Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет25/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

28 


Расында,  аңызда  жан-жағын  тау  шатқалдары  қоршаған  бұл  өлкенiң  суы 

ерекше тұнық, шөбi шүйгiн екені айтылады. Аты «эргүнэ-кұн», «күн»-ылди дара 

шатқал, эргүнэ-тiк деген мағына бередi, яғни «тiк ұйық шатқал» деген сөз болуы 

да ықтимал дейтіндер бар. Біздіңше, Ергенеқон – «ергенек» және «қон» деген 

қос сөзден тұрады, ол да «жан-жағы тік шатқалдармен, биік таулармен қамал-

қора сияқты қоршалған қоныс» деген мағына береді. 

Зерттеушілер арасында жұмбақ жер – құтты қоныстың қайда болуы мүмкін 

екені  туралы  да  аз  айтылған  жоқ.  Бұлардың  арасында  Ергенеқонды  қазіргі 

Моңғолия жерінен іздеген зерттеушілер көпшілікті құрайды. Мысалы, И.Шмидт 

оны Куку-Нордағы (қазіргі Қытайдың Чынгхай аймағы) Гүн-ерги ауданымен бір 

санайды.  Г.Миллер  мен  Н.Бичурин  Ергенеқонды  Алтай  тауларында  іздеуді  

дұрыс  деп  есептеген.  Ал  О.М.Ковалевский  мен  П.Кафаров  Аргун  өзенінде, 

Фишер  Аргун  өзені  алқаптарының  бірінде  екендігін  алға  тартады

39



Д.Банзаров Ергенеқонды Қытайдағы әйгілі қорғанның маңына орналасқан Ішкі 

Моңғолстандағы  тау  жоталарында  дейді

40

.  Моңғолиялық  тарихшы  Х.Пэрлээ 



оны Ұлы Хинган тауларындағы Хайлар өзенінің арнасында іздеген

41

 ресейлік 



түрктанушы  ғалым  Л.Р.Кызласов  Ергенеқонды  Аргун  өзенінің  алқабында 

екендігін  жазған

42

,  тағы  бір  орыс  тарихшы  Е.И.Кычанов  болса  Ұлы  Хинган 



таулары  мен  Аргун  өзенімен  байланыстырады

43

.  Моңғол  ғалымы  Л.Билегт 



Рашид-ад-диннің  еңбегіндегі  Онон,  Керулен,  Бурхан-Халдун,  Далан-Балжуд, 

т.с.с.  топонимдермен  бірге  Аргун  атауы  кездесетіндіктен,  Ергенеқонды 

Моңғолияның  солтүстік  шекарасына  жақын  орналасқан  Аргун  жоталарынан 

іздеу қажеттігін айтады

44

.  


Бұл  орайда  Ергенеқон  –  Аргун  деген  сөздер  өзара  ұқсас  болғанымен 

«Ергенеқон» дастанын алғаш қағаз бетіне түсірген Рашид-ад-диннің еңбегінде 

аталған топонимнің басқаша жазылуы бұл пікірді тығырыққа тірейді. Екіншіден, 

Аргун  тауының  моңғолдар  тарапынан  киелі  деп  саналуы  туралы  мәлімет  те 

жоқтың  қасы.  Керісінше  Алтай  тауларын  түрктердің  де,  көшпелі  өзге  де  ру-

тайпалар  тарапынан  қасиетті  саналатындығы  көптеген  жазбаша  деректерде 

тайға  таңба  басқандай  анық  кездеседі.  Мысалы,  көктүрктердің  Алтай 

тауларындағы «бабаларының үңгірлері» тұрған жерде жыл сайын діни рәсімдер 

өткізгендігі жазылған. 

Көптеген  зерттеушілер  құтты  қоныс  ретінде  Ашина  әулеті  пайда  болған 

Алтай тауларының оңтүстік-батыс жағындағы аймақты көрсетуге тырысқан. Ал 

Алтай тауларының бұл беті негізінен жоталардан тұрады, басқа беткейлеріне 

39

 Банзаров, 1997, 240 с.



40

 Банзаров, 1997, 240 с.

41

 Пэрлээ, 1969, 156.



42

 Кызласов, 1975, С. 170-177. 175 87. 

43

 Билэгт, 2007, 222 с.



44

 Билэгт, 2007, 222 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет