Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29.2 Mb.
Pdf просмотр
бет40/102
Дата30.12.2016
өлшемі29.2 Mb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Бакареденова  А,  Баймұратова  Б.    Орыс  тілінде  жұмыс  істейтін  балабақшада  қазақ  тілін 

оқыту методикасы. – Алматы: «Рауан», 2010. 

2.

 

Нүрпейісов Б. Қазақ тілі бойынша дидактикалық материалдар. – Алматы: Рауан, 2009.. 



3.

 

Әбілкаев А. Қазақ тілінің оқыту әдістемесі. –Алматы: «Санат», 2012. 



 

 

 



ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ 

 

 

Ильяс И.О. 

КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

 



«Тәрбие-тал бесіктен басталады» 

                              М. Әуезов 



 

Балаға дұрыс тәрбие беру – ата – ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті, 

бала  тәрбиесі  мәселесінде  ата  –  ана  арасында  толық  келісім  болуға  тиіс  екенін  өмірдің  өзі 

дәлелдеп 

беріп 

отыр. 



Баланың  бойындағы  ізгілік,  жақсылық  атаулының  бәрін,  оның  үлгілі  болуға  тырысқан 

талабын  тәрбиешілер  мен  ата-аналар  бірлесіп  көтермелеп  отырса  ғана  өскелең  ұрпақты 

тәрбиелеу жұмысы барынша жемісті болар еді. Өйткені баланың адал да ізгі адам болып өсуі 


279 

 

үшін оған ең алдымен ата – анасы үлгі болуға тиіс. Ең бастысы баланы еңбекке құрметтеу мен 



сүю  рухында  жас  кезінен  тәрбиелеп,  оның  бойына  адамгершілік  және  рухани  мәдениеттің 

негізін, қоғамдағы мінез  – құлық дағдыларын дамыту  керек. Күнделікті өмірде сыпайылық 

және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін – еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, 

өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс. Бұл – ата-аналар мен мектепке дейінгі мекемелердің 

бала тәрбесінде алға қойған мақсаттарының бірі болуы қажет деп білеміз. 

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда 

не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер 

болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ екені 

ақиқат.  

Әрине,  тәрбиенің  ең  тамаша  мектебі  –  отбасы.  Ал  оның  негіздері  мыналарда  деп 

ойлаймын.  Балаға  жан  және  дене  өзгерістерінің  байланыстарын  табуға  көмектесу,  барлық 

ескертулерді  шын  пейілмен,  үстірт  бағаламай,  айдар  тақпай  жай  түсіндіру  керек.  Сонымен 

бірге,  бүлдіршіндердің  бойында  салауатты  өмір  салтының  дағдыларын  қалыптастыруға 

бағытталған,  салауатты  өмір  салты  мәдениетіне  тәрбиелеу  аса  маңызды.  Ата-аналармен 

жүргізілетін жұмыста  балаларын дене тұрғысынан жетілдіру мақсатында ертеңгілік жаттығу, 

күн режимін сақтау, ем шара қабылдау, коррекциялық жаттығулар, таза ауада болып қимыл 

қозғалыс ойындарын ойнату да басты орын алады. 

Тәрбиешілердің    ата-аналармен  ынтымақтастығы  балалармен  жүргізілетін  тәрбие 

жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды 

педагогикалық  үрдістің  белсенді  мүшесі  ету  оңай  шаруа  емес.  Ол  асқан  шеберлік  пен  зор 

жауапкершілікті қажет  етеді.  Мұндай міндетті  шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының 

жоспарына бүлдіршіндердің отбасын зерттеу міндеттері алдымен енгізілуі керек. Тәрбиешілер 

ата-аналардың  педагогикалық  сауатын  көтеру,  ата-аналар  комитетінің  жұмысымен 

байланысты арттыру мәселелеріне де бей-жай қарамауы қажет-ақ. Оның ішінде ата-аналармен 

жеке  жұмыс  жүргізе  білудің  тиімділігі  ерекше  болып  табылады.  Тәрбиеші  ата-аналарды 

балаларының  тәрбие  үрдісінің  нәтижелерімен,  барысымен  жүйелі  таныстырып  отырса  ғана 

балабақша мен ата-ананың бірлесіп әрекет ету жұмысы нәтижелі болар еді. Бірінші кезекте, 

мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, 

мектептің  ерекшелігін,  ата-аналар  құрамын,  ата-ана  мен  тәрбиешінің  қарым-қатынасының 

негізгі ұстанымдарын ескеріп, есепке алып отырса құба-құп.  

Балабақшада  ІІ  кішкентайлар  тобында  тәрбие  жұмысын  жүргізуде  менің  бірінші 

міндетім  –  ата-аналардың  бала  тәрбиесіндегі  оң  көзқарастары  мен  дұрыс  бағыт-  бағдарын, 

мейірімін  қалыптастырудан  басталды.  Осы  міндетті  жүзеге  асыруда  көптеген  жұмыстар 

жүргіздім. Әсіресе ата-аналарға арналып өткізілген тренингтер көңілімнен шықты. Мысалы, 

«Бәріміз бірге ойнайық» тақырыбында өткізілген шарада ойнау арқылы балалық ойын әлеміне 

кіре отырып, оған қатысқан ата-аналардың да  көптеген бала тәрбиесінде жайттарға қанығып 

шығатынына көзім жетті. Ата-аналар осы арқылы баламен оның тілінде сөйлесуді, ең бастысы 

өзінің  авторитарлық  ұстанымын  жеңе  білуге  дағдыланады.  Бұл  жерде  ата-ана  мен  баланың 

арасындағы қатынасты ойын арқылы нығайту мақсатым орындалды деп білемін.  

Ата-аналармен  жұмыс  жүргізу  барысында  баланың  үздіксіз  дамуын  қадағалау  мен 

бала денсаулығына қамқорлық жасауға аса мән беру қажет. Бұл балаларға жастайынан еңбек 

тәрбиесін беру мен мамандық таңдауына және баланың жан-жақты дамуының алғышарттары 

болып  табылады.  Ал  баланың  қызығушылығын,  бейімділігін,  шығармашылығын    үздіксіз 

дамытып отыру - оның өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, сонымен қатар болашақ өмірге 

дайындау деп түсінуіміз керек. 



Балабақшада өткізілетін түрлі жиналыстар, тренингтер мен тағы басқа жұмыстар 

барысында  тәрбиешілер  ата-ананың  бала  алдындағы  парызына  кеңінен  тоқталып 

отыруы  қажет.  Адамның  жеке  қалыптасуы  отбасынан  басталатынын,  оның  ер  жетіп  өсуі, 

бойындағы  адамгершілік    белгілері  отбасында  қалыптасатынын,  сондықтан  да  туған  үйдің 

жылуы  өзегінде    көп  жылдар  бойы  сақталып  есінде  жүретінін  ұғындырып  отыру  керек. 

Өйткені, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу 



280 

 

діңгегі  –  бала.  Сол  себепті,  отбасының  адамзат  ұрпағына  деген  ықпалы  мен  әсер    күшін 



өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. 

Ата-аналармен балабақша ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары 

сан-салалы.  Соның  ішінде  ата-аналарды  балаларының  оқу  еңбегінің  нәтижелері  туралы 

хабардар  етіп  отыру,  ата-аналарды  балаларының  оқуына  көмекті  дұрыс  ұйымдастыруға 

үйрету,  топ  ұжымымен  қызықты  іс-шараларды  ұйымдастыруға  ата-аналарды  қатыстырып 

отыру басты орын алады. 

Балабақшада ата-аналармен жүргізілетін жұмыста оларды түрлі  тақырыпта өткізілетін 

ертеңгіліктерге қатыстыру да тәрбиеші жұмысының нәтижесін айқындап отыруға сеп болады. 

Сонымен бірге, отбасындағы  «Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі» туралы тақырыптық кеңестер 

беріп  отыру  да  аса  маңызды.  Бұл  жерде  ата-аналардың  белсенділігін  де  атап  өтпеуге 

болмайды.  Ата-аналардың  басым  көпшілігінің  балабақша  жұмысына  етене  араласып,  түрлі 

шараларды  ұйымдастырып,  бастама  көтеріп  жүретіні  қуантады.  Мұны  ересектердің 

балаларының болашағына, яғни, еліміздің ертеңіне алаңдауы деп түсінуіміз керек.   Өйткені, 

отбасының  аса  құнды  ықпалы  мен  әсерін  өмірдегі  еш  нәрсемен  салыстыруға  болмайды. 

Балаға   ата —ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   Отбасы  —

өмірге    сәби   әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   

жалғастыруда      теңдесі      жоқ      орын.    Сол  себепті,  балабақша  мен  ата-ананың, 

ересектердің  балаларға      тәрбие      беру      қызметінің      басты  мақсаты-

балаларының   жасын,   жеке   ерекшеліктерін,   психологиялық   процестерін ескере   отыры

п,   жарасымды   жетілген   ұрпақ   тәрбиелеп шығару болып табылады.   

Үлгілі отбасының балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруына толық мүмкіндіктері 

болатыны сөзсіз.Мұндай отбасылар тәрбиешінің көп араласуын қажет те етпегенімен, нақты 

бір  кезеңде  тәрбиелеу  ерекшеліктеріне  байланысты  ұсыныстар  мен  кеңестер  беріп  отырған 

жөн деп білемін. Ал ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс 

бағыттарын  ұстанбайтын  отбасылар  да  болады.  Балалар  ата-аналарының  «ерекше» 

қамқорлығында  болуы  мүмкін,  осыған  байланысты  менмендік,  өзімшілдік  ойы  басым 

дамитынына көзім жетті. Ал бұл жағдай педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Сонымен 

бірге,  психолог,  тифлопедагтың  кеңесіне  де  жүгініп  отырады.  Ең  қиыны  өмірімізде  дау-

жанжалды отбасылардың да кездесетіні. Ата-аналардың баласымен ісі болмайтынын да көріп 

жүремін.  Әрине,  бұл  жерде  ешқандай  парасатты  тәрбие  туралы    сөз  болуы  да  мүмкін  емес 

екені түсінікті. Мұндай жағдайда оларға мамандардың ақыл-кеңесі қажет болады және үнемі 

қадағалауға  алынуы  тиіс.  Ұрпақтар  арасындағы  сезімталдық,  көңіл-күй  байланысы  жиі 

бұзылып тұратын отбасылар да кездесіп тұрады. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, 

әжесі,  аға,  апа  қамқорлығындағы    балалар  да  бар.  Мұндай  отбасыларымен  психологиялық, 

педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіп отыруды басты міндетімнің бірі деп білемін. 

«Тәрбие-тал  бесіктен  басталады»  деп  халқымыздың  ежелгі  салты  мен  тамаша  дәстүрі 

заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.О.Әуезовтің  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  деген 

қанатты    қағидасында  да  үйлесім  табуы  бекер  емес.  Балабақша  мен  ата-аналар  жеткіншек 

ұрпақтарымыздың адами қарым-қатынасын қалыптастыруға, қоғам тірлігі үшін материалдық 

өндіріс  саласында  еңбек  етуге  даяр  болуына,  еңбек  ету  қажеттілігін  ажырата  білуіне, 

музыкаға,  өнерге,  әдебиетке  ынтасын  үнемі  жетілдіруде  бірлесіп  еңбек  етсе  ғана  бұл 

бағыттағы барлық мақсаттың орындалғаны. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

 «Бала мен балабақша» журналы. 



2.

 

«Отбасы және балабақша» журналы. 



3.

 

М.М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология» 

 

 

 



281 

 

АТА- АНАЛАРМЕН БІРІГЕ ОТЫРЫП БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ 



 

 

Ильяшова Б.Ф. 

Әшен А.А. 

Жамангарина М.А. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

 



Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет аталып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып, тұңғыш Ата 

заңының  қабылдануы,Білім  беру  заңының  қабылдануы  ұрпақ  тәрбиесі  жөнінде  жаңаша 

ойлануды, оны жақсарту жолдарын айқындай түсуді талап  ететіндігі сөзсіз. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  шамасына  қарай  қабілет  ерекшелігін  арнайы 

зерттеген көрнекті психологтар мектепке дейінгі балалардың өмірі, айналадағы дүниені танып 

білуге,  білімге  құштарлығының  мол  екенін  педагогикалық  психология  дәлелдеп  отыр.  Сол 

себепті мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті  «Біз мектепке барамыз» бағдарламасын 

басшылыққа ала отырып, қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте 

отырып, олардың ой- өрісін,білім деңгейін кеңейту, сана – сезімін, таным, қабылдау әрекетін 

балабақша, отбасымен біріге отырып дамыту. 

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, яғни, ата, әженің, әке – шешенің өнегесі, 

өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай  игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да  сол 

өнеге өсиет, білім оларға  сарқылмас қазына  болары сөзсіз. 

Колледж оқытушылары мен  студенттерінің мақсаты болашақта мектеп жасына дейінгі 

балаларды  ата-  аналармен  біріге  отырып  мектепке  дайындау.  Педагогтармен  бірігіп, 

кездесетін  қиыншылықтарды  бірге  шешіп,  бала  бойындағы  адамгершілік  құндылықтарды 

қалыптастыру.  Білімдерін  дамытып,  салт  –  дәстүрлерді  сақтап,  балабақшадан,  отбасынан 

алған тәрбиесін, білімдерін мектепте ұштастырып, қолдана білуге  тәрбиелеу. 

Сонымен қатар баланы мектепке дайындау. Тұлға ретінде өзін ұстай білу, көрсете білу. 

Баланы балабақша мен  отбасы біріге тәрбиелеп, білімін  пайдалана білуіне ықпал ету. 

Балаларды мектепке дайындауда  өзекті мәселе, балалар  балабақшадан кейін мектепке 

барған  кезінде,жаңа ортада өзінің балабақшадан  алған білімін, өнерін,белсенділігін ашылып 

көрсете алмауы.  

Сондықтан  балабақша  тарапынан  мектеп  жасына  дейінгілер  мен  бастауыш  сынып 

арасындағы сабақтастықты жүйеге келтіру. 

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ 

мазмұндық жүйе, баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті 

өтуге  бағыттау,  екіншіден  білім  берудің  әдістемелік  жүйесінің  әрбір  компонентінің 

үйлесімділігі. 

Ә. Бидосов былай деген “Сабақтастық дегеніміз  – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш 

мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті 

байланыстар мен қатынастар орнату”. 

Балалар  білім  икемдігі  мен  машықтарын  пайдалану  және  одан  әрі  дамыту  кезінде 

олардың  оқу  ісінде  әр  алуан  байланыстар  орнату,  жаңа  білім  мен  бұрынғы  білімді  өзара 

байланыстыру.  Сонымен  бірге,  білімді  кеңейту  мен  тереңдету,  оқығандарды  жаңа,  жоғары 

деңгейде байыптау. 

Балабақша  мен  мектеп  арасындағы  байланыс  формаларының  сабақтастығын  екі  өзара 

байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық. 

Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен 

өзара  танысуын,  балабақшаның  жоғарғы  топтары  мен  мектептің  бірінші  сыныбы 

бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары 

мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  біріккен  педагогикалық  кеңестерінде  және    ата-  ана 



282 

 

жиналыстарында  балалардың  мектепке  дайындығы  мәселесі  бойынша  жұмыстарды  жүзеге 



асыру керек. 

Екінші, тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ 

оқушыларымен  алдын  ала  танысуы,  екінші  жағынан,  тәрбиешілердің  бұрынғы 

тәрбиеленушілерді  бақылап  отыруымен  бейнеленеді.  Берілген  мазмұнды  жүзеге  асыру 

формалары:  мұғалімдердің  болашақ  оқушылармен  танысу  үшін  балабақшадағы  дайындық 

топтарға  жүйелі  қатысуы,  олардың  іс  -  әрекетін  бақылау,  балалардың  диагностикаларының 

нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу. 

Қазіргі  оқу  тәжірибесінде  мектепке  дейінгі  және  бастауыш  мектеп  оқуындағы 

сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, 

балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың 

талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. 

 Екінші,  бастауыш  мектепке  дейінгі  білімдер,  іскерлік  және  дағдыларды  дамыту 

тактикасына  негізделеді.  Мұнда  В.  В.  Давыдовтың  белгілеуі  бойынша,  бастауыш  мектеп 

оларды  жүйелейді  және  жалпылайды,  оқуға,  жазуға,  санауға  және  т.  б.  үйретеді.  Біздің 

көзқарасымызша, бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне қарағанда көп қаланады. 

Жалпы алғанда оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жүйелілік 

принципінің  тармағы  ретінде  қарастырылады.  Әдіснамалық  тұрғыдан  алғанда  сабақтастық 

оқу  -  тәрбие  процесіндегі  өзіндік  көрінісін  сипаттайды,  яғни  ескінің  жаңамен  алмасуын, 

жаңаның  құрамында  ескінің  қолданыс  табуын  және  оның  жақсы  жақтарын  сақтай  отырып 

үйлесімді дамуынан, ілесе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту 

процесінің құмаларының бәріне тән атап айтқанда, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің, 

мазмұны  мен  әдістерінің, құралдары  мен  ұйымдастыру  формаларының  арасындағы  қажетті 

байланыстарды білдіреді. 

Ата-  анамен  біріге  отырып  баланы  мектепке  дайындау  баланың  сезімдік  тәжірибесін 

байыту,  ретке  келтіру.  Барлық  психикалық  қасиеттерді  дамыту.  Ойлау  операцияларын 

қалыптастыруға даярлау. 

Негізгі әрекеті: ойын әрекеті 

Дидактикалық  ойындар  арнайы  мақсатты  көздейді  және  нақты  міндетті  шешеді. 

Ойынның  мақсаты  бағдарламада  анықталған  білім,  білік,  дағдылар  жайында  түсінік  беру, 

оларды  қалыптастыру,  тиянақтау  және  пысықтау  немесе  тексеру  сипатында  болып  келеді. 

Ойынның  міндеті;  баланың  қызығушылығын  оятып,  белсенділігін  арттыру  мақсатында 

іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне 

тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.Тиімді қолданылған ойын түрлері тірбиеші мен 

ата  -ананың  түсіндіріп  отырған  материалын    болашақ  оқушылардың  аса  зор  ілтипатпен 

тыңдап,  жемісті  меңгеруіне  ықпал  етеді.  Өйткені  бастауыш  сынып  оқушылары  жас 

ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. 

Болашақ оқушыны психикалық тұрғыда дайындаудың нәтижесінде  өзінің іс - әрекетін 

басқара білуді, өзбетінше, ересек адамдар тәрізді жұмыс істей білуді сезіну. Жеке тұлғадағы 

өзгеріс: Эмоционалды - жігердік аймақтың қалыптасуы. “Мен” феномені. 

Ата- аналармен біріге отырып балаларды ммектепке дайындаудағы міндеттер: 

- әлеуметтік ортада баланы қарым - қатынасқа даярлау; 

- жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін дамыту; 

- оқу еңбегін ұйымдастыруға дағдыландыру; 

- оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру; 

- осы бағытта ата - аналармен әңгіме жүргізу; 

- психологиялық зерттеулер қорытындысын оқу - тәрбие үрдісінде басшылыққа алу. 

Баланы мектепке дайындауды жүзеге асырудағы тәрбиешінің әрекеттері: 

- әрбір балаға педагогикалық - психологиялық карта бастау; 

-  оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісін  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының 

философиясының негізінде ұйымдастыру; 

- бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып, таныстыру


283 

 

- бастауыш сыныптардың апталық жиынына қатысу (2 - ші жартыжылдықтан); 



- бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру; 

- әрбір балаға, сыныпқа педагогикалық мінездеме жазу; 

- әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтау; 

-  балаларды  мектептің  бірыңғай  тәртіп  талабымен  таныстырып,  талапты  орындауға 

баулу. 

Сөйтіп,  тәрбиеші  ата  -  анамен  біріге  отырып  балабақша  мен  мектептің  байланысын 



орнату үшін, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын біріге дамыту жолымен 

жүргізілуі керек. Мектеп белгілі бір мектепке дейінгі мекемемен бірігіп тәрбиелік шараларды 

бірге  өткізу;  мектепте  1  -  сыныпқа  оқушыларды  қабылдауда  балабақша  тәрбиешілерін 

қатыстыру, мектеп туралы кинофильмдер көрсету, кездесулер ұйымдастыру, ал  ата -ана үйде  

психологиялық тұрғыда көмек  көрсету қажеттілігі туады.Осындай  атқарылған жұмыстардың 

нәтижесінде тұлға ретінде өзін ұстай білетін, өзін көрсете білетін тәрбиелі, балабақшада алған 

білімін мектепте ұштастыра, пайдалана білетін, кездесетін қиыншылықтарды  шешуге дайын, 

бойындағы адамгершілік құндылықтары қалыптасқан тұлға дайындау біздің міндетіміз. 



 

 

 



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС-ЖАҢА ЗАМАН  ТАЛАБЫ 

 

 



Иманбаева   Г. А. 

«Бәйтерек» балабақшасы, КМҚК 

 

 

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын 



қоғам  сұраныстарына  сәйкес  құру  көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Осыған  орай, 

мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, оқу- тәрбие үдерісінде 

инновациялық  технологияларды  қолдануға  бағыт-  бағдар  беру,  озық  іс-  тәжірибелер  мен 

идеяларды насихаттау негізінде жүргізіледі.  

Инновациялық іс - әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу- 

тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі 

педагогика  мен  психология,  әлеументтану,  медицина  саласындағы  ғылыми-  зерттеу 

жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Инновациялық технологияларды меңгеру 

педагогтың  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  шығармашылық,  зерттеушілік  т.б. 

қасиеттерінің  қалыптасуына  оң  әсерін  тигізеді,  әр  педагог  өзін-  өзі  дамытып,  оқу-  тәрбие 

үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

Жолдауында:  «Біздің  жұмыстарымыздың  білім  беру  саласындағы  басымдықтарында  бүкіл 

әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген 

болатын [1.89-б.].  

Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру 

мен  мектепке  дейінгі  білім  берудің  сапасына  оң  әсер  етеді.  Қазіргі  заманғы  педагогтардың 

инновациялық  технологияларды  білуі  уақыт  талабы.  Алайда  мектепке  дейінгі  білім  беру 

жүйесінде  технологияларды  пайдалануда  бірқатар  қиындықтар  байқалады,  олар:  

Педагогтардың  технологиялардың  құрамдас  құрауыштарын  жеткіліксіз  білуі;  



-  Тәжірибе  барысында  тұтас  технологияны  емес,  оның  элементтерін  пайдалануы;  

Педагогикалық 



жүйені 

тұтас 


көру 

дағдысының 

жоқтығы;  

-  Жұмыс  тәжірибесіне  сапа  енгізуді  бастамалайтын  технология  идеяларын  қате  түсіну;  

Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі 

құндылығы ретінде тану, оның рухани жан-  дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму 

ерекшеліктеріне  сәйкес  өзіндік  дамуына  жағдай  жасау  мәселесі  ескерілмейді.  


284 

 

Осындай  мәселелер  тек  әдістер,  формалар  мен  құралдар  түрінде  ғана  қолданылатын 



педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.  

Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тәрбие  –  адам  қалыптасуының  алғашқы  баспалдағы. 

Балабақшадағы  тәрбие  бала  табиғатына  ерекше  әсер  етіп,  оған  өмір  бойы  өшпестей  із 

қалдырады.  Осы  орайда  заман  талабына  лайық  тәрбие  мен  білім  беру  жұмысын  кешенді 

ұйымдастыру  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  шығармашылық,  инновациялық 

жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын 

өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің 

бастамасы,  әрі  жан-  жақты  тәрбие  мен  дамыту  ісінің  түпкі  негізін  қалайтын  орын.  Бала 

бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып  олардың  өнегелі,  тәрбиелі  болып 

өсуіне  балабақша  ошағының  тигізер  әсерінің  маңызы  зор.  Бүгінгі  күнгі  балабақша  – 

болашақтың  балабақшасы  мәдени  саналы,  халықтың  мәдениетке  жүйеленген  жеке 

бағыттылық баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін- өзі 

тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген, 

өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланысқан, әлеуметтік өмірге 

бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытатын, жетілдіретін балабақша болуға 

тиісті.  Сондықтан  да,  мектепке  дейінгі  мекеменің  жаңашылдығы  тек  балабақшадағы  оқу- 

тәрбие жұмысын ғана қамтып қоймай, сол балабақшаның қызметкерлері мен тәрбиешілерінің 

де түгелімен өзін- өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді, 

сондай-ақ кәсіптік салалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуіне тура 

келеді.  Балабақша  қызметкері  шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатын,  педагогикалық 

қызметтің  барлық  келеңді-келеңсіз  жақтарын  зерттеп,  меңгеруге  ынталы,  кез-келген 

педагогикалық  жағдайда  өзінің  білімділігі,  парасаттылығы,  ақылдылығы,  мәдениеттілігі, 

іскерлігі,  шеберлігі  арқасында  шеше  алатын,  педагогикалық  үрдістің  нәтижесін  жақсартуға 

ұмтылған  тәрбиеші  болуға  тиісті.  Ізденушілік  қызметтің  алғышарттарын  қалыптастыруға, 

проблеманы  шешудің  мүмкіндік  әдістерін  ересектің  көмегімен,  ал  адам  кейін  өздігінен 

анықтау  шеберлігін  дамытуға  тырысамыз.  Мектеп  жасына  дейінгі  үлкен  балалардың 

танымдық белсендігін ынталандыру мақсатында жобалық қызмет жүргізіледі. 

Жобалар әдісін алғаш  бастаушы америкалық педагог В.Кильпатрик болып есептеледі. 

С.И.Ожеговтың  түсіндірме  сөздігінде  «жоба»  -  бұл  пиғыл,  әзірленген  жоспар:  қандай  бір 

құжаттың  алдын  ала  жасаған  мәтіні.  Жобалау  әдісінің  негізгі  мақсаты:  баланың  еркін 

шығармашылық  жеке  тұлғасын  дамыту,  ол  балалардың  міндеттері  және  зерттеушілік 

қызметімен  анықталады.  Балалардың  психологиялық  сауаттылығы  мен  денсаулығын 

қамтамасыз ету, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыту, қатынас-

байланыс  дағдыларын  дамыту  жоба  міндеті  болып  табылады.  Осы  ойларды  тұжырымдай 

отырып мен де жобамен жұмыс жасауды ұйғардым. Қазіргі заман ағысымен балалар көбінесе 

теледидар алдында, компьютерде отырады, керек десең далаға шығып ойнауға да ынтасы жоқ. 

Топтағы  балалардың  бойынан  еңбек  етуге,  табиғат  бұрышында,  өзі-өзіне  қызмет  етуде, 

серуенде,  тұрмыстық  шаруашылық  еңбек  әрекеттері  толық  қалыптаспағанын  байқап 

«Балабақшадағы  бала  еңбегі» атты жобаны қолға алып, осы мәселені өзекті етіп қойдым. 

Бала еңбегін тек балабақшада ғана емес, сонымен қатар отбасында да одан әрі дамытып 

жүргізу мақсатында ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарын қалыптастырдым. Күннің II 

жартысында  еңбектің бір  түрін  жоспарлап,  соған  сәйкес  жұмыс  жүргіземін.  Қызығушылық 

танытқан ата-аналарды қоса қатыстырып жұмыс барысын түсіндіріп отырамын. 

Балалардың  еңбекке  деген  дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру,  өз-өздеріне  қызмет  етуге 

үйрету,  бір-біріне  кедергі  жасамай  еңбек  етуге  үйрету.  Ойнап  болған  соң  ойыншықтарын 

орын-орнына жинауға тәрбиелеу. Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру 

ойын  бұрышындағы  кезекшілікті  атқаруға  үйрету.  Үлкендердің  көмегімен  гүлдерді  суару, 

ағаштарға су құю, оқу құралдарын тарату, ас ішу кезінде тарелка, қасықтарды қойып шығу 

сияқты жұмыстарды үйрету. Үлкендердің еңбегінің және еңбектің қажеттілігі жөнінде түсінік 

беру.  Балаларды  алдына  мақсат  қоя  білуге,  оған  жетуге  үйрету  жұмыс  істеу  мәдениетін 

қалыптастыру. 


285 

 

Арнайы  жабдықтарды  дұрыс  пайдалану,  қадірлеу,  қайта  орнына  қою,  бір-біріне  көмек 



көрсетуге  тәрбиелеу.  Балаларды  жұмысты  бастап  оны  аяғына  дейін  жеткізуге  тәрбиелеу. 

Балабақшадағы  еңбек  жұмыстарына  қатысу,  ұжымдық  еңбекке  үйрету.  Ертегі,  әңгімелерді 

кейіпкерлер  арқылы  «Еңбек  түбі  -  зейнет»  екенін  түсіндіру.  Үлкендер  еңбегін  құрметтеуге 

баулу.  Мысалы:  «Бір  уыс  мақта»,  «Бұзау  бақтым»,  «Көйлекті  маған  кім  берді?»,  «Қайдан 

келдің,  бауырсақ?»  деген  әңгімелер  арқылы  барлық  заттардың  еңбекпен  келетіндігін 

түсіндіру.  

Алдыма мынандай мақсат қойдым: 

Өзіне-өзі  қызмет  ету  еңбегі    баланың    балабақшаға    келген    күннен  бастау    алып, 

балалардың өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне сенімін қалыптастырып, ұқыпты 

әдемі, өзі киіне алу біліктілігі, сыртқы келбетіне қарай алуы. Балалардың табиғаттағы еңбегі, 

өсімдіктер  мен  жануарларға  күтім,  бақшада  көкөніс  өсіру,  үлескені  жасылдандыру, 

аквариумды  тазалауға  араластыру.  Қол  және  көркем  еңбегіне  табиғи  материалдар,  қағаз, 

қатырма  қағаз,  мата,  ағаштан  бұйым  жасау.  Бұл  еңбек  түрінде  балалардың  қиялы, 

шығармашылық қабілеттері дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті дамып, ұстамдылыққа, бастаған 

ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді. Балаларды еңбекке баулуды тек балабақшада ғана емес, 

отбасында да жалғастыру. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы 

жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйренудің алғашқы қадамы. 

Осы мақсатқа қол жеткізуде баланың жас ерекшелігін, психологиялық мүмкіндіктерін 

ескере  отырып  балалармен  жүргізілетін  жылдық  жоспар  құрастырдым.  Бұл  жоба  төрт 

кезеңнен тұрады. 

1 кезең: - ұйымдастырушы 

-

 



әдебиет жинау 

-

 



жобаға сәйкес әдебиеттермен танысу 

-

 



жұмыс түрлерімен танысу 

2 кезең: - жобаның жылдық жоспары 

-

 

бала еңбегін оқу іс-әрекеттерімен кірістіру 



-

 

бала еңбегін түрлеріне байланысты бөлу 



-

 

жұмыс түрлерімен танысу 



3 кезең: - жобаны жүзеге асыру 

-

 



бала еңбегін оқу іс-әрекетіне пайдалану 

-

 



күннің II жартысында еңбекке үйрету 

-

 



әртүрлі ойындарға еңбекті қолдану 

4 кезең: - бала еңбегін ашық сабақта қолдану 

-

 

еңбектің бір түрін көрсету 



-

 

жоба бойынша слайд көрсету 



-

 

жоба бойынша жазбаса есеп беру. 



Алдыға    қойған    міндетім:  балаларды  еңбек  түрлерімен  және  кәсіптермен  таныстыру. 

Ұжымдық еңбекті татулықпен ұйымдастырып атқаруға үйрету. Еңбектің әр түріне баланың 

қызығушылығын ояту, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуді қолдау. Өз 

қолымен  жасаған  еңбегіне  қуаныш,  мақтаныш  сезімін  тудыру.  Еңбекке  қызығушылығын 

тәрбиелеп  жағымды  көзқарас  тудыру.  Өз-өзіне  қызмет  етуі  балабақшада  және  отбасында 

еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесу. 

Еңбек  етуге  жат  қылықтар:  Еріншектік,  жалқаулық,  шалағайлық,  ұқыпсыздыққа 

жиренуге  баулу,  яғни  жол  бермеуге  тәрбиелеу.  Бақыт  адамға  еңбек  арқылы  келетінін 

ұғындыру. 

Гүл өсірсең терлеп, 

Бұның аты – еңбек. 

Кесте тіксең зерлеп, 

Бұның аты - еңбек. 

Қиындықтың бәрін 



286 

 

Еңбек қана жеңбек, деген өлең жолдарын айта отырып болашақ біздің ізбасарларымыз 



жас  жеткіншектерге  «Еңбек  түбі  –  береке»,  «Еңбек  ер  атандырады»,  «Еңбектің  наны  тәтті, 

жалқаудың жаны тәтті» екенін айтқым келеді. 

К.Д.Ушинский  талаптарының  ең  бастыларының  бірі  -  еңбек-сүйгіштікке,  еңбек  ете 

білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол 

адам  қоғамның  лайықты  азаматы  бола  алады  деп  білді  Ушинский  баланың  санасына  сәби 

кезінен-ақ,  еңбек  етудің  қажеттілігі  мен  маңыздылығын  ұялатуды,  пайдалы  іс  істеуге 

тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді 

ұсынды [2.23-б].  

 Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді 

отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған. 

Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі 

Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған. 

Қазақ  халқы  жастарды  еңбекке  баулығанда  күнделікті  кәсібіне,  тұрмыс  тіршілігіне 

байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған. 

Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою 

ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер 

санаған. Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика 

теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам 

мүшелерінің  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  адам  материалдық  және  рухани  құндылық 

жасайды.  Шығармашылық  еңбек  барысында  адам  өз  күшінің  шамасын  және  қабілетін 

анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-

жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы 

қатынасу болып табылады. Міне,  осыны ескере  отырып  мен  өз  жобамда  ата-аналарды да  

қамтимын. ата-ананың  еңбегін  көріп өскен бала     еңбектің  қадірін  түсінеді. Ата-аналар  

балаға  еңбек  етудің  жолын тек  отбасындағы  іс-әрекеттері  арқылы ғана  көрсетіп қоймай,  

балабақшаға да  келіп,  қоғамдық жұмыстарға  белсене  ат  салысып,  үлгі  болуда.   

Балабақшамыздағы  сыртқы  безендіруі  таза  табиғи  және  құнсыз  заттардан  жасалынып 

төңірегімізді көркейтіп тұр. Тәрбиеленушілердің табиғатты танып білуге және оның тылысым 

тынысының өздік ерекшіліктерін түсінуге  арнайы еңбек  құралдары  қамтылған  тобымыз бар. 

Балалар тірі  және өлі табиғат  арасында, тірі  организм мен олардың өмір  сүру ортасындағы 

байланыстарды  орнатуға  үйреніп  табиғатпен  етене    байланыста  болады.  Жаз  мезгілінде  

балалар    еңбекпен    танысудың    түрлі    тәжірибелік    жолдарынан  өтеді.  Ол  жолда  балалар 

құмырсқа иілеуімен, шағын тоғанмен, аралардың еңбегімен, жәндіктер әлемімен танысады. 

Балалар бақша ішінде тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкеністердің өсіп-жетілуін бақылайды 

және  әлемнің  қызықты  жерлерімен  танысуға  мүмкіндік  беріледі.  Ол  үшін  «мысыр  елінің 

пирамидасы»    жайғасқан,  «кактустар  әлемі»,  «орыс  халық  ертегілері»  және  «қазақтың 

жайлауы» сияқты бұрыштарды  ата-анлардың  қолдауымен  ұйымдастырудамыз. Тәрбиелеу 

мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерге ,жоспарлау мен 

ұйымдастыруға  қатыстыру,    ата-аналардың  балабақшамен  тығыз  байланыста  болуы. 

Балабақшамыздың  әдемілігін  айқындап  тұрған    түрлі    қол  еңбегінің    маңызын  балаларға  

жеткізіп отырамын. 

Біздің  заманымыз  жаңа  технология  мен  компьютер  заманы.  Соңғы  жылдары  біздің 

өмірімізге  түбегейлі  өзгеріс  енгізді.  Сонымен  бірге  педагогтың  де    рөлі  өзгерді.  Ол  енді 

жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде 

болады.  Жаңа  технологияның  дамуының  арқасында  балалардың  дамуына  да    үлкен  үлес 

қосылды.    Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейіне  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 

педагогикалық технологияны енгізуді  өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу-тәрбие 

үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында  бақша  ішіндегі  іс-шараларды 

бейне суреттер арқылы тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген 

қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге 

жол  салу  да  жас  ұйымның  алдына  қойған  мақсаттарының  бірі.  Заман  талабына  сай 


287 

 

технологияларды  қолдану  ауқымы,  түрлері  сай    өзгеріп  отырады.  Бірақ,  ең  басты 



технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек екенін ұстаз ешқашан ұмытпауы тиіс. 

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет