымдамасы 
және адамның мақсатты іс-әрекетінің нәтижесі. Бұл ұғым прагматикалық 
мағыналарды кӛбірек кӛрсетеді. Оны күнделікті құбылыс деп те атауға 
болады. «Шығармашылық» - бұл дәстүрлі дискурстың түсінігі. Әдетте, 
шығармашылық Құдайдан, табиғаттан, қоғамнан берілген деп саналады. Бұл 
әмбебап ұғым. Шығармашылық жұмыс емес (операциялар тізбегіне 


20 
бӛлінбейді). Оны трансцедентті, іргелі құбылыс ретінде анықтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет