C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады



жүктеу 12.03 Mb.
Pdf просмотр
Дата12.01.2017
өлшемі12.03 Mb.

C

M

Y

K

Газет 2008 жылдың 

қазан айынан

бастап шығады

№ 4 (60)

28 желтоқсан

2015 жыл

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГАЗЕТІ

Тұңғыш Президент күніне орай Жамбыл облысында екі білім беру нысаны пайдалануға берілді 

tigu.kz

tigu.kz

Университетте  «Елбасы 

Жолдауы  –  қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа сындарлы 

саяси бағыты» атты дөңгелек 

үстел  отырысы  және  жаңа 

оқу  ғимаратының  ашы-

лу  рәсімі  өтті.  Салтанатты 

шараға облыс әкімінің орын-

басары  Ерқанат  Манжуов, 

«Қазақстан» РТРК АҚ Жам-

был облыстық филиалының 

директоры 

Мейрамбек 

Төлепберген,  ТарМПИ  рек-

торы, тарих ғылымдарының 

докторы,  профессор  Дария 

Қожамжарова, 

Жамбыл 

облысы 


іскер 

әйелдер 


қ а у ы м д а с т ы ғ ы н ы ң 

төрайымы,  облыстық  мәслихат 

депутаты 

Гүлдара 


Нұрымова, 

Қазақстандық  салалық  білім  және 

ғылым  қызметкерлері  одағының 

төрайымы,  облыстық  мәслихат  де-

путаты Гүлсім Орынбаева, Жамбыл 

политехникалық  колледжінің  ди-

ректоры  Жанар  Орынбаева  және 

бірқатар қонақтар қатысты. Жиында 

сөз  алған  қонақтар  мемлекет 

басшысының биылғы Жолдауының 

мән-маңызы  жайлы  кеңірек  сөз 

қылып, 


бүгінгі 

білімгерлердің 

болашақта ел билеу ісіне аралас аза-

мат екендігін айтып, ғылым нәрімен 

барынша сусындауға шақырды. Со-

нымен қатар, жаңа оқу ғимаратының 

ашылуымен құттықтады.

Ашылған  4  қабатты  жаңа 

оқу 

ғимаратының 



құрылыс 

жұмыстарын  жүргізген  мердігер 

компания  –  «ЦентрСнабСервис» 

ЖШС 


(директоры 

Ақтоқалов 

Қуаныш).  Жобаның  жалпы  құны  – 

315 млн теңге. Жаңа ғимаратта 250 

орынға арналған үлкен мәжіліс залы 

(4-қабат),  60  орынға  арналған  кіші 

мәжіліс  залы  (2-қабат),  оқу  зерт-

ханасы,  лекциялық  аудиториялар, 

студенттік асхана бар.  

Сондай-ақ,  іс-шара  барысын-

да  Жамбыл  облысы  әкімінің 

«Құрмет грамотасы», Тараз қаласы 

әкімінің «Құрмет грамотасы», «Нұр 

Отан»  партиясы  Тараз  қалалық 

филиалының  «Құрмет  грамотасы», 

«Динамо»  дене  шынықтыру-спорт 

қауымдастығының»  90  жылдық 

мерейтойлық  төсбелгісі,  Қазақстан 

халқы 

Ассамблеясының 



20 

жылдығы  құрметіне  «Этносаралық 

келісімді  нығайтуға  қосқан  үлесі 

үшін»  естелік  белгісі  және  ТИГУ 

ректорының  «Құрмет  грамотала-

рымен  университеттің  бірқатар 

қызметкерлері марапатталды.

Нұржан ТУҒАНБАЙ, 

ТИГУ Медиа орталығының 

директоры

Салтанатты 

шараға 

Желтоқсан 



оқиғасын  көзбен  көріп,  алаңда  болған 

азаматшаларымыздың  бірі  –  Тұрар 

Рысқұлов  ауданы    атындағы  №1  ли-

цей  мектебі  директорының  оқу  ісі 

жөніндегі  орынбасары  Сабира  Налибаева  

қатысты.  Университет  ректоры  жиылған 

көпшілікті  мерекелерімен  құттықтады.  

–  Міне,  Тәуелсіздігімізге  жиырма  төрт  

жыл  толып  отыр.  Қазақ  халқы  көптеген 

ауыртпашылықтар  мен  қиыншылықтарды 

бастан кешірді. Өз елінің гүлденуіне талай 

ғасыр  арпалысқан  ата-бабаларымыздың 

арман-тілегінің  бүгін  орындалған  күні.  

Қазақ  елін  қазір  танымайтын  мем-

лекет  кемде-кем.  Оның  бәрі  әрине 

Елбасы 


стратегиясының 

арқасы. 


Еліміз  гүлденіп,  озық  50  мемлекеттің 

қатарынан  көруінуіне  тілектеспін,  -  дей 

отырып  Ерболат  Байұзақұлы  студент-

терге  шығармашылық  табыс    тіледі.   

Оқу  ордасының  тарихшы  ғалымдары 

өткен  уақыттың  мемлекеттің  келешегі 

үшін маңыздылығын айтты. Білімгерлер 

мен оқушылар арнайы өлеңдерін тебірене 

оқыса, оқытушылар ән әуелетті. 

Іс-шара 


соңында 

Желтоқсан 

оқиғасының куәгері Сабира Налибаеваға 

құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.   

 Биылғы жылы қазақ елі үшін айтулы 

даталарға  толы  болғаны  баршамызға 

белгілі. 

Келесі 


жылы 

еліміздің 

Тәуелсіздік  алғанына  ширек  ғасыр, 

яғни  жиырма  бес  жыл.  Аталмыш  дата 

өз  деңгейінде  атап  өтілетіні  анық.  Ба-

стысы  тәуелсіздігіміздің  тұғыры  биік, 

егемендігіміз баянды, ел іргесі тыныш бол-

сын деп тілейік!                                                                                                       



«ЖАСТАР АЙДЫНЫ – АҚПАРАТ»

ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

Сүйінші!


ТИГУ-ДІҢ ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні                     



Тәуелсіздік алуымызға 

әкелген кешегі дүниені дүр 

сілкіндірген Желтоқсан 

оқиғасы тарихымызда 

алтын әріптермен жа-

зылары анық. Кешегі 

күннің маңыздылығын 

ұғынбай, келешекте 

құндылығымыздың 

бағасын жоғалтып 

алуымыз ықтимал. 

«Экономика және 

құқық» кафедрасының 

мұрындық болуымен 

университетте  Қазақстан 

Республикасының 

Тәуелсіздік күніне орай 

«Желтоқсан – Тәуелсіздік 

бастауы» атты мерекелік 

жиын өтті. 

Ағымдағы  жыл  жамбылдықтар  үшін  мерейлі  де 

мерекелі,  табысты  да  жемісті  жыл  болды.  Бұл  туралы 

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар өңір азаматтарына 

мемлекеттік  наградаларды  тапсырған  облыс  әкімі  Кәрім 

Көкірекбаев та айрықша атап өтті. 

– Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жи-

ырма  төрт  жылдығын  атап  өтіп  жатырмыз.  Еліміз  үшін 

ең  басты  құндылығымыз  –  Тәуелсіздік!  Ендеше,  сол 

теңдессіз құндылығымызды бәрінен биік етіп, құрметтеп, 

бағалауымыз  керек,  –  дей  келе  облыс  басшысы  Кәрім 

Нәсбекұлы марапат иелеріне наградаларын табыстады.

Марапатталған  азаматтардың  қатарында  болған  Та-

раз  инновациялық-гуманитарлық  университетінің  рек-

торы,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор, 

Мойынқұм  ауданының  «Құрметті  азаматы»  Саурықов 

Ерболат Байұзақұлына Мемлекет басшысының 2015 жыл 

3 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» 

медалі табысталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі 1993 жылы белгіленген. Ме-

дальмен  азаматтар  экономикадағы,  әлеуметтік  саладағы, 

ғылымдағы,  мәдениеттегі  және  мемлекеттік  қызметтегі 

жеткен табыстары үшін марапатталады.

Айта  кетейік,  «Ерен  еңбегі  үшін»  медалімен  он 

үш  адам,  «Шапағат»  медалімен  екі  азамат,  Қазақстан 

Республикасының Құрмет грамотасымен он адам 

марапатталды.

Еленген еңбек



C

M

Y

K

Жамбыл  облысы  әкімдігі  жастар  саясаты  мәселелері 

басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш 

Президенті күніне орай білім, ғылым, спорт, мәдениет, өнер са-

лаларымен қатар облысымыздың қоғамдық - саяси жұмысына 

белсене  қатысып,  айтарлықтай  жетістіктерге  қол  жеткізген 

облысымыздың  үздік  студенттерін  марапаттауға  арналған  ІІІ 

облыстық «Студенттік бал - 2015» салтанатты кеші өтті.

Аталмыш шара қарсаңында басқарма тарапынан студент жа-

стар арасында «Жыл студенті- 2015» және жастар ісі жөніндегі 

комитет жетекшілері арасында «Ең үздік жастар ісі жөніндегі 

комитет  –  2015»  байқаулары  жарияланған  болатын  Байқауға 

өңіріміздегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 500-ге 

жуық студент жастар қатысып, олардың үздік деп танылғандары 

салтанатты  кешке  қатысу  құрметіне  ие  болды  және  облыс 

әкімінің,  облыс  әкімі  орынбасарының,  «Нұр  Отан»  партия-

сы  облыстық  филиалының,  облыс  әкімдігі  жастар  саясаты 

мәселелері басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Сонымен  қатар,  оқу  орындарынан  іріктелініп  алынған 

студенттердің  ішінен  42  жұп  (84  студент)  «Қазақ  вальсіне» 

балдық би билеп  жұртшылықты тамсандырды.

«Жастар  жанашыры  –  2015»  номинациясы  бойынша  Тараз 

инновациялық-гуманитарлық  университетінің  жастар  ісі 

жөніндегі комитет жетекшісі Н.Әбітаева марапатталды.



ЖОО            ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Үш  тілде  білім  беруді  дамытудың 

жол  картасына  сәйкес  2020  жыл-

дан  бастап  еліміздегі  жоғары  оқу 

орындарындағы  білім  беру жүйесіне 

айтарлықтай  өзгерістер  енгізіледі. 

Бұл  туралы  Орталық  коммуника-

циялар  қызметінде  өткен  баспасөз 

мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық 

департаменті  директорының  орынбасары  Гүлзат  Көбенова 

айтты. Жол картасына сәйкес жоғары оқу орындарында білім 

беру мазмұны қайтадан жаңғыртылады. Бұл кезде барлық оқу 

мерзімінде ағылшын тілі пәні оқытылады. Бүгінгі күні жоғары 

оқу  орындарындағы  оқытушылардың  тілдік  деңгейін  көтеру 

мақсатында  біраз  жұмыстар  жасалып  жатыр.  Қазіргі  таңда 

жоғары  оқу  орындарында  қызмет  атқаратын  оқытушылық 

құрам өздерінің тілдік деңгейін жетілдіріп келеді. Техникалық, 

педагогикалық,  гуманитарлық  мамандықтарда  кейбір  кәсіби 

пәндер ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр. 

ЖОО-ДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ 

ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛМЕК

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 

700 СТИПЕНДИЯ БӨЛІНДІ

2016  жылы  «Болашақ» 

бағдарламасы  аясында  700 

стипендия 

беріледі. 

Бұл 

туралы 


Ақордада 

өткен  


Шетелде  кадрлар  даярлау 

жөніндегі 

республикалық 

комиссияның  отырысы аясын-

да  Халықаралық  бағдарламалар  орталығының  президенті 

Ғани Нығметов мәлім етті.

«Шетелде  кадрлар  даярлау  жөніндегі  республикалық 

комиссияның  отырысы өтті. Бұл отырыста бірнеше мәселе 

қаралды.  Біріншіден,  комиссияның  берген  тапсырмала-

ры  бойынша  қандай  істер  атқарылғандығы  жайында  Білім 

және  ғылым  министрі  баяндама  жасады.  Соның  ішінде 

келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап «Болашақ» ережелеріне 

бірнеше  өзгеріс  енгізіледі.  Екіншіден,  «Болашақ»  арқылы 

оқитын  мамандықтардың  тізімі  қабылданған.  Бұл  тізімде 

ең  басты  көңіл    техникалық  мамандықтарға  берілген. 

Үшіншіден,  комиссияның  шешімімен  375  үміткерге 

«Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Төртіншіден, келесі 

жылға комиссияның шешімімен 700 стипендия бөлінді.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  МАМАНДЫҚТАР 

ЕМТИXАН ТАПСЫРАДЫ

2016 

жылдан 


бастап 

педагогикалық 

факультетке 

түсуге  ниет  танытқан  түлектер 

шығармашылық  емтиxан  тапсыра-

тын  болады.  Бұл  туралы  ҚР  Білім 

және  ғылым  министрлігінің  жауап-

ты  xатшысы  Әмірxан  Раxымжанов 

мәлім  етті.  «Педагогикалық  мамандыққа  сапалы  қабылдау 

жүйесін  енгізу  мақсатында  2016  жылдың  1  қаңтарынан 

бастап,  педагогикалық  факультеттерде  шығармашылық 

емтиxан  енгізіледі.  Бұл  емтиxан  түлектердің  педагогикалық 

мамандыққа деген бейімділігін анықтамақ», - деді ол Астана-

да  өткен  министрліктің  алқа  мәжілісінде.  «Аталмыш  норма 

ұстаздың  беделін  арттырудың  басты  принциптерін  ескереді 

және түлектердің осынау қадірлі мамандыққа деген бейімділігін 

анықтайтын болады», - деп түйді сөзін А.Раxымжанов.

«СТУДЕНТТІК БАЛ  - 2015»



УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ

2016 - 2018  жылдары білім мен ғылымға 1 трлн. 165, 4 млрд. теңге бағытталады

tigu.kz

tigu.kz

№4 (60)

28 желтоқсан 2015 жыл

Құттықтау

Ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай университет 

Ақпараттық-кітапханалық орталық директоры 

Өзбекова  Аманкүл  Андабайқызы  қоғам  өміріне 

белсене  атсалысып,  білім  саласын  дамытуда 

қосқан қомақты үлесі мен еңбекте қол жеткізген 

елеулі жетістіктері үшін Тараз қаласы әкімінің 

Құрмет грамотасымен марапатталды.

Семинар


Университетте  «Стандарттау  және  кәсіптік 

оқыту» кафедрасы мен оқу-әдістемелік бөлімінің 

ұйымдастыруымен  «Жоғары  оқу  орнында  сын-

дарлы  креативті  оқыту  әдістерін  қолдану  және 

оның тиімділігі» атты  семинар- тренинг өтті. 

Семинар  барысында  оқу  –  әдістемелік  бөлімінің  бас-

шысы  Юрий  Дубский  профессор  –  оқытушыларға 

креативті оқыту әдістерінің мақсаты мен міндеттерін 

барынша  түсіндіріп  берді.  Әрі  қарай,  техника 

ғылымдарының  доценті  Камила  Бөлекбаева  1980 

–  ші  жылдардың  басында,  дәрігер  Эдвард  де  Боно 

әдістемесі  бойынша  «Алты  ойланатын  шляпаны» 

сабақта  тиімді  қолданудың  әдіс  -  тәсілдері  туралы 

айтып  ,  оқытушыларға  осы  әдісті  қолдана  отырып, 

жауап  беруге  арналған  түрлі  тапсырмалар  беріліп, 

топтық жұмыстар жасалды. Бұл әдіс оқытушылардың  

сабақ беру барысында ынтасын арттыру мақсатында 

ұйымдастырылды. 

Семинарға  қатысқан  оқытушылар  әр  түрлі 

таңдалған  шляпаның  түсіне  қарай,  өз  ойларын 

жеткізе білді. «Бұл технология бойынша жұмыс істеу,  

жан-  жақты  білім  беруге,  уақытты  ұтымды  пайдалануға, 

оқытушы  мен  студенттің  арасындағы  ынтымақтастықты 

одан  әрі  берік  ұстануына  септігін  тигізеді»,  -  деп 

қорытындылады ұстаздар қауымы. 

Ақнұр СҰЛТАНБЕКОВА, 

Медиа орталық қызметкері                                                                                             

ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН 

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Кесек тұлға, кенен дарын

Тараз 

инновациялық-



гуманитарлық  университеті 

«Шерхантану» 

ғылыми-

зерттеу 


орталығының 

Қазақтың 

халық 

жа-


зушысы, 

Мемлекеттік 

сыйлықтың  иегері,  кенен 

дарын  Ш.Мұртазаның  сан 

қырлы 

шығармашылығы 



мен  қайраткерлік  тұлғасын 

өскелең  ұрпаққа  кеңінен 

мазмұндап,  тәуелсіз  ел 

руханиятындағы  маңызын 

зерделеу,  егемен  еліміздің 

әдебиеті  мен  мәдениетіне 

үлес қосу және Елбасының 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты аху-

алда:  өсу,  реформалар,  даму»  атты 

Жолдауын  насихаттау  мақсатында  

ұйымдастырған  «Ш. Мұртаза оқулары»  

облыстың 

Т.Рысқұлов 

ауданында  

жалғасты.  Т.Рысқұлов    ауданы,  Луго-

вое  ауылындағы  Т.Рысқұлов  атындағы  

орта  мектепте  желтоқсан  айының 

14-жұлдызында  жалғасқан  игі  іс-шара 

аудандық білім бөлімі мен орта мектеп 

мұғалімдерінің де үлкен үлес қосуымен 

өткізілді. 

«Ш.  Мұртаза  оқулары»  байқауына 

аудан  мектептерінен    10-11  сынып-

тар  бойынша  53  оқушы  қатысты. 

Байқау  үш  бағытта  ұйымдастырылды. 

«Кесек  тұлға,  кенен  дарын»  бағыты 

бойынша 

оқушылар 

жазушы 

шығармашылығының  тұғырнамасына 



саналатын  «Қызыл  жебе»  романдар 

топтамасы мен «Ай мен Айша» секілді 

мемуарлық көркем туындысы желісінде 

берілген  теориялық  сұрақтарға  жауап 

берсе,  «Менің  Шерағам»  атты  бағытта 

оқушылар  қазақтың  Шерағасына  де-

ген  іңкәр  көңілдері  мен  жүрекжарды 

лебіздерін  өлең-жырмен  өрнектеп, 

ой-толғанысқа  толы  қара  сөздерімен 

жеткізді. 

Ал, 

үшінші 


бағытта  оқушылар  жазушы 

шығармаларынан 

таңдап 

алған  үзінділерді  жатқа 



мәнерлеп  оқып,  актерлік 

шеберліктерімен 

сынға 

түсті. 


Байқау 

бары-


сында 

тыңғылықты 

дайындығымен, 

жазушы 


шығармашылығына  деген 

зор  сүйіспеншілігімен  және 

талантымен    дараланған 

оқушылар  жеңімпаз  деп  та-

нылып, марапатталды. 

Сондай-ақ,  руханияттың 

жанашыры,  өскелең  ұрпақ 

тәрбиесіндегі  үлкен  жауапкершілігі 

үшін  бірқатар  мектеп  мұғалімдеріне 

алғыс хаттар табысталды. «Филология» 

кафедрасының  меңгерушісі  Елубаева 

Рахат  Сайлаубекқызы,  «Шерхантану» 

ғылыми-зерттеу  орталығының  дирек-

торы Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы, 

филология  ғылымдарының  кандидаты, 

ақын  Әбілұлы  Меңдібай    Ш.  Мұртаза 

шығармашылығының 

тәрбиелік 

маңызы  мен  өскелең  ұрпақты    көркем 

туындылардың әдеби-көркемдік қуатын 

талдап тануға деген сүйіспеншіліктерін 

арттыру 


барысында 

өзекжарды 

пікірлерін білдіріп, оқушыларға табыс, 

мұғалімдерге жетістіктер тіледі. 

Қорыта  айтқанда,  дамудың  жаңа 

көкжиегіне  көтеріліп  келе  жатқан 

тәуелсіз еліміздің әрбір ұланы – өзінің 

ана тілін сүйіп, туған әдебиетінің тыл-

сым  рухани  қуатынан  нәр  алып,  су-

сындауы қажет. Сонда ғана Елбасымыз 

Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, бүгінгі 

оқушылардың    ертеңгі  елімізді  кемел 

болашаққа  бастауына  өз  үлесін  қоса 

білетіні даусыз. 



Жадыра БАЙСАҚАЛОВА

«ШЕРХАН МҰРТАЗА ОҚУЛАРЫ» ЖАЛҒАСУДА

 І БАҒЫТ 

І орын: Аманжол Нұрболат – Т.Рысқұлов 

ом 11 сынып



ІІ  орын:  Тынышбай  Наргиза  – 

А.Байтұрсынов о/м



ІІ орын: Базарбай Аян - №2 орта мектеп  

ІІІ орын: Әшімжан Өмірбек – Абай о/м 

ІІІ орын: Кеңесбек Ұлдар – Ш.Уәлиханов 

о/м


ІІІ орын: Рүстемқызы Назым – Ақбұлақ 

о/м


ІІ БАҒЫТ

І орын: Күмісбек Байдос – Қызылшаруа 

о/м


ІІ орын: Болат Назерке – Т.Рысқұлов о/м

ІІ  орын:  Бекетай  Диляра  –  Октябрь 

шаруа о/м



ІІІ орын: Раушанбек Ғалия – Подгорное 

о/м


ІІІ орын:  Дәкен Аруна

ІІІ орын:  Бөтей Анар – Б.Сұлтанбеков 

ІІІ БАҒЫТ

І орын: Күмісбек – Халық Айғаным - №1 

мектеп-лицейі



ІІ орын: Байғабылов Айгерім – Алғабас 

о/м


ІІ  орын:  Тұрбек  Дәурен  –  Қызылшаруа 

о/м


ІІІ орын: Бекқұлы Дәуір – Б.Момышұлы 

о/м


ІІІ  орын:  Жұманқұл  Айдана  –  Жамбыл 

о/м 


ІІІ  орын:  Тоқтамысова  Құралай  - 

Ш.Уәлиханов о/м



C

M

Y

K

№4 (60) 

28 желтоқсан 2015 жыл

ҚҰМСАҒАТ 

Білім саласында 51 нысанның құрылысы жүріп жатыр – ҚР Ұлттық экономика министрі Е.Досаев

tigu.kz

tigu.kz

Жұлдызнамашылар  мен    мұсылмандық 

күнтізбе  бойынша  адамның  мінез-құлқы  өзінің 

туған  жылы  мен  айына  тұспа-тұс  келеді  екен. 

Мұны ғылыми тұрғыда зерттеушілер де қуаттап, 

әр жыл мен айдың адам ағзасы мен психология-

сына, әлеуметтік жағдайына әсер ететінін айтады. 

Бұл  қаншалықты  шындық,  оны  әркімнің  мінезі 

арқылы байқап, пайымдап көруіңізге  болады. 

Мысалы,  мешін  жылы  туылғандар  - 

Ақылдылығы  жағынан  асып  түседі.  Жолы 

болғыш,  жоқтан  барды  құрастырып  шығаруға 

бейім.  Өз  еркі  өзінде  болып  үйренген.  Қызба 

мінезді.  Кез  келген  мәселеден  сытылып  кете  са-

лады. Жолында еш кедергі жоқ болса, биіктерден 

көрінуге барын салады.



Білім  ордаларында  басталып  келе  жатқан  қысқы 

емтихан кейбіреуіне алғашқы болса, енді біріне үйреншікті 

оқиға.  Қалай  десек  те,  емтихан  біліміңді  тексеретін  сәт. 

Жақындаған сайын бірі − қорқып, қиналса, екіншісі − қуанып, 

демалысты  күтеді.  Әркімнің  ойы  әр  қилы.  Не  де  болса, 

барлық  студент  қауымына  сәттілік  тілей  отырып, 

емтиханға байланысты әзілдер тобын ұсынамыз. 

Студент  асханаға  кірсе,  жалғыз  ғана  орын  бар  екен.  Барып 

отыра қалса, қарсы орындықтағы профессор:

− Бүркіт пен шошқа қатар отырмайды – дейді.

− Кешіріңіз, мен ұшып кетейін – деп екі қолын қанат етіп қағып 

тұрып кетеді.

Сөзден  ұтылған  профессор  емтихан  қабылдауға  келеді.  Әлгі 

студентті құлату үшін сұрақтың астынан алса да, ол бәріне дұрыс 

жауап береді. Сосын мынадай сұрақ қояды:

−  Сенің  жолыңда  екі  сандық  жатты  делік.  Бірі  тола  алтын, 

екіншісінде ақыл. Қайсысын таңдайсың?

− Алтынды таңдаймын, әрине!

− Мен ақылды таңдаған болар едім – дейді профессор.

−  Әркім  өзінде  жоғын  таңдайды  ғой,  –  деп  студент  тағы 

да  қатырып  кетеді.  Профессор  әбден  ызаланып  оның  сынақ 

кітапшасына «Тентек» деп жазып береді. Оны қарамастан алады 

да студент шығып кетеді. Профессор мәз болып отырса, сәлден 

кейін студент қайтып келіп былай деген екен:

−  Профессор  ағай,  сіз  баға  қоятын  жерге  шатасып,  өз  аты-

жөніңізді жазып қойыпсыз, −дейді.



* * *

Зоология  ғылымының  бір  студенті  биттің  құрылысын  жақсы 

біледі  екен.  Емтиханда  қандай  сұрақ  келсе  де  кірістіріп  айта 

беретін  көрінеді.  «Бит  −  адамның  және  сүтқоректілердің  қанын 

сорып  тіршілік  ететін  ұсақ  жәндіктер  тобы.  Оның  3  жұп  келте 

аяқтары  бар,  олардың  ұшында  матаға  немесе  шашқа  жабысуға 

бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген» деп айта жөнеледі 

екен.  Бір  емтиханда  қой  келіп  қалыпты.  «Қой  деген  шөп  жейтін, 

төрт аяқты жануар. Қойдың еті тәтті болады. Үстінде жүні бар. Ал 

жүн болған жерде бит болады» деп биттің құрылысын айтып кетеді 

екен. Бір күні емтихан алатын профессор ашуы келіп, бұған жүні 

жоқ  жануардан  берейін,  бір  қатырайын  деп  студентке  балықтың 

құрылысын береді. Студен сәл ойланып тұрып:

— Балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. 

Жүзу  жағынан  олар  өзге  жануарлардан  асып  түседі.  Олар  өкпе 

арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтың үстінде 

жүн  болмайды,  ай  бірақ  жүн  болғанда  онда  бит  болатын  еді,  — 

деп, тағы биттің құрылысын айтып кетіпті.



Байжанов Қайрат  –  

30.03.1968 ж. Үйлестіру 

кеңесінің төрағасы

Иманбаев Қуат -  

16. 04. 1980 ж. «Құқықтану» 

кафедрасының меңгерушісі

Бегімбетов Ғазиз   

08.11.1992 ж. Медиа 

орталық қызметкері

Ошақбаев

а Айз

ада - 

13. 12. 1992 ж. «Ұйымдастыр

у 

және кадр жұмыстары»  бөлімінің м

ам

аны

Рүст


ем

бек


ов

а Әдемі –  

23.01.1992 ж.  Қабылда

у 

бөлімінің х



атшысы

ЖАНА ЖЫЛ


 

туралы қызықты деректер

МҮШЕЛ ЖАСЫҢМЕН, ӘРІПТЕС!



  Қазақша жыл қайыру бойынша адам жасының он екі жылы бір мүшел болып саналады. 

Ал 2016 жыл мешін жылы деп есептелінеді. Жаңа жыл қарсаңында шыққалы отырған 

газетіміздің осы санына мешін жылында туылған әріптестеріміздің бірсыпырасын 

назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. 

СТУДЕНТТЕР ТУРАЛЫ 

ӘЗІЛДЕР

ЖАҢА ЖЫЛ ӘР ЕЛДЕ ӘР ТҮРЛІ ТОЙ-

ЛАНАДЫ. СІЗДЕРГЕ  ЖАҢА ЖЫЛДЫ 

БАСҚА ЕЛДЕ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАТЫНДЫҒЫ 

ЖӨНІНДЕ БІРАЗ МӘЛІММЕТТЕРМЕН 

БӨЛІСПЕКПІЗ. 

1. Алғашқы құжаттық дәлелдемелер бойынша 

жаңажылдық шыршаны безендіру дәстүрі XVII 

ғасырдың басынан басталады. Тарихшылардың 

пайымдауынша, алғашқы безендірілген ағаштар 

Эльзас  жерінде  пайда  болды.  Жаңажылдық 

ағашқа  безендірулер  ретінде  түрлі  түсті 

қағаздан жасалған раушан гүлдері, алмалар, пе-

ченье, қант пен жылтырақтар болды.



2.  Шыршаның  алғашқы  шыны  шары  XVI 

ғасырда  Тюрингияда  (Саксония)  жасалды. 

Шыршаның  ойыншықтарын  жаппай  өндіру 

ХІХ ғасырдың 

ортасынан  ба-

стау алады.



3.  Жарық 

электрикалық 

гирляндамен 

безендірілген 

алғашқы шыр-

ша 1895 жылы 

американдық 

Ақ  үйдің  ал-

дына қойылды.

4.  1903  жылы  «Малютка»  балалар 

журналының  жаңажылдық  санында  шыққан 

Раиса Адамовна Кудашеваның «Елочка» өлеңі 

екі жылдан кейін Леонид Карлович Бекманның 

әуенімен бәріне танымал «В лесу родилась елоч-

ка» әні болып шықты.



5. Ежелгі  Римде  жаңа  жылды  наурыз  айын-

да қарсы алатын еді. Біздің заманымызға дейін 

46 жылы римдік император Юлий Цезарь жыл 

басын  1  қаңтар  деп  белгіледі.  Оның  атымен 

аталған Юлиандық күнтізбе бүкіл Еуропаға та-

ралды.


6. Францияда 755 жылға дейін жыл басы – 25 

желтоқсан саналған екен. 1564 жылдан бастап 

ІХ Карл патшасының бұйрығымен жыл басы 1 

қаңтар деп белгіленді.



7. Англияда жаңа жыл 25 наурыз тойланды, 

тек 1752 жылы ғана 1 қаңтарға ауысты.



8.  Эскимостар  жаңа  жылды  қар  жауған 

күннен бастап санайды.



9. Кубада үйдегі барлық ыдысты сумен тол-

тырып,  жаңажылдық  түні  далаға  төгеді.  Бұл 

олардың  өзіндік  жаңажылдық  ырымы  санала-

ды. Бұл әрекет – барлық күнәләрді жуып, шаю 

үшін жасалады екен. Кубада жаңа жыл – Патша-

лар күні деп аталады.



10.  Грекияда  отағасы  үйдің  қабырғасына 

анарды  жарады.  Оның  жан-жаққа  ұшқан 

дәндері – сәттіліктің белгісі саналады екен.

Төрлет, Жаңа жыл!



Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және 

жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Сондықтан емтиханға 

психологиялық дайындық қажет. Емтиханға дайындық кезінде 

өзіңізге сенуіңіз керек. Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, 

үрей де арта түседі. Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек 

еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз. Педагог 

пен психологтардың кеңестеріне құлақ түргеніңіз абзал. 

ПЕДАГОГ КЕҢЕСТЕРІ:

І КЕЗЕҢ. «Білу» және «білмеу» деңгейіңізді анықтаңыз. Барлығын 

қайталап, уақыт кетіру орнына, нені білмейсіз соған уақытты көбірек 

бөліңіз. 

ІІ КЕЗЕҢ.  Қайталау жоспарын құрыңыз. Емтиханға дайындықты 

екі ай бұрын бастау керек. Ұмытылған пәндерді үш апта қайталаған 

дұрыс.  Емтиханға  бір  апта  қалғанда  жоспарды,  қайталау  кезінде 

жазған конспектіні көруді ұмытпаңыз. 



ІІІ КЕЗЕҢ. Емтиханға бір күн қалғанда, ештеңені қайталамаңыз, 

жаттамаңыз!!! Білім басыңызда орнығу үшін кем дегенде бір күн 

керек.

ПСИХОЛОГ КЕҢЕСТЕРІ :

Жалпы ереже: Емтиханды жақсы дайындалып, орташа тапсыруға 

болады, онша емес дайындалып, өте жақсы тапсыруға болады. Бұл 

сәттілік қана емес, емтихан тапсыру барысындағы мидың жай-күйі. 

Емтиханға тынығып келуіңіз керек. Егер материалды соңғы секундқа 

дейін қайталасам, көп білемін деп ойласаңыз – қателесесіз! Емтихан 

алдындағы тапсырам ба, әлде тапсыра алмаймын ба деген қорқыныш 

кедергі  болады.  Егер  өз  күшіңізге  сене  алатын  адам  болсаңыз, 

қорқыныш аса кедергі болмайды.

                      ЕМТИХАН АЛДЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ:

1 — Емтиханға бір күн қалғанда зияткерлік жұмыспен 

айналыспаңыз. 

2 — Емтихан алдында, түнде, конспект қайталауға бір 

сағатыңызды арнаңыз. 

3 — Емтихан күні ұйқыңыз қанық болуы керек. 

4 — Бірінші болып тапсырыңыз. 

5 — Емтиханға конспектіңізді өзіңізбен бірге алып баруды 

ұмытпаңыз. 

ЕМТИХАНДЫ ҚАЛАЙ ТАБЫСТЫ 

ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ?

Керек кеңес 

.


БАС РЕДАКТОР

ТУҒАНБАЕВ

Нұржан Маратұлы

n.tuganbai@bk.ru

8 775 384 42 77

ТІЛШІЛЕР:

Ақнұр СҰЛТАНБЕКОВА

Нұрcұлтан СЛАМБЕКОВ

ДИЗАЙНЕР:

Құндыз БӨГЕНБАЕВА

Меншік иесі: «Тараз инновациялық-

гуманитарлық университеті» мекемесі

Газетке ҚР Мәдениет және ақпарат

министрлігінің №9561-Г

09.10.2008 жылы тіркеу куәлігі берілген.

Газет айына 1 рет шығады

Газет Тараз қ. Төле би даңғылы, 22-үй,

«Сенім» ЖШС баспа орталығында

басылды. Индекс 080012.

Таралымы - 500 дана     Тапсырыс - №1138



Мекенжайымыз: Тараз қ.,

Желтоқсан көшесі, 69 Б, индекс 080000

ТИГУ-дің төл байқауы



C

M

Y

K

№4 (60) 

28 желтоқсан 2015 жыл

БІЛІМГЕР

ТИГУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ 

ТИГУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ 

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛ, ДОСТЫМ!



Университет  жаңалықтары  мен  тіршілігі  жайлы 

«ЖАСТАР  АЙДЫНЫ» 

газетінен  басқа 

әлеуметтік желілерден де танысуға болады. Тәуліктің кез келген уақытында байланыста бо-

ламын десеңіз, қызықты жайттармен бөлісемін десеңіз бізді мына желілерден таба аласыз:

Instagram   – @tigu_taraz 

VK 

 

– tigutaraz 

Facebook 

– tigupress

Youtube 

– tigutaraz 

e-mail  – tigu-press@mail.ru

      www

.tigu.kz

К

онкурс  профессор  –  оқытушылар 



тарапынан  студенттердің  түрлі 

бастамаларына  қолдау  көрсету,  аға 

буын  мен  жастар  арасындағы  ізгі 

қарым  –  қатынастарды  қалыптастыру. 

Ән  өнерінің  жақсы  дәстүрлері  мен 

жетістіктерін  жаңғырту,  дамыту  және 

насихаттау мақсатында өтті.    

Байқауға  іріктеу  турынан  өткен 

15  жұп  қатысты.  Қатысушылар  өз 

қалауы  бойынша  халық  әндері,  халық 

композиторларының  әндері,  романстар, 

шетел  әндері,  сонымен  қатар  бүгінгі 

күн  әндерін    жоғары  деңгейде  орын-

дап  шықты.  Жанкүйерлер  өз  жұптарын 

ерекше  қошеметтеп,  қолдап  отырды.  

Қазылар  алқасы    Тараз  инновациялық-

гуманитарлық  университеті,  Оқу  ісі 

жөніндегі  проректор  Ерман    Шерта-

ев,    Тараз  инновациялық-гуманитарлық 

университеті,  Кәсіподақ  ұйымының 

төрайымы  Шырын  Әлімқұлова,    Тараз 

қалалық  мәдениет  үйінің  директоры 

Саят  Төлепберген, "Асыл-Арман ұлттық 

дәстүр  мен  өнерді  қолдау"  қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы Ринат  Нұрақбаев,  

Халықаралық, 

республикалық 

байқаулардың 

лауреаты, 

Жамбыл 


облыстық  филармониясының  әншісі 

Маралбек  Бабақұлов  үміткерлердің 

орындаушылық шеберлігі мен репертуа-

рына, дауыс мәнері мен кеңдігіне, сахна 

мәдениетіне,  киім  үлгісіне,  ән  мәтінінің 

дұрыстығына  ерекше  көңіл  бөлді.  Кон-

курс  жеңімпаздарына  ұйымдастыру 

алқасының    арнайы    дипломдары  мен 

сыйлықтары  және  кәсіподақ  тарапынан 

сауықтыру  орталықтарына  жолдамалар 

табыс етілді. 

Қатысушыларға 

төмендегідей 

жүлделі  орындар  мен  номинациялар 

тағайындалды: 

«ЖҰЛДЫЗДЫ ЖҰП – 2015» АНЫҚТАЛДЫ



2015 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 

10 ЖҰЛДЫЗЫНДА 

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ – 

ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

ПРОФЕССОР – ОҚЫТУШЫЛАР 

ҚҰРАМЫ  МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ 

ҚАТЫСУЫМЕН  ДӘСТҮРЛІ 

ТҮРДЕ ЖЫЛ САЙЫН 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП КЕЛЕ 

ЖАТҚАН «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН 

БАЙҚАУЫ ӨТТІ. 

БАС ЖҮЛДЕ – «Бітірушілермен жұмыс 

және  өндірістік  практика»  бөлімінің  

меңгерушісі  Бекзат Усаева және «Филоло-

гия» мамандығының  3 курс білімгері  Мади 

Күнту;

«ТИГУ    ДАУЫСЫ»    -    «Қаржы  және 

есеп» кафедрасының аға оқытушысы Риза  

Асемова мен «Құқықтану» мамандығының 

1 курс білімгері Арлен Омарбек; 



«ЖАҚҰТ 

ДАУЫС» 

– 

«Тәрбие 



бөлімінің»  маманы  Сергей  Петряев  және 

«Құқықтану»  мамандығының  4  курс  

білімгері Еркін Қуаныш; 

«МАРЖАН   ДАУЫС» -  «Дене тәрбиесі 

және  әскери  дайындық»  кафедрасының 

оқытушысы  Ерболат  Сейдалиев  пен  

«Шетел  тілі»    мамандығының  3  курс 

білімгері Осман Делихасаноглы; 

«ШАБЫТ»  -  « Қашықтан білім беру және 

компьютерлік  технологиялар»  бөлімінің 

маманы  Олжас      Санақ    және  «Биология» 

мамандығының  3  курс  білімгері  Альбина 

Қабылбек; 

«ЖЕҢІСКЕ  ҚҰШТАРЛЫҒЫ 

ҮШІН» - Ректор кеңесшісі, «Филосо-

фия» ғылымдарының докторы Мұрат 

Нұрғабылов пен «Қаржы» мамандығының 

4 курс білімгері Нұрболат Батырбеков; 



Осы  аталым  бойынша:  «Құқықтану» 

кафедрасының 

аға 

оқытушысы 



Айнур  Акимбаева    және  «Құқықтану» 

мамандығының    4  курс  білімгері  Хабиб 

Алиев; 

«КӨРЕРМЕН 

КӨЗАЙЫМЫ» 

-  


«Экономика және басқару» кафедрасының 

доценті  міндетін  атқарушы,  экономи-

ка  ғылымдарының  кандидаты  Лаура 

Сарықұлова  мен  «Бастауыш  оқыту  педа-

гогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығының 

4  курс  білімгері 

Мақпал  Орын-

баева;  


Осы 

ата-

лым 

бойын-

ша:  «Педагогика  және  психология» 

кафедрасының 

оқытушысы 

Әсел 


Қойбақова және «Дене шынықтыру және 

спорт» мамандығының 1 курс білімгері 

Нұрсұлтан Сламбеков; 

«ЕҢ  ЖАРАСЫМДЫ  ЖҰП»  - 

«Дене тәрбиесі және әскери дайындық» 

кафедрасының  аға  оқытушысы  Рашид 

Жуанышев пен «Педагогика және психо-

логия» мамандығының 4 курс білімгері 

Айкен Жұмашева; 



Осы  аталым  бойынша:  -  «Медиа 

орталығының»  директоры  Нұржан 

Туғанбай  және  «Кәсіптік  білім» 

мамандығының 2 курс білімгері Жансая 

Ыбырайым; 

«ҮЗДІК  РЕТРО  ӘН 

ОРЫНДАУШЫСЫ» - «Тәрбие 

бөлімінің» жетекші маманы мен 

Уалихан Сағынханов пен «Мемлекеттік 

жергілікті басқару» мамандығының 2 

курс білімгері Арайлым Тұзақбай; 

«ЖАС  ҚАНАТ»  -    «Қабылдау 

бөлімінің» маманы Әдемі Рүстембекова 

және  «Қазақ  тілі  және  әдебиеті» 

мамандығының  3  курс  білімгері  Баян 

Мелдебек; 

«ҮЗДІК 

ПАТРИОТТЫҚ 

ӘН 

ОРЫНДАУШЫСЫ» - «Жаратылыста-

ну  ғылымдары»  факультеті  деканының 

орынбасары Қайнар Әбдібеков пен «Био-

логия» мамандығының 2 курс білімгері  

Жансая Сейтқожа; 

«ҮЙЛЕСІМДІ ДАУЫС» - «Баспаха-

на»  бөлімінің  қызметкері  Бауыр-

жан  Қырықбаев  және  «Биология» 

мамандығының 4 курс білімгері 

Дильмира Шарасулова марапатталды.

                                                                                                                                



А.ТЕМІРЛАНҚЫЗЫ, 

Медиа орталық қызметкері



Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет