Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет22/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

25 


ЕЖЕЛГІ ЖҰРТ – ЕРГЕНЕҚОН 

 

Өткеннің  өнегесі  –  бүгінгінің  баға  жетпес  байлығы.  Тарих  –  адамзаттың 

шындыққа  айналған  тағдыры.  Жеткенін  бағамдап,  барын  бағалаған  қашанда 

жүрісінен  жаңылмайды.  Тарихтан  тағылым  түйгендер  өз  тағдырын  айқындай 

алады. Бұл ретте француз тарихшысы Ф.Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды 

тудырады, сол сияқты тарихты да тұлғалар жасайды. 

Алаш  аңсарын  асқақтатқан  баһадүр  бабаларымыз  текті  тұлғалардың 

төңірегіне  топтасып,  іргелі  мемлекеттер  құрған.  Тәңіріден  жаралып,  Көктен 

құт  алған,  дүниенің  төрт  бұрышын  тіреген  құдіретті  қағандар  әлемді  аузына 

қаратқан. Ұлысқа бағыт-бағдар берген, халыққа құтты қоныс іздеген. Олар әр 

кезеңде «Өтүкен», «Жерұйық», «Ергенеқон», «Қызыл алма», «Жиделі байсын» 

деген  сияқты  түрлі  атаулармен  аталса  да,  түпкі  қазығы  Бенгу  ил  –  Мәңгі  Ел 

мұратымен ұштасып жатқан. 

Мұны  дәлелдейтін  хатқа  түскен  шежіре-деректің  бірі  –  Ергенеқон  жайлы 

баян.  Байырғы  заманнан  жеткен  аңыз-әпсанаға  жүгінсек,  Оғыз  қағанның 

нәсілінен Ел ханның елі шапқыншылыққа түсіп, жұрты жаппай қырылып, одан 

тек Қиян мен Нүкүз ғана аман құтылған екен. Жабайы қойлардың артынан жүріп 

отырған  олар  жаулары  таба  алмайтын  биік  асулардан  өтіп,  жан-жағы  қамал 

сияқты  заңғар  таулармен  қоршалған  сулы,  нулы  ғажап  алқап  тауып,  сонда 

тұрақтайды. «Ергенеқон» деп атаған сол қоныста 400 жыл ғұмыр кешіп, өсіп-

өнеді, көбейеді, мыңғырған малдары болады. Аталарының жүріп өткен өткел 

жолдары  да  ұмытылады.  Сонда  көсем  Бөрте-шене:  «Уа,  қасиетті  көк  бөрінің 

ержүрек оғландары, сөзіме құлақ салыңдар, біздің ата-бабаларымыз ежелден 

осы Ергенеқон жерін мекен етіп келеді, бұл жер бізге құт болды, алайда, өзіміздің 

ата-бабамыз  жатқан  ата-жұртты  ұмытпайық,  барып  табғаштардан  жерімізді 

қайтарып  алайық»  деп  халыққа  үндеу  тастайды

34

.  Темірші  наурыз  айында 



таудың темірмен құрсалған бөлігін ерітіп, бөрінің жол көрсетуімен таудан түседі. 

Осылайша  олар  жауын  жеңіп,  отанын  азат  етеді.  Осылайша  Ергенеқоннан 

шыққан күнін жыл сайын наурызда тойлай бастайды. Аңыз осылай дейді. 

Ғұндардың  талқандалып,  көктүрктердің  тарих  сахнасына  шығуымен  және 

Ашина әулетімен байланыстырылатын бұл аңыз түрк ғалымы Зия Гөкалптың 

1913 жылы жазған «Бөрте шино – құрттың аты, Ергенеқон – жұрттың аты» деген 

әйгілі жырынан кейін қайта жаңғырды. Түркияда профессорлар Фуад Көпрүлі, 

Зәки Уәлиди Тоған, Бахаддин Өгел, Дұрсын Иылдырым сынды ғалымдар бұл 

туралы арнайы зерттеулер жариялады.  Əрине, ол зерттеулер негізінен Рашид-

ад-  дин  мен  Əбілғазы  Баһадүр  ханның  жазбаларына  сүйенген  еді.  Рашид-

ад-  дин  Хамаданидың  «Жами-ат-Тауарих»  және  Əбілғазы  Баһадүр  ханның 

34

 Келімбетов, 2005, 332 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет