Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет218/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   407
а. ناخ کلیا – Иликхан

Бартольд «Иқбалхан» деп оқыған, бірақ «Иликхан» деп те оқуға болатын бұл 

ат немесе атаққа келер болсақ, ол сөзді беріп тұрған әріптердің жазылуы мен 

кейбір әріптеріндегі сызаттар бізді келесідей бір таңдау жасауға итермелейді. 

«Хан»  атағы  анық  оқылса  да,  одан  алдыңғы  сөзді  оқу  қиындық  тудырады. 

Кейінірек кесене мен оның ішіндегі мазар тасына қалпына келтіру жұмыстары 

жасалған  уақытта  бұл  әріптер  тұрған  жерге  әктас  немесе  цемент  жабысқан. 

Ол өз кезегінде кейбір әріптерді толықтай оқуды қиындатады. Егер қандай да 

бір тәсіл қолданып тазарту жұмыстарын жүргізсе, бұл сөздің «Иқбал» немесе 

«Илик» екендігі анықталады деп ойлаймыз. Біздің түсірген фотосуреттеріміздегі 

422

 ал-Каршӣ, 2005, С. 149, 151, 154.




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

233 


көріністер болса, бұл сөзді «Илик» деп оқуға мүмкіндік береді (қараңыз II сурет, 

1-2).


Орта  ғасырлардың  арапша,  парсыша,  түркше  жазулы  деректері  мен 

нумизматикалық  материалдардан  Илик  немесе  Илиг  бұл  кезеңнің  түрк  текті 

әулеттері  арасында  тек  Қарахан  қағандығы  (840/940-1212  жж.)  билеушілері 

қолданған жоғары атақтардың бірі болып, бұл әулетпен замандас Ғазнеуи (961-

1086  жж.),  Селжұқтар  (1038-1157  жж.),  Хорезм-Ануштегіндер  (1097-1231  жж.) 

сияқты түрк текті әулеттер немесе моңғол текті Қарақытайлар (1128-1213 жж.) 

мемлекеті басқару жүйесінде қолданылғандығы туралы мәлімет жоқ. Бірақ бір 

топ  зерттеушілер  бойынша  сөз  мағынасы  Иллиг  «ел/ил  иесі,  құрметтісі»

423



басқаларының  пікіріне  сай  Eлиг  «бұғының  бір  түрі»  (киелілікті  білдіретін  аң, 



тотем)  деп  түсіндірілетін  бұл  атақ  Түрк  қағандығы  (552-744  жж.)  кезеңінде 

де  қолданылғандығы  туралы  мәліметтер  бар

424

.  Егер  аталған  түрк  әулеттері 



арасында Арслан, Бұғра, Тоған, Тұғрыл, Яған және т.с.с. белгілі бір аң аттарының 

көбінесе Қарахандарда жоғарғы атақ түрінде қолданылғандығын ескерсек, көне 

түркшеде бұғының бір түрін білдіретін Илиг сөзінің сондай міндет атқарғандығы 

қисынға келеді

425





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет