Чапаева Гулсезим



Дата11.02.2022
өлшемі8,92 Kb.
#25309

Чапаева Гулсезим

1.Самодержавиенің қоныс аудару кезінде саясаты қолданылбаған жер емес еді, жергілікті халықты игерген, өңдеген жерлерінен ығыстыру негізінде жүргізілді. Орта Азияны жаулап алған уақыттың алғашқы кезеңінде өлкеге қоныс аударушылар аз мөлшерде үкіммен келген болса, 1886 жылдан бастап, мұнда өз бетімен қоныстанушылардың стихиялы көшіп келуі үдей түсті. Олардың көпшілігі ауқатты, тұрмысты шаруалар емес, керісінше өз елінде әбден азып-тозғандар болатын.Қазақ шаруалары мал жайымдарына қажетті жерлері мен көшпелі орындарынан айрыла бастады. Жер тапшылығының шиеленісуі, «азаттық» алған шаруалардың қайыршылық күйі, құрғақшылық, орта шаруалардың кедейленуі, өтемдік төлемдер мен салықтардың ауыртпалығы шаруалардың туған жерлерін тастап, Оралдың арғы жағынан жер мен «жақсы өмір» іздеп кетуге мәжбүр етті. Зерттеуші А.А.Кауфман қоныс аударудың басты себебін жаңа шаруашылық жүйесіне бейімделе алмаудан, жер құнарлылығының төмендігінен деп түсіндіреді. Ал шаруаларда топырақтың құнарлылығын тыңайтқышпен қайта қалпына келтіруге қаржы да, құрал-сайман да жоқ еді.

Қоныстанушылардың басым көпшілігі Түркістан генерал-губернатор-лығының далалы облыстарына (Жетісу және Сырдария), яғни көшпенділер орналасқан жерлерге - олардың жерлерін жалға немесе тартып алып орнықты.

1908 жылы қоныс аударушылар толқыны ең жоғары деңгейге жетті. Жылына 665 мың қоныс аударушы келді. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Тек 1906—1915 жылдары Жетісу мен Сырдария облысындағы қазақтардан 2,5 млн десятина жер тартып алынып, қоныс аударушыларға бөліп берілді. Қазақстанда тартып алынған жер XX ғасыр басында 17 млн десятина, ал 1917 жылға қарай 45 млн десятинаға жетті. Жүздеген жеке меншік хуторлар бой көтерді. Патша офицерлері, кулактар, көпестер көлемді жер телімдеріне ие болды. 1905—1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революциядан кейін үкімет барлық шектеуді жойып, барлық шет аймақтарға қоныс аударуға жол ашып берді.

2.ХХ ғасыр басында қандай ұлт-зиялылардың атқарған қызметін жаза аласың?
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ұлт тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған зиялылар.

олар:
Ə. Бөкейханов қазақ халқының мəдениетін, тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын, сенім-нанымын,тарихы мен өнерін зерттеп жазып, айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған. Ол Павлодар мен Қарқаралы уездерін мекендеген қазақтардың жəне төле мен төлеңгіттердің шежіресін жазып, оны Ф.А. Щербина экспедициясы «Материалдарының» IV жəне IV томдарында жарияланған.


Тағы бір Қазақстаннын тарихи тұлғасы— Ж. Садуақасов. Ол 1924 жылдың қыркүйек айынан 1925 ж. мамыр айына дейінгі аралықта Қызылорда қаласында Қазақ автономиясының Халық Комиссариатының орынбасары болып қызмет атқарады. Осындай қызметте жүргенде Қазақ мемлекетінің өз алдына дербес басқару жүйесін қалыптасуына мəдени-шаруашылық құрылысының дамуына көп еңбек сіңірді.
3.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары, басшылары мен талаптары? Восстание 1916 года: крупные очаги, лидеры и требования.
1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу және Торғай болды.

Жетекшілері: Амангелді Иманов,Ә.Жангелдин,Т.Бокин,Б.Әшекеев болды.



Көтеріліс шығу себебі әлеуметтік және экономикслық ,саяси спбептер болды.Отарлық езгі мен коңыс аудару саясатының салдарына қарсы болды.Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.Ал ең басты себеп әскерге 19-43 жас арасындағы ер адамдарды алып кетуі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Бұл Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет