Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесінің ғылыми негіздерін анықтау



бет1/3
Дата21.10.2022
өлшемі243,83 Kb.
#44530
түріСабақ
  1   2   3

17-18 лекция. Химияны оқыту формалары. Сабақ химияны оқытудың негізгі формасы. Сабақты жоспарлау. Зертханалық сабақ. Мектеп дәрісі. Семинар

Пән Химияны оқыту әдістемесі


Жоспары:
1.Оқыту формаларына жалпы мағлуматтар. Химияны оқыту формаларының теориясы. 2.Химиядан оқыту жұмысын ұйымдастыру. Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы
3.Сабақ химияны оқытудың негізгі формасы Сабақты жоспарлау
4.Зертханалық сабақ.
5.Мектеп дәрісі.
6.Семинар
1.Оқыту формаларына жалпы мағлуматтар. Химияны оқыту формаларының теориясы.
Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т.б. жатады.
Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ.
Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Оқу барысы тұрғысынан-сабақ өзі күрделі дидактикалық жүйені кұрайды. Сабақта оқылатын тақырыптар бойынша нақтылы мақсаттары мен міндеттері, мазмұны жүзеге асады, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері пайдаланылады.
Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Мысалы, сыни тұрғыдан ойлау сабағы, немесе проблемалық оқыту және т.б.
Сабақ білім мен тәрбие беру және дамыту міндеттерін шешетіндіктен, оның алдына жалпы педагогикалық, дидактикалық жіне әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педагогикалық мақсаты, ол қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметік сұранысы бойынша анықталады.
Қазіргі кезде білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен және шығармашылық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр.
Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сәйкес анықталады, оларға жататындар:
а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау;
ә) жаңа білімді қабылдау;
б) алынған білімді қорытындылау;
в) білімді бекіту және жетілдіру;
г) білімді қолдану;
д) білімді тексеру жэне бағалау.
Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды жэне теорияларды нақтылайды.
2.Химиядан оқыту жұмысын ұйымдастыру. Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы
Химияны оқыту методикасының оқулықтары мен оқу кұралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі.
Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысынын. дидактикалық міндеттері, оқыту әдістері, материалдық мазмұны, окушының таным әрекетінің тәсілдері алынады.
Химиядан сабак беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша хпмия сабақтарын 5 типке бөледі:
  • жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);

  • 2) теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану;
    3) білімді қорыту және жүйеге тусіру;
    4) бакылау – есепке алу; 5) аралас сабақтар.

Өзге методикаларда сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1 - тип Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары.
Негізгі – дидактикалық буыны – оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2 - тип. Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары. Бұған оқушылардьщ алған білімін қайталау және бекіту, корытындылау және жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3 - тип. Оқушылардың білімін _және білігін тексеру, есепке алу және бағалау сабақтары.
Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі.
Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы, әңгімелесу сабағы, кітаппен жұмыс істеу сабағы, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан әрі дәріс сабағының нұсқаларына – хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс іс-теуге – оқу және тусіну, сұрақтарға – жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызбанұсқа және кестелер жасау, т. б. жатады.
Жаңа материалды оқып-үйрену сабактары кеңінен таралған, оқушыларға жаңа білім беру, білік және дағды қалыптастыру мақсаттарын көздейді.
Мысалы, азот топшасы тақырыбына мектепте өткізілетін 17 сабақтың 11 түрі жаңа материалды игеру сабақтары. Олар азот пен фосфордың периодтық жүйесіндегі орнын, химиялық қасиеттерін, түзетін сутекті және оттекті қосылыстарын сипаттауға, аммиак өндірісін, азот кышқылын өндірудің негізіне жататын реакцияларды оқып үйренуге арналған.
Бұл сабақтарда хабарлама және мәселені баяндау әдістері, көрнекі көрсетілетін тәжірибелер қолданылады
Аммоний тұздарының сілтілермен әрекеттесуіне, азот және фосфор тыңайтқыштарымен танысуға арналған зертханалық сабақтар өткізіледі, оларда оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жүзеге асырылады. Сабақтың екінші типі оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарына қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.
Мысалы, азот топшасы тақырыбына «Аммиак алу және онымен тәжірибелер», «Минералды тыңайтқыштарды ажыратып тану», «Тақырып бойынша эксперимент есептерін шығару» деген үш сарамандық сабақ және бір корытындылау сабағы, бір алған білімді қолдану сабағы өткізіледі.
3.Сабақ химияны оқытудың негізгі формасы Сабақты жоспарлау
Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т. б. жатады. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы — ол сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Сабақ ұғымының негізгі белгілері:
оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына сәйкес жасалған сабақ кестесімен өткізіледі;
уақыты кесімді — 45 минут;
оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді;
өткізу әдістері алуан түрлі.
Бір сыныпта оқитын оқушылардың жасы физиологиялық және психикалық жетілуі шамалас, оқу жоспарында белгіленген мерзімде химияның бағдарланған курсын толық игеруге мүмкіндіктері бар.
Химия курсы жеке сабақтарға жіктеліп оқытылады, олардың жалпы саны — 303,
VIII класта—105 сабақ,
IX класта—85 сабақ,
X класта —68,
XI класта – 68 сабақ өткізіледі.
Бұлар біртұтас сабақтар жүйесін құрайды, бұл жүйеде әр сабақтың өз орны, өзіндік атқаратын қызметі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет