Цитология гистологиялық препарат дайындаудың қай кезеңінде құрылымның бүтіндігінің сақталуы қамтамасыз етіледі: бекіту



бет1/18
Дата11.11.2022
өлшемі3,58 Mb.
#49452
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ЦИТОЛОГИЯ

1.Гистологиялық препарат дайындаудың қай кезеңінде құрылымның бүтіндігінің сақталуы қамтамасыз етіледі:бекіту


2.Тіндерден алынған гистологиялық кесінділерді бояудың ерекшелігіне:құрылымдар бейнелерінің констраттылығын арттыру үшін қолд.,құрылымдарға түрлі түс береді
3.Негіздік бояулар мыналардың қайсысымен байланысады: қышқылдық қосындылармен
4.Қышқылдық бояулар мыналардың қайсысымен байланысады:: негіздік қосындылармен
5. Импрегнация әдісі гистологиялық құрылымдардың қандай қасиетіне негізделген:ауыр металлдардың тұздарына (күміс, осмий) шөгеді немесе тотықтандырады
6.Гистологиялық кесінділерді бальзамдау немесе басқа синтетикалық ортада сақтаудың маңызы :дайындалған препаратты ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді
7.Жасушалардағы май қосындыларын анықтау үшін қолданылатын бояу түрі:формалин и судан3
8.0,2 мкм-ден кіші құрылымды зерттеп анықтау үшін қолданылатын микроскопиялық әдіс:электронды микроскоп
9.Бір жасушадан екінші жасушаға заттардың өтуін қамтамасыз ететін жасуша аралық байланыс:саңылау арқылы байланыс не нексустар арқылы,қуыстық байланыста десмосомалар
10.Жасуша плазмолеммасындағы гликокаликс қабаты болып саналатыны:плазмолеммамен байланысқан гликопротеидті және гликолипидті комплекстер
11.Құрамында гидролитикалық ферменттері бар мембраналық органелла:лизосома
12.Жасуша электроннограммасын зерттегенде, шеткі аймақтарында орналасқан 5-10 жалпақ қапшықтары мен көптеген көпіршіктерден тұратын мембраналы құрылымдары анықталды.:. Бұл мына құрылымдардың қайсысына сәйкес келеді? Гольджи кешені
13.Сыртқа (экспортқа) шығарылатын нәруыздарды синтездейтін органелла:. Түйіршікті ЭПТ
14.Рибосомалардың қызметі:нәруызды синтездейді
15.Жасушадағы нәруыз молекуласын синтездейтін органелла:рибосома
16.Бейтарап май тамшысы қандай жасуша қосындыларына жатады?трофикалық
17.Эритроциттердің цитоплазмасындағы гемоглобин мына қосындылардың қайсысына жатады?эндогенді пигментті
18.Жасуша цитоплазмасындағы трофикалық қосындыларға жататыны.гликоген
19.Рибосомалық РНҚ синтезін іске асыратын ядроның құрылымы. ядрошығы
20.Жасуша орталығының жасуша полюсіне ажырауы байқалатын митоз кезеңі b. профазада
21.Синцитийге жататыны: аталық жыныс безінің сперматогенді эпителий
22.Жасуша құрылымының қайсысында билипидті, интегральді, жартылай интегральді, мембраналы нәруыздар болады:. плазмолеммасында
23.Екі жасуша плазмолеммасының арасы бір-біріне өте жақын орналасып, байланысқан жасушааралық байланыс. тығыз байланыс
24.Жасуша аралық қарапайым байланыс болып:Жай байланыс
25.Жасушадағы десмосомалық байланыстың ерекшелігіне: Жасуша арасындағы механикалық байланыс плазмолема арасында электронды тығыздық өте жоғары
26.Мембраналық органеллаға жататыны:эндоплазмалық тор,лизосома,пероксисома миохонрия
27.Рибосомалық РНҚ синтезіне қатысатын ядроның құрылымы қайсы:ядрошығы
28.Жасуша ядросының ядрошығы жойылатын митоз сатысы:профазада
29.Сырты екі мембранамен тысталған ішкі мембранасынан көптеген өсінділер шығып, органелланың матриксіне бағытталғаны қайсы:митохондрия
30.Тіршілігі ферменттердің тотығу-тотықсыздану белсенділігімен және жасушадағы иондардың тасымалдану процестерімен тығыз байланысты органелла қайсы: митохондрия
31. Мөлшері 0.2-0.4 мкм, сырты бір ғана мембранамен тысталған, құрамында гидролаза ферменті бар органелла:лизосома
32.Біріншілік лизосомалардың ферменттерін синтездейтін органелла:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет