Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29.2 Mb.
Pdf просмотр
бет48/102
Дата30.12.2016
өлшемі29.2 Mb.
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102

 

 

В  таблице  имеется  графа,  где  воспитатель  оценивает  эффективность  проделанной 



коррекционной работы ребёнком символами:               

                 - задание не выполнено. 

 

                -задание выполнено с помощью взрослых, допущены ошибки. 



 

                -задание выполнено самостоятельно, но с мелкими недочётами. 

 

                - задание выполнено самостоятельно, без ошибок. 



 

На  основании  оценочной  системы  воспитателя,  логопед  строит  дальнейшую 

коррекционную работу. 

В конце каждой тетради - взаимосвязи имеются приложения:  

 № 1 «Артикуляционная гимнастика»; 

№2 «Артикуляционные профили»; 

 №3 «Автоматизация звука в слогах».   

1. 


 

 

 



 

2. 


 

 

 



 

3. 


 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


352 

 

 Данные  приложения  содержат  материал  для  индивидуальной  работы  с  ребёнком,   



который использует воспитатель. В графе «Индивидуальная работа» логопед указывает номер 

приложения и номер задания, что упрощает заполнение тетради. 

Таким  образом,  мы  считаем    данный  комплект  практических  пособий  «Тетрадь  

взаимосвязи логопеда и воспитателя   «Обучаем вместе» для детей с ОНР 3-6 лет  поможет  

логопеду  привлечь  воспитателей    речевых  групп,    правильно  организовать    и  провести 

эффективную коррекционную работу с детьми логопедической  группы. 

 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ІС – 

ӘРЕКЕТІНДЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КӨМЕГІ 

 

 

М.А. Кошанова 

№114 «Бакыт» балабақшасы КМҚК  ән-күй жетекшісі 

 

 

                                                                                        Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

                                                                                  Қиыннан қиыстарар ер данасы. 

                                                                                    Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

                                                                                         Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы. 

Абай Құнанбаев  

Шығармашылық  бойынша      жеке  тұлғаны  қалыптастырудың    маңызды  орындарының 

бірін   өнер  иеленеді. Ол адам бейнесіне, оның психологиялық үрдісіне әсер етеді, моральдық 

–  этикалық  қасиеттерлі  тәрбиелеуге  көмек  болады.  Өнерлердің    ішінде  заманауи  дүниенің 

неғұрлым түсінікті және жалпыға қолжетімді тілі  - музыкаға ерекше мән берілген.  Балаларды 

ерте  жастан  музыкаға  қызықтырудың,    шығармашылық  қабілеттері  мен  дарындылығын  

анықтаудың,  олардың рухани мәдениетін тәрбиелеудің өмірлік қажеттілігі өте  мол. Музыка 

адамның ойы мен оның қызметін  жүйелеуге көмектеседі, математиканы, тілдерді зерделеуді, 

орнықты ұзақ  мерзімдік жадтың дамуын жеңіл етеді. 

Еліміздің ертеңгі болашағы -  бүгінгі  өсіп келе жатқан  ұрпақ. Сондықтан отбасынан 

бастап  қоғамдық  мекемелерге    дейін  ұрпақ  тәрбиесіне  аса  жауапты  қарау  баршамыздың  

негізгі міндетіміз. Себебі, Егеменді еліміздің  ертеңгі оқу – білімнің, тәрбиенің тереңдігімен 

өлшенеді.  Осы  салада,  қазіргі  даму  барысында  мәдениеттің  көп  саласы  құрылымы 

қалыптасуда.  Соның  бірі    музыка  –  эстетикалық  тәрбие  берудің  көзі.  Жалпы  музыкалық  – 

этетикалық сана мен музыка мәдениеті қалыптасатын негізгі құралы – музыканың өзі болады. 

Музыкалық  –  эстетикалық  сана  деңгейі  музыкалық  қабілеттердің  дамуына,  сонымен  қатар 

балалардың жалпы дамуына көптен – көп әсері бар. 

Музыкалық  -  эстетикалық  сананың  бастапқы  формалары  ерте  кезде  анықталған.  

Шамамен  3  жасқа  дейінгі  музыкалық  эмоциялар,  музыкаға  деген  мұқтаждық  қалыптасқан,  

төртінші жылынан бастап музыка  қызметінің белгілі түрлеріне қызығушылық танытады, алты 

жастан  бастап бағалау қабілеті қалыптасады, осылай музыкалық талғамның басы туындайды.  

Балалар өзінің орындаушылығын саналы түрде бақылайды,  музыка тілінің құралдары туралы 

пікірлерін білдіреді.  Бұл музыканы саналы түрде қабылдаудың алғы шарттарының  бірі.    

 Музыкалық  тәрбие  –  бұл  балалардың  музыка  мәдениетін  меңгеруіне,    олардың 

музыкалық  қабілеттерін  дамытуға  және  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптасуға 

бағытталған  арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс. Ондағы мақсат:  

- музыка туралы білім қалыптастыру;  

- орындаушылық дағдыларын жетілдіру;  

- эмоционалды ашықтығы мен музыкаға елеңдеушілік қабілетін дамыту; 



353 

 

-  Музыкалық  –  орындаушылық  дағдыларын    дамыту,  шығармашылық  қабілеттерін 



белсендендіру;  

 Музыкалық  тәрбиенің  бастапқы  ережелері  ретінде  оның  негізін,  яғни  тәрбиенің 

мазмұнын,  әдістерін,  ұйымдастыру  формаларын  айқындайтын  қағидалар  құрайды.  

Қағидаларды таңдай музыканың ерекшелігіне және мектеп жасына дейінгілердің  психикалық 

ерекшеліктеріне байланысты.  

Музыкалық тәрбиелеу үдерісінің  даралау және саралау қағидаты педагогтың әр баламен 

оқу – тәрбие үдерісінде оңтайлы нәтижеге жету мақсатында педагогикалық әсер етудің әртүрлі 

формалары    мен  әдістерін  икемді  қолдануынан  құралады.    Жұмыс  барысында  балалардың 

музыка қызметімен айналысуы  үшін  олардың қызығушылықтары, қабілеттері, мүмкіндіктері 

ескерілуі  қажет.  Түзетушілік  бағыттың  қағидасы  –  арнайы    әдістемелік  тәсілдерді  қолдану 

жолымен жүзеге аспақ.  

Музыканы  қабылдау  негізгі  ретінде  дыбыстық  көрнекіліктерді  пайдалану  музыкалық 

оқу  іс  –  әрекеттің  жетекші  әдісі.  Көрермендік    көрнекіліктер  –  бұл  картиналар,  суреттер, 

бейнежазбалар,  музыканың  графикалық  бейнесі,  сызбалар,  кестелер.  Алған  әсерлерін 

нақтылау үшін, таныс емес құбылысты, бейнені көрсетуге, музыкалық аспаптың бейнесімен 

танысуға,  дыбыстық    көрнекілікпен  үйлеседі,  дыбыстық  қабылдауға  септігін  тигізеді. 

Құрамдастырылған мультимедиалық көрнекіліктьерге, интерактивті тақтаны қолдану арқылы, 

оқу  киносы,    телеарна,  бейнефильмдер  жатады  Ән  айтуда  және  музыкалық  аспаптарда 

ойнағанда  кәсіби орындаушылықтан барынша  ерекшеленетін  орындаушылық  дағдылары  

мен  машықтарын    қалыптастырумен  қатар,    меңгерілген    түсініктер    мен  іс  –  әрекеттер 

тәсілінің  көмегімен музыкадан  алған өз әсерлерімен бөлісу мүмкіндігі барынша маңызды. Іс 

– тәжірибе әдісі деген – жаттығу, көрсету, ойнау болып табылады.  

Музыка  құралдарымен  сендіру  әдісі  ол  жарқын  бейнелі  музыканы  тікелей  тыңдап, 

туындыларды  орындау  барысында    балалардың  ой  –  санасы  адамдардың  іс  –  әрекеттері, 

сезімдері,  қызметі  туралы  жаңа    деректермен  толығады;  эмоционалды  саласы  –  әртүрлі  

күйініштер бояуларымен толығады.  Балаларда музыканың көмегімен қалыптасатын көңіл күй 

олардың танымдық, ойлау қызметін белсендіреді, табиғат көріністері, күнделікті құбылыстар 

туралы музыкадан тыс түсініктерінің  қалыптасуына ықпал жасайды.  Сендірудің  көмегімен 

олардың мінез – құлқы уәждемелік  негізде  өзгереді, білу, қызығушылық  үдерістеріне деген 

көзқарастары  өзгереді.    Сонымен,  балабақшадағы    музыка  оқу  іс  –  әрекетіде    уәждемені  

қалыптастыруға ықпал ететін қызметтің әртүрлі түрлері мынандай:  

-

 



Хормен және жеке ән орындау;  

-

 



Музыкалық аспаптарды ойнау;  

-

 



Музыка тыңдау;  

-

 



Музыкалық – ырғақтық қимылдар;  

-

 



Әндерді, бағдарламалық сипаттағы пьесаларды сахналау;  

-

 



Балалардың  тыңдаған және орындаған музыкасына қатысты әңгімелері (ойлары) 

-

 



Жеке шығармашылықтары: сүйікті музыкалық шығармаға салған суреті;  

-

 



Сөзжұмбақтар, ребустар шешу;  

-

 



Музыкалық викториналар, байқаулар;  

-

 



Коммуникативтік  ойындар.  

Музыкадан оқу – іс әрекетінде ОТҚ, көрнекілік құралдар, дидактикалық ойындар,  түзету  

және  қимылды  ойындар,  сызба  –  карточкалар,    ырғақты  би  жаттығулары,  бірге  қарапайым 

музицирлеу үшін музыка аспаптары қолданамыз.  

Сонымен,  музыка  жетекшісінің    өзекті  мәселесінің  бірі-  музыка  күшін  түсінетін  және 

оның  рухани  маңызын  бағалай  білетін  музыкалық  білімді  азамат  тәрбиелеу.    «Музыканың 

балаға  деген  әсері  өте  маңызды  да  пайдалы,  неғұрлым  бала  осыны  ертерек  сезінсе, 

соншалықты оған тиімді», - деген Белинский.   

Қазіргі  білім  мен  өркениеттің  дамыған  ғасырында  ой  –  өрісі  жоғары,  жан  –  жақты 

дамыған ұрпақ тәрбиелеуде  балабақшаның атқарар қызметі айрықша.  Балаларды мектепке 

сапалы дайындау, ойлау қабілетін дамыту, білімді меңгертуде қажетті мүмкіндіктерді қолдану 


354 

 

маңызды болып тұр.  Осы орайда, балабақшада оқыту мен тәрбиелеу  жұмысында  күнделікті  



іс – әрекет  кезінде  мультимедиялық техниканы, интерактивті тақтаны қолдануды   дамытуға  

ерекше мән беру қажет.  

 Баланың ақыл – ойының  дамуы тек қана белгілі бір мөлшердегі білім алу емес сонымен 

бірге,    есте  сақтау  қабілетінің  дамуы,  көз  алдында    бейнені  елестетіп,  көріп,  түрлендіру 

шығармашылыққа бейімдеп жан  – жақты танымдылықтың арқасында  ойлаған ойын тиімді 

және ыңғайлы істер шешу нәтижесінде  пайдалану оңай болады.  Ойлаудың  және есте сақтау 

қабілетінің жас ерекшелігіне  сай жоғарғы деңгейде дамуы бала  өмірінде орасан зор орын 

алады.  Осы кезде мультимедиялық техниканы, интерактивті тақтаны  қолдану арқылы  мектеп 

жасына дейінгі балалардың білімін, біліктілігін, шығармашылығын,  мінездік мәдениетін  ең 

жоғарғы  шығармашылық деңгейге жеткізе  қалыптастыра отырып дамыту  жүзеге асады.   

 Қазіргі заман балалары  компьютер, сотка деген түсінікті үш жастарынан бастап танып,  

әр  –  қилы  ойындар  ойнап,    логикалық      жұмбақтарды  шешу  біледі.    Сондықтан,    оқу  іс  – 

әрекеттер интерактивті тақтадан  көрсетілетін презинтация, флипчарт бағдарламалары арқылы 

құрастырылса    үлкен  жетістіктерге  жететінінде  күмән  жоқ.    Себебі,      осы  бағдарламалар 

арқылы    мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  ерекшелігіне  лайық,  қоршаған  орта 

таңғажайыптарымен  таныстыру  жеңіл  болады,  балалардың  естерінде  ұзаққа  сақталады, 

тілдері дамиды, ойлау деңгейлері өте жоғары болатынына  нақты сенімдімін. 

Мультимедиялық  технологияны  музыка  сабағында  қалай  қолдануға  болады?  -  деген 

сұрақтар    тұруы    ықтимал.    Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  музыкадан  оқу  іс  –  әрекетінің  

жүйесіне шолу жасайық.  

 Музыка  оқу іс – әрекеті мектеп жасына дейінгі балаларға  басқа  оқу іс – әрекеттерімен 

қатар  өте қажет. Ол балалардың эстетикалық, этикалық, рухани – адамгершілік, патироттық 

және  т.б.  сезімдерін    тәрбиеленуіне  зор  көмегін  тигізеді.        Ол  адам  бейнесіне,  оның 

психикасына әсер етеді, моральдық -  этикалық қасиеттерін тәрбиелейді. Өнерлердің ішінде  

заманауи дүниенің  неғұрлым  түсінікті  және  жалпыға қолжетімді  тілі – музыка. Балаларды 

ерте  жасынан  музыкаға    әуестендіру,  шығармашылық    қабілеттіліктері    мен  

дарындылықтарын  анықтап,  олардың рухани  мәдениетін тәрбиелеудің өмірлік қажеттілігі 

мол.   


Мектеп  жасына  дейінгі    баланың  музыканы  қабылдауы  –  бұл  ми  қабығында  адам 

талдауыштарына    әсер  ететін  заттар  мен  құбылыстардың  бейнеленуі.  Сонымен,  мектеп  

жасына дейінгі балалардың музыкалық қабылдауының дамуының жолдары:  

 



Тақырып бойынша сан алуан музыкалық материалды  іріктеп алу;  

 



Тәрбиелеу және оқытудың әдістемелік  тәсілдерін  жүйелеу;  

 



Бейнелік мазмұн, көркемдік және  форма  құралдары  тұрғысынан  алып қарағанда 

музыкалық және репертуарлық  материалды  біртіндеп күрделендіру; 

 

Музыка  жетекшісінің    қызметі:  балаларда  музыкалық  қабылдауды  белсендіру  мен 



дамыту;  

       Осы  орайда  мультимедиялық  техниканың  еңбегі  орасан  зор.      Мысалы: 

Балабақшадағы  музыкадан оқу іс – әрекетін өткізу жолына  шолу жасаймыз.  

Музыкадан оқу іс – әрекеті  бөліктерге бөлініп, жүеленіп жүргізіледі.  

 

 - Музыка залына маршпен кіру 



 

-  Ырғақты – қозғалыс, би қимылдарының үзінділерін жасау;  

 

- Оқу іс – әрекетке қонақтың  келуі;  



 

- Оқу іс – әрекеттерде тақырыпқа бағытталған жағдаяттардың тууы;  

 

- Тақырыа бойынша әңгімелесу;  



 

- Тақырып бойынша әр – қилы  композиторлардың шығармашылығын тыңдау, талдау.  

 

-  Ән  айтуға  дайындық  (жаттығулар,  дауысты  дыбыстар  О-А-У,  әр  –  қилы  әуендегі 



қысқаша әндер т.с.с) 

 

- Әнмен танысу, оны жаттау;  



 

- Дидактикалық ойындар(Әуеннің динамикасы, тембр, ритмге байланысты) 

 

- Толық би қимылдарын үйретіп, билету.  



355 

 

 



- Қимыл әрекетті ойындар (қасқыр мен қозы, тышқан мен мысық т.с.с) 

 

- Қортынды (не білдік, не үйрендік, сұрақ – жауап арқылы)  



Ендігі кезекте сабақтың схемасына назар аударыңыздар:  

1.

 



Балалар  музыка залына әуенмен немесе  маршпен кіреді.  Шарты шеңберге немесе 

толық шеңберге тұрады. 

2.

 

Ырғақты  қимыл  әрекеттер  жасалады.  Балалар  ырғақты  –  қимыл  әрекет  арқылы  би 



үзінділерін  билейді,  аэробика  биінде  билеуге  болады.      Бұл  ырғақты    қимылдарды  

интерактисті  тақтада  көрініп    тұрады,  балалар  оған  назар  аударып  жасатуға  болады.  Әр 

қимылдарды ырғағымен үндестіре отырып нәзік, әдемі жасауға баули,  дене  сұлулығына назар 

аудара отырып тәрбиелеуге ықпал етеді.  

3.

 

Келесі оқу іс – әрекетінің  жүйесі бойынша  тақырыпты түсіндіру. Қонақ келеді, келген 



қонақ бір тапсырмасын тақырып бойынша ала келеді. Ол тапсырманы интеактивті тақтадан 

көрсетуге болады.  Әр  шығарманың композиторларының  портретін, тақырыпты  түсіндіру   

бойынша  әр  –  қилы  слайдттар  құрастырылады.  Ол  балаларды    қызықтыратындай,    баурап 

алатындай  болуы керек. Музыкадан оқу іс – әрекетінің тақырыптары құрастырылған болашақ 

жоспарлар бойынша өткізіледі. Жоспарлар алдын ала, балалардың жас ерекшеліктерін ескере 

отырып,  барлық  білім  заңдарына,  стандарына,  бағдарламаларға  сүйене  отырып  жасалуы 

қажет.    Бағдарлама  құрастыру  алдында  әр  –  қилы  қазақ  елінің  мерекелі  күндері,  қазақ 

халқының    салт  –  дәстүрі,  тұрмыс  тіршілігі,  логикалық  ойлауға  байланысты  тақырыптар 

арқылы құрастырылады.  Құрастырылған тақырып презинтация ретінде интерактивті тақтада 

суреттер арқылы көрсетіліп, таныстырылады. Балаларды әр – қилы заттарды, тыңдаған ән – 

күлерді, естіген ертегілерді   мағынасы жағынан топтастыруға,  ажыратуға, салыстыруға, қиял- 

ғажайып ертегілер ойлап табуға, өлең шумағын суырып – салып, ойдан  шығаруға, ой өрісін 

дамыта отырып  сурет салу мүмкіндіктерін интерактивті тақта  арқылы көрсету, ойын арқылы 

таныстыру, балалардың  білімдерін ұштастыруға көп көмек көрсетеді. Бұл уақытта балалар өз 

көздерімен көріп отырып, қолдарымен жұмыс жасау  арқылы көп нәрсені  біліп, еске сақтау 

қабылеттері қалыптасады.  Музыка жетекшісі тек қана өзі тақтамен жұмыс жасамай, балаларға 

да  қысқаша  тапсырмалар  беру  арқылы  тақтамен  жұмыс  жасауды  үйретеді.    Жасалатын 

слайдтар көркемдігі жағынан  ашық  – жарқын бояулы болса,  әр  – қилы қимылдар жасаса,  

сөйлесе, көз қызықтыратын анимациялары болса оқу іс  – әрекет  жоғарғы деңгейде өтетіне 

сенімдімін. Бұл орайда балалардың ойлау қабілеттері, мәдени құзыреттіліктері арта түседі.     

4. Келесі жүйе бойынша әр-қилы композиторлардың тақырып бойынша  ән – күйлерін 

естірту. Естіген ән – күйлерін талдап, сұрақ – жауап арқылы мазмұнын ажыратып, сипатын 

анықтайды.      Интерактивті  тақтада  композитордың  суретін  қоюға,  немесе  видиороликтерді 

пайдалануға  болады.  Балалар  осылай  еститін  болса  тез  қабылдап,  естерінде  көпке  дейін 

сақтайды.   

5. Келесі кезекте  балалардың дауыстарын жаттықтыру. Музыкалық білім беруде мектеп 

жасына дейінгілерді  тәрбиелеуге, оның талғамын қалыптастыруға  ықпал  етуші сольфеджио, 

вакализдер.  Ән  жаттығуының  басты  міндеті  –  музыкалық  есту    қабілетін,  вокалдық  – 

интонациялық  жаттығуларды    ұйымдастыру  және  оны  дамыту.  Оның  қатарында  гаммалар, 

интервалдар, аккордтар, әртүрлі мелодимя айналымын әндету жатады.  Олар музыкалық есту 

қабілетін (мақамдық, үйлесімдік,  әуенді) дамытуға, ән айтуға,  әуен есту бойынша талдаудың  

іс -  тәжірибелік машықтарын тәрбиелеуге  септігін тигізеді. Жаттығу арқылы музыка тілінің 

элементтері  мен  дыбыстық  бейнесі    туралы  мәліметтері  бекітіледі.    Дыбыстық  аппараттың 

жұмысы  барысындағы    физикалық  сезімдер  мен    өз  орындауын  көп  реттік  тыңдаулар  есте 

сақтауға ықпал етеді. Қандай да бір элементті меңгеру үшін оны теориялық тұрғыдан, есту 

бойынша танудың қажеті жоқ- оны орындай білу қажет.  Дыбысталуды белсенді  өз бетімен 

орындаушылық мектеп жасына дейінгілердің  есту санасындағы дыбыстық бейнені нығайтады 

және  ішкі  күшті  түсініктерін    қалыптастырады.  Іс  –  әрекет  жүзінде  көрсетсек,  интеративті 

тақтада  жоғары, төмен  сызбалар арқылы айтқызуға болады, ол сызбаларды әр бағытта сызу 

арқылы балалардың  әуеннің қалай жылжый алатынын білуге, дауыс ырғағы арқылы, әуенді 



356 

 

дұрыс,  дәл  дауыстап  орындауға,  ырғақ  бағытын  ажырата  алуға  баули  отырып  тәрбиелеу 



дегенді қалыптастырады.   

6.Келесі кезекте ән жаттау, ән орындау. Халық әндері – сарқылмас қазына.  Ән – бұл тек 

ән айту мен жақсы көңіл күй ғана емес, сонымен қатар бұл – жұбату, үміт сыйлау. Вокалдық 

– ән шығармашылығы аспаптық орындау секілді қазақ халық мұрасының басты құрамдастары 

болып  есептеледі.  Ежелден  бастап  ауызекі  ән  өнері  әкеден  балаға  мұра  болып  қалған  және 

өскелең  ұрпақтың  күнделікті  тұрмыстағы  ауқымды  тәжірибесін,  жоғары  эстетикалық 

талғаммен,  өз  жеріне,  салттарына,  дәстүрі  мен  рәміздеріне  деген  сүйіспеншілігін 

қалыптастырды.    Дауыс-  бұл  өмір  бойы  адамның  жанынан  табылатын  аспап.  Вокалдық  – 

интонациялық ойлану қазақ халқына тән, себебі сөйлеудің негізін – сөз, ал музыканың негізін 

– әуен құрайды. Қазақ халқының ән өнері бүгінгі күнге дейін әртүрлі  жанрлар түрінде жетті 

және    оның  поэзиямен,  әдебиетпен,  заманауи    музыкамен  және    театрмен  байланысы  бар.  

Сондақтан,  әнді  жаттау  кезінде  интерактивті  тақтада  сол  әнге  байланысты  суреттер,    әннің 

ырғағына байланысты  сызбалар жасалса, балалар әннің ырғағын тез қабылдап, әнді  үйрену 

жеңілдейді,  балалардың  әнге  қызығушылығы  да  артады.  Әр  үйренетін  ән  балалардың  жас 

ерекшелігіне тән болады. Себебі: Әр жастағы балалардың дауысы әр – қилы дамиды.3 жастағы 

баланың  дауысы  әлі  баяу  дамыған  болады.    Оған  жасына  сай  ән  үретілмесе,  болашаққа 

тамағына жиян келтіріледі. 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың дауыс шығару деңгейі жақсы 

дамыған.  Олар  өлеңді  орташа  дауыспен  айтып  үрену  керек.  Балаларға  жоғарғы  дауыстағы 

әндер  берілмеуі  қажет.  Олардың  дауыс  диапазоны  осы  жастарында  жаңа  –  жаңа  дамып 

келетінін  білу  хақ.  Барлық  балалардың  ән  айту  диапозоны  «ми  –  си»  ноталарының  ара 

қашықтығында  болуы  қажет.  Ән  айтылу  кезінде  балалардың  интонациясын,  дикциясын, 

тыныс алу технологиясына басты назар аудару ең маңызда қағида. Мектеп жасына дейінгілер 

музыкалық тәрбиені дұрыс қабылдап, үйренсе, мектеп қабырғасына барғанда қиналмай ақ ән 

салып, би билей алады. Себебі: Балабақша мектеппен ұласса, мектеп жоғарғы оқу орынмен 

жалғасып ұласса, бала тәрбиесі мен оқу білімі өміріне өте көп септігін тигізіп, біздің Қазақстан 

еліміздің болашағы жарқын болар  деп сенемін.        

7.Келесі  кезекте,    дидактикалық,  қимыл  –  әрекет  ойындары  жасалады.  Ол  ойындарда 

музыканың  динамикасын  ажыратуға,  темпін,  тембірін  табуға,  ырғағын  ойнап  беруге 

құлшынады.   Ол ойындар интерактивті тақтада көрсетіліп, тапсырмаларды   әр – қилы  ертегі  

кейіпкерлер арқылы берілсе, балалар қызығып, жарыса орындайды.  

8.Келесі  кезекте  балалар  би  қимылдарын  билеуді  үйренеді.  Әр  сабақта  бір  –  екі  би 

қимылын  үйрене  отырып,  биді  әсем,  нәзік  билеуін  қалыптастырады.  Би  қимылдарын 

интерактивті тақтадан көріп, билесе тез үйреніп кетеді.  

9.Келесі кезекте қимыл – қозғалыс ойындары ойналады.  

10.Оқу іс – әрекет соңында  сұрақ – жауап арқылы  бекіту  жасалады.  Интеактивті тақта 

арқылы  өткен  тақырып  бойынша,  суреттері  арқылы  салыстыру,  топтастыру,  көрсетілген  

суретке сұрақ қою арқылы білімдерін, еске сақтау дағдысын дамыта отырып қортындылауға 

толығынан болады.  

 Қортындылай  келе,    балабақшадағы  оқу  іс  –  әрекеті  кезінде    мультимедиялық 

техниканы,  интерактивті  тақтаны  қолдана  отырып  барлық  пән  бойынша    оқу  іс  –  әрекетін 

өткізу өте тиімді,  әрі  қажет екені сөзсіз дәлелденеді. 

                                               

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Бала мен балабақша,-2015, №1  

2.

 



Отбасы және балабақша,-2003, №4  

3.

 



Отбасы және балабақша ,-2012, №4      

4.

 



Музыкалық жетекшісінің анықтамасы,-2014,№1,2,12   

 

 



 

357 

 

МУЗЫКАЛЫҚ ІС -  ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК 



СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

 

Кошанова М.А. 

№79 НОМ Шағын орталығы 

 

 

«Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың  бойына өзіміз қандай тәрбиені 

сіңіретінімізге тікелей байланысты» 

                                                                                         Н.Ә.Назарбаев 

Қазіргі уақытта жас ұрпаққа  рухани тәлім – тәрбие, білім беру заман ағымының талабы 

екені сөзсіз.  Егемен ел болашағының  ұрпақтарына сай білім беру, тәрбиелеу, ұлттық -  рухани  

негізінде  қатар,  үлестіре  жүргізуді қажет етеді.  Қазіргі қоғам ағынына сай ұл – қыздарды  

тәрбиелеп, оқыту азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық және азаматтық  қызметі.   

Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек жеңін жиіп, елдігін ерекшелей түскен қазақ елінің 

айрандай  ұйыған  айбынды  ел  болып  көпке  танылуы,  ең  алдымен  бүгінгі  өскелең  ұрпаққа 

тікелей байланысты. Сондықтан, еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани 

тәрбиесіне аса мән беруіміздің  қажеттілігі даусыз.  

Рухани  -    адамгершілік  сезім    жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші.  Рухани  – 

адамгершілік    негізінде  адамның  мінез-құлқы  қалыптасады,  ар-ұят,  өзін-өзі  бағалау  және 

адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның  өзі  мейірімділікке,  ізгілікке  шақырады.  Рухани-

адамгершілік  тәрбие    бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының  нормалары, 

ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.  

Рухани  -адамгершілік  тәрбиесі  жан-жақты  тәрбиенің  аса  маңызды  бөлігі  болуымен 

қатар,  ол  адамгершілік  –  қоғамдық  дамудың  жемісі,  әрі  қоғам  өміріндегі  өзгерістерге 

байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.  

Рухани  -  адамгершілік  тәрбиесінің  өзекті  міндеті  -  өзі  өмір  сүріп  отырған    кезеңдегі 

қоғамның  алдында  тұрған  мақсат   мүддесіне   сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын 

тәрбиелеу. 

Рухани - адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс.    

Сонымен рухани- адамгершілікке   баулу деген не?  

Рухани  -  адамгершілікке  баулу  дегеніміз  –  ол  адамдардың  үлкен  бе,  кіші  ме,  әрбір 

істеген  ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан 

өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі  болып табылады.    

Ал  қазіргі    жаңа  заман  кезеңдегі    білім  берудің  өзекті  мәселесі    де  жас  ұрпаққа  - 

адамгершілік  -  рухани  тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды 

қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет 

кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер 

айтылмаған.    Егер  де  осындай    мысалдарды  келтіре  беретін  болсақ,  бала  тәрбиесі  туралы  

көптеген қазақ халқының  мақалы – мәтелдері, әрқилы жағдаятты оқиғалары мен  тәрбиелік 

маңызы өте зор шешендік аңыздары көп.  Әр тәрбие беруші ұстаз ұстанымында   осы тәрбиелік  

маңызы зор әдеби құндылықтарды  пайдаланатын болса,  баланың бойына жастайынан ізгілік, 

мейірімділік,  қайырымдылық  ,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз  -  өзіне 

сенімділікті  тәрбиелейді.  Бұл  тәрбиелік  бағытта    отбасы  мен  педагогтар  да  шешуші  роль 

атқарады.  

 Рухани  - адамгершілік тәрбие  - екі  жақты процесс. Бір  жағынан ол үлкендердің, ата  - 

аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді  ықпалынан    болса,    екінші  жағынан  - 

тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан,  сезімдері  мен  қарым 

қатынастарынан  көрінеді.    Сол  себептен,    белгілі  бір  мазмұнды  істі    асыра,  адамгершілік 

ықпалының    әр  түрлі  әдістерін  пайдалана  отырып,  педагог  істелген  жұмыстардың 

нәтижелерін, тәрбиеленушілерінің  жетістіктерін зер салып талдауы қажет. 



358 

 

Рухани - адамгершілік тәрбиенің  әрқайсысының ерекшелігін  жетік білетін ұстаз,  халық 



педагогикасында  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты 

терең  білумен  қатар,  өркениетті  өмірмен  байланыстыра  отырып,  білім  беру,  тәрбиелеудің  

барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.  Ал ата-ананың болашақ  тәрбиесіне келетін босақ, 

олардың  жауапкершілігі ұрпақтан –ұрпаққа жалғаса бермек. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда 

соны  іледі»  дегендей,  ата-ананың  күн  сайын  атқарып  жүрген  жұмысы-  балаға  үлкен  сабақ.  

«Бала  –  ата  –  ананың  айнасы»  деген  де  сөз  бар.    Жас  балалардың  үлкендер  жасаған  іс  – 

әрекетін, айтатын сөзін бұлжытпай жасап, сол сөздерді қайталайтыны барлығымызға мәлім.  

Баланың үйден көргені, естігені- бала  үшін рухани -  адамгершілік тәрбиесінің ең  маңыздысы, 

демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға 

көрсетер , берер тәлімі мол болмақ.. 

Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің  қолдан  келетін 

жұмысты  ұйымдастыру  процесінде,  ойын  және  оқу  ісінде  жоспарлы  түрде  іске  асады. 

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан - 

жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған 

шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа 

бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке,  ұжымдық  пен  патриотизм 

бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана 

білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. 

Мектеп    жасына  дейінгілердің    бойындағы  мейірімділік  ,шыншылдық,  адалдық, 

тұрақтылық  сияқты  рухани  қасиеттерді  қалыптастыра  отырып,  өзін-өзі  басқаруына,  жеке 

тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, өз ортасында еркін сөйлеп, өз ойын еркін айта алатын 

дарынды,  қабілетті  ұл-қыз  тәрбиелеу    мақсатында  №  79  шағын  орталықта    көптеген  іс  – 

шаралар өткізіледі.  Бұл іс – шаралар қазақ халқының бай рухани көркем әдебиеттеді қолану 

арқылы, қазақ халқының салт – дәстүрімен таныстыру арқылы,  қазақ халық композиторлары, 

көркем  әдеби  жазбаларының    авторларын  таныстыру  арқылы,  қазақ  халқының  күйлері  мен 

әндерін таныстыру арқылы,  фолкьлорлық  шығармашылықтармен таныстыру арқылы  рухани 

– адамгершілік тәрбиені жетістіктерге жеткізудің ең пайдалы жолдары іспеттес.   

И.Г.Пестолоции  :  -  «Еңбек  адамгершілікке  үйретеді,  балалардың  бірімен-бірін  өзара 

және  олардың  ересектермен  дұрыс  қарым-қатынаста  болуын  қалыптастырады  »,-деген 

болатын.  «Өзгені  ойлаған-адамдықтың  белгісі»  дегендей,  ата  –  анаға,  әже  –  аталарға,  аға  – 

апаларға    көмек  беру  түсінігін  қалыптастыру  .Рухани  -  адамгершілік  тәрбиесі  жастардың 

қоғамға, отбасына,  білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. 

Осы  заманғы  рухани  -  адамгершілік  тәрбиесі  жекелеген  бағыттарға  емес,  адамгершілік 

құндылықтарға негізделеді.   

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр 

адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нәрсенің  бәрін  де  ертегіден  алады.    Ертегінің  рухани 

тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  балаға  рухани  ләззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін,  жас  баланың 

рухының өсіп жетілуіне қажетті  нәрсенің мол қоры бар рухани  азық  – деп атап көрсеткен 

болатын.   

 Ал көне грек философы Сократ;  «Өзін-өзі тану-өмірді тану»,-деген. Басты мақсат –әр 

адамның  өмірден  өз  орнын  табуына  ықпал  ету.  Өмірдің    қарапайым  ақиқатына-ұлттық 

құндылықтарын  меңгере  отырып,  баланы  халқының  адал  ұлы  мен қызы  болуға  нағыз  адам 

деген ардақты атқа лайық болуға   жастайынан үйрету. Қазіргі қоғам талабы да  осыны көздеп 

отыр емес пе?  

Балабақшада өтетін «Өзін-өзі тану»   бойынша  оқу іс әрекеті   де  мемлекетіміздің ертеңгі 

азаматтары    -  жас  жеткіншектерге  рухани-адамгершілік  тұрғыдан    бағыт  –бағдар 

беруде   үлкен  үлесін қосады.  «Бала- ойынмен, дана оймен өседі »,- деген мақалды қолдана 

отырып,   балалардың әдепті, адамгершілігі мол, жақсы адам  болып өсуі  үшін үш қасиетті 

басшылыққа алған  қажет. Олар: адал еңбек, саналы ар, шынайы жүрек. Сонымен,  «Өзін-өзі 

тану»    балабақшадағы  оқу  іс  –  әрекеті    баланы  жастайынан  отаншылдыққа,  әдептілікке, 

достыққа,  тазалыққа,  ұқыптылыққа,  мейірімділікке,  табиғатты  сүюге,  отбасын  сыйлауға, 


359 

 

ұйымшылдыққа үйретеді.  Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашырлық, 



сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлеу, сыйлау, құрметтей 

білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-

өзі тану» оқу іс – әрекетінің  үйлесіне.  

Рухани – адамгершіліктің  негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі 

бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 

Рухани-  адамгершілік  тәрбие-  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының 

нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке 

адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез- құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

Рухани  -адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-қайырымдылық, 

мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор 

болмақ.  «Мен  үш  қасиеттімді  мақтан  тұтам»,  —  депті  Ақан  сері.  Олар:  жалған  айтпадым, 

жақсылықты  сатпадым    һәм    ешкімнен  ештеңені  қызғанбадым.  Бұл  үш  қасиет  әркімнің  өз 

құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген  екен. Шындығында 

бұл  ақиқат.  Олай  болса,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,  олардың  жан  дүниесіне  сезіммен 

қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге 

тәрбиелеу —рухани -  адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан 

кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру 

жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. 

«Еліміздің  күші-  патшада,  сәбидің  күші-  жылауында»    деген  шешендік  сөзде 

айтылғандай, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол 

үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық. 

Мектеп  жасына  дейінгілер  тәлім-тәрбиені,  адамгершілік  қасиеттерді  үлкендерден, 

тәрбиешілерден  насихат  жолымен  емес,  тек  шынайы  көру,  сезім  қатынасында  ғана 

алады.Жақсы  адамгершілік  қасиеттердің  түп  негізі  отбасында  ғана  қалыптасады  және 

адамгершілік қасиеттерін  ізгілікпен ұштастырады. 

Рухани-  адамгершілік  тақырыбы-  мәңгілік  тақырып.    Ол  ешқашан  ескірмейді.  Жас 

ұрпақтың бойына рухани -  адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты 

міндеті.  Рухани  -адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл  қасиет.  Рухани  -  адамгершіліктің  қайнар 

бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.  Әр адам адамгершілікті 

күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған  табиғаттан бойына сіңіреді. 

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала 

асыл қасиетті  бола алады», — дейді. Оған дәлел ретінде, жан-жақты терең білім беріп, оның 

жүрегіне  адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке 

тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына,  айналасымен  санасуына  ықпал    етеді  деп 

сенеміз.    Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең 

бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 

Ұрпақ  тәрбиесі  —  келешек  қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты 

жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам 

алдындағы борышымыз. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани – адамгершілік тәрбиесіне  біздің №79 мектеп 

жанынан ашылған шағын орталық та  өте жоғары  маңыздылықпен  назар аударады.  Біздің 

орталықтағы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктері  әр  қилы  екі  топ  жұмыс 

істейді.  Бірінде оқу іс – әрекеті  қазақ  тілінде оқытылатын топ  болса, екіншісінде оқу іс – 

әрекет орыс тілінде оқытылатын топ.  Бұл топтарда  оқу іс – әрекеті  «Зерек бала»  ортаңғы 

топ  бағдарламасы  бойынша      жүргізіледі.  Мерекелік  іс  –  шаралар  бойынша,    әр  қилы   

тақырыпқа  байланысты  ертегілер,  ойын  –  суықтар,  ертеңгіліктер  өткізіліп  тұрады.  Осы 

мерекелерді өткізуге әр – қилы мазмұндағы көркем – әдебиеттер, салт – дәстүр түрлері, қазақ  

халық  әндері,  патриоттық  сезімдерін  оятатын  әндер  мен  өлең  жолдары  пайдаланылады.  

Ертегілер  қойлымына  ортаңғы  жастағы  және  ересек  балалар  қатыстырылады.  Олар  өздері 

қойылым  қою  арқылы  рухани  –  адамгершілік  сезімін  тәрбиелеп,  жан  –  жақты  жеке  тұлға 

ретінде      қалыптасады.    Балаларға      өз  қолдарымен  жұмыс  жасап,  әр    мерекеде  өздеріне 


360 

 

берілген ролдерді    сомдап, ән айтып, би билеген өте ұнайды. Мектеп жасына дейінгі балалар  



әр  –  қилы    іс  –  шараларға    өте  жоғарғы  қызығушылықпен  назар  аударады,    әр  қойылымға 

белсене қатысып,  өз өнерлерін баршаға көрсетуге, өз бетімен жасаған іс – әрекетіне  қуаныш 

сезімдерімен, мақтана   қарап, оның артынша  үлкендердің өздерін бағалағанын  қажет етеді.  

Балалардың осы жан дүниесінің тазалығына, белсендігі мен ашықтығына әр ұстаз – тәрбиеші 

назар аударып отырса, болашақта жан – жақты қалыптасқан, рухани – адамгершілік ұстанымы 

жоғары  ел  азаматы  болып  өсетініне  зор  сеніммен  үміт  күтуге  болады.  Қазіргі  заманның  

тұрмыс  –  тіршілігіне  байланысты  ата  –  аналардың  балаларға  назар  аударып,  тәрбиелеуге 

қолдары тимейтін кездері де, ұстаздар да қағаз басты болып бала тәрбиесіне  аз көңіл бөлінетін 

де    жасыруға  болмас.  «Ауыруын  жасырған  –өледі»  демекші  бұл  айтылған  пікір  өмірдің 

шындығы. Көп балалар теледидардан соғыс, қатігездік  мағынасындағы фильмдерді көреді, 

жүректері  қатайып,  жанашырлық  сезімін  білмей  өседі.  Ондай  балалар  ата-  аналарының 

тілдерін  алмай,  балабақшаға  келгенде  өздерін  ерекше  ұстап,  басқа  балаларды  ренжітіп, 

өктепдік  жасауға  құштар  болып  тұрады.  Ондай  балалардың  қызығушылығын  басқа  ағымға 

бұрып, жеке жұмыс жасап, әр  – қилы іс  – әрекеттерге белсендіре қатыстырып, мадақтауды 

аямай,  ненің  дұрыс,  ненің  бұрыс  екенін  іс  –  әрекет  арқылы  түсіндіре  білсек,  ол  баланың 

жүрегін жібітіп, басқа  балаларға, ата- анасына, тәрбиешілеріне деген сүйіспеншілігін арттыра, 

жан – жақты дамып қалыптасуына ықпал  етуге болады.  

Қазіргі  заманда    жас  ұрпаққа    сапалы  білім  мен  сапалы  тәрбие  беру  әлеуметтік 

құрылымның  ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.  

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі    білімді  дамыту  тұжырымдамасында 

«Мектепке  дейінгі  тәрбие -  үздіксіз білім  берудің  алғашқы  сатысы.  Ол баланың жеке  бас  

ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» деп жазылған.  

Бүгінгі  таңда,    мектептер  мен    балабақшадағы    оқу    тәрбие    жұмысын    бірнеше  

аспектілерден    қарауымыз    тиіс.  Осы  аспектілердің  негізгісі    -  білім    мен  тәрбиені  

ұйымдастырудың  жүйесі болмық. 

Ол жүйе төмендегідей болуы тиіс.  

-

 

Мектеп  жасына  дейінгі  тәрбиеленушілердің  жас  ерекшелігіне  байланысты,  әр 



топтардың      оқу  –  тәрбие  жұмысының  мазмұны    мен  ұйымдастыруының      тиімді  әдістерін  

таңдап алу; 

-

 

Мектеп пен  балабақшадағы  кадрларды дұрыс  іріктеу;  



-

 

Материалдық – техникалық және  медициналық – әлеуметтік  жағдай  жасау.  



Мектеп    жасына    дейінгі    балаларға    тәлімді    тәрбие    мен    сапалы    білім    беру    ісін  

жақсартудың    бір  жолы    -  педагогикалық    үрдісті    жаңаландыру,  педагог  кадрлардың  

шеберлігін арттыру.  

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне байланысты, әр топтары 

бойынша    озық    педагогикалық    тәжірибелерді    зерттеу,  тарату,  оқу  –  тәрбие    үрдісін  

инновациялық  технологиялармен    ұштастыра    отырып,  ғылым  мен    практиканы  

байланыстыру, оларды  балабақша өмірінде қолдануды қалыптастыру.  

Балабақшалардың    жүйесін    сақтау  мен  дамыту  –  мектепке  дейінгі  тәрбие  

микросаясатының  басты басымдылығы болып табылады. Балабақшада  еңбек  етуге  толық  

жағдай    жасалып,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің    технологияларын   сауатты    меңгеріп,  жаңа  

педагогикалық    әдіс  –  тәсілдер    жүйесін    кәсіби    шеберлікпен    игеріп,  оны  тәжірибеде  

пайдалануға  шығармашылықпен  үлес қосу болып табылады.  Осы мәселе   білім сапасын  

көтерудің  жалпы  жағдайы болса, оған қажетті  негізгі  жағдайлар  ретінде   төмендегілерді  

атауға болады. 

-

 

Балабақшадағы  жұмыс  істейтін  бағдарлама  мазмұнын  және оны  толық  меңгерудің 



тиімді әдіс – тәсілдерін  таңдай алу; 

-

 



Мектепке  дейінгі  баланың  өмірін  қорғау және іс – әрекетін  дұрыс  ұйымдастыру; 

-

 



Материалдық  - техникалық  тұрғыдан жабдықтау;  

-

 



 Оқу  әдістемелік  құралдармен  қамтамасыз  ету;  

-

 



Заттық – дамытушылық ортаның жабдықталуы;  

361 

 

-



 

Мектепке дейінгі  ұйымдарды  басқарудағы  жаңашылдық, ымырашылдық және кәсіби 

шеберлік пен  адами қасиеттердің  басымдылығы. т.б. 

Қазіргі  қоғам  жеке  адамнан  прогрессивті  ойлай  алатын  белсенді  әрекетті,  жан-жақты 

болуды  талап  етеді.  Өйткені  адамның  қоғамдағы  алатын  орны,  атқаратын  қызметі  сол 

қоғамның дамуымен тікелей байланысты. 

Қазақстан  Республикасының    мектепке  дейінгі  білімді    дамыту  тұжырымдамасында 

білім  беру  саласының  ең  негізгі  талабы:  кең  дүниетанымдық  көзқарас,  толық  құзыреттілік, 

шығармашылық  әрекетке  бейім  тұлға  тәрбиелеу.  Қоғамда  «орындаушы»  адамнан  гөрі 

«шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. 

Білім  беру  саласында  мектепке  лейінгі  жастағыларды    эстетикалық,  этикалық  және 

адамгершілік  нормаларын  меңгерту  міндетін  жүзеге  асыруда  музыка  пәнінің  орны  ерекше. 

Музыка  тәрбиесі  жастарды  өнер  құндылықтарын  жасауға  қатыстыра  отырып  олардың 

бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық 

қабілетті  дамытады.  Оқу  тәрбие  барысында  мектеп  жасына  дейінгілерді    өз  халқының 

ғасырлар  бойы  қол  жеткізген  табыстарына  ұмтылуға  тәрбиелеу,  ұрпақты  ата-баба  салт-

дәстүрімен,  әдет-ғұрпымен  қайта  табыстырумен  қатар  және  меңгерту  болып  табылады. 

Музыка  өнері  әрбір  мектеп  жасына  дейінгілерді  әсемдік  әлеміне  үйретіп  қана  қоймай,  оны 

қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір 

қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болады. 

           Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның 

тек  қана  рухани  өмірінің  құрамдас  бөлігі  болып  қоймай,  әлеуметтендірудің  аса  пәрменді 

құралы  болды.  Ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  келген халықтық қазынаны,  оның  таңдаулы 

үлгілерін  жеткіншек  ұрпақты  тәрбиелеу  құралына  айналдыру,  нақтырақ  айтқанда,  олардың 

көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. 

Қорыта  келгенде  рухани  –  адамгершілікке  тәрбиелеуді  мектеп  жасына  дейінгілерден 

бастаса  қателеспейміз.    Себебі:  Мектеп  жасына  дейінгілер    сенгіш,  ұқыпты,  берген 

тапсырманы қызыға, бар ынталарымен орындайды. Сонымен: Рухани - адамгершілік тәрбиесі 

- өмірге адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін құндылықты қатынасты 

қалыптастыру. Рухани тәрбие - борыш, әділеттік, шындық, жауапкершілік, т.с.с. адамның ісі 

мен ойына жоғары мән бере алатын қасиеттерді тәрбиелеу.  

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет