Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы



бет1/3
Дата29.03.2022
өлшемі18,63 Kb.
#29175
  1   2   3

Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы

  1. Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде.

  2. XVII ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясы



Индустриалды қоғам өндірістік революция нәтижесінде пайда болды. Оған мынадай шарттар тән: 1) ірі машина (фабрика-зауыт) өндрісі; 2) ірі өндірістік (фабрикалық-зауыттық) буржуазиялык, және жұмысшы табы (фабрика-зауыт жұмысшылары) секілді екі ірі қоғамдық тап болуы, 3) ұлттык, мемлекеттің болуы; 4) саяси бостандық пен заң алдында барлығының теңдігі, 5) азаматтық қоғамнын дамуы.

Индустриалды қоғамның пайда болуына XVII-XVIII ғасырларда Еуропа мен Америкада басталған ерте буржуазиялық революция себеп болды. Осылардың барысында дәстүрлі (аграрлы, индустриалдыға дейінгі) қоғамнан индустриалды қоғамға өтудің өндірістік төңкеріс шарттары қалыптасты. Өндірістік төңкерістің тарихи шарттарына мыналар жатады: 1) экономикалық-капиталдың жеке қолға шоғырлануы; 2) жалдамалы жұмысшылар шоғырының әлеуметтік қалыптасуы: 3) орталыктанған мануфактураның техникалық дамуы мен маманданған жұмысшы кадрлардың пайда болуы.

Революцияны индустриалды қоғамның мынадай маңызды бағыттарына қолданды: халықтық және ұлттық дербестік, билікті бөлісу, құқықтық мемлекет, адам құқығы мен азаматтардың демократиялық құкығы, жеке және қоғамның азаттығы.

Революция қарсаңында Англия аграрлы мемлекет болатын. Тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығымен айналысатын. Ауылшаруашылығынан түсетін табыс сауда-өндірістік қызметтен түсетін пайдадан айтарлықтай көп болатын. Жер иеленудің феодалдык формасы жекеменшікке билік тарапынан тыйымның салынуы, жаңа дворяндық жүргізілуі, ауылшаруашылығы саласындағы капитализмнің дамуына кедергі келтірді. Аграрлық жағдай революцияның пайда болуы мен оның жүзеге асуында басты маңызға ие болды.

Өндіріс пен саудада биліктің цех қатарын қолдап, мануфактураға тыйым салуы, патенттерді сатып, монополияға жол беруі, өндірісшілер еркіндігінің шектелуі мен бәсекелестіктің жойылуына әкеліп, капиталистік қатынастардың дамуына кедергі келтірді. Капиталистік қоғамның негізгі табы - жұмысшылардың қалыптасуына, биліктің жерді жекеменшікке бермеуі және өндірістік цехтық жүйені қолдауы кедергі келтірді.

Англиядағы революцияның тарихи маңызы феодалдық қатынастарды жою мен капитализмнің өркендеуіне жол ашты.

Революцияның бұдан кейін дамуы үшін феодалдық қатынастарды жою қажет болды. Бұл тапсырманың шешімін Ұзақ парламенті шешті. 1646 жылы 24 ақпанда олар корольдың пайдасы үшін феодалдық жерлерден алым жинайтын федералдық жинау палатасы немесе «Қамқоршылар ісі жөніндегі палатаны» жабу туралы арнайы Қаулы шығарады. Қаулыға сәйкес, бұған дейін қызмет барысында немесе корольға тиісті болған барлық феодалдық мүліктер енді буржуазиялық жекеменшікке айналды. Феодалдар өз жерлерінің заңды иесі болды. Олардың меншікті жерінде жұмыс істеп отырған шаруаларды қуып шығып, пайдасы мол капиталистік шаруашылық ұйымдастыруына жол ашылды, кедергілер алынып тасталды. Англияда қожайындарына үлкен табыс әкелетін ірі капиталистік жер иелену жүйесі жасалды, осының нәтижесінде ауқымды капиталистік өндіріс құрылып, индустриалдық коғамның негізі қаланды.

Жерді жекеменшікке беріп, жаңа иелеріне тапсырған соң жалға алушы шаруалар жұмыстан босап, олар жалдамалы жұмысшылардың қатарын көбейтті, бұл ірі капиталистік өндірісті өркендетуге жол ашып, индустриалдык қоғамның негізін қалады. Парламент өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіріп отырған барлық монополияны жойды.

Революция ағылшын халқының қалыптасуы мен ұлттық мемлекет құру процесінде басты фактор болды.

XVIII ғасырдың ортасында Атлантика жағалауындағы Солтүстік Америкада Англияның 13 отары болды. Отар елдерде капиталистік қатынастар дамыды, халқының басым бөлігін Англиядан келген иммигранттар құрады. Бүл уақытта Англияда феодалдык қатынас жойылған болатын, XVII ғасырда болған ағылшын революциясының нәтижесінде мұхитты кесіп өтіп келген ағылшын отаршылары өздерімен бірге капиталистік өндірістік қатынастарды ала келді.

Табиғат жағдайына орай солтүстік колонияларда капиталистік фермерлік секілді шаруашылық дамыса, оңтүстікте жедел түрде темекішаруашылығы
мен плантациядағы құлиеленушіліктің бұрмаланған буржуазиялық қатынасы болды.

Колония экономикасы арнайы біртұтас экономикалық кеңістік негізінде жүргізілді. Колонияда капиталистік дамуға отарлаушы мемлекет мүдделі болған жоқ. Отар елдерді ағылшындар өндіріс үшін арзан шикізат өндіруші және британ тауарларын өткізетін нарықтың ауқымды орны деп санады, Англия колонияны феодалдық қалыпта басқарып, онда буржуазиялық қатынастарды кіргізбеуге күш салды. XVII ғасырдың соңында отарлаушылар қабылдаған заң XVIII ғасырдың басында отар елдің ауылшаруашылығы, өндірісі мен сауда саласына капиталистік қатынастарды жүргізуіне кедергі келтіріп, дамуына шектеу болды. Алайда отарлаушылар қаншама кедергі келтірсе де, отар елді капиталистік жолмен басқару экономика да өз нәтижесін берді. XVIII ғасырдың ортасында отар елдер арасындағы экономикалык байланыстар артып, ортақ нарық орнады, америкалық ұлттың қалыптасуы карқынды жүрді.

XVIII ғасырдың екінші жартысында отар иеленушілер арасында саяси белсенділік артып, олар өз мүдделерін корғап, Англияның саясатына қарсылықтарын білдіре бастады. 1775 жылы отар иеленушілер капиталистік дамуға кедергі келтіріп отырған Англияға қарсы шығады.

Соғыс барысында отар иеленушілер Англиядан тәуелсіздіктерін алып, өз ұлттық мемлекеттерін құрады. Ұлттық мемлекет құрылып, индустриалды қоғамның маңызды белгісіне айналған үш маңызды құжат: Тәуелсіздік Декларациясъі және 1777 жылғы Конфедерациясы баптары мен 1787 жылы қабылданып қазірге дейін қолданылып келе жатқан конституция қабылданды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет