Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет29/67
Дата16.01.2023
өлшемі3.52 Mb.
#61524
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67
 
2.3 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда 
қалыптастырудың қызметтік-үдерістік моделі 
 
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жоғары кәсіби білім беруді жетілдіру 
қазіргі заманғы әлеуметтік сұраныстарға сәйкес еңбек нарығына дайын 
түлектерді даярлау үшін ағылшын тілін оқытудағы қажетті дәстүрлі және 
инновациялық тәсілдердің, технологиялардың үйлесімін талап етеді. Осы 
мақсатта 
ауқымды 
ұйымдастыру, 
оқу-әдістемелік, 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстары жүргізілуде. Білім беру жүйесін дамытудың қазіргі заманғы 
үрдістері болашақ мұғалімдерге ӛздерінің кәсіби мәселелерін шешуге 
қабілетті, кәсіби педагогикалық ортаға бейімделуіне жоғары талаптар қояды.
«Қазақстан Республикасының жоғары білімінің мақсаты белгілі бір 
мамандық бойынша дербес жұмыс жасау үшін жоғары білімі бар 
мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін білікті, 
бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету» [161]. 
Болашақ информатика мұғалімдерін заманауи білім беруде дайындау 
олардың педагогикалық қызмет саласындағы кәсіби міндеттерді шешуге 
қабілеттілігі мен дайындығын қажет етеді: - білім беру стандарттарының 
талаптарына сәйкес білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге 
асыру; - кәсіби сала ерекшеліктеріне сәйкес даярлау технологияларын 
пайдалану; - білім сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ортасын 
қалыптастыру, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану [162]. 
Педагогикалық зерттеудің мақсаты бірқатар жекелеген педагогикалық 
құбылыстар немесе үдерістерге ортақ жайттарды табу, олардың мәніне терең 
бойлау, олардың туындау, ӛмір сүру және даму заңдарын ашу. 
Педагогикалық болмыстың (құбылыстар немесе үдерістердің не олардың 
жиынтығы тобының) тұтастай нысанын зерттеу педагогикалық білімнің 
нақтылы саласы және педагогика ғылымы әдістерінің жиынтығын пайдалану 
аясында мүмкін болмақ. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыруды зерттеу 
барысында зерттеу әдістерінің бірі ретінде модельдеу әдісі таңдалды.
Модель ұғымына байланысты әдебиеттерге жасалған талдаудан, бұл 
ұғымның мағынасы әртүрлі анықталатындығы байқалды. «Үлкен Кеңестік 
энциклопедиялық сӛздікте» «модель – сериялы немесе жаппай орындалуға 


68 
арналған эталон ретіндегі (стандартты) үлгі, сондай-ақ кез-келген ӛнімнің 
дизайны, маркасы, үлгісі» [163]. 
Гуманитарлық энциклопедия бойынша: модель нысанның маңызды 
қасиеттерін қамтитын түпнұсқа, абстрактылы (ойдағы немесе белгі ретінде) 
немесе материал (пән) түрінде ұсынылуы мүмкін шындықтың (нысан, 
құбылыс, үдеріс, жағдай) белгілі бір бӛлігін кӛрсету нысаны [164]. 
Пcиxoлoгиялық cӛздiктe «мoдeль» oқу әpeкeтiн мoдeльдeу дeгeн ұғымды 
бiлдipeдi. Oқу әpeкeтiн мoдeльдeу eкi acпeктiдeн тұpaды: «Бipiншici – oқу 
үдepiciндeгi бiлiмдi мeңгepу бoлca, eкiншici – oқудaғы ic-әpeкeт элeмeнтiнeн 
тұpaды. Coндa, бipiншi acпeктiдe мoдeль мeн мoдeльдeудi пcиxoлoгиялық 
бaғыт бiлiм жүйeciнe eнгiзу бoлca, eкiншiдe – мoдeльдeудiң фopмacын, әдiciн 
қoлдaнылaтын әpeкeтiнiң epeкшeлiгiн бiлiмгepлepдiң икeмдiлiгiнe қapaй 
бaғыттaуды кӛpceтeдi» [165]. 
Ю.Е. Хохлов модельді шындықтың белгілі бір аспектілерін ұсынуға 
және зерттелетін сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін, қандай да бір 
нысан бойынша (мысалы, математикалық, физикалық, символикалық, 
графикалық немесе сипаттамалы) нақты абстрактылы түсінік деп анықтайды 
[166]. 
А.Н.Дахин «Зерттеу құралы ретінде модель қарапайым және кӛрнекі 
нысандағы білімнің белгілі бір саласында қатынастарды, белгілерді, 
фактілерді, қарым-қатынастарды, талдау және тұжырымдар үшін қолайлы 
және қолжетімді болуы керек», деп атап кӛрсетеді [167]. 
Ғылымның логикасы мен әдіснамасындағы модель – табиғи немесе 
әлеуметтік шындықтың белгілі бір үзіндісінің баламасы, сызбасы, 
құрылымы, символдық жүйесі, адамзат мәдениетінің қалыптасуы, 
тұжырымдамалық теориялық құрылымдар. Бұл балама түпнұсқа туралы, яғни 
педагогикалық мониторинг, оны жобалау, түрлендіру немесе басқару туралы 
білімді кеңейтуге қызмет етеді [168]. 
Модель ӛзіне енгізілген идеяларды жүзеге асыруға бағдарлануы тиіс. 
Осыған байланысты зерттеуші М.Вартофский: «Модель бір жағынан – 
идеяның жүзеге асуы, ал екінші жағынан – идеяны іске асырудың 
динамикалық құралы» деп тұжырым жасады [169]. 
«Ғылыми әдебиеттерде модельдердің келесі жіктемелері анықталған: 
физикалық (түпнұсқаға ұқсас табиғаты бар); заттық-математикалық 
(түпнұсқаның мінез-құлқының математикалық сипаттамасы болуы мүмкін); 
логикалық-семиотикалық (арнайы таңбалар, рәміздер және құрылымдық 
сызбалардан құрастырылады)» [170]. 
Біз модель дедуктивті заңдарды фактілермен жақындастыру арқылы 
біріктіретін буын ретінде әрекет ете отырып, тұжырымдамалық тұрғыдан 
маңызды болуы керек деп санаймыз. Бұл модельдеудің ең маңызды ӛлшемі 
[171]. 
«Модель» ұғымы «модельдеу» ұғымымен тығыз байланысты, ол – 
модельді жасау үдерісін білдіреді. Білім берудегі модельдеу жұмысын 
зерттеген В.М. Ананишнев оқу үрдісінің аналитикалық үлгілерін бес топқа: 


69 
«құрылымдық, динамикалық, факторлық, типологиялық және әлеуметтік-
технологиялық» деп бӛліп кӛрсетеді [172]. 
Модельдеу үдерісінде оның тӛрт «қатысушысының» ӛзара әрекеттесуі 
жүреді:
1) модельдеудің бастамашысы және/немесе оның нәтижелерін 
пайдаланушы ретінде субъект;
2) модельдеу мәселесі әрекет ететін түпнұсқа нысан, және бұл 
болашақта субъект құрғысы келетін және/немесе пайдаланғысы келетін 
жүйе;
3) нақты құбылыс бейнесі ретінде үлгі;
4) модельдеу үдерісінің барлық қатысушылары орналасқан және ӛзара 
әрекеттесетін орта. 
Педагогикада модельдеу ретінде педагогикалық материалдардың, 
құбылыстардың және үдерістердің модельдерін, кӛшірмелерін құру 
анықталады. «Модель» мұнда түпнұсқаның кейбір негізгі қасиеттерін 
шығаратын нысандар немесе белгілер жүйесі деп түсіндіріледі, оны зерттеу 
осы нысан туралы жаңа ақпарат алатындай етіп түрлендіру мүмкіндігі 
болады [173].
Педагогикалық модельдеудің келесі деңгейлерін ажыратуға болады:
- тұжырымдамалық модельдеу (білім беру мекемесін басқарудың жаңа 
түрінің тұжырымдамалық моделін әзірлеу, педагогикалық үдеріс жағдайында 
білім алушының жеке басының қасиеттерін дамыту моделі және т.б.); 
- жүйелік модельдеу (әр түрлі педагогикалық нысандардың ӛзара 
байланысты модельдерінің жүйесін дамыту) модельдеу үдерісінде жүйелік 
тәсіл әр түрлі модельдерді қолдана отырып дәстүрлі құралдармен алынған 
педагогикалық құбылыс туралы кӛптеген фактілерді зерттелетін нысанның 
күрделілігін сипаттайтын біртұтас тұтастыққа біріктіретін байланыстырушы 
тізбек береді;
- процессуалдық модельдеу (зерттелетін нысанның даму логикасын 
кӛрсететін модельдер динамикасын құру);
- праксиологиялық модельдеу (мұғалімнің іс-әрекетінің немесе оның 
ӛзара әрекеттесуінің практикалық нәтижесінің моделі). 
Модель – болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру 
мақсатындағы педагогикалық әрекетті қызметтік-үдерістік жоспарлау болып 
табылады. Жоғарыда келтірілген модель, модельдеу және педагогикалық 
модельдеу тұрғысындағы іргелі зерттеу жұмыстарын зерделеу негізінде 
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудың 
қызметтік-үдерістік моделі құрылды (сурет 3).
Жасақталған қызметтік-үдерістік модель оқу-тәрбие үдерісін жоспарлаудың 
және жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу үдерістерінің нәтижелілігін 
жоғарылатудың, бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз етудің әдіснамалық 
негізі болуы тиіс. 


70 

Сурет 3. Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудың 
қызметтік-үдерістік моделі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет