Цифрлық сауаттылық



бет1/3
Дата08.10.2022
өлшемі19,39 Kb.
#41952
  1   2   3

Алтайбекова Нурай МИ20-1 пя.
БАӨЖ 4. Тақырып: Бастауыш білім беруде «Цифрлық сауаттылық»,» АКТ» курсының мазмұнын салыстыру.
1-4 сынып аралығындағы оқушыларға «Цифрлық сауаттылық» пәні оқытылады.
Негізінде "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнін оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
"Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты; «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны: 1. «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер; 2. «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері; 3. «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу; 4. «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
2) 2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты; "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1, "Компьютер": компьютер құрылғылары; енгізу (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар) құрылғылары. Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану. Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;
2, "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": Мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру; Графика: суретті өңдеу, суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту, сурет фрагментін көшіру және көрсету. Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату, аудиофайлдарды өңдеу;
3,"Интернет желісіндегі жұмыс": берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану, қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу;
4, "Есептей білу": алгоритмдер: тармақталған алгоритм, алгоритмнің ауызша түрі. Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру;
5, "Робототехника": ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру, жанап өтетін датчикті қолдану, роботқа арналған аудиофайлды жүктеу, роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет