Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет102/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

114 


артқа қайырылып байлаған тымақ үлгісіндегі бас киім суреттелген. Бас киімінің 

маңдай бөлігінде қанатын қомдап ұшқалы тұрған қандай да бір құстың бейнесі 

қашалған. Мұндай құс бейнесі Күлтегін мүсінінің маңдай бөлігі мен Білге қағанның 

алтын тәжінде және Батыс түрк қағандығына (Қазақстан, Жамбыл обл) тиесілі 

Қарақыстақ 1-қорғанын табылған

177


 алтын қаңылтырда да бейнеленген. Қыран 

құстың бейнесін сомдау түрктерден алдын сақ, ғұн қоғамында да болғандығы 

археологиялық  зерттеулерден  анықталып  отыр.  Мәселен,  сақ-скифтердің 

«аң стилі» өнері мен ғұн билеушілерінің алтын тәждерінде де кездеседі. С.С. 

Черниковтың  «қанатын  жайып  ұшқалы  тұрған  бүркіт  бейнелі  жапсырмалар 

бас киімге орнатылған»

178

 деген пікірін ескерер болсақ, аталған құс бейнесінің 



символдық  мәні  ашыла  түсері  анық.  Сақ,  ғұн,  түрк  билеушілерінің  бас  киімі 

немесе тәждеріндегі бірдей үлгідегі құс бейнелері (қыран) тек қаған әулеттеріне 

ғана тиесілі билік нышаны немесе тотемдік символы екендігін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет