Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29.2 Mb.
Pdf просмотр
бет29/102
Дата30.12.2016
өлшемі29.2 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



 «Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  инновациялық  технологиялар».  Әдістемелік  ұсыным  – 

Астана 2013. 

2.

 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  жұмыстарына  заманауи  білім  беру 



бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. – Астана, 2013. 

3.

 



Даналық  әліппесі  оқу-тәрбие  кешені  /  Жоба  авторы:  Н.Құдайбергенұлы.  –  Астана: 

«Interactiv Kazakstan», 2014.  

4.

 

Бесік жыры: «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені / Жоба авторы: Н.Құдайбергенұлы. – 



Астана: «Interactiv Kazakstan», 2014.  

5.

 



Домбыра күйі: «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені / Жоба авторы: Н.Құдайбергенұлы. – 

Астана: «Interactiv Kazakstan», 2014.  

6.

 

Халық ертегісі: «Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені / Жоба авторы: Н.Құдайбергенұлы. 



– Астана: «Interactiv Kazakstan», 2014.  

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМ 

ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

 

Жайлаубаева А.С. 

ЖББ №77 мектеп-балабақша кешені 

Қарағанды қаласы. 



 

 

Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  –  ҚР  Конституциясында,  ҚР  «Білім  беру» 

Заңында, ҚР Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің 

«Жаңа  әлемдегі  Жаңа  Қазақстан»  атты  2009  жылғы  жолдауында  басты  міндет  болып 

саналады.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2005-2009 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасының 

міндеттерінде 

«Қазақстандық 

патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» 

жайлы да айтылған. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан 

Республикасыныңазаматтарына  париоттық  тәрбие  берудің  2006-2008  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – осы тұлғаның бойындағы патриоттық сананы, 

өз елі үшін қызмет ету және мақтаныш сезімдерін ояту арқылы Отанның мүдделерін қорғау 

жөніндегі  азаматтық  борыш  пен  конституциялық  міндеттерді  орындауға  дайындығын 

көздейді деп түсінемін. 

Патриоттық  тәрбиенің  бастауы  болып  табылатын  Күлтегін,  Тоныкөк,  Білге  қаған  – 

Отансүйгіштік, тәлім – тәрбие беру идеяларының жиынтығы деп айтамыз. XVII-XIX  ғ. елі 


199 

 

мен  жері  үшін  күрескен  батырларымыз,  ұлт-азаттық  көтерілісі  жетекшілері,  ұлт  санасын 



оятушы  ақын-жазушыларымызды,  ұлттық    дәстүрді  насихаттаушы  қолөнер  шеберлері  мен 

әнші-жыршыларымыздың  өмірі  ұрпақбойына  ерлік  сезімін  оятып,  туған  жерге  деген 

сүйіспеншілігін қалыптастыруда негізгі орын алады. 

Ұлы тұлғалардың қаһармандық өрлеу жолдары бүгінгі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге 

баулудың темір қазығы деп айтуға болады. 

Егеменді елдің елдік белгілерін құрметтеу және оқып-үйренуге баса назар аудару қажет. 

Әр кішкентай бөбек Әнұранның, Тудың, Елтаңбаның қашан қабылданғанын, авторларының 

кім екенін білуі керек. Балаларға патриоттық тақырыптағы өлең жолдарын жаттатқызу, мақал-

мәтелдер, санамақтар айтқызу, әндер үйрету үлкен маңызға ие.  

Жалпы патриоттық сезімінің қай-қайсысының болсын қалыптасуы отбасы тәрбиесінен 

бастау алатыны белгілі. Отбасында патриотизмге тәрбиелеу ана тілін үйрету, ұлттық мінез – 

құлық  қалыптастыру,  ұлттық  салт-дәстүрді  сақтау,  шыққан  тегін  білу  және  сезінуден 

басталып,  Отанына  деген  сүйіспеншілік  болып,  өсе  келе  мектепте  ары  қарай  дамып 

қалыптасуына шарт түзілуі тиіс. Білімнің іргетасының беріктігі – болашақтың мықты болуына 

негіз болып табылады. 

Қасиетті  Отанның  қадірін  ұғындыру  үшін  «борыш»,  «ар-намыс»,  «ождан»  сөздерінің 

мәнін меңгертіп, ұлт, халық, ел, атамекен сияқты киелі түсініктермен байланыстыра отырып 

тәрбиелеуге  көңіл аударалық. 

Халық  ұрпағын  өзіне  дейінгі  қоғамда  қолы  жеткен  тәрбиелік  жақсы  дәстүр  атаулыны 

жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып, тәрбиелеуді мақсат 

еткен.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» 

деген сөздері терең ой салады. Бала бойына ұлттық намыс пен елжандылықты қалыптастыру 

оңай емес. Бұл қасиеттер жоқтан пайда болмайды, күшпен де қалыптастыру мүмкін емес. Ол 

ана сүті мен тілі және ұлттық, азаматтық тәрбие арқылы дариды. Кішкентай бөбектерімізге 

батыр, батырлық туралы, аңыз ертегілерді айтып, оқып, суреттерді көрсету арқылы есту, көру 

қабілеттерін дамытсақ, мәнерлеп жаттату арқылы есте сақтау деңнейлерін қалыптастырамыз. 

Ұлттық құндылықтарымызды бөбектер көкейіне сіңіру жолында ерінбей еңбек ету керек. 

Балалар  арасында  рухани  тәрбиені  қалыптастыруда  тарихи  тұлғалардың  олар  орны 

ерекше.  Қазақ  даласы  қай  заманда  да  дарынды,  ақылды  адамдардан  кенде  қалған  емес. 

Адамзат тарихының әр дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін ғана 

емес  халқы  үшін  де  өмір  кешкендіктен  тарихтан  еш  уақытта  өшпес  орнын  иемденген. 

Ұлылардың  жүріп  өткен  жолдары,  оған  қоса  солардың  айтқан  өсиеттері  мен  істеген  істері 

рухани  тәрбиеге  толы.  Қала  ішіне  орналасқан  ескерткіштерге,  үйлерге  орнатылған 

мемориалды  –  тақтайшалармен  балаларды  таныстыруда  тағылымды  істердің  бірі.  Сонымен 

қатар демалыстарында балаларын өздерімен бірге алып жүретін ата – аналармен де сөйлесіп 

сол  жрдің  тарихи  ескерткіштерін  балаларына  көрсетуді  өтіну  дұрыс.  «Жақсыны  көрген 

жақсы» деген халқымыз. Жас бала көргенін есте сақтайды. Мектеп ішінде өтіп жатқан ұлы 

тұлғалардың,  батырлардың,  ғалымдардың  өмірінен  т.б.мағлұмат  беретін  мәдени  шараларға 

кішкене балаларды апарып қатыстырып отыру қажет. Олар көпшілік орында өз-өздерін қалай 

ұстауды, жүріп-тұруды, көргенін ойға сақтауға үйренеді. «жаста берген тәрбие жас қайыңды 

игендей»  деп  аталарымыз  тегін  айтпаған.  Қаланың  көрікті  жерлеріне,  мұражайларға, 

кітапханаларға, хайуанаттар бағына да саяхат жасап отыру қажет. Өлкетану Отансүйгіштікке, 

елжандылыққа тәрбиелеудің баспалдағы.  

Өлкеміздің  тарихи  тұлғалары  өмірімен  таныстырып,  өлең  әндерін  үйретіп,  жаттатып 

отырған жөн. Балабақша өрендеріне патриоттық әндерді үйретуде музыка пәнінің ұстазының 

орны ерекше. 

Ұлы Жеңіс адамдардың өмірімен, қанымен, маңдай терімен келді. Жеңісті жасаушы мен 

шыңдаушы майдангерлердің, тыл тың еңбеккерлерінің ерліктері елге-мұра, ұрпаққа ұран. Ұлы 

Жеңіс – ұнжырғасы түсіп көрмеген    

 


200 

 

 



 

БАЛАБАҚШАДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ 

АТА-АНАЛАРДЫҢ ӘЛЕҮМЕТТІК РӨЛІ 

 

 

А.С.Жакулова 

№102 «Айсұлу» б/б КМҚК, Қарағанды к. 

 

 



Қазіргі  педагогика,  қоғамтану,  саясаттану,  психология,  философия,  әлеуметтану, 

демография  секілді  ғылым  салалары  адамның  дамып  қалыптасуындағы  отбасының  өзіндік 

орнын баса көрсетуде. 

Отбасында  ата-ана  өзінің  баласын  қандай  адам  етіп  тәрбиелеуді  өздері  алдын-ала 

белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың 

аз  да  болса  өзіндік  өмір  тәжірибесі,  әдет,  дағдылары,  құмарлығы  мен  қызығулары 

қалыптасады  және  ескертіні  бар.  Көптеген  ғылыми-педагогикалық,  психологиялық 

әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың 

дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен.  

Қазіргі  заманымыздың  мақсаттарының  бірі-жас  ұрпаққа  саналы  тәрбие  беру.  Жас 

ұрпақтың  тәртіпті,  саналы  жан-жақты  дамыған,  шығармашылықпен  жұмыс  істей  білетін 

азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор. [2] 

Отбасы адамзат  бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана.Отбасындағы 

тәлім-тәрбиенің  мақсаты-баланың  жасын,  жеке  ерекшелігін  психологиялық  процестерін 

ескере отырып  жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.  Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. 

«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті 

ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды 

аман қалдыр!» деп құдайға жалбарып тілеуін тілейтін де ата-ана. Бала тәрбиесі – қызығы мен 

қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз  — ата - ана. 

«Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап  қыз  өсер»  дейді  халық  даналығы.    Баланың  дара 

қасиеттерін  қалыптастыруда  отбасы  үлкен  мүмкіндіктерге  ие.  Олар  күнделікті  отбасылық 

өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы 

мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді 

мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. 

“Қазақстан - 2050“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан 

халқына  Жолдауында  “Дағдарыстар  өтеді  де  кетеді.  Ал  мемлекет  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты, 

ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген. 

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру 

- қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі. 

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымы 

ең маңызды міндеттердің біріне айналады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі 

білімді  дамыту  тұжырымдамасындағы  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  үздіксіз  білім  берудің 

алғашқы сапасы. [4] Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» 

делінген.  Баланы  тәрбиелеу,  дамыту  мен  білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен  балабақша 

ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала 

тәрбиелеуде  іске  асырушылар  –  балабақша  мен  отбасы.  Отбасылық  тәрбиелеудің 

басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-

қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің 

максат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-

аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық 

жеке  қабілетінің  қалыптасатынын  көріп,  біліп  отырғаны  абзал.  Ата-ана  мен  балабақша 

атқаратын  істер  әрқилы  болады  да,  бірінің  жұмысын  екіншісі  атқара  алмайды,  сондықтан 



201 

 

олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында 



құрылуы тиіс.  

Мектеп  жасына  дейінгі  мекеменің  дәстүрлерімен,  ережелерімен,  тәрбиелеу  -  оқыту 

жұмыстарының  ерекшеліктерімен  таныстыруға,  оларды  қызықтыра  білуге  және  қатысуға 

мүмкіндік  бере  отыра,  ата-аналарға  «Ашық  есік»  күн  өткізіп,  топтарға  саяхат  жасап, 

балабақша  жұмысынан  көрініс  көрсетіп,  ата-аналармен  әңгімелесіп,  олардың  алған 

әсерлерімен  бөлісе  отырып,  туындаған  сұрақтарға  жауап  бердік.  Мектеп  жасына  дейінгі 

мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті  түрі. Мұндай 

жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене 

тәрбиесін  ұйымдастыруға,  балабақша  өміріне  бейімделуіне  нұсқау  беріледі.  Балабақшаның 

ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы 

көзделуі  қажет.  Олар  үшін  сұрақ-жауап  кештері,  «дөңгелек  үстелдер»,  іскерлік  ойындарды 

өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. 

Әрбір  ата-ана  өз  баласы  үшін-басты  тұлға.  Сондықтанда  да  кез-келген  бала  алдымен 

үлгіні  ата-анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір  алады.  Ата-ана  баласымен 

пікірлесуде  бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен  жеке  басын  қорламай,  мейірімді, 

табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы 

сөз  жан  семіртеді.Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  ұйымның  педагогикалық  ұжымы  ата-

аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш 

қалау»  екенін  ескере  отырып,  ал  осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін,  алдындағы  қандай 

болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі 

ұстаныным ретінде қабылдау. [3] 

 Көзқарастар  мыналар:Баланы  сәби  ол  әлі  ештеңе  білмейді,  ұқпайды  деп  жай  көзбен 

қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.  Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. 

Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай 

туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың әр бір ісін қадағалап, 

оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын 

мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен 

бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы 

таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде 

отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, 

денсаулығын  түзету,  бала  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  білу  жөніндегі  дағдыларын 

қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін 

шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – 

балабақша. [5] Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, 

адамгершілікке  тәрбиелейміз.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға  міндетті 

мемлекеттік  стандартының  бес  саласының  әр  бөлімдеріндерінің  ұйымдастырылған  оқу  іс-

әрекеттерінде  салт-дәстүрдің  барлық  түрлерін  баланың  бойына  сіңірудеміз.  Мысалы:  тұсау 

кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық 

ауыз  әдебиетінінің  ішінен  жиі  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  санамақтар, 

ертегілерді  оқу  іс-әрекеттерінде  пайдаланады.  Бүгінгі  күнде  жас  ұрпақтың  сана  сезіміне  өз 

елінің,  жерінің  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  алғашқы  ұғымдарды  кішкентай  кезінен 

қалыптастырамыз. 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні 

ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола 

ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі 

баланың  жеке  басының  дамуына  ықпал  ететін  тәрбие  құралы.  Ойын  баланың  барлық 

қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, 

құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, 

батылдыққа,  мейірімділікке,  еңбек  етуге  тәрбиелеудің  құралы  ойын.  Осыған  орай  бүгінгі 

күндері  тәрбиешілер  алдында  балаға  білім.,  білім  дағдыларын  игеріп  қана  қоймай, 

қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. 


202 

 

Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы 



да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына 

дарытатын  алғашқы  білім  баспалдағы  –  балабақша,  жол  сілтеп,  жетелеп,  үйретуші  — 

тәрбиеші.  Балабақшадағы  тәрбие  –  қазақи  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан 

парасатты,  адамгершілік  қадір  –  қасиеті  мол,  физикалық  және  моральдық  жоғары  белсенді 

жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің 

әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері 

баланың  осы  іс-әрекет  түрлерін  қалыптастыру  және  оны  белгілі  бір  мақсатқа  бағыттап 

отыруды  көздейді.  Ойнау,  еңбек  ету,  және  білім  алу  барысында  ақыл-ой,  адамгшершілік, 

физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде 

білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық 

өмірдің  әдет  дағыларын  игеруге  бейімделеді.Іс-әрекеттің  тап  осы  түрлерін  ғана  дамыту 

арқылы  тәрбиелеу  білім  беру  міндеттерін  шешуге,  бала  дамуын  дұрыс  жолмен  бағыттап 

отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек 

адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала 

деп аталуы мүмкін. [7] Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, 

өзіне  тән  үлесін  қосады.  Мысалы,  тәрбиенің  ең  маңызды  міндеті  саналатын  ақыл-ой 

тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы 

жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу 

міндеттері  жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу 

еңбекте  адамгершілікке  тәрбиеленеді  деген  сөз.  Өйткені,  мұнда  олардың  өзара  ересек 

адамдармен  қарым-қатынасы  қалыптасады.  Іс-әрекеттің  әрбір  түрінде  осылайша  өзара 

ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда 

балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, 

оқу  арқылы  біз  балаларға  белгілі  бір  тұрғыдан  ықпал  жасай  аламыз.  Бірақ  біз  іс-әрекеттер 

ойын,  еңбек,  оқыту  өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана  баланың  жеке  басын  дамытуда  толық 

нәтижеге  жете  аламыз.  Балабақшаның  негізгі  міндеті  –  баланың  жеке  басының  бастапқы 

қалыптасуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  жас  баланың  ақыл-ойының  дамуы  мен  даярлығы  үшін 

қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік 

қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке 

гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. 

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің 

басты  міндеттерінің  бірі.  Сонымен  қатар  ата-аналар  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдар  ұлттық 

тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа 

тәрбиелеуге  бағытталады.  «Отан»  деген  ұғым  балаға  дүние  есігін  ашқан  үйі  ,  ата-анасы, 

ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап 

аққан  мөлдір  бұлағы  бейнесінде  қабылданып,  ең  қасиетті  де  құдіретті  алтын  бесігі  ретінде 

үйретуге тиіспіз. 

Жас  ұрпақты  кішкентайынан  салт-дәстүрлер  рухында  баулу,  құлағына  сіңіру  әдет-

дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – 

жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», 

«өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, 

оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. [1] 

Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби 

кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», 

«Ағаңның  қолын  ал»,  «Атаңа  екі  қолыңды  бер»  деп  үйретеді.  Ондай  кезде  үлкендер  яғни 

аталар,  әжелер  «Ой  азамат  болыпты  ғой!»,  «Таудай  бол!»  деп  баланың  қолын  алып,  сәлем 

беруге  ынталандыратын  сөздер  айтып  ынтасын  тудырады.  Баланы  жастайынан  осындай 

инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады. 

Қазіргі   таңда    баланы    тәрбиелеуде   ата —  ананыңда,   тәрбиеші  —   ұстаздың да   

атқаратын   ролі   зор.   Жас   күнінде   бала   қандай   тәрбие   алса   сол   ізбен   алға   қарай   

өседі.   Тәрбие   кезінде   отбасының,    балабақшаның  да   алатын   орны   бар. 


203 

 

Ата – ана   баласына   өз   отбасын   қадір   тұтудан   бастап,   туған   —  туыс,  Отан,  



Қазақстан   деген   ұғымдарды   терең   түсінгені,   құрметтеп  қарауға  тәрбиелеу   керек   екенін   

ұғындыру. 

Ата —  ана   жауапкершілігі  бәрінен   биік   болмақ.   Сондықтан   ата —   ана   басты   

талапты   өздеріне   қойғандары   жөн.   баланың   тәрбие   алуына   қоғамнан  өз  орнын   

табуына   жағдай   жасауына   әрбір  ата – ана   педагогикалық   әдіс —  тәсілдерге   сүйенгені   

дұрыс. 


Мектепке дейінгі балалық шақ - жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы ерекше кезең. 

Бұл кезеңде бала айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша 

тәрбиешісіне, т.б. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен 

проблемаларға соқтырады. 

«Білім туралы заң» мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің типтік ережесіне сәйкес, 

баланың  толыққанды  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  балабақша  алдында  тұрған  негізгі 

міндеттің  бірі-отбасымен  қарым-  қатынасқа  түсу.  Бала  қалыпты  даму  үшін  балабақша  мен 

отбасында теңдей жағдай жасалуы керек. Отбасының тәрбиелік қызметі-баласына мейірімді 

ана  және  әке  болуда  ғана  емес,  отбасы  «қоғаммен  байланысы  бойынша  өсіп  келе  жатқан 

ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді». 

Бақшамызда баланы еңбексүйгіштікке баулуда ата-аналармен бірлестікте біраз шаруалар 

атқарылды. Баланы өзіне өзі қызмет етуге үйрету, үй шаруашылығында еңбекке баулу сияқты 

шаралар  екі  жақты  ынтымақтастықта  жүргізіледі.  Сондай-ақ  ол  өзінің  педагогикалық 

шығармаларында  ата-ананың  да  білім  деңгейін  көтеру  керектігі,  оларды  балабақша  өміріне 

араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. Себебі баланы қалай тәрбиелеу керектігін 

білмейтін ата-аналар кездеседі ғой. [6] 

Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту ұйымдары- баланы әлеуметтендірудің 

маңызды екі институты. Бала  тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу 

педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. 

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: 

 

Серіктестік  пен  ынтымақтастық  негізінде  отбасы  мен  мектепке  дейінгі  білім  беру 



ұйымдарында  балаларға  қойылатын  біркелкі  талаптармен  бірыңғай  білім  беру  кеңістігін 

қамтамасыз ету. 

 

Баланың  отбасы  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  психикалық  –физикалық 



денсаулығын қамтамасыз ету

 



Баланың жеке дамуы үшін білім беру траекториясын құруда баланың бейімділігі мен 

отбасы қажеттілігінің есепке алу. 

 

Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету; 



 

Отбасы  жағдайында  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  дамыту  мен  тәрбиелеу  мәселелері 



бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету; 

 



Балалармен  бірлескен шығармашылық іс- әрекет түрлеріне қатысу; 

 



Ата-аналардың  педагогикалық  және  психологиялық  сауаттылығын  мектепке  дейінгі 

ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру және ата-аналарды оқыту үшін берілген 

бағдарламаны меңгеру негізінде көтеру. 

Мектепке  дейінгі  мекемелердегі  оқу  –  тәрбие  жұмысы  ең  алдымен,  ата-аналармен  

жұмысты сауатты және дүрыс ұйымдастырудан басталады.    Балалар мекемесіндегі тәрбие 

жоспарында басты көңіл  ата-анамен жүргізілетін түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс.  

Балалар – біздің болашағымыз, үмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді 

адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс»,- деген  орыс 

жазушысы Н.Г. Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың рөліне ерекше мән берген. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым    министрлігінің  тәрбие  тұжырымдамасында 

«Баланың  танымдық  және    психологиялық  мүмкіндіктерін  жетілдіріп,  адамның  күнделікті 

өмірінде білім алудың  қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша 

жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді»,- деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан 


204 

 

туындап  отырғандығын  дәлелдейді.  Белгілі  педагог  К.Д.  Ушинскийдің  «Баланы  жан-жақты 



етіп  тәрбиелеу  үшін  оны  жан-жақты  білу  керек»  деген  көрегендігі  тәрбие  процесінде  ата- 

ананың орнын тағы да ерекшелейді. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен 

бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер,  топсеруендер, ойын 

сауық  кештері  және  басқа  да  шаралар  ұйымдастырып  отырылуы  тиіс.  Ата-аналарға 

балалардың мектепке дейінгі ұйымда үйренген білімдік дағдыларын үйде баласымен қайталап  

үшін  «  не  артық»,    «өз  орнын  тап»,  «сөзге  не  қосылған?»    ойындарын  жүргізуге  болады. 

Мысалы  :  «Сөзге  не  қосылған?»  ойынын  бос    уақытта  баласымен  былай  ойнатады:  тігін- 

тігінші, ән- әнші, дәрі- дәрігер. Бұл ойында ойлану, есте  сақтауға дағдыландырамыз. Сондай 

–ақ , ата-аналармен жүргізілетін әңгіме- кеңес,ойын- сауық тақырыптары саналуан. Мектепке 

дейінгі ұйым қызметкерлерімен, басқа ата-аналармен, басқа ата-аналармен кездесіп, пікірлесіп 

отыру қажет. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. 

Қазақтың  «Баланың бас ұстазы ата- ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» 

деген  қанатты  сөздер  бар,  отбасында  әдемі  таным,  түсінік  қалай  қалыптасса,  өскенде  сол 

қасиет  бойынан  табылады.  «Болса    тәртіп  бала  өседі  сомдалып,  қатал  ұста  бос  жүресін 

сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен 

тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. 

Ата —  ана   жауапкершілігі  бәрінен   биік   болмақ. Сондықтан ата — ана басты   талапты   

өздеріне   қойғандары   жөн.   баланың   тәрбие   алуына қоғамнан  өз  орнын   табуына   жағдай   

жасауына   әрбір  ата – ана педагогикалық   әдіс —  тәсілдерге   сүйенгені   дұрыс. Ата - ана 

бірінші  педагог  болып  табылады.  Осыған  сәйкес  мектепке  дейінгі  мекеменің  отбасымен 

жұмыс жасаудағы ұстанымы өзгеруі керек. Балабақшалар балаға тәрбие беріп қана қоймай, 

ата-аналарға тәрбие жөнінде кеңестер де беріп отыруы қажет. Ал ата-аналар «балаларды оқыту 

мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге» міндетті.  

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі: 

отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша 

мен мектеп алмастыра алмайды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қосылуға болады. Дегенмен, 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде 

«балаларды  тәрбиелеу,  оқыту,  дамыту  және  сауықтыру  тұтастығы  принциптерін  ескере 

отырып,  мектепке  дейінгі  және  бастауыш  білім  берудің  сабақтастығы  мен  үздіксіздігін 

қамтамасыз етуге» білім беру ұйымдары да борышты. 

Атқарылатын  істер  жүйелі  жүру  үшін  алдымен  ата-аналар  арасында  сауалнама 

жүргізіліп,  мекемеміздің  даму  деңгейі,  отбасымен  жұмыс  мазмұны  анықталады.  Әрі  қарай 

білімдік  қызмет  көрсетуде  ата-аналардың  қажеттілігін  зерттеу,  ата-ананың  педагогикалық 

және құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында ағарту шаралары жалғасады. 

 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет