Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет312/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

325 


Тағы  да  данышпан  Абай  бұл  туралы:  «Қашан  маңғұлдан  Шыңғыс  хан 

шыққанда, қазақтар «құтты болсынға» барыпты. Бірақ қай жерде барғаны мағ-

лұм емес, сөйтсе де осы Шыңғыс тауын да, әскері Қарауыл өзенінің бойын да 

жатып, он екі рудан он екі кісі маң ғұл дың өз заңы бойынша Хан деген үлкен 

биіктің басында, ақ киізге Шың ғыс ты отырғызып хан көтерген дейді. Тауы ның 

Шыңғыс аталып, биігі Хан аталмақ себе бі де сол болса керек. Сол он екі кісі нің 

бірі қазақтан Майқы би деген кісі екен. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Май қы 

би» деген мақал болған», – деп жа зады

560



Демек, айрықша айтар мәселе бүгінгі ұр пақ Майқы биді аңыз кейіпкері емес, 



тарихи  тұлға  деп  танығаны  абзал.  Бұған  Майқы  бидің  есімінің  мәні  де  негіз 

болып отыр. Майқы моңғол тілін де «Майга/Майғы»

561

, яғни ақсақ, маймақ деген 



сөз.  Майып,  маймақ,  майысқан  сөздерінің  түбірі  ортақ.  Қазақ  аңыздарының 

бәрінде де Майқыны ақсақ адам ретінде суреттейді. Мысал кел тір сек, Мәшһүр 

Жүсіп  «Майқы  би  өзі  ақ сақ,  өмірбойы  арбамен  жүреді  екен.  Арбасын  көлікке 

салдырмай,  жаяу  кісіге  тар тқызады  екен»  деп  жазады

562

.  Олай  болса  ақсақ 



биді моңғолдар «Майга» деп ла қап атпен атаған, оны қазақтар титул ре тінде 

қолданған, ал бидің шын аты бас қа болғанға ұқсайды. 

Майқыдан бастау алған билер айбарлы Алтын Орданың, Жошы ұлысының 

әлеу меттік-саяси  түзіміне  үлкен  үлес  қо сып,  жүйелі  билік  жүргізген.  Маң дай -

алды бас биді «беглердің бегі» деп ата ған, осы атақ кейінгі буынға жа л ға сын 

тауып  отырған.  Мәселен,  ел  қа мын  жеген  Едігенің  әулеті  «беглердің  бегі» 

болғаны мәлім. Дала заңдары Қазақ ор дасы кезеңінде жетіліп, заман талабына 

сай жаңғырып, өз жалғасын тауып, «Қа  сым ханның қасқа жолы», «Есім хан  ның 

ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жар  ғысы» деген атаулармен хандық би лік тің 

күре тамырына айналады. 

Əз Тәукенің бастамасымен «Жеті жарғы» қағидаларын құрастырған, бола-

шақ ты болжаған әйгілі Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би сынды би бабалар Майқы 

би ден қалған мизамды негізге алғанына кү мән жоқ. 

Жалпы, тарихта халықтың ес жиып, етек жинаған, қалмақ, жоңғарға қарсы 

тұруында, бірігуінде біртұтас ұлыс болуында билердің рөлі бекем болды. Олар 

ханға септесе, ел басшыларына кө мек тесе жүріп өздерінің даналық ой ла рымен, 

шешендік  сөздерімен,  әділ  ше шімдерімен,  халықтың  тұтасып  ел  болуына 

өлшеусіз үлес қосты. 

Ұлы  даланың  әдет-ғұрып  заңдары  ха лықтың  өмір-тіршілігіне,  сенім-на ны-

мына, шаруа-кәсібіне үйлесімді болды. Сол себепті «қой үстіне бозторғай жұ-

мыртқалаған»  берекетті  өмір,  есігіне  құ лып  салмаған  мамыражай  тіршілік 

nama.1.) Szeged,2002.56-57,60; Исхаков, 2009.С.36-37.

560

 А.Құнанбаев,1977.231-б.



561

  Жалайыри ,1997, 70- б.

562

 Көпеев, 1992, 61- б. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет