Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет32/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

35 


Орхон  жазбаларындағы  Көктүрк  қағандығын  құрушылардың  этностық  атауы  

болған «Көк түрк» сөзіндегі «көктің» ру атауы ретінде Ашина этнонимінің баламасы 

екеніне тоқталады. Сондықтан көне түрк жазбаларындағы Көктүрк сөзі «Көктер 

мен Түрктер», яғни «Ашина және Түрктер» мағынасын білдіреді деп түсіндіреді

58

.

Бұл тұста С.Кляшторныйдың пайымдарымен де келісу қиын. Көне түрктерде 



сипат  ретінде  қолданылғанымен,  тек  түс  атауынан  ғана  тұратын  ру  атауы  өте 

сирек  кездеседі.  Егер  Ашина  руы  «Көк»  ретінде  аталған  болса,  ондай  рудың  

атауы  сол  кезеңнің  жазбаларында  аталып,  қазіргі  түрк  рулары  арасында  да 

сақталуы  мүмкін  еді.  Сонымен  қатар  Көктүрк  сөзінің  алғашқы  бөлігіндегі  «көк» 

сөзін көптеген түрктанушы ғалымдар есім сөз емес, сын есім ретінде көрсетеді. 

Көк – аспан, Көктүрк те Көктен тараған, аспан сипатты, Тәңірі тұрпатты түрк деген 

мағына береді. Назар аударарлық жайт, белгілі қытай ғалымы Цэн Чжунмянның 

жазуына  қарағанда,  қытайлықтар  «аспанасты  елі»  деп  әспеттеген  аспан,  көк 

ұғымдарын  өздерін  ұзақ  уақыт  билеген  солтүстік  көршілерінен  –  түрктерден 

алған сыңайлы. 

Біздіңше,  Орхон  жазбаларындағы  Көктүрктің  тағы  бір  мағынасы  бар.  Түрк 

тайпаларында  қандай  да  бір  рудың  өз  ішіндегі  руларды  айыру  үшін  ақ,  қара, 

сары,  көк,  қызыл  сияқты  түс  аттарымен  атау  дәстүрі  кездеседі.  Мысалы,  ақ 

ғұн, ақ ноғай, қара ноғай, қара қыпшақ, сары үйсін және т.б. сияқты. Бұл дәстүр 

Көктүрк  атауына  да  тән.  Көне  түрктерде  аталған  түстер  бағыттарды  айқындау 

үшін де қолданылған. Ақ – батыс, көк – шығыс, қара – солтүстік, қызыл – оңтүстік 

бағыттарын  көрсетеді.  Сондықтан  Көктүрк  –  «Шығыс  түрктері»,  «Шығыс  түрк 

қағандығы» дегенді білдіреді. 

Ал Ашина – түрк-моңғол тілдеріне ортақ сөз. «Қасқыр, бөрі» деген мағынаны 

береді.  Түркияның  танымал  түрколог-ғалымы  О.Серткаяның  пікірінше,  aшинa, 

aчинa,  aсeнa  сияқты  формаларда  кездесетін  бұл  сөз  «көк  бөрінің  ұлдары» 

мағынасындағы  Көктүрк  әулетінің  атауы  саналады

59

.  Ғалым  «Моңғол  тіліндегі 



бөртечине  сөзі  бөри+ачина  түркше+қытайша  бір-бірін  қайталаудан  тұрады.  Ал 

қазіргі түрк тілінде асена сөзі «ұрғашы» атауын алып «ұрғашы ашиналар» түрінде 

де қолданылғаны байқалады» дейді.

Жоғарыда  көптеген  зерттеушілердің  Ашина  сөзінің  моңғол  тілінде  Чино/

Чоно  және  одан  көне  формасы  Чинганың  «қасқырмен»  байланысты  екенін, 

түрк тілдерінде аталған сөзге ұқсас сөздің кездеспейтінін, оның орнына «бөрі», 

«қасқыр»  сөздерін  қолданатынын  атап  өткендері  туралы  жазған  едік.  Алайда 

бұл пікірмен келісуге болмайды. Мәселен, өзбек және қазақ тілдеріндегі чиябөрі 

/  шибөрі  сөздері  кездеседі.  Қазірде  ол  «қасқырдың  бір  түрі»  мағынасында 

қолданылады.  Аталған  сөз  екі  бөліктен  «чия»  және  «бөріден»  тұрады.  Бұдан 

көне  формасы  шағатай  тіліндегі  жазба  дереккөздерде  чөгабөри  формасында 

кездеседі.  Біздіңше,  моңғол  тіліндегі  чино  (көне  формасы  шинга/чинга)  мен 

58

 Кляшторный, 1964, С.111



59

 Sertkaya, 2014, S. 11






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет