Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет221/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   407
Мұхаммед Дад Сипехсалар 

бекке арналуының жоғарғы ықтималдығы, «Дәуітбек» кесенесінде жерленген 

адамның  аты 



Дадбек  Исфехсалар  оның  әкесі  немесе  атасының  да  аты 

Дадбек  болуы,  төменірек  жан-жақты  қарастыратын  Отырар  мен  көршілес 

аймақтарының  Қарахан  текті  «насапнамаларда»  ордасы  Отырарда  болған 

Қарахан билеушілерінің біріне қатысты «



Мұхаммет ханның лақап аты Білге хан 

еді, оның ұлы 



Дадбек хан» түрінде жазылған деректердің кездесуі

430


 аталмыш 

ақын  мен  Дадбек  Исфахсаларға  қатысы  мәселелердің  басын  ашатындай 

көрінеді. Сонымен Ахмет Йүгінекидің өмір сүрген кезеңі бірқатар ғалымдардың 

айтуы  бойынша  ХІІ  ғасырдың  соңы  –  ХІІІ  ғасырдың  басына  немесе  алғашқы 

жартысына  тура  келуі  әбден  мүмкін.  Біріншіден,  жоғарыда  келтіргеніміздей 

оның еңбегі билеуші Мұхаммет Дад Сипехсалар бекке арналған, ал ол кезеңде 

бұған ұқсас ат Отырар мен көршілес аймақтарындағы Қарахан билеушілерінде 

кездессе, Самарқан мен Ферғанадағы Қарахан билеушілер мүлде басқа ат пен 

428

 Аҳмад Югнакий / e-adabiyot.uz



429

 Kelimbetov, 2010: 246; Аҳмад Югнакий / e-adabiyot.uz 

430

 Насап-нама, 2013, С. 47, 56, 100.




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

235 


атақтарға  ие  болған.  Екіншіден,  Сипехслар/Исфехсалар  атағының  көбінесе 

Отырар мен Тараз Қарахан билеушілеріне қатысты қолданылуы да бұл пікірді 

айғақтайды. Осылайша, «Дәуітбек» кесенесіндегі адам – Дадбек Исфехсалар 

немесе  оның  әкесі/атасы  –  Дадбек  (толық  аты  Ұғыл  бек  әш-Шәһид  Дадбек 

әл-Тарази)  және  Ахмет  Йүгінекидің  өз  кітабын  арнаған  адам  –  Мұхаммед 

Дад  Сипехсалар  бекпен  бір  кісі  немесе  оның  жақын  туысы  деген  болжам 

пайда болады. Бізше  бұл адамдардың алғашқысымен бір кісі болуы қисынға 

келіңкірейді.  Себебі  кесенеде  жерленген  билеушімен  Ахмет  Йүгінеки  жазған 

билеуші бірдей Исфехсалар атағына ие болған.

Дад-бек  есімінің  бірінші  бөлігі  «Дад»  ирандық  болуы  тиіс.  Алғаш  рет 

исламнан бұрынғы кезеңдерде кездесіп, орта ғасырларда да кең тараған Дад-

Фарман  немесе  Фарман-дад  түріндегі  белгілі  атақ  Мауренаһр  мен  Солтүстік 

Ауғанстандағы  парсы-түрк  мәдениеті  араласып  кеткен  тарихи  аймақтардың 

билеушілеріне  қатысты  қолданылған.  Шынында,  VIII  ғасырдың  екінші 

жартысына  жататын  арапша  жазулы  Тоқарыстан  құжаттарында  Бай  б.  Дад-



Фарман түрінде басқарушы тап немесе атағы ретінде келетін бұл термин иран 

тілдерінде  «жарлық/бұйыру»  мағынасына  ие

431

.  Дад-Фарман  атағының  басқа 



түрі Көктүрктер кезеңінің түрк-соғды аралас Панч (Соғды) билігі кезінде сәйкес 

келетін VIII ғасырдың басына тиесілі құжаттарда фрм’нδ’r (фрамандар) немесе 



prm’nδ’r (прамандар) түрінде жиі кездеседі

432


Осылайша «Дәуітбек» кесенесіндегі Дадбек есімінің де түбінде парсы-түрк 

аралас  бір  атақ  жатыр,  осыдан  келе  көп  жағдайда  билеуші  тап  аты  түрінде 

кездесетінін айта аламыз. Көбінесе бұл аттың Селжұқтар, Қарахандар кезеңінде 

таралуы оның түрктерде көбірек қолданылғандығын көрсетеді. 

Дегенмен,  Қарахандар  кезеңінің  осы  кезге  дейін  белгілі  болған  тарихи 

немесе әдеби шығармаларында Дадбек келмесе де, түпнегізі сол кезеңдерге 

баратын кейбір жазба деректерде бұл аттың мысалдары бар. Басым көпшілігі 

Қоқан  хандығы  (1709-1876  жж.)  әдеби  төңірегіне  тиесілі  Түркістан  (Ясы), 

Сайрам (Испиджаб), Шымкент пен көршілес аймақтардағы тұрғындар арасында 

сақталған  «Насапнамалардың»  бірнешеуінде  қарахандық  билеушілердің  бірі 

Дадбек  түрінде  келеді.  Негізінде  бұл  шежірелер  Қарахандар  бастау  алатыны 

белгілі, тіпті одан бұрынғы мұсылмандану дәуіріне сәйкеседі. Бұл шежірелердің 

барлығында  қарахандардың  исламды  қабылдағаннан  кейін  келесідей 

мәліметтер орын тапқан («Бектөре қолжазбасы»): «Әбдірахман Қашқарда отыз 

жыл патшалық қылды. Арылығ-Йығашта Боғра Қара хан атанды. Одан кейін 

Алмалық,  Қаялық  аймақтарын  иманға  шақырды,  ислам  етек  жайды.  Оның 

ұлы келіп Бұз-Балықта Қылыш Қара хан атанды. Оның ұлы Таразда Әулие 

Қара хан атанды. Оның ұлы Сайрамда Мансұр Қамыр хан атанды. Оның ұлы 

431


 Камолиддин, 2012, С.182-183.

432


 Gharib, 1995, С. 154.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

236 


қырық жыл патша болды. Оның ұлы Сайрамда отыз жыл патшалық қылды. 

Оның ұлы Отырарға келіп, қырық жыл патшалық қылды. Оның ұлы Смайыл 

хан, оның ұлы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет