Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет286/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

298 


Ресейге кетуді көздеген. Əңгідей де Бұратала жеріне жеткен. Ал Қасақшира мен 

Букучаған Іленің жоғарғы ағысына барып бой тасалауды ұйғарған. 

Кескілескен  шайқастар  1758  жылдың  жаз  айларынан  кейін  де  жалғасқан. 

Сол оқиғалар арқылы қазақ жұрты жоң ғар-қалмақ қалдықтарын Жетісу мен Тар-

бағатай  жерлерінен  біржола  тазал аған.  Осылайша  Сарыбел  шайқасы  Жеті су 

жерін жоңғардан азат еткен ұлы жеңіс болды! 

Биыл 260 жыл толып отырған Сарыбел шайқасында төрт төңіректен түгел 

жиналып, бір тудың астына бас біріктіріп, ынтымақпен тізе қосып жаудың ақырғы 

мығым  бекінісіне  ауыр  соққы  берген  Алаштың  айбыны  асқақтап,  киіз  туыр-

лықты  қазақтың  береке-бірлігі  құрыш  болаттай  шыңдалып,  тұтастығы  нығая 

түсті.  Сондықтан  ақбас  Алатаудың  баурайында  аруақты  Наурызбай,  Сұран-

шы, Саурық сынды сұрапыл батырлар мен Сүйінбай, Жамбыл сынды сұңғыла 

ақындарды дүниеге әкелген, Сарыбел шайқасы арқылы Алаштың ынтымағын 

тербеткен  осы  қасиетті  жерге  қазақтың  бірлігін  арқау  еткен  еңселі  ескерткіш 

бой көтерсе абзал болар еді!  

Алты Алаштың осы ұйыған ынты мағын 1762-

1763  жылдары  Нұралы  ханның  Цин  патшалығына  жолдаған  хатындағы  «Біз 

Кіші  жүздің  Нұралы  ханы,  Ералы  сұлтаны,  Досәлі  сұлтаны,  Айшуақ  сұлтаны 

және  Қарағай  сұлтаны  боламыз.  Біздің  қазақтар  үш  ханға  тиесілі  болып 

бөлінгенімізбен,  соғыссақ  бәрiміз  бірігіп  соғысып,  бейбiт  өмiр  сүрсек,  бәрiміз 

бiрге сүреміз»

518


 деген жолдардан да айқын байқауға болады. 

Ұлы  далада  берекелі  бейбіт  өмірге  араға  ғасырлар  салып  аңсап  жеткен 

алты  Алаш  ырысты  мекенін  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  Жерұйыққа 

айналдырды.  Осы  абат  күнге  жету  жолында  жанын  қиған,  табаны  үзеңгіден 

таймаған,  найзасы  қолынан  аумаған  тұғырлы  тұлғаларымызға  түмен  мәрте 

тағзым етеміз! 

518

 Еженханұлы, 2013, 289 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет