Даналық сөзден дән ізде Алматы қаласы Әуезов ауданы №202 мектеп-гимназия мұғалімдері А.Қ. Құсайынова мен Д. Д шакимованың «Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері»



Дата23.09.2022
өлшемі129,83 Kb.
#40048
түріСабақ

Даналық сөзден дән ізде...
Алматы қаласы Әуезов ауданы №202 мектеп-гимназия мұғалімдері А.Қ. Құсайынова мен Д.Д Шакимованың «Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері» атты мұғалімдер мен оқушыларға арнап жазған әдістемелік нұсқаулық кітабымен толық танысып шықтық. Мектеп директоры
Б. Жанайханның ұйымдастыруымен дөңгелек үстелде талқыланды.
Бұл нұсқаулықтың тиімді жағы мынадай:
- Сабақта өсиет сөзді қолданудың тиімді әдіс- тәсілдері көрсетілген;
- Өнегелі сөздердің жүйесіне қалай талдау жасау керегі айқын;
- Мәтіннен нақыл сөздерді табу арқылы айтылған ойды талдау;
-Оқушының пәнге деген ынта жігерін және қызығушылығын ояту мақсатында жазылған.
Әдетте, даналық өсиет сөздерді өмірден көргені, көңіліне түйгені көп, алған тәжірибесі мен білімі мол, парасатты адамдар айтып қалдырады. Ата-бабамыздан қалған адамшылдық қасиеттерді жас ұрпақтың есіне салып, санасына сіңіру мақсат етіледі, ақ сөйлеп, ақиқатты айтуды, адам болуыды уағыздайды. Өмірлік тәжірибесін көпке өнеге етеді.
Осы нұсқаулықта даналық сөздерге арналған әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушының даму ерекшелігі анықталады. Атап айтсам:
- өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алады;
- жан-жақты ізденеді;
- ақыл-ойы дамиды;
- топ алдында өз ойын айтуға, пікірін қорғауға дағдыланады;
- есте сақтау қабілеті артады.
Сондықтан да болар, ел ішінде «Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол» деген сөз нақыл боп қалған.
Оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруде даналық сөздер бүгінде де құнын жойған жоқ. Сондықтан әдебиет сабағының мазмұны құндылықтарға бағыттап отыратын білімдік-тәрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Сонымен бірге, оқушының санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер етудің бірлігі де қарастырылады. Патриоттық мәндегі мәтіндердің мазмұнында құндылықтарға тікелей баға беріледі, Өз тәуелсіздігін еншілеп отырған қазақ елінің өз бірлігін сақтауына, біртұтастығын қамтамасыз ете беруіне осындай шешендер, жыраулар, ақын-жазушылардың шығармаларының берер тәлімі мол.
Тағылымдық мәні күшті түрлі қанатты нақыл сөздер, ұлағатты ойлардың 44-і мектебіміздің әр қабатында дәліз бен кабинеттерде ілулі тұр. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылдық жайында айтылатын мынадай ақыл-нақылдарға ой жүгіртуге болады.
Қара бастың емес, бар Алаштың қамын ойлап, «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп тебіренген Абай Құнанбайұлының өрелі ой, келелі кеңес беретін сөздері жүрегіміздің хақ төрінен орын алатыны анық. Абайдың жалынды cөздері тәлім-тәрбиеге, тағылымға толы. Абай айтқан афоризмдер де біздің мектеп стендерінде ілулі тұр. «Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек», «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды», «Кейбір адамдар ішсем, жесем деп дүниеге келеді, ал кейбіреулері білсем, көрсем деп келеді», «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»т.б. Осындай тағылымды ойлар бүгінгі ұрпақтарға өнеге болғандай.
Оған дәлел, 01.03.2022-07.03.2022 күндер аралығында өткен онкүндікте мектеп ішіндегі қанатты сөздерді 6,7,8-сынып оқушылары жаттап келіп, тәтті алаңымыздан өздері қалаған тәттілерге ие болды, мақтау қағазымен марапатталды. Демек, осы іс-шараның тәрбиелік мәні – халық даналығының ұйытқысы болған ана тіліміздің құдіреті ұлы сөздің күшінде екенін ұқтыра алдық деп ойлаймын. Күнде көріп жүрген сөзді бала қызықтап жаттап алды. Пән мұғалімдері де сабақта жиі қолданып отырады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» және т.б. мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді құлағына құйып өскен бала адами құндылықтарды жоғары қояды. Өйткені сөздің астарымен мәні зор ұғымдарды жеткізудің шебері атанған қазақ халқының тілмен тәрбиелеудің құдіреті күшті. Сондықтан қазақтың танымы – фило­софиялық таным.
Қазақтың сөзі – дана сөз. Қазақтың әрбір даналық сөзінде үлкен тарихи оқиға, философиялық терең ой, ұлттық тәрбие негізі жатыр.
Қорытындылай келе, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық. Нақыл сөздерді оқыту арқылы қазіргі таңдағы жастарымыздың тәлім-тәрбиесін дұрыстаймыз деген үміттеміз. Осындай ақыны мен ғұламасы бар қазақ халқының ұрпақтары бақытты...
«Біз оқушылар ұлы ойшылдың ақыл кеңестерін болашақ жас жеткіншектердің санасына ұялатып әрі оны өміріміздің ұстанымына айналдыра білсек, кәделі іс тындырған болар едік»,- деп ойлаймын.
Жастарды бүгінгі күнде құр сөз, «таусылмайтын» ақыл-кеңеспен тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың өнегесіне, ғибраттылыққа, қоғамда орын алып жатқан әр қилы құбылыстарға сын көзбен қарап, өзіндік баға бере білуге баулу – біздің ұстаздық парызымыз деп білемін.
Сондықтан адам өз бойына ар-намыс, ұят, адалдық, әділдік, сыпайылық сияқты құндылықтарды сіңіре білуі қажет. Олай болса бұл нұсқаулық –бәрімізге де көмекші құрал болары анық.
№202 мектеп-гимназия
мұғалімі Камзина Марпуга
Слямкановна
моб. 87017758286
пошта: 87017758286@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет