Coreldraw – да фигураларға градиенттік бояу қолдану. Жоспар



Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#15203

CorelDRAW – да фигураларға градиенттік бояу қолдану.

Жоспар:

  1. Көпбұрыштар мен жұлдыздарға градиент қолдану.

  2. Көпбұрышты өзгерту

  3. Спираль, тор салу

Төменде градиентті боялған фигуралар:



көпбұрыш дұрыс жұлдызша күрделі жұлдыз


Көпбұрыштар мен жұлдыздарды өзгертуге болады, мысалы, жақтары мен төбелерінің санын, төбелерін үшкірлеу етуге болады.
Форма құралының көмегімен көпбұрыштың сыртқы бейнесін өзгерту мүмкіндігі бар.

  1. Полигон құралының көмегімен бес бұрышты бөліп аламыз.

Көпбұрыштың төбелерінің санын 11-ге жеткіземіз. Сол кезде бесбұрышымыз мынандай фигураға айналады.



Пайда болған фигураның бір бұрышын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде центрге қарай жылжытамыз. Осы кезде фигурамыз мынандай күйге келеді. Пайда болған 11 бұрышты жұлдызшаның түсін қалауымыз бойынша әр түрлі түске бояймыз.





2.мына формадан келесі фигураларды және т.б. фигураларды шығаруға болады.

Көпбұрышты пайдалана отырып, мынадай фигураларды салуға болады.






  1. Полигон құралының көмегімен жұлдызшаны бөліп аламыз.

Жұлдызшаны белгілей отырып, интерактивті контурдың көмегімен жұлдызшаны центрден бастап ішке қарай тартамыз. Құйылма арқылы түсін өзгертеміз. Осы кезде жұлдызшамыз мынандай түрге келеді.




Көпбұрышты пайдалана отырып, саймандар тақтасындағы интерактивті созу (интерактивное выдавливание) батырмасының көмегімен мына фигураларды алуға болады.



Көпбұрышты өзгерту
Көпбұрыштың жақтарының санын өзгерту – ол үшін қасиеттер панелінде көпбұрыштың, жұлдыздың, күрделі жұлдыздың жақтарының немесе төбелерінің санын енгізіп, Enter пернесін басу керек. Көпбұрышты жұлдызға ауыстыру үшін, көпбұрышты және форма сайманын таңдап, көпбұрыштың түйінінде тышқан батырмасын жылжыту арқылы қажетінше жұлдызша жасау керек.



Спираль салу
Спираль салудың екі түрі бар: симметриялы және логарифмдік. Симметриялы спираль біркелкі оралымдардан тұрады, ал логарифмдік орам айналған сайын оның қадамдары үлкейе түседі.



Тор салу
Торды бағаны мен қатарының санын көрсетіп салуға болады. Тор – тіктөртбұрыштардың тобы, оларды ажыратуға болады.
Саймандар қатарынан таңдап, қасиеттер панелінде жоғарғы сан
бағандар санын, төменгі сан – қатарлар санын көрсетіңіз. Егер торды центрінен бастап салу керек болса, SHIFT батырмасын басып тұрып, ал торлардағы ұялар өлшемі бірдей болу керек болса, онда CTRL пернесін басып тұрып салыңыз. Ал егер де, торды алып тастау керек болғанда, сайманын таңдап, Упорядочить → Отменить группировку командасын орындау керек.
Ресурстар:

  1. https://ust.kz/word/corel_draw_zerthanalyq_jumys_oralhan_bokei_atyndagy_44_liceii_7_synyp-152257.html

  2. http://engime.org/jmisti-masati.html?page=63


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет