Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны



Pdf көрінісі
бет17/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   407
Қазақ даласыежелгі металлургияның отаны

Тарихқа  көз  жүгіртіп,  өткенді  бағамдар  болсақ,  Ұлы  даланы  ен  жайлаған 

бағзы түрктер адамзат тарихында алғаш жылқыны қолға үйретіп, металл өндіріп, 

сонымен  қатар  ауыз  әдебиетінің  бай  үлгілері  мен  жазу  мәдениеті  арқылы 

адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқанын көреміз. Еуразияның әр қиырынан 

табылып  жатқан  металдан  жасалған  қару-жарақ,  ер-тұрман,  ыдыс-аяқтар  – 

бағзы бабаларымыздың жасампаз мәдениетінің үздік куәсі. Адамзат тарихының 

екі үлкен кезеңі де сол кездегі игерілген металл түрлерімен байланысты қола, 



темір дәуірі деп белгіленді. 

Əйгілі  академиктер  Қ.Сәтбаев

17

  пен  Ə.Марғұлан



18

  өз  зерттеулерінде 

Орталық,  Солтүстік  және  Шығыс  Қазақстан  аймақтары  ежелгі  дәуірлерден 

металлургия өндірудің ірі орталықтары болғандығын айтады. Əсіресе, Орталық 

Қазақстандағы «Қырық шұрық», «Қалайы қазған», «Мың шұңқыр», «Бес шұрық», 

«Жезқазған»,  «Кенқазған»,  «Ұста»,  «Қара  темір»  және  «Теміртау»  секілді  кен 

орындары  алғаш  рет  қола  дәуірінде  пайда  болып,  кейбір  кеніштерді  игеру 

орта ғасырлар мен кейінгі кезеңдерге дейін жалғасқандығы жөнінде деректер 

кездеседі

19

. Қола дәуірінің тұрғындары осы өңірдегі кен орындарынан металдың 



қола, қалайы секілді түрлерін өңдеп, өздерінің кәделеріне жарата білді. 

Ұлы  далада  металды  игеріп,  адамзат  тұрмысында  пайдалану  үрдісі  сақ, 

дәуірінде  қарқынды  дамыды.  Мәселен,  грек  жазбаларында  сақ,  сармат, 

массагеттердің  елінде  мыс  пен  алтын  қорының  мол  екендігі  және  олардың 

металл өндіруді жетік меңгергендігі айтылады

20

. Ал, Герадот пен Страбонның 



16

 Гайдученко, 2014. – 301-310 с.

17

 Сатбаев, 1929. 



18

 Маргулан, 1972, с. 3-30.

19

 Сатбаев, 1972, с. 3-30.



20

 Геродот. История в девяти книгах






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет