Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет28/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

31 


ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ 

Наурыз  –  есте  жоқ  ықылым  заманнан  бері  үзілмей  жалғасып  келе  жатқан  төл 

мерекеміз,  жаңа  жылымыз.  Бәзбіреулер  парсыша  атына  қарап  өзгеге  телігенмен, 

бұл  күннің  түрктік  тамыры  тым  тереңде  жатыр.  Түрктердің  Ергенеқоннан  аман-

есен  шыққан  күнін  тойлап,  Ұлыстың  ұлы  күні  деп  жариялап,  Жыл  басы  болғаны 

туралы дерек бар. Бұл туралы Рашид-ад-дин «Ергенқоннан шыққан күні халықтың 

жадында  жарқын  естелік  қалдырған.  Болат  балқытқан,  ұсталық  өнер  құдіреті  сол 

күні еске алынады. Шыңғысханнан тараған хан әулеті сол күні қасиетті көрік, төс, 

көмір  дайындап,  от  жағып,  темір  қыздырып,  балғамен  соғып  ырым  жасап,  жаңа 

жылды қарсы алу рәсімін өткізеді» деп жазады

45

. Алдымен қаған, одан кейін бектер 



қыздырылған темірді қышқашпен алып, төске қойып, дарқан балғасымен алма-кезек 

соғып, ырым жасайды

46

.

Наурыздың  түркше  аты  Ергенеқон  деген  пікірді  қуаттайтын  зерттеушілердің 



пікірі қисынды

47

. Қазақтың «Самарқанның көк тасы жібіген күн», өзбектер айтатын 



«Есепші  Қолыжұмықтың  көк  тасы  еріген  күн»  деген  әпсаналардың  арғы  тегі 

Ергенеқонда ұсталардың жетпіс өгіздің терісінен алып көрік жасап, Алтайдың темір 

кенін қыздырып, көк тасты майдай ерітіп, болат балқытып, тау құрсауынан босаған 

еркін күннің елесі болуы әбден ықтимал. 

Көне түрктер алғашқы адам көктем күні жаратылған деп сенген. Көктемнің түбірі 

«көктің» аспан және Тәңірі сөздерімен синоним екені белгілі. Сондықтан жер мен 

суды кие тұтып, көкке тағзым етіп, тұрмы сы тіршілікпен тығыз байланысқан, таби-

ғатпен етене егіз өскен көшпелі ел жер-жа һан жаңарып, жаңғырған сәтті Ұлыс тың 

ұлы күніне балаған. Бұл орайда көшін жұлдыздарға қарап белгілеген бағ зы ба ба-

лардың  күн  мен  түннің  теңелер  күнін  дәл  болжап  білгеніне  таңғалудың  реті  жоқ. 

Рауаяттар «Нұх пайғамбардың ке месінен қарайған жерге алғаш нәуірзек ұшқан екен, 

сонда наурыз гүлі – бәйшешек гүлдеп тұрыпты» деп, наурызды кейде топан сумен 

де байланыстырады. Аңыз түбі – ақиқат. Сондықтан қазақ «кеме қалған» деп кие 

тұтатын Қазығұртты күллі түрктің ат байлар қазық жұртқа теңеуі де бекер емес деп 

ойлаймыз. Кейбір деректерде наурыз Зәрдүш заманында Орталық Азиядан парсыға 

жеткен десе, Фирдоуси әйгілі еңбегінде осы күні Жәмшид Əзербайжан жеріне келген 

екен  дейді.  Осы  тәрізді  деректерді  алға  тартқан  Əбу  Райхан  әл-Бируни  хорезм 

түрктерінің ежелден нау рызды (навсаржи) «жаңа күн» деп тойлайтынын айтады

48



Қалай  болғанда,  әз-Наурыздың  түрктік  күнтізбемен  қатысы  бары  анық.  Бұл 



орайда он екі мүшелден тұратын күнтізбеміздің тамыры тереңде. XIX ғасырда Чжао 

И есімді әйгілі қытай ғалымы «12 мү шел жыл санау амалы батыста пайда болып, 

Сиюйдегі (Орта Азиядағы) түрк жұрты арқылы Қытайға жеткен» деген пікір айтқан.

 

Көне «Жаңа Тан патшалығының тарихы» кітабында да түрктердің VIII ғасырда 12 



жануарлық жыл санау амалын қолданатыны айтылады. Ал Едуард Шаванның «Le 

Cycle  turc  des  Douze  Animaux  (12  жануарлық  түрк  жыл  қайыруы)»  деп  аталатын 

45

 Рашид-ад-дин, 1952. С.154.



46

 Əбілғазы, 1992.29-б.

47

 Жураев, 1994.69-б.



48

 Абу Рейхан Бируни, 1965.280-б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет