Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет11/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

11 


Сақтардың бір бөлігі ретінде қабылданатын массагет атауы грек және парсы 

дереккөздерінде  ұшырасады.  Аталмыш  тайпа  Арал  мен  Каспий  арасында, 

Солтүстік Кавказ бен Əзербайжанда мекендеген. Сақтардың тұрмыс-тіршілігі, 

киім-кешегі, металл өңдеу мен оны пайдалану әдісі, әсіресе үй жабдықтары мен 

басқа этнографиялық бұйымдары исламға дейінгі түрктер мен сондай-ақ басқа 

да  Орталық  Азия  халықтарына  етене  жақын,  ұқсас  болып  келеді.  Сондықтан 

сақтарды  аталмыш  халықтардың  арғы  бабаларының  өкілдері  деген  пікірлер 

шындыққа  жақын.  Сақтардағы  «ант  су  ішу»  ырым-жосындары  фактілерінің 

айқын тарихи сабақтастықтарын ғұндардан, түрктерден анық байқаймыз. 

Сақтар мекендеген жерлердің басым бөлігі далалық аймақтар. Кең далалық 

жайылымдарда жылқы, сиыр, қой мен түйе ұстаған. Сақтар негізгі азық ретінде 

төрт түлік мал өнімдерін кеңінен тұтынған. Олардың сүті мен еті тағам болса, 

жүнінен киім, кілем тоқыған. Жылқы мінсе – көлігі, ішсе – сусыны (қымыз) болған. 

Сақтар егіншілікпен айналысып, арпа, бидай, тары еккен. Жібек жолының негізгі 

бөлігі сақтардың қоныстары арқылы өткен. Бұл сауданың шарықтап дамуына 

себеп  болды.  Қытайдан,  Үндістаннан,  Ираннан  және  Римнен  сақтар  еліне 

әртүрлі бау-бақша өнімдері, әшекей бұйымдар келген. Сақтар болса, аталған 

елдерге жылқы мен қой сатқан. Алтай мен Сібірде өмір сүрген сақтар тиін, сусар 

тәрізді аңдарды аулап, олардың терісінен жасалған заттарды шет жаққа саудаға 

шығарған. 

Сақтардың,  яғни  прототүрктердің  Еуразиялық  кеңістіктегі  көшпелі 

шаруашылығы,  мәдениеті  мен  наным-сенімдері  ортақ  болды.  Бүгінде  Сібір, 

Моңғолия,  Алтай,  Орталық  Азия,  Солтүстік  Кавказ  және  Шығыс  Еуропа 

қорғандарынан  табылған  археологиялық  жәдігерлердің  көбі  сақ  мәдениетіне 

жатқызылады, олардың ортақтық табиғаты айқын көрінеді. 

Бұл  дәуірлерге  қатысты  обалы  қорымдардан  табылған  археологиялық 

материалдарға қарағанда, алғашқы көшпелі қоғамда мифтік дүниетанымдармен 

қоса күнге табыну, анимистік, тотемдік сенімдердің бастаулары кеңінен көрініс 

табады.  Сонымен  қоса,  әдет-ғұрыптарында  қолданбалы  өнердің  айрықша 

түрлері «аң стиліндегі» мотивтері қарқынды дамығандығын көруге болады. 

Сонау  бағзы  замандарда  ежелгі  көшпелілердің  қоғамдық  құрылымында 

ақсүйек билеушілер мен оған бағынышты қалың жұрттан құралған әлеуметтік 

топтар болды. Атап айтқанда, Сақтарда (б.з.д. VIII ғ. – б.з. II ғ.) жыртқыш аң-

жануарлар мен құс бейнелері сол әлеуметтік топтардың символдық белгісі, билік 

нышандары болды. Сондықтан да айбарлы жануарлар билік өкілдерінің, алуан 

түрлі  синкреттік  бейнелері,  олардың  арман,  қиял-ғажайыптарының  символы 

іспетті  бейнеленді.  Сол  символдар  олардың  билік  рәміздерінде  де  көрініс 

табады. Ал арпалыстарда жеңілген жануарлардың бейнелері бағынышты ел-

жұртын  меңзеді.  Көсемнің  билік  символдары  ретінде  бейнеленген  жануарлар 

әлеміндегі ең күшті, мықты, құдіретті кейіпкерлер болып айшықтала бастады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет