Дамудың күрделі кемшіліктерінің себептері



Дата05.03.2023
өлшемі101,11 Kb.
#71711

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Дамудың күрделі кемшіліктерінің себептері.
Күрделі даму кемістіктері бар балалар санатының басты ерекшелігі - көріністердің әртүрлілігі және олардың динамикасы. Соқыр құлағы естімейтін балалар, күрделі даму кемістігі бар балалар санаты ретінде.
Мамандық:Олигофренопедагогика
Курс:2
Орындаған:Оразқұлова Ә
Тексерген:Жаканбаева Б

Алматы-2023ж

Жоспар:
1.Күрделі кемістік және топтастыру.


2.Естімейтін және көрмейтін балардың даму ерекшеліктері.

Жас өспірім балалардың дамуы жағынан екі кемістік немесе бірнеше психофизиологиялық ауытқулықтар біріккен жағдайды күрделі кемістік деп атайды.


Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге болады.Олар:
-бала бойында екі аса байқалатын психофизиологиялық кемістік біріккен, бірақ әрқайсысы өз бетінше бала дамуына жағымсыз әсер тигізетін жағдайдағы топ.
-негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған жағдайдағы топ.
-көптеген кемістігі бар,баланың бойында нақты екіден аса кемістігі кездесетін жағдайдағы топ.
Баланың күрделі ақауы болуы,оның ерте дамуына кедергі жасайды.Бұзылыстың бір емес одан көп болуы баланы қоршаған ортадан бөледі,ол үлкен депривацияға ұшырайды.Бұл көптеген қызметтердің дамуына және психикалық дамудың тежелуіне әкеп соғады.Күрделі кемістіктің ерекше салдарының бірі-кемістіктің орнын толтыру мүмкіндігінің шектелуі.Мысалы көрмейтіндерде қоршаған ортаны қабылдау сақтауы есту мен сипап сезу арқылы мүмкін.Ал естімейтіндерде-көру мен кинестетикалық тактильді,вибрациялық қабылдау мүмкіндік береді.Ал көрмейтін-естімейтін балаларды естуі мен көруі жоқ болғандықтан сыйпап сезу және кинестетикалық қабылдауды сонымен қатар иіс білу кемістіктің орнын толтыру ға баланы дамытуға жол ашады.
А.Н.Мещерягковтың 1974 жылы зерттеу бойынша естімейтін-көрмейтін балаларда өзгеше іс-әрекет қалыптастыру үшін кейбір жағдайларды қамтамасыз ету қажет,олар:
-біріншіден ол-заттармен түрлі әркет жасау,немесе заттар туралы нақты бейнесін қалыптасытру мүмкін емес;
-екіншіден,қоршаған ортадағы заттармен әлуметтік әрекет жасау;
-үшіншіден,әр әрекет нәтижесін баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау.
Соқыр-саңырау баланың, барынша шектелген сенсорлық саласы, психикалық дамуға жағдай жасайды. Танымдық мүмкіндіктер сақталған кезде, ата-ананың дұрыс әрекет етуі жағдайында, соқыр-саңырау бала, белгілі бір дамуға қабілетті болады. Дұрыс дамудың көрсеткіші, бала мен оның жақындары арасындағы табиғи ымдау қимылдарымен жүзеге асатын, қарымқатынастың орнығуы болып табылады. Балалар күнделікті тұрмыстық ситуацияларда, ымдау тілімен тҥсініседі. Ал, сөйлеу тек арнайы оқытудың көмегімен ғана жүзеге асады. «Мектепке дейінгі жастағы, соқыр-саңырау баланың қарымқатынас жасауының алғашқы құралы - ым-ишара тілі жетекші орынға шығады. Осы ым-ишара көмегімен, ересек адамдардың жетелеуімен, бала күнделікті тқрмыстық жағдаяттарды біртіндеп игереді (таңертеңгі жуыну, тамақтану, ойнау, ұйқыға дайындық). Қандай бір затпен іс-әрекет жасаудың белгісі ретінде, ымдау немесе заттың көмегімен білдіру, тұрмыстық жағдаяттарда маңызды сигнал болып орнығады. Соқыр-саңырау баланың, кезкелген іс-әрекеттерді, алдымен, жеке, одан кейін тұтас әрекеттер циклі ретінде меңгеруі, сол әрекетке қатысты заттармен, ымдау арқылы жүзеге асады. Балардың барлығы, табиғи белгіні шартты белгімен алмастыруға даярлайды (дактиль тілімен, ымдау тілімен), келешекте белгілерді дактилемамен алмастыруға, одан кейін жазба тілмен жазуға (ірі әріптермен жазу-оқу немесе Брайль шрифтін меңгеру) мүмкіндік береді. Соқыр-саңырау баланы оқу мен жазуға үйретуге кіріспестен бұрын, онда басқаларға кедергі жасамай бақылау қажеттігі үйретіледі, ал ойыншықтармен ойнауға үйретуде, ең алдымен, ойыншықтың шын мәнісіндегі өмірдің қайталамасы екендігі, қуыршақтың «адам» екендігін «көре білуге» үйретеді. Мұның өзі, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін, алыс дүние, тек мектеп жасында ғана, балалар қуыршақты адамның «көшірмесі» ретінде қабылдай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет