Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет19/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

21 


жүргізілген  археологиялық  зерттеулер  нәтижесінде  түрк  дәуіріне  жататын 

бірқатар кен орындары мен пеш қалдықтарының іздері сақталғаны анықталды. 

Археологиялық  олжалардың  ішінде  түрк  дәуіріне  тән  найза,  жебе,  садақ, 

шоқпар  және  қылыш  секілді  темірден  жасалған  қару-жарақтардың  молынан 

табылуы  түрк  қоғамында  металлургия  ісінің  айтарлықтай  жоғары  деңгейде 

дамығандығын көрсетіп берді. Түрктер темірді тиімді игере отырып, қару-жарақ 

пен  сауыт-сайманның  ең  үздік  үлгілеріне  қол  жеткізді.  Бұл  үрдіс  Ұлы  далада 

түрктердің әскери қуатының жедел артып, Орхон жырларында жырланғандай 

дүниенің төрт бұрышын жаулап алуына зор ықпал етті. 

Түрк  қағандығының  территориясы  кеңейіп,  қуатты  мемлекетке  айналған 

тұста  Ұлы  жібек  жолы  түрктердің  билігіне  өткені  белгілі.  Ұлы  даланың  күре 

тамырына  айналған  Жібек  жолы  түрктердің  сауда-экономикасы  мен  саяси-

дипломатиясының дамуына зор ықпал етті. Осы арқылы Батыс пен Шығыстың 

алтын көпіріне айналған – Ұлы дала түрлі этностардың жарастықта өмір сүруіне 

мүмкіндік берді. Ұлы жібек жолы бойында жібек пен түрлі заттардан бөлек алуан 

түрлі  металдан  жасалған  бұйымдар  мен  металл  түрлері  де  тасымалданып, 

тауар  ретінде  бағаланғаны  жазба  деректерде  кездеседі.  Мәселен,  түрктердің 

Шығыс-Рим империясына темірді өнім ретінде сатқандығы туралы мәліметтер 

Византия жазбаларында сақталған

28

. Ал, византиялық елші Земарх өзін қарсы 



алған түрктер оған темір сататындығын, әрі өздерінің саяси күш-қуатын байқату 

үшін  темір  кені  мен  түрлі  металл  үлгілерін  ұсынғанын  баяндайды.  Земарх 

сол  сапарында  Батыс  түрк  қағаны  Дизабулдың  қабылдауында  болып,  сән-

салтанаты  жарасқан  қаған  ордасын  былай  деп  суреттейді:  «...біз  қағанды  аң 

аулап,  салтанат  құрып  жүрген  жерінен  кезіктірдік.  Қаған  бізді  өзінің  жібекпен 

әсемделген шатырына (ордасына) алып барды. Шатыр ішінде алтын тақ, алтын 

ыдыстар, күмістен жасалған бұйымдар, алтыннан жасалған жануар мүсіндері 

мен басқа да асыл бұйымдарға толы екен. Одан кейін бізді басқа бір шатырға 

алып барды, оның да босағалары алтындалған, іші алтын-күміс заттарға бай, 

қараған жанның көз жауын алады. Міне, түрк билеушісінің алтындалған ордасы 

осындай»,  –  деп  жазады

29

.  Осы  орайда,  Л.Н.  Гумилевтің:  «түрктер  әлемдік 



тарих сахнасында Орталық Азияда бірінші болып темірді өнеркәсіптік жолмен 

игерген халықтардың бірі болған»

30

, – деп түйіндеуі оның осындай деректерге 



сүйенгендігін байқатады.

Қазақ даласында ұзақ жылдар бойы пайдаланылған қола, темір дәуірінен 

қалған кен орындарын игеру ісі кейіннен Қазақ хандығы тұсында да жалғасқаны 

және  хан-сұлтандардың  жеке  кеніштерінің  болғандығы  туралы  деректер  бар. 

Көкшетау  маңында  әйгілі  Шоқанның  атасы  Уәлихан  ханның  мыс,  қорғасын 

28

 Маргулан, 1972, с. 3-30.



29

 Жданович, № 2(4). 2014. С. 6-20.

30

 Гумилев, 1994. – 65 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет