Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет324/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

337 


Қазанның, қайда барсаң, төрт құлағы,

Егін сап, бірлік құр деп берем кеңес.

Бауырым, содан басқа лажың жоқ,

Болады тым құрыса тамағың тоқ.

Арманшыл Асан қайғы данаға да,

Атылған екен дейді бір тажал оқ...

Қарғажан, мен айтайын сөздің шартын,

Əн айтып, күй тыңдайды менің халқым.

Бас кеспек болса-дағы, тіл кеспек жоқ,

Шындықты айт, өлсең, сақтап беттің арын.

Осылайша өнер жолындағы тұғырнамасын әлеуметке хабардар етіп, жұртын 

жаңа  заманға  сай  бейімделіп,  егіншілікпен  айналысуға  шақырған,  бірлік  пен 

берекеге үндеген, сөз өнерін бәрінен де артық санаған парасатты ақын патша 

билігі орнаған соң ауылына би болып сайланып, жиырма үш жылдай қара қылды 

қақ жарып, халқына қызмет етеді, телі мен тентекке тыйым салады. Бұл орайда 

данышпан Абайдың да би болғанын ұмытпаған абзал. Қоғамдағы қайраткерлік 

қарымына  байланысты  болса  керек,  Сүйінбайдың  тілі  тура  бидей  қиып,  түйіп 

айтатын  түйдекті,  әлеуметтің  мұң-зарын  тереңнен  қозғайтын  ақиқаттың  ақ 

семсеріндей өткір де шешен тіл. Адуынды Сүйінбай Қоқанның қоқаңдаған датқасы, 

қырғыздың  қыңыр  манабы,  қазақтың  тепсінген  төресін  де  тегеурінді  жырымен 

жасқаған, өз тілімен айтқанда, «зорларды тілмен торлаған», халыққа қара сөзін 

қамал еткен ақын. Мысалы, мына бір өлеңде елден барымта алған Қасым деген 

ұрыға «бір тоғыз» үкім кескен Сүйінбайдың әзиз би бейнесі сомдалады:

Түн қатып алдың жылқы барымталап,

Перісі ұрылардың қандыбалақ...

Жеті тайдан жал-құйрық қалса-дағы,

Бір тоғызбен алдыма салғын, шырақ! 

Сүйінбай ақын жырында зер салып қарағанда сол кездегі халықтың жанды 

тарихы тұнып тұрғанын аңғару аса қиын емес. Ол Жабай, Қарасай, Сұраншы, 

Саурық, Қазыбек, Қастек секілді қазақ батырларын жырына арқау етеді, көптеген 

көрші  халықтардағы  тұлғаларды,  замандастарын,  өмірдің  бел  ортасындағы 

жандардың  бейнесін  өлеңмен  өреді.  Нені  айтса  да,  нақтылы  дерекпен  арнау 

жанрында әрбір оқиғаға өзі куәгер болып жырлайды. Сол себептен де Сүйінбай 

жырлаған  кейіпкерлердің  тарихтағы  орнын  саралау,  арнайы  тарихи  мәлімет 

ретінде пайдалану төл тарихымызға деген көзқарас көкжиегін кеңіте түсер еді. 

Тек қана Сүйінбай емес, жалпы қазақ фольклоры, халық ақындарының телегей 

мұрасы тарихи зерттеулердің арнасын да, аясын да кеңітетін мәліметтік, деректік 

қорға  бай  болғандықтан,  тарихшылардың  тарапынан  ұтымды  пайдаланылса, 

небір шындықтардың беті ашылары анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет