Д ә р І с экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата14.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50022
  1   2   3   4   5   6   7


Д Ә Р І С 1 1
Экономикалық циклдер 
және мемлекеттік қарыз


Дәріс жоспары:

Экономикалық цикл: мәні, көрсеткіштері, 
түрлері, себептері, факторлары. 

Іскерлік цикл туралы экономикалық теориялар.



Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық 
тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық 
белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. 
Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау 
кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір 
фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан 
келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз. 

Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір 
уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқуларын, 
тұрақсыздықтың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу 
теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі 
тұрақты өзгерістерінің факторлары мен шарттарын зерттейді. Оны 
төмендегі суреттен көруге болады.


Экономикалық (іскерлік) цикл



Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде 
сипатталады, яғни тренд дегеніміз – бұл ұлғаймалы 
тенденция формасында көрінетін экономикалық дамудың 
жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Толқын 
тәріздес қисық дамудың біркелкі еместігін сипаттайды, 
қоғамның экономикалық даму кезеңінің құлдырау 
кезеңдерімен жалғасып отыруын көрсетеді. Көтерілу мен 
құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып отыруы 
экономикалық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын 
циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл 
экономикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының 
өзара екі бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір 
құлдырауға дейін) арасындағы уақыт аралығын 
қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет