Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет193/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

211 


технологиямен  қамтамасыз  ету  арқылы  Орталық  және  Оңтүстік  Азияның 

дамуында  және  инфрақұрылымның  салынуында  басты  рөл  атқара  бастады. 

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автокөлік жолы, «Батыс Қазақстан – Батыс Қытай» 

мұнай құбыры, «Түрікменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» газ құбыры, 

«Қытай  –  Қырғызстан  –  Өзбекстан»  темір  жол  жобалары  осының  ең  басты 

мысалдары. Түркия мен Қытайдың арасында құрылысы 2023 жылы басталатын 

7000 шақырымдық темір жол жобасы бойынша келісім жасалуда. Қытайдың өз 

мүддесі  мен  түсінігіне  сай  іске  асырып  жатқан  Жібек  жолы  жобалары  сайып 

келгенде Орталық Азия экономикасының басты тетіктері – темір жол, автокөлік 

жолдары,  энергия  көздерін  тасымалдау  жолдары  арқылы  өңірдегі  елдерді 

теңізге  шығу  жолы  жоқ  елдер  болудан  және  халықаралық  оқшауланудан 

құтқарып, жаһандық экономиканың органикалық және белсенді қатысушысына 

айналуына ықпал етеді.

Еуропалық  одақ  та  Орталық  Азия  елдері  тәуелсіздіктеріне  ие  болғаннан  

кейін  TRACECA  (Еуропа-Кавказ-Азия  көлік  дәлізі),  CAREC  (Орталық  Азия 

аймақтық экономикалық ынтымақтастық) сынды өңір үшін аса маңызды, Жібек 

жолын жаңғыртуға септігін тигізетін жобаларды іске асыру міндетін алды. Су, 

әуе, темір және автокөлік жолдарын қамтитын бұл жобалар Еуропа мен Азия 

арасындағы  байланысты  арттыруға  үлес  қосты.  «Жібек  желі  (Silk  Wind)» 

жобасы да Еуропа – Кавказ – Орталық Азия арасында жаңа және тез көпқырлы 

тасымалдау  және  транзиттік  жолдарын  салуды  көздейді.  Мысалы,  «Баку  – 

Тбилиси – Карс» темір жол жобасы осы жобамен тікелей байланысты.

Түркия  болса,  түрк  мемлекеттерінің  де  мүддесіне  қызмет  ете  отырып 

әрі  Орталық  Азияның  әрі  өзінің  транзиттік  әлеуетін  арттыруды  мақсат  етеді. 

Түркия  Еуропаның  Жібек  жолы  жобасының  темір  жол,  тасымалдау  желілері, 

кедендік  бекеттері,  энергетика  дәліздері  секілді  тұстарына  қызығушылық 

танытып, жобаларға өз үлесін қосуға талпынуда. Түркия Шығыс пен Батыстың 

арасындағы  қалыпты  желілерге  альтернативті,  қауіпсіз  теміржолдарға  көңіл 

бөлуде. Заманауи Жібек жолы немесе Орталық дәліз деп аталған бұл жобаның 

ең  маңызды  тармағы  «Баку  –  Тбилиси  –  Карс»  темір  жолы.  Бұл  жоба  Түркі 

кеңесіне  мүше  елдер  арасында  үздіксіз  және  тез  тасымалды  қамтамасыз 

етіп,  сауда-экономикалық  байланысты  арттырады.  Тасымалдау  бағытының 

заңды  бекеттері  –  Əзербайжанның  «Баку»,  Қазақстанның  «Ақтау»  және 

Түрікменстанның  «Түрікменбашы»  кемежайлары  арасындағы  қалыптасқан 

кеме тасымалын дамытатын жобаларды қолға алу көзделуде. 

«Заманауи  Жібек  жолы»  жобасының  мүше  елдердің  туристік  мекендерін 

бір-біріне  байланыстыратын  болуы  көптеген  көлік  және  коммуникация 

проблемаларына  шешім  тауып,  ұзақ  мерзімде  түрк  әлемінің  туристік  және 

логистикалық  таңдауында  маңызды  рөл  атқаратыны  сөзсіз.  Түркия  мен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет