Чапаев дивизиясының саяси бөлімшесі орналасқан Ғимарат



бет1/4
Дата13.10.2022
өлшемі16,35 Kb.
#42916
  1   2   3   4

Пединститут.
1932 жылы Орал пединституты ашылып, кейін бұрынғы қыздар гимназиясына орналасты. Осы ғимараттың құрылысы 1937 жылы басталып, 1939 жылы аяқталды. Авторы Рогальский. Қазіргі кезде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас корпусы орналасқан. Ғимарат Достық-Дружба даңғылында.


Чапаев дивизиясының саяси бөлімшесі орналасқан Ғимарат.
Бұл ғимарат 1898 жылы салынған. Төңкеріске дейін «Илюзион» кинотеатры орналасты. Орал қаласын ақгвардияшылардан азат еткеннен кейін 1919 жылы 6 шілдеде 25-ші Чапаев дивизиясы 73-ші бригадасының саяси бөлімі жайғасты. Ғимарат Ғ.Қараш көшесінде.
М.В. Фрунзе тоқтаған ғимарат.
ХІХ ғасырда салынған. Патша әскерінің полковнигі Завьяловқа тиесілі болған. 1919 жылы 10 ақпанда Орал азат етілгеннен кейін Шығыс майданның қолбасшысы М.В. Фрунзе орналасып, партияға көмек көрсетіп, Орал гарнизонының басшысы қызметін де атқарған. Қазақ халқына арналған үндеухатында билікті өз қолдарына алып, Қызыл Армия қатарына өтуге шақырған. Үндеухаты 1919 жылы 16 ақпанда жергілікті «Яицкая правда» газетінде жарияланған. 1919 жылы 1 сәуірде Оралда жұмысшы солдаттардың қалалық Кеңесіне 1-ші сайлау өткізілді. 1919 жылы 13 сәуірде осы үйде қалалық Кеңестің отырысы ашылып, өз жұмысын бастады. Ғимарат Достық- Дружба даңғылы мен Ғ.Қараш көшесінің қиылысында орналасқан.
Ерлер гимназиясы.
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың 80-жылдардың аяғында Орал әскери гимназиясына арнап салынған. Орал әскери училищесі 1870 жылы ерлер әскери гимназиясы болып, ал 1890 жылдың ІІ жартысында Орал әскери 6-сыныпты реалды училищесі болып қайта құрылды. Азамат соғысы жылдарында бұл ғимаратта 30-шы дивизияның госпиталі, губерниялық партия мектебі, Ұлы Отан соғысы кезінде Орал пединститутының биология факультеті, соғыстан кейін ұжымшар кадрларын дайындайтын мектеп, ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумы, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты орналасты. Қазіргі кезде Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педколледжіне тиесілі. Ғимарат Достық-Дружба даңғылында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет