Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет327/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

340 


деп  жылы  шырай  білдіреді

587


.  Міне,  бұл  қазақ  пен  қырғыз  ақындары 

арасындағы дәстүр сабақтастығын көрсетеді.

Сүйінбай ақын «Манас», «Көроғлы», «Шахнама», «Тотының тоқсан тарауы» 

сияқты  жыр-эпостарды  кейінгі  ұрпаққа  жырлап  таратушы  көненің  көзі  болды. 

Ол  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз  секілді  қобызбен  жыр  толғаған  жорықшы 

жыраулардың  дәстүрін  қайта  жаңғыртып,  ХІХ  ғасырға  домбырамен  әкелген, 

оны шығыс әдебиетінің үздік үлгілерімен жалғастырған дәнекер тұлға қызметін 

атқара білді. Сондықтан оны байырғы жыраулардың соңғы тұяғы һәм арқалы 

ақындардың басы болған тұлғалардың бірі ретінде қарастырған жөн сияқты. 

Оның поэзиясынан көбе киген жыраулардың дүбірі естіледі, көне түрк дәуірінің 

әуен, лебі сезіледі. Ақын жырлаған «Жабай батыр» дастаны сонау Алтын Орда 

заманынан «Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде» оқиғасынан сарқыт 

ұсынады:

Ноғайдан шыққан Жабайды,

Жабайды келіп бес мың кісі қамайды.

Жабай алды найзаны

Істеді талай айланы... 

Суырды сонда қылышты,

Дұспан қайта жылысты.

Шықырлап найза шаншылды,

Қан болып адам жаншылды...

Қаласын шауып қаратты,

Мал мен мүлкін талатты.

Енді ноғай қара деп,

Жұртына салды санатты!

Бұл дастан туралы Сәкен Сейфуллин былай деп жазады: «Міне, бұл – бір 

жырдың үзігі, бұл да Орманбет би өлгенде болған қырғын шабыншылықтарға 

меңзейтіні көрініп тұр... Бұл да қазақ руларының ноғайлы болып жүрген кезінде, 

Қазанды өзімсініп жүрген кезіндегі заманға меңзейді»

588


.

Сүйінбай  есте  жоқ  ескі  заманнан  ұлттың  кодында,  түпкі  тұңғиық  жадында 

сақталған  көк  түрктің  бөрілі  байрағын,  айбарлы  ұранын  қайта  жаңғыртып, 

отарлық бұғаудағы санасы қалғи бастаған халқына қалқан етті: 

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен!

Бөрі басы ұраным,

587


 Тоголок Молдо, 1970, 105 б.

588


 Сейфуллин, 2007, 41-42 бб.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет