Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного


БАЛАБАҚША ЖАҒДАЙЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС



жүктеу 29.2 Mb.
Pdf просмотр
бет16/102
Дата30.12.2016
өлшемі29.2 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102

БАЛАБАҚША ЖАҒДАЙЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС 

 

 

Ә.М.Әбдібек 

тәрбиеші 

«Балбөбек» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 



 

107 

 

 



Өз-өзіңе ата-аналық талап қою,  

өз отбасыңа ата-аналық құрмет көрсету, 

әрбір басқан қадамыңа ата-аналық бақылау жасау – 

бұл алғашқы әрі ең маңызды тәрбие әдісі.  



А.С.Макаренко 

Елімізде болып жатқан заманауи әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мектепке дейінгі 

білім беру жүйесін де қозғап отыр. Жаңару үдерісі мектепке дейінгі мекемедегі оқу – тәрбие 

процесін ұйымдастыруға, педагогтың жеке тұлғасына жоғары талаптар қоя отырып, мектепке 

дейінгі тәрбие практикасының міндеттерін шешуде дәстүрлі емес көзқарастарды іздестіруді 

қажет  етеді.  Олай  болса,  балаға  отбасы  мен  балабақша  ынтымақтаса  отырып  тәрбие  берсе, 

мектепке дейінгі баланы дамыту мен тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетеді.  

Отбасының баланы тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі ерекше. Ата-ана үлгісі баланың жеке 

тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.  

Ата-ана мен балабақша - болашақтың қайнар бұлағының  басындағы екі қоғам,  олардың 

өзіндік негізгі міндеттері бар, әрі олар бірі бірін алмастыра алмайды. Сондықтан ата-аналар өз 

балаларының алғашқы ұстаздары болып саналады. Олар балалық шақ кезеңінде баланың жеке 

тұлғалық дене, ақыл-ой, адамгершілік негіздерін қалауға міндетті.  

Ұлы  педагог  А.С.Макаренко  «Отбасындағы  тәрбие  сапалы  ұйымдастырылып,  бала 

дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және 

саналы  азамат  болып  өсуі  үшін  қажетті  жағдай  жасайды.  Бала  дамуының  қандай  қырын 

алмайық,  қай  кезең  болмасын,  оның  тиімділігінде  отбасының  рөлі  ерекше.  Отбасының 

әлеуметтік-мәдени жағдайы ата-аналардың білімділік деңгейімен сипатталады»,- деген. 

Мектепке дейінгі мекеме бала дамуында маңызды рөл атқарады. Балабақшада бала білім 

алып,  үлкендермен,  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасау  дағдыларына,  өзіндік  іс-әрекетін 

ұйымдастыра алуға үйренеді. Алайда бала осы дағдыларды қаншалықты тиімді меңгере алуы 

отбасының балабақшаға қарым-қатынасына байланысты.  

Олай болса, мемлекетіміз отбасылық тәрбиеге басым назар аударып, ынтымақтастықты, 

өзара іс-әрекетті және сенімділікті талап етеді. Балабақша мен отбасы баланың дамуындағы 

біртұтас кеңістікті құруға ұмтылуы керек.  

Отбасы мен балабақшаның өзара іс-әрекетінің түйінді мәселесі қазіргі кездегі ең өзекті 

мәселе  болып  отыр.  Өзгерген  заманауи  отбасы  (қаржылық  және  әлеуметтік  жіктелу,  жаңа 

әлеуметтік технологиялардың көбеюі, білім алудың көптеген мүмкіндіктері және т.б.) өзара 

іс-әрекеттің  жаңа  формаларын  іздеуге  талпындырып,  балаға  нағыз  дос  әрі  беделді  тәлімгер 

болуға  көмектесуді  қажет  етеді.  Ата-аналар  балабақша  бала  тәрбиесіндегі  тек  көмекші 

екендігін есеріне сақтауы керек, сондықтан бала үшін барлық жауапкершілікті педагогтарға 

беріп, өздері оқу-тәрбие процесінен аулақ болмауы керек.  

Ата-аналар-әр кезде көмек қолын ұсынушы ең жақын адамдар, ал біз педагогтар олардың 

көмегін қажет етеміз: мектеп жасына дейінгі баланың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудағы  ата-

аналардың  рөлі,  тәрбиедегі  үлгі  болу  мәнісі,  баланың  денсаулығын  нығайту  бойынша 

шаралар, саналы тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу, отбасы тәрбиесіндегі қиындықтар мен 

кемшіліктер және оларды жою жолдары, баланы дербес тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. 

Біздің  мекемеде  жыл  сайын  тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен  бірлескен  іс-әрекет 

жоспары  жасалынады.  Бұл  шаралар  балабақшаның  міндеттерін,  педагогтардың 

мүмкіндіктерін,  ата-аналардың  қажеттіліктерін  есепке  ала  отырып  құрылған.  Ата-анамен 

жұмыс  формасының  мақсаты  ата-аналардың  өзіндік  құзыреттілік  сезімін  көтеру,  ата-

аналардағы дағдарыс жағдайын жою, оқу-тәрбие мәселелерін талқылау арқылы ата-аналарды 

біріктіру  болып  табылады.  Ата-аналармен  жұмыстың  басым  сипаттағы  міндеттері  ата-

аналардың  педагогикалық  мәдениетін  көтеру,  отбасы  тәрбиесінің  озық  тәжірибелерін 

зерделеу және жинақтау, тиімді жұмыс формаларын іздестіру мен енгізу арқылы ата-аналарды 

балабақша өміріне тарту болып табылады. Ата-аналармен жұмыс істеу әдістері әртүрлі болса 

да,  олар  осы  міндеттерді  шешуге  бағытталған.  Мұндай  әдістерге:  бала  дамуы  мен 


108 

 

тәрбиесіндегі  өзекті  мәселені  талқылау,  ата-аналарды  қарапайым  психологиялық 



мағлұматтарға оқыту, ата-ананың балалармен ойыны жатады.  

Тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен  жақсы  қарым-қатынас  орнату  мақсатымен 

төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамын.  

Бірінші кезең - «Келіңіз,  танысайық!». Бұл кезеңде ата-аналарды балабақшамен, білім 

беру  бағдарламаларымен,  педагогикалық  ұжыммен  таныстырып,  олардың  алдына  бірлесіп 

жұмыс істеудің мүмкіндіктерін қоямыз. 

 Екінші  кезең  –  «Дос  болайық!».  Бұл  кезеңде  ата-аналарға  өзара  іс-әрекеттің  белсенді 

тәсілдерін ұсынамыз: тренигтер, «дөңгелек үстел», ойындық семинарлар. 

Үшінші кезең  –  «Келіңіз, бірге білейік!». Бұл  кезеңде бала дамуына  өзінің іс-әрекетін 

бағыттаушы ата-аналық-педагогикалық бірлестіктің жұмысы туралы әңгімелеуге болады.  

Ата-аналармен  өзара  қарым-қатынас  жасау  тәсілдерін  қолдану  барысында  педагогтың 

ата-анамен  тілектестік  қарым-қатынас  жасау  стиілінің  маңызы  ерекше.  Ата-анамен 

сөйлескенде  қатал  дауыспен  сөйлеу,  талап  қою  орынсыз.  Педагог  ата-анамен  күнделікті 

қарым-қатынас  жасайды,  сондықтан  отбасының  балабақшаға  қарым-қатынасы  осыған 

байланысты болады. Ата-анаға деген жеке көзқарас арқылы тәрбиеші ата-ананың көңіл-күйін 

біле  алады.  Тәлімгерлік  емес,  ынтымақтастық  арқылы  қиын  педагогикалық  жағдайларда 

отбасыны қолдау мен өзара көмек көрсету атмосферасын құруға болады. Сонымен қатар әрбір 

іс-шараға байыппен қарау керек. Бұл жұмыстың ең маңыздысы-сапа, ал нашар дайындалған 

ата-аналар  жиналысы  немесе  семинарлар  балабақшаның  келбетіне  теріс  әсер  береді. 

Балабақша  қазіргі  таңда  даму  бағытында,  ата-аналардың  әлеуметтік  құрамының  өзгеруіне, 

олардың  білім  беру  қажеттіліктеріне,  тәрбиелік  сұраныстарына  тез  әсер  етеді.  Осыған 

байланысты балабақшаның отбасымен жұмыс істеу бағыты мен формасы да өзгерілуі керек.   

Педагогикалық білімді  насихаттау көрнекілік  жүйесі  арқылы жүргізіледі.  Тобымызда 

ата-аналарға  арналған  бұрыш  бағдарламалардың  барлық  бөлімдері  бойынша  ақыл-

кеңестермен,  баланы  тәрбиелеу  мен  сауықтыру  сұрақтарымен  безендірілген.    Арнайы 

папкаларда  балабақшаның  педагог-мамандары  құрған  ата-аналарға  арналған  әдістемелік 

ұсыныстардың  жинақтары  бар.  Балалардың  денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  сұрақтары 

бойынша  балабақша  медбикесінің  санитарлық  бюллетендері  де  ата-аналардың  назарына 

беріледі.  

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың тиімді болу үшін ата-аналармен жақын танысып, 

отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау, ата-

аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында ата-аналармен cауалнама жүргіземіз. 

Олай  болса,  әрбір  тәрбиеші  ата-аналармен  қарым-қатынас  жасауда  түрлі  тәсілдері, 

заманауи  технологияларды  пайдалана  отырып,  ата-ананың  қызығуышылығын  арттыру 

мақсатында  жұмыс  істесе,  ата-ананың  балабақшаға,  тәрбиешіге  деген  көзқарасын  өзгерте 

алады.   

Қорыта  келе,  ата-аналармен  жұмыс  істеудің  алуан  түрлі  формаларын  қолдану  жақсы 

нәтиже  береді:  педагогтың  ата-аналармен  өзара  қарым-қатынас  сипаты  өзгерді,  олардың 

көпшілігі балабақшадағы барлық шараларына белсенді қатысып, тәрбиешінің таптырмайтын 

көмекшілері  болды.  Ата-аналарды  педагогикалық  іс-әрекеттерге  қатыстыру,  оқу-тәрбие 

процесіне қызықтыру тәрбиешіге қажет емес, өз балаларының дамуы үшін өте қажет екендігін 

мектепке дейінгі мекеме өз жұмысымен дәлелдеді. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

 «Бала тәрбиесі» журналы,  2009ж. 



2.

 

Арнаутова Е. П. Основы сотрудничества педагога с семьей дошкольника. - М. , 1994, -235 



с. 

3.

 



Доронова Т. Н. Дошкольное учреждение и семья - единое пространство детского развития. 

- М. :ЛИНКА-ПРЕСС, 2001, - 240 с. 

4.

 

«Қазақстандағы мектепке дейінгі білім», 2012ж. 



109 

 

 



 

 

БАЛАБАҚШАДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН 



ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

 

Әбілқайыр Ақерке Бауыржанқызы 

Рахимова Гульмира Жуматаевна 

ҚМҚК №134 «Гауһар» балабақшасы 

 

 

Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «2050-стратегия» жолдауында 



ата-ана және бала тәрбиесі  туралы былай деп. Айтып кеткен: «Еліміздің болашақта қандай 

болатыны  балаларымыздың  бойына  өзіміз  қандай  тәрбиені  сіңіретінімізге  тікелей 

байланысты». Бала бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ақыл-ойының дұрыс 

дамуына әсер етіп, еңбекке деген қызығушылығыноятып, бала денсаулығын сақтай отырып 

жұмыс  жүргізу  ата-ана  мен  тәрбиешінің  алға  қойған  мақсаты  болуы  тиіс.  Ата-анамен 

балабақша бір мақсат қабірге жұмыс істер болса ұлт қамын ойлайтын болашақ ұрпақ саналы 

болары сөзсіз. Қоғам үшін әркезеңде, әротбасындаөсіпкележатқанөрімдейұл – қыздардың дені 

сау,  рухани  бай,  еңбекке,  білімгеқұштарболыпөсуі  –  еңжоғарғытілек,  еңбиікмақсат.Оның 

қуаталатын  қайнар  бастауы  отбасы.Отбасының  аса  құнды  ықпалы  мен  әсерін  өмірдегі 

ешнәрсенің  күшімен  салыстыруға  болмайды.  Балаға  ата  –  ана  тәрбиесінің  орнын  ешнәрсе 

алмастыраалмайды.  Отбасы  –  өміргесәбиәкеліп,  он  тәрбиелеп,  қалыптастыруда  және  ұрпақ 

жалғастыруда теңдесі жоқ орын.          

Отбасы – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, 

жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие 

төмен дегі міндеттерді шешеді.Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, 

тазалықты қалыптастыру. 

Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үйшаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, 

өзіне  –  өзі  қызмететуге  үйрету.Отбасы  мүшелерімен  тіл  табысып,  дұрысқарым  –  қатынас 

жасауға,  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсетуге  үйрету.Әдебиетке,  мәдениетке, 

өнергетәрбиелеужүзеге  асу  үшін  бала  дүниеге  келген  күннен  баста  отбасында,  қоғамдық 

орындарда,  мектепте  тәлім  –  тәрбие  беріледі.«Баланы  жастан»,  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда 

соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың 

теріс  мінезін,  қалыптасқан  қате  көзқарасын  өзгерту  өте  қиын.  Осы  кезде  «Балаңыздың 

тәрбиесін баста мас бұрын, өзіңіздің мінез – құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен 

өткізіп,  бақыладыңыз  ба?»  деген  сауал  туады.Ұлы  педагог  А.  С.  Макаренко:  «Балалардың 

алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп 

келе  жатқанын  ойламастан,  бала  сана  сын  рухани  өктемдік  жасап  тәрбиелейтін  ата  –  ана 

баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы 

жетілгенде өздігінен жойылады» деген.Отбасы – барлығының басы, жан – жақты дамуының 

негізі  болатын  тәрбие  институты.  Отбасындағы  ата  –  ана  мен  баланың  қарым  –  қатын  с 

нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал 

әке  мен  шеше  –  баланың  алғашқы  тәрбиешілері.Ата  –  анамен  жұмыс  мектепке  дейінгі 

мекемелердің тәрбиешісі мен басқа да қызметкерлері қызметінің маңызды да күрделі саласы. 

Ата-анамен  жұмыс  істей  отырып,  баланың  әлеміне,  баламен  өзімен  тең  санап  сөйлесе 

білуге,сырласуға, басқа балалармен салыстырмауға, баланың қай салаға қабілеттілігі жоғары, 

қай  салада  көмек  керек  екенін  бала  тәрбиесінде  қызығушылығын  арттыруда,  барлық  бала 

тәрбиесінде қиындықтарға дайын болуға көмек көрсете аламыз. 

Ата-анамен  жұмыс  жасау  кезінде  ата-аналар  жиналысының  маңызы  зор.  Барлық 

балабақшаларда  ол  жоспар  бойынша  өткізіліп  тұрады.  Біздің  тобымызда  да  ата-аналар 


110 

 

жиналысы  жылына  4  рет  өткізіледі.  Жиналыстарда  ата-аналармен  әңгіме  жүргізіліп, 



балабақшаның 

жыл 


бойы 

жасалатын 

жұмыстармен 

таныстырып, 

тәртіптері, 

ұйымдастырылған  оқу-іс  әрекетінде  алған  білімдері  балалардың  өткізген  творчествалық 

шараларын, ата-аналарға кеңестар жүргізіледі.  

Бірақ    ата-ана  мен  балабақша  арасындағы  тығыз  байланыс  орнату  үшін  бұл 

жұмыстардың  жетер  деңгейі,  берер  нәтижесі  аз.  Сондықтан  дәстүрлі  емес  ата-аналар 

жиналысын жиі әрі тұрақты  өткізуді ұсынамын. Дәстүрлі емес ата-аналар жиналысында ата-

аналарға педагогикалық білім беру, бала тәрбиесінде көмек көрсету,өз баласын дұрыс танып 

білуде, жаңа қырларын ашуда, өзге ата-аналармен әңгіме жүргізіп кеңестер алуына маңызы 

зор.  Баланың  бас  ұстазы  –ата-ана,  ата-аналарға    педагогикалық  тәрбиенің  дұрыс 

қалыптастыруға  көмекші  мектепке  дейінгі  ұйымдар.  Сондықтан  дәстүрлі  емес  ата-аналар 

жиналысын  дұрыс  жоспарлап,  жаңа  әдіс  тәсілдерді  қолдана  отырап  өткізу  балабақша  мен 

отбасының арасындағы байланысты арттыруда үлкен жетістікке жеткізері анық.  

Ата-ана  мен  балабақша  арасындағы  байланыс  кішкентайлар  тобынан  бастап  дұрыс 

қалыптасуы тиіс. Осы топтан ата-аналарды балабақша өміріне қызықтыра білсек естияр және 

ересек  топтарда  жұмыс  істеу  қызықты  да  сапалы  болады.  Отбасы  және  балабақша  –  екі 

қоғамдық институт, олар біздің келешегіміздің шыңында тұрады, бірақ көбіне оларға бір-бірін 

естіп,  түсіну  үшін  түсінісу,  қарым-қатынастың,  сабырдың  жетіспеушілігі  орын  алады.  Ол 

әртүрлі  себептерге  байланысты  болуы  мүмкін.Субъективті  себептер,  тәртіп  бойынша, 

тәрбиешілердің тарапынан да, ата-аналардың тарапынан да әрекет етеді. Оларға МДБҰ-нан 

ата-ананың ақталмаған жағымды немесе ақталмаған теріс болжамдарын жатқызуға болады. 

Біріншісі  ата  –  аналар  баласын  бала-бақшаға  беріп,  “Балабақша  барлығын  үйретеді”  деге 

әлдебір  мифте  өмір  сүре  бастайды,  және  ендігі  олардың  басты  міндеті  –  өзінің  баласын 

тіршілігін материалдық қамсыздандыру  – деп ойлайды. Жағымсыз қатынастар  МДБҰ ата – 

аналарымен 

немесе 

олардың 


таныстарымен 

әректтесу 

тәжірибесінен 

өсе 


бастайды.Конфликтілердің келесі себебі тәрбиешеінің ата-аналар үшін билік символы болып, 

олардың іс – әркекетін бақылаушы, оларды үйретуші ретінде болумен байланысты. Тәрбиеші 

бала  жөнінде  айтқанда,  қандай-да  бір  ұсыныстар  бергенде,  ата-ана  қате  түсініп,  ата-ананы 

тәрбиеші  бағалайды,  оның  адам  және  ата-ана  ретінде  еркіндігін  бағалайды  деп  санайды. 

Сонымен  қатар,  тәрбиешілерде  де  осыған  ұқсас  мәселе  туындайды,  олар  ата  –  аналарды, 

қандай-да 

бір 

олардың 


жұмысын 

күндерікті 

тексеретін 

инспектор 

ретінде 

қабылдауы.Тәрбиешілермен  пікірлескенде,  көбісі  ата  –  аналармен  жұмыс  жасаудың 

қиындығы туралы айтады. Шындығында, барлық ата – аналар әртүрлі, олардың әрқайсысымен 

тіл табысуға тура келеді. Сонымен, кейбір тәрбиешілер ата – аналар алдында өздерін ыңғайсыз 

сезінеді, олармен қалай дұрыс сөйлесу керектігін, бала жайындағы ақпаратты дұрыс жеткізу 

үшін  өздеріне  сенімсіз  болады.Біздің  МДБҰ  тәрбиешліердің  ата  –  аналармен  қарым  – 

қатынасты оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіледі, бірақ педагогтарға нақты практикалық 

дағдыларын өңдеу қажет екендігі айқындалды. Осыған  байланысты тренинг элементтері бар 

үшкүндік семинар – практикум әзірленіп, өткізілді, ол педагогтарға тәрбиеленушілердің ата – 

аналарымен сөйлесу кезінде туындайтын көптеген мәселелерді жеңуге және ата – аналармен 

байланысты жақсартуға көмектеседі.  

                  Конференциялар               Аукциондар        Практикалық семинарлар   



 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



           Әңгімелесу                                     Ток-шоулар                             Мастер класстар 

Дәстүрлі емес ата-аналар жиналысының 

түрлері 

111 

 

 



Конференциялар-  ата-аналарға  2  апта  бұрын  жиналыстың  тақырыбы  хабарланып 

арнайы  мақалалар  дайындалады.  Ата-аналар  сұрақтар  қойып  өздерінің  алаңдататын 

мәселелерді  айтады.  Тренигтер,  психологиялық  жаттығулар  әдістерін    жасалу  ұсынылады. 

Әрбір жиналыс шаттық шеңбері, жүректен жүрекке өзін-өзі тану элеметтерімен басталады.  



Аукциондар-  бұл  ата-аналардың  кеңестерінен  аукциондар  ұйымдастырады.  Ең  көп 

кеңес  айтып  қандай  бала  тәрбиесіне  қажетті  кеңестер  айтса  сол  ата-аналарға  фишкалар 

таратылады.  Бұл  дәстүрлі  емес  ата-аналар  жиналысының  түрінде  сұрақ-жауап  әдісі, 

жағдайаттар шешу, проблемалық сұрақтар арқылы күрделендіру әдісі қолданады.  



Практикалық семинарлар- бұл семинарды тәрбиеші, психолог, балабақша мамандары 

өткізеді. Бала тәрбиесінде маселелерді шешу жолдарын қарастырады. 



 Әңгімелесу- бұл түрінде барлық ата-ана қатыстырылмайды. Тек бала тәрбиесінде бала 

бойында  бірдей  қиындық  туғызатын  ата-аналар  біріктіріледі.  Бұл  анкета  әдісі  арқылы 

сарапталынып алынады.  

Мастер класстар- ата-аналарға тәрбиеші  өз тәжірбиесімен бөліседі. Ата-аналар өзара 

жинақталған тәжірбиемен танысады.  



Ток-шоу-жарыс түрінде, екі топқа бөліп өткізіп, сұрақтар қойып қызықты қылып өткізу, 

ата –аналардың балаларын қаншалықты танитыны анықталады. 

 

                               Ойын әдісі             Анкеталар                                Тапсырмалар 



 

 

 



 

 

 



 

                                 Тренгигтер        Театрализация                 Көрнекіліктер    

 

Дәстүрлі  емес  ата-аналар  жиналысында  түрлі  әдіс  тәсілдерді  қолдану  жиналыстың 



түрлеріне байланысты. Баланың түрлі мінездерін танып білу үшін, отбасында балаға толық 

көңіл бөлініп, тек қана бала тәрбиесіне балабақшада ғана емес отбасында да тәрбие беруге ата-

аналарды тәрбиелей білу педагогтардың міндеттерінің бірі. Осы қиындықтарды жеңе отырып 

тәрбиеші  мен  ата-аналар  арақатынасын  жақсартуда  дәстүрлі  емес  ата-аналар  жиналысында 

толық  талқыланады.  Ата-аналарды  балабақшаға  көмек  көрсетуге  тарту,  балабақшада 

қоғамдық жұмыстарға араластыру  үшін ата-аналарға жеткілікті дәрежеде балалар тәрбиесін 

жақсартып баланы толық тануға көп жұмыс істеу педагогтың ата-анамен тығыз байланысында 

ғана жүзеге асады. Ата – аналар бала бақытының шынай бағбаны болуы тиіс. 

Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не 

жасаса да келістіріп жасайды», - деген А. Байтұрсынов. 

Бүгінгі  таңда  болып  жатқан  өміріміздегі  өзгерістерге  байланысты  ұстаздар  мен  ата  – 

аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде 

отбасының  басым  рөлін  мойындай  отырып,  бірлесе  жұмыс  жасау  керек.  Әрбір  ұстаз  ата  – 

аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана 

отырып,  ата  –  ананың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  жұмыс  жасаса,  ата  –  ананың 

балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. 

Ата – аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: 

• ата – ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; 

• баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап 

өту; 


• ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу.Дәстүрлі 

емес  ата-аналар  жиналысы  белгілі  тақырыпта  жүзеге  асыруға  болады.  Педагог  алдын  ала 

Дәстүрліемесата –

аналаржиналысындақолданылатынәдіс-

тәсілдер 


112 

 

жоспарлап  жыл  бойына  жоспар  құрылады.  Дәстүрлі  емес  ата-аналар  жиналысының 



тақырыптары: 

1)

 



«Таныстықтың алауы» 

2)

 



«Менің отбасым» 

3)

 



«Менің балам» 

4)

 



«Бәрін білгім келеді» 

5)

 



«Дені сау- бала» 

6)

 



«Табиғат және бала» 

7)

 



«Менің өнерлі отбасым» 

8)

 



«Спорт –біздің досымыз». 

9)

 



«Менің баламның достары» 

10) «Кітап бала өмірінде» 

11) «Біздің отбасы серуенде» 

12) «Менің баламның армандары» 

Осы тақырыптар негізінде дәстүрлі емес ата  –аналар жиналысын өткізуге болады. II –

кішкентайлар тобында жылына 5 рет  

1)

 

Таныстықтың алауы 



2)

 

Менің отбасым 



3)

 

Менің балам 



4)

 

Бәрін білгім келеді 



5)

 

Дені  сау  –бала    тақырыптарда  арнайы  жоспарлап  ата  –ана  мен  байланыс  орнатуға 



болады.  Алғаш  балабақшаға  келген  ата-аналар  бәріне  қызығушылықпен  қарап  белсенділік 

танытады.  Сондықтан  балабақша  өміріне  етене  араластыру,  қызықтыру  осы 

топтанқалыптасуыкерек. 

Ортаңғы топтарда жылына 4 рет 

1)

 

Табиғат және бала 



2)

 

Менің өнерлі отбасым 



3)

 

Спорт-біздің досымыз 



4)

 

Менің баламның достары 



Тақырыптарында өткізсе, ересек тобтарында 3рет 

1)Кітап-бала өмірінде 

2)Біздің отбасы серуенде 

3)Менің  баламның  армандары  тақырыптарында  дәстүрлі  емес  ата-аналар  жиналысын 

өткізуді ұсынамын. 

Дәстүрлі емес ата-аналар жиналысының құрлымы қызықты да өзекті мәселерді шешуде 

қызықтыра отырып шешілуі тиіс. 

II-кішкентайлар тобында өткізген ата-аналар жиналысының конспектісі. 

Тақырыбы: Таныстықтың алауы ( Дәстүрлі емес ата-аналар жиналысы) 

Мақсаты:Бала  тәрбиесіндегі  балабақша  мен  отбасы  ынтымақтастығын  нығайту. 

Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - 

ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. 

Тәрбиеші:  

Бүгінгі 

басқосуымыз 

әдеттегі 

іс 


шараларға 

қарағанда 

өзгеше. 


Бүгін  сіздер  бір  сәт  балалық  шақтарыңызға  қайта  ораласыздар,  балаларыңыздың 

көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып 

білулеріңіз де мүмкін. Ендеше іске сәт дейік!  

1-ші кезеңіміз «Мен қандаймын!» 

Барлығымыз  мына  майшамдарды  ұстап  тұрып  өзінізді  таныстырып  барлығымыз  осы 

майшамдардан жүрекше жасап танысып алайық.  

Міне барлығымыз танысып жүрекше жасадық барлығымыз осы лаулап жанған жүрекше 

тәрізді бір- бірлерімізбен жақсы қарым-қатынаста болайық. 

Барлықтарынызды құттықтаймыз.  


113 

 

2-ші кезең:  



«Менің балам...» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап 

қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпе - кезек «Менің балам..»- деп бастап, әрі қарай 

өз  балаларыңыздың  тәтті  қылықтары,  мінезіндегі,  түр  –  сипатындағы  ерекшеліктері,  т.  б. 

туралы  баяндау  ұсынылады.  Дайын  болсақ  бастайық!Тәрбиеші:  Әңгімелеріңіз  үшін  көп 

рахмет. 

3-ші кезеңде:  

«Балабақшам  менің»  деп  аталады.  Мен  осы  кезеңде  балабақша  жұмысымен 

таныстырғым келеді. Біздің күн тәртібіміз, жоспарларымызбен таныстырып кетейін.   

Тәрбиеші:  Балалар  ертегі  тыңдағанды  жақсы  көреді.  Ал  сіздердің  ертегі  айтуда 

тәжірибелеріңіздің бар - жоқтығын  «Сахнада самғаймыз!» кезеңінде байқап көретін боламыз. 

(Конвертке  салынған  «Бауырсақ»  ертегісі  кейіпкерлерінің  атрибуттары  мен  сөздерін  өз 

қалауларымен таңдап алуды ұсынады) 

Тәрбиеші:  Кейіпкерлердің  дауыс  интонациясы,  іс  -  қимылдарын  нағыз  әртістерше 

сомдап көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Назарымыз сіздерде! 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет