Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет321/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

334 


шежіре  әңгімелердің  бүгінгі  күні  де  қазақ  пен  қырғыздардың  арасында  қатар 

айтылуы арнайы зерттеуді қажет етеді. 

Есім ханға қатысты жер-су аңыздары да қазақ пен қырғыз арасында қатар 

айты лып, көне тарихтың күмбірін бү гін гі күнге жеткізіп тұр. Мұндай аңыздардың 

бір  тобын  Мәшһүр  Жүсіпте  жариялағаны  белігілі

580


  .Қырғызда  «То ры  айғыр», 

«Жорғаның  белі»,  «Үл кен  бурыл»,  «Кіші  бурыл»,  қазақта  «Күйік»,  «Шақпақ», 

«Даңғырашалды», «Ша тыр төбе», «Тоғыс» секілді жер-су аттары аңызымен бірге 

айтылады. «Жер-судың аты – тарихтың хаты» дегендей, өлкеміздің әрбір тау-

тасының өзі күбірлеп сыр айтатындықтан, оны өркениетті заманға сай жаңғырта 

білсек, жастарға патриоттық тәрбие беретін өнеге бастауы алтын кеніш болары 

сөзсіз. 

Демек, қазақ пен қырғыздың ортақ ханы болған еңсегей бойлы ер Есімнің 

тұлғасы туралы зерлі сөзбен өрнектеліп, жер-су аңызымен дәйектелген, бүгінгі 

күнгі  ұрпаққа  ұласып  жалғасқан,  ха лық  махаббатымен  сомдалған  тарихи 

эпостық  алып  ескерткіш  кешен  қан дас  екі  халықтың  бауырластығына  нұр лы 

сәулесін шашып, тарихи сананы жаң ғыртуға өлшеусіз үлес қоса беретіні сөз сіз. 

Ұлы далаға атағы жайылған айбарлы сайыпқыран Қасым хан артына қасқа 

жол қалдырса, одан кейінгі дәуір мұғдарында «Есім ханның ескі жолы» елдің 

әлеуетін  арт тырып,  ұлысты  ұйыстырып,  шалқар  өрісін  кеңітіп,  шекара-шебін 

шегендеп, халықтық бет-бейнесін қалыптауға берік негіз қалайды. Туысы Тұрсын 

ханнан ту  ған бәлекет бүліктен, бауырға бауыр қару кезенген қанды қырғыннан 

ел  бір лігі  сетінеген  тұста  айбарын  асырып,  алты  сан  Алаштың  алауыздығын 

жойып, ота нына тәртіп орнатқан қаһарлы Есім хан енді сұлтандардың билігін 

шектеуге қадам жасайды. Бабасы Шыңғыс хан тұсынан қалыптасқан, Ұлы Жаса 

заңынан ұласқан төрелердің құзыреті ырықталып, енді дала билерінің ықпалы 

арта түседі. 

Қырғыз Көкім би, қарақалпақ Са сық би, қазақтан Шаншар, Жидебай, Құдай-

берді секілді билер елдің бірлігін нығайтып, билік түзімін жаңғыртып, жарғыларын 

жабдықтауға  табанды  кі рісетін  болады.  Көне  түрктен  тамыр  тартқан  бектік 

(билік) жүйе елдің саяси өміріне қайта орала бастағандықтан, бұл жора «Есім 

ханның ескі жолы» деп жұрт жадында жаңғырады. 

Ер Есім қаһарлы билеуші ғана емес,  қазақ елдігіне оң реформа жасап, да-

налықтың  мұзарт  шыңынан  алыс  бола шаққа  сәуле  түсірген  көреген  көсем, 

тұтас Түркістанның түгел билігіне қол жет кізген құдіретті хан болды. Оның жо-

рықтағы сұрапыл ерліктері мен алып бейнесі ел жадында мәңгі жаңғырып, аңыз-

жырлардың алтын арқауына айналды. Сондықтан еңсегей бойлы Есімнің ордасы 

қонған  «Төрткүлтөбенің»  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  арқылы  мемлекет 

қарауына  арнайы  алынып,  тиісті  археологиялық  жұмыстар  жүргізілетін  уақыт 

жетті деп ойлаймыз. 

580


 Көпейұлы, 2006, 50–51 бб.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет