Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет33/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.Білім туралы. – Об образовании, ҚР-ның заңы. – Алматы: Литера, 2000. 

2.Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах, - Москва, 1997. 

3.Қоянбаев Ж. Отбасы және балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу, 1990. 

4.Мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балаларды  тәрбиелеу  тұжырымдамасы  – 

Қазақстан мұғалімі, 13 қыркүйек, 1995. 

5.Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. – Алматы, 1976. 

6.Жұмақанов Ә.,Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.  –А., 

1985.  


7. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Алматы 1994. 

 8.  Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика. –Қарағанды: «Гласир», 2011 

 

 

ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР 

 

 



Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің оқытушылары: 

Жексенова Б.О., Казангапова С.О., Мусина Г.Г. 

 

 

Қазіргі  уақытта  психотерапияның  маңызды  салаларының  бірі  ол  арт-терапия  болып 



саналады.  Арт-терапия  даму  үстіндегі  психотерапияның    әдістердің  жаңа  түрі  болып 

есептеледі. Қазір Қазақстанда Арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда 

әлі де болса толықтай зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар арт-терапия 

түсінігі біздің елімізде әлі толығымен  қалыптаспаған. 

Қазіргі  уақытта  заманауи,  иновациялық  технологияларды  қолдану  шыңдалып,  даму 

үстінде.  Сол  технологиялардың  бірі  -  терапия  технологиясы.  Мектепке  дейінгі  білім  беру 

ұйымда қолданылатын терапия технологияларына арт–терапия жатады. 

Арт-терапия  даму  үстіндегі  психотерапиялық  әдістердің  жаңа  түрі  болып  табылады. 

Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі 

енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған 

болса,  қазіргі  кезде  оның  қолданыс  аясы,  шеңбері  кеңеюде.  Яғни  бұл  терапия  адамның 

шығармашылық  жағдайын  дамытып  қана  қоймай,  адамның  бойындағы  қасиеттердің 

мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды  

Арт-терапия  жөніндегі  білімді  елімізде  дәл  қазіргі  күнде  тек  қана  психологтарға  ғана 

емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт  адамдар, жасөспірімдер 

психикалық  ауру  адамдарға  тағы  басқа  көптеген  жерлерде  қолдану  маңызды  және  қажет 

екендігі дәлелденуде. 

Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс 

үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл 

дегеніміз  арт-терапия  адамның  шығармашылық  жағдайын  дамытып  қана  қоймай,  адамның 

бойындағы  ресурстарының  мүмкіндігін  түсініп  ашуғада  жағдай  жасайды  деген  сөз.  Мұнда 

адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, 



233 

 

қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Түс көрген адамның сөзі: мен мұны 



сезініп  тұрмын  бірақ  қалай  айтарымды  және  бейнелерімді  білмеймін.  Психоаналитикалық 

бағыттың  негізін  салушы  З.Фрейд  айтқандай  бұл  барлық  уақытта  оңай  емес.Яғни  бұдан 

шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде  арт-терапия өз 

мақсатына жетіп, эффективті болары сөзсіз. Осы  еңбекте арт-терапия жаттығуларының қазақ 

және  орыс  студент  топтарындағы  агрессия,  мазасыздану  көрсеткіштерін  төмендету  тәсілі 

ретінде қолдандым. 

Арт-терапия  сөзін  қазақшаға  тікелей  аударғанда  «өнермен  емдеу»  деген  мағананы 

білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. 

Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай 

кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне 

құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі 

түсті қарандаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті 

қағаздар,  қоржын,  желім,  скотч,  қайшы,  жіп  болмаса  арқан  және  т.б.  Кейбір  сабақтарда 

маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқада 

химиялық заттарды да пайдалануға болады.  

Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру 

емдеушілерді  емдейтін  эмоциялық  бұзылулардың  көрінісі  бар  адамдарға  ғана  қолданған. 

Қазіргі  кезде  арт-терапияның  қолданыс  аясы  едәуір  кеңейді  және  ол  өзінің  алғашқы 

психоаналитикалық  негізінен  алыстауда.  Негізінен  арт-терапияны  қолданғанда  ең  бастысы 

жұмыс  барысында  талантын  көрсету  емес,  спонтанды  пайда  болған  қобалжуларын, 

қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін суреттеу арқылы жеткізу. 

Сонымен қоса, психотерапевтің шығармашылық жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек 

беруді  және қажет  жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы 

психолог  немесе  психотерапевт  көптеген  сапаларға  ие  болуы  керек.  Атап  айтатын  болсақ, 

олар, адамгершілік, басқаларға қандай жағдай болмасын көмек қолын соза білу, тұрақтылық, 

барлық  жағдайда  түсінушілікпен  қарау,  сабырлық,  кішіпейілділік,  төзімдік,  адалдық  және 

тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс. [4, с.302]. 

Жүздеген  жылдар  бойы  өнер  адамдар  үшін  ләззат  алу  көзі  болып  келді,  ал  өнердің 

көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия термині (art-terapy тікелей 

қазақша  баламасы  «өнермен  емдеу»  деген  мағананы  білдіреді)  қолданысқа  1938  жылы 

жоғарыда айтылған Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында 

алғаш  айтқан.  Көп  кешікпей  бұл  сөз  тіркесі  ауруханалармен  психикалық  денсаулық 

орталықтарында жүргізілген өнерге қатысты қызметтің барлық түріне қолдана бастады. Бірақ 

көбнесе  бұл  анықтаманы  өте  кең  мағынада  әрі  нақты  емес  деп  санайды.  Өнерді  сапалы 

терапиялық  мақсаттарда  қолданудағы  құндылығы,  символикалық  деңгейде  әр  түрлі 

сезімдермен  тәжірибе  жүргізу  арқылы  оларға  көрініс  беру  және  зерттеу  болып  табылады. 

Сиволдарды  іске  асыруын  алғашқы  қауымдық  адамдардың  үңгірдегі  суреттерінен  дейінгі 

және  кейінгілерден  байқауымызға  болады.  Біздің  ертедегі  ата-бабаларымыз  сиволикалық 

бейнелерді  өздерінің  әлемдегі  орны  мен  адамның  күнелтуін  айыру  үшін  қолданған.  Өнер 

қоғамдық  құрылыспен  пайда  болған  қоғамның  көрінісі  болып  табылады.  Біздің  дәуірімізде 

бұл  өнердің  жаңа  стилдерінің  пайда  болуы  моральдік,  мәдениеттік  құндылықтардың 

өзгеруінің дәлелдеуіне себеп болды.[5, с.218].  

Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек  қана психологтармен және психиатрларға 

қойылған  диагнозды  нақтылауға  немесе  емдеу  тәсілін  таңдап  алуға  балалармен  немесе 

стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене 

отырып,көмектескен. 

Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуынан психодиагностикалық бағыттар көп 

әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға 

енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге М.Наумбург, З.Фрейд, К.Юнг, 

Э.Крамер болып табылады.  [25, с.35-39]. 

Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар: 


234 

 



 

Агрессияға болмаса басқада негативті сезімдерге әлеуметтік  

шығар  жолды  табуға  мүмкіндік  береді.  Суреттермен,  мүсіндермен  жұмыс  жасау 

күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады. 

Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру 

бейнелерінің  көмегімен  вербалды  психотерапия  кезінде  сөзбен  айтқанға  қарағанда  көрсету 

оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады. 

Интерпритацияға  және  диагностикалық  қорытындыларға  материалдар  алуға  болады. 

Көркем  шығарманың  өнімі  ұзақ  уақыттылық,  емделуші  оның  бар  екенін  жоққа  шығаруы. 

Терапевтке  емделушінің  көркем  жұмыстың  стилі  және  мазмұны  емделуші  туралы  ақпарат 

береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпритация жасауға болады және жақсы 

көмектеседі . 

Емделушінің басым болуына дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. 

Кей  кездері  вербалды  емес  амал,  бірден-бір  күшті  қобалжулармен  сендірулерді 

анықтауға,көрсетуге мүмкіндік береді. 

Терапевт  пен  емделушініңарасындағы  қарым-қатынасты  жақсарту  үшін  көркем  іс-

әрекетке  бірлесіп  қатысу  ол  қабілетті  қарым-қатынас,  эмпатия  және  өзара  түсінушілік 

туындауына әкеледі. 

Ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса мүсін 

соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды. 

Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен жұмыстар бай 

мүмкіндік  тәжірибе  жасауға  кинестетикалық  және  көру  түйсіктеріне,  қабылдау 

қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды.  

Көркемдік  қабілеттерді  дамыту  және  өзін-өзі  бағалауын  жоғарылату.  Арт-терапияның 

соңғы  өнімі  қанағаттану  рахат  алу  сезімі,  ол  жасырын  таланттың  көрінуінің  және  олардың 

дамуының нәтежесі. 

Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекционды топпен жұмыста 

қолданудың  қосымша  нәтежесі,  қиялға  түрткі  және  дау-дамайға  топ  мүшелерінің  қарым-

қатынасын  дұрыстауға  көмектеседі.  Өнер  қуаныш  әкеледі,  бұл  ешқандай  жағдайға  тәуелсіз 

(өзінен-өзі маңызды), бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы 

әрекеттің нәтежесі ма ол әлі күнге дейін бізге белгісіз. [38,с.105].  

 

Арт-терапия  шектеусіз  және  психотерапияның  барлық  бағыттарында,  педагогикада, 



әлеуметтік жұмыста тағыда басқа салаларда қолданылады. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің 

жағдайын  әуен,  дыбыс,  қимыл  және  сурет  арқылы  көрсете  алады.  Арт-терапияның 

ерекшеліктері төмендегі кесте 1 көрсетілген. 

 

 

 

 

 



 

 

 



Арт-терапия  

ерекшеліктері 

-Құм терапиясы 

-Күлкі терапиясы 

-Анимал терапиясы 

-Ертегі терапиясы 

-Гүл терапиясы 

-Су-Джок терапия 

-Гүл терапия 

-Музыка терапия 

-Ойын терапиясы 

-Қозғалмалы би терапиясы 

-Драма терапиясы 

-Киндер-сюрприз 

-Қуыршақ терапиясы 

-Саз-балшық терапиясы 



235 

 

-Библио терапиясы 



-Фото терапиясы 

т.б 


 

  Арт  терапияның  іші  тұнып  тұрған  сиқырлы  әлем.  Оның  сиқырлы    ерекшеліктері- 

музыкалық  терапия,  қозғалмалы  би  терапиясы,  драма  терапиясы,  ертегі  терапиясы,  ойын 

терапиясы,  қуыршақ  терапиясы,  анимал  терапия,  гүл  терапиясы,  фото  терапия,  оригами, 

этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска 

терапиясы т.б. Осы айтылғандарға жекелей қысқаша тоқталсақ. 

Музыка терапиясы – бұл психотерапиялық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер 

етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. Музыка – адам жанының, оның 

ең сырлы сезімдерінің, ұмтылысы мен арманының негізі. Ол адамның ішкі дүниесінің терең 

негіздерін  қозғайды.Музыканың  терапевтикалық  әсері  бұрынғы  заманнан  бері  белгілі.  

Музыка  терапиясы  –  адамның  жүйке  жүйесінің  шаршауы  мен  қажуын,  көңіл–күйін  ретке 

келтіру  мақсатында  қолданатын  психотерапиясының  бір  әдісі.  Балаға  музыка  арқылы 

жағымды әсер етудің өзіндік әдіс–тәсілдері бар. Бұл әдісті белгілі бір жүйемен қолдана білу 

аса  маңызды.  Ол  үшін  баланың  жас  ерекшелігі,  дәл  сол  сәттегі  жағдайы,  психикалық 

өзгерістері, оның себептері туралы мәліметпен таныс болу шарт, әйтпесе, кез келген жағдайда 

музыка  терапиясын  қолдану  өз  нәтижесін  бере  бермейді.  Музыка  арқылы  балаға 

психологиялық әсер етуде әуенді үш түрлі сипатта қолдану керек: тыныштандыратын әуендер, 

жігерлілік  тудыратын  әуендер,  босаңсытуға  арналған  әуендер  (релаксациялық).  Әр  әуенді 

тыңдау ұзақтығы 3-4 минуттан аспағанын қадағалау керек. Әуендерді тыңдап болғаннан кейін 

әрқайсысының  көз  алдында  елестеген  бейнелер,  фантазиялар,  ассоциациялар  туралы 

талдаулар  жүргізу  –  адамның  музыканы  тыңдап,  қабылдай  алу  қабілеті  мен  түйсіне  алу 

сезімдерін сезіне алуымен қатар шығармашылық қабілеттілікті, және эстетикалық сана мен 

талғамын қалыптастыруға көмектесеі[3].       

Бейнелеу  терапиясын  қолданудың  негізгі  мақсаты  –  баланың  немесе  ересек  адамның 

қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір 

сүруіне демеу беру болып табылады. Сурет  салу  –  ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең 

күшті  өзін  таныту  түрімен  байланысты  болады.  Өзінің  ішкі  сезімі  мен  өзін  теңестіруді 

көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. 

Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің 

жай  күйіне  байланысты  таңдайды.  Бояудың  түстері  сезімнің  жағдайына  тең  келеді.  Саусақ 

живописі  – ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу.  Ол үшін баланың әрбір 

саусағын  әр  түске  матыру  арқылы  парақ  бетіне  әртүрлі  сызықтар,  нүктелер,  саусақ  ұшы 

таңбасының,  алақанның  көмегімен  бейнелеу.  Бұл  әдіс  арт-педагогика  мен  арт-терапияда 

белсенді қолданылады. Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу 

түстері. Ішкі сезіміңді сөзбен ғана емес, қолыңа, бояу, түрлі-түсті қарындаш алып сурет салу 

арқылы білдіруге болады. Егер бала бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, 

дереу сурет сала бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі бірленеді[4].        

  Анималды  терапия  немесе  зоотерапия.  Ғалымдар  көне  замандағы  ескі  әдістерді 

жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа 

енгізіп  отыр.  Анимал  терапия  –  латын  тілінен  аударғанда  «animal»  –  жануар,  яғни, 

хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» – хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану 

арқылы  психофизиологиялық,  психотерапевтік  және  бейімделу  көмегін  көрсететін  терапия 

түрі. Ғалымдар көне замандағы ескі  әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт 

болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Бұл терапияда хайуанаттардың 

суреттері,  бейнелері  ертегі  кейіпкері  ретінде,  ойыншық  түрінде,  әрине,  араласқанда 

қауіпсіздігі  қамтамасыз  етілген  табиғи  кейпінде  де  қолданылады.  Жүргізілген  түрлі 

тәжірибелер хайуанаттардың балаларға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда 

анималды терапия дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін 

бақылап,  зерттейтін  арнайы  ғылыми-зерттеу  институттары  құрылған.  Осыған  сай 


236 

 

халықаралық  конференциялар  мен  семинарлар  өткізіліп  отырады.  АҚШ,  Ұлыбритания, 



Канада,  Франция  елдерінде  физикалық  немесе  психикалық  проблемалары  бар  адамдарға 

көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді[5].        

  Қозғалмалы  би  терапиясы  –  бұл  баланың  әнге  ырғақты  би  билеп,  ән  әуенін  сезіне 

алуына ықпал ету. Баланың жағымсыз көңіл-күйін, яғни мұңаю, жылау, мазасыздану тағы да 

сол  сияқты  жағдайға  душар  болудан  .  Осындай  көңіл-күйден  шығу  үшін  би  терапиясы 

көмектеседі. Көтерінкі музыка әуенін есту арқылы, балалар ырғақты би билеп олардың көніл-

күйін емдейміз. Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады. Ерте заманда 

би  – сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған. 

Спонтандық  әрекеттер  мен  дене  қимылы  адам  тілі  шықпай  тұрған  кезде  қарым-қатынас 

құралы  ретінде  қызмет  етті.  Тіпті  бидің  көмегімен  ауру  адамдарды  емдеуге  тырысты.  Биге 

еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен 

теңестірді.  Кез-келген  мәдениеттің  өздерінің  халық  билері  болады.  Оларды  бір  жағынан  – 

күнделікті мәселелерден босау, екіншіден – қарапайым халықтың мінез-құлқықтары мен салт-

дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады. 

Күлкі терапиясы – көтеріңкі көңіл-күй мен шаттыққа, ерекше сезімге бөлейтін қуанышты 

терапия.  Бұл  терапияға  балалардың  мерекелік  шараларын,  ұйымдастырылған  оқу  іс-

әрекеттерін,  отбасылық  мерекелер,  күнделікті  тұрмыстық  өмір,  тағыда  сол  сияқты  көңілге 

шаттық  орнатып,  жүзіне  күлкі  үйілтер    қуанышты  мерекелерді  жатқызуға  болады.  Күлкі 

терапиясының  мақсаты  –  бүлдіршін  жүзіне  күлкі  сыйлау  арқылы  рухани  дүниесін  емдеу 

болып табылады. Қазіргі таңда әлемде гепотология деп аталатын жаңа ғылым пайда болды. 

Басқа  атауы  –  күлкі  терапиясы.  Бұл  ғылымның  кеңінен  зерттелетін  жөні  бар.  Себебі,  күлкі 

адам  ғұмырының  ұзақ  болуына  ықпал  жасап  қана  қоймай,  ағзаға  оң  пайдасын  тигізеді. 

Гепотология  ғылымын  зерттеп  жүрген  невролог-дәрігер  Уильям  Фрайдың  айтуы  бойынша: 

«Күлкі – тыныс алу жолдарындағы қан тамырларының жұмысын жақсартып, адамды сабырлы 

болуға  итермелейді.  Жүзінен  күлкі  кетпейтін  жандар  басқаларға  қарағанда  стресс  пен 

депрессияға сирек шалдығады. 

Ертегі  терапиясының  бала  денсаулығына  тигізер  үлесі  орасан  зор  екені  сөзсіз  айдан 

анық.  Бірақ,  қазақ үшін бұл  таңсық  емес.  Бұл жұрттың болашағы құндақтағы кезінен бесік 

жырын  естіп,  сөз  түсінетін  жасқа  жеткенде  фольклордың  барлық  түрін  апа,  әжелерінің 

аузынан  тыңдап,  адамгершілік  нормалары  мен  өмір  сүру  ережелерін  ауыз  әдебиетінен 

үйренген.  Ертегі  терапиясы  –  психотерапияның  құрамдас  бөлігі.  Баланың  ертегі  сюжетіне 

әсерленуі,  кейіпкердің  қиыншылықтарына  алаңдауы  оның  келешекте  өз  алдында  пайда 

болатын  кедергілерден  қиналмай  өтуіне  іштей  дайындығын  туындатады.  Практикалық 

психологияның ертегілік терапия бағыты  – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, 

мінез-құлықтық  стереотиптерді  тануына  көмектесіп,  адамдардың  өмірде  алдынан  шығатын 

сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады[6].       .  

Қуыршақ терапияның рөлі түрлі аспектілерде қолданылады. Қуыршақ терапиясы сөзін 

қазақшаға тікелей аударғанда “қуыршақ арқылы қамқорлық жасау, емдеу” деген мағынаны 

білдіреді.  Аталған  терапияның  түрі  қазіргі  таңда  үлкен  жетістіктерге  ие.  Қуыршақ  арқылы 

жетіліп,  дамып  келе  жатқан  баланың  ішкі  болмысын  тануға  болады.  Дәлірек  айтқанда, 

баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен сырласуына мүмкіндік беретін объект. 

Ұсынылып  отырған  саусақтарға  киілген  қуыршақтар  балалардың  психикалық  денсаулықты 

жақсарту, әлеуметтік бейімделуді дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын 

және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, баланың эмоциялы және адамдық дамуын 

арттыру,  денсаулық  жағдайларын  қалыптастыруда,  яғни  баланың  бойына  құзіреттілігін 

дамытуда ең тиімді әдісі болып табылады. Сол себептен саусақтарға киілген қуыршақтар түрін 

ұсынып  отырмыз.  Бұл  әдісті  пайдалану  -  уақытша  психикалық  дағдарысқа  ұшыраған  және 

мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын орталығына ең пайдалы жұмыс түрі. 

Ойын терапиясы – арт-терапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен 

балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды 

дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді  және бар ықыласымен 


237 

 

қатынасса  емдеу  әсерлі  болады.  Ойын  баланың  психологиялық  ахуалын  сақтауға,  оның 



қоғаммен  қарым-қатынасын  анықтауға,  ересек  өмірге  дайындайды.  Ойын  балаларға  белгілі 

дағдыларды  меңгеру  үшін,  сонымен  қатар  қарым-қатынасты,  өмірге  деген  құлшыныстарын 

арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық 

күйзелістен  шығу  үшін  емдеудің  бір  тәсілі  ретінде  қолданылады.  Бала  ойынға  өз  еркімен 

қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек.  

Құм терапиясы (Sand play)-адамға өзінің жан дүниесіндегі  өз  «Менін», өзін танытуға, 

өзіне  өте  маңызды,жан  тебірентерлік  және  құпиясының  ашылуына  көмектеседі.  Құм 

терапиясы – емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп 

түрлері  оған  қауіпсіз  түрдегі  рөлдік  қимыл-әрекеттің  түрі,  бейнелеме  (символика)  әлемге 

жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді. Құм терапиясының маңызы: Бала өзін 

жайлы,  қорғалған  күйде  сезініп,  шығармашылық  белсенділік  танытатын  табиғи  стимулдық 

орта  қалыптастырады  және  танымдық,  психикалық  процестерді  дамытады  ол  түйсік 

(форманы,  түсті,  тұтас  түйсік),  есті,  зейінді,  қиялды,  кеңістік  түсінікті,  тактильді-

кинестетикалық  сезімділік  пен  қолдардың  ұсақ  моторикасын  дамиды.  Құм  терапиясының 

мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық 

ойлауды,  көрнекі  іс-әрекеттік  ойлауды,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту.    

Қорыта айтқанда, қазіргі заман ағымына қарай баланы мектепке дайындау өз деңгейінде 

болуы  керек.  Мектеп  жасына  дейінгі  бала,  мектепке  дейінгі  ұйым  бағдарламасы  бойынша 

қарапайым түсініктерін меңгеруде өзін қоршаған орта жайында белгілі деңгейде білімі бар, 

қарапайым әдет-дағдыларды меңгеруі керек. Баланың өз бойына сіңірген іс-әрекеттер арқылы 

жоғары жетістіктерге жетуге болады. Оған қоса жалпы терапияларды қолдану арқылы белгілі-

бір  ұлтқа  тән  ерекшеліктердің  айырмашылығын  анықтауға  болады.  Енді  ғана  дамып  келе 

жатқан сала екендігіне қарамастан осы саланы дамытудың маңызы зор болмақ. Келешекте осы 

салада  кызмет  етіп  еліміздегі  мектепке  дейінгі  ұйымда  жалпы  терапияларды  дамытуға  өз 

үлесімді қосқым келеді. 

Арт-терапия  сиқырлы    бейнелеу  әлемнің  бір  бөлшегі.  Әр  адам  сиқырлы  әлемге  сену 

керек  екенін  түсініп  және  арт-терапия  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қиялын 

қалыптастырып,  шығармашылығын дамытатын тиімді әдістердің бірі екендігі білген аян. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998г.-372с. 

2. Психотерапевтическая энциклопедия. Под ред. Б.Д.Карвасарского .СПб, 2000г.-708с. 

3. Брусиловський Л.С. Музыкотерапия: руководство по психотерапии / Брусиловський Л.С. – 

М., 1985. 

4. Ирвин Я. Теория и практика групповой психатрии. СПб, 2000г.-515с.  

5. .А Жалмағанбетова «Фауна және жануарлар терапиясы» http://www.aktobegazeti.kz/ 

6.  Ткач Р.М. Сказкотерапия детских проблем. – СПб.: Речь; М.: Сфера, 2008.-118 с. 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет