Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет217/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

232 


біреуді айта келе, оның Үзгентте (Өзген) шейіт болғанын, ол уақытта Ферғана 

билеушісі әл-Мәлік әс-Сағид әл-Ғафиф әс-Сандид Елші-Мәлік билегенін жазып, 

ал  Шашпен  байланысты  әл-Мәлік  әл-Кабир  Қадір-Мәлік  атты  671/1272-1273 

жылдары  билік  құрған  жергілікті  билеуші  туралы  мәлімет  береді

422

.  Аталмыш 



аймақ  билеушілерінің  аты  мен  атақтары  Бартольдтың  жазғанынан  басқаша 

келіп, Таразда жерленген адам аты мен атағынан өзгеше болуымен қатар, туған 

жері де Тараз (Тарази) екені мәлім. 

Сондай-ақ жазба деректерде марқұмның тұлғасы мен қай әулеттен болуы 

мүмкін екені туралы мәліметтердің кездеспеуі кейбір қиындықтарды туғызады. 

Біріншіден мынаны айтуымыз керек, мазар тасының былай басталуы ... ةضور اذه 

» ملقلاو فیسلا بحاص لذابلا لداعلا لماعلا ریطخلا مرقلاو ریبکلا کلملاБұл бау ұлы билеуші, текті 

қолбасшы,  ғалым,  әділ,  жомарт,  қылыш  әрі  қалам  иесі...»  ол  адамның  бір 

билеуші  болуымен  қатар,  әскербасы  болғандығын  да  дәйектейді.  Сонымен 

қатар оның бірқатар жақсы қасиеттері тізілгеннен кейін  ّبر راتخم نیقاوخلا یبتجم ةرضح 

نیملاعلا – «қағандардың таңдаулысы, әлемдер раббысының сүйіктісі» түрінде 

жалғасуы марқұмның қаған атағына ие билеуші екенін айқындайды. Маңыздысы 

айтылып отырған кісінің Құтлығ-Тонга Ұлығ-Білге Иликхан (немесе Иқбалхан) 



Дадбек  Исфехсалар  деген  аты  айтарлықтай  түркше,  ішінара  парсыша  атаққа 

жақын  болуы  және  жоғарыда  келген  арапша  сипаттармен  дәлме-дәл  келуі 

назарға алынды. 

Мәліметтер  жеткіліксіздігіне  байланысты  марқұмның  атақ,  белгілерін 

қарастыру арқылы оның кім болғандығына байланысты белгілі бір қорытындылар 

жасауға  болады.  Бұл  жұмысымызда  көптеген  жерлерде  талқылануы  себепті, 

сондай-ақ,  ғылым  кеңістігінде  жеткілікті  дәрежеде  зерттелуіне  байланысты, 

марқұмның сөздік мағынасы «құтты тонга (жолбарыс), ұлы білге» болған атақтар 

жиынтығы  Құтлығ-Тонга  Ұлығ-Білгеге  тоқталмай,  басқа  атақ,  лақаптарын 

қарастырамыз:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет