Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет33/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

36 


түрк  тілдеріндегі  чөга/чия  сөздерінің  түбірі  бір.  Осылайша  моңғол  тілінде  чинга/

чоно,  түрк  тілдерінде  чөга/чия  формаларын  алуы  әбден  мүмкін.  Кейін  көптеген 

түрк тілдерінде тәуелсіз сөз ретіндегі сипатын жоғалтып, «бөрі» сөзіне жалғанып 

қасқырдың бір түрі мағынасында қолданыла бастаған сияқты. Қырғыз тілінде «тау 

қасқыры, қызыл қасқыр» мағынасында чөө сөзінің кездесуі

60

 осыны бекіте түседі. 



Шыңғыс қағанның арғы ата-тегі Алан Қоғай ана бейнесі.

Рашид-ад-дин «Жамиат-ат тауарих» туындысынан. Парсы миниатюрасы. 

«Baysungur albumu» қолжазба кітабынан

61

Қазақ халқы қасқырдың атын атамай, оны «ит-құс», «қанды ауыз» деп жатады. 



Ал еркіндік пен ерліктің символы деп таныған көкбөріні өз атымен атайды. Мысалы, 

көшпелі жұрт қастерлейтін көкпар ойыны осы көк бөрі сөзінен шыққан. Бұл ретте 

көкбөрі, көкжал сөздерінің де көкпен, дәлірек айтқанда аспанмен, Тәңірімен сипаттас 

болуында. Ендеше, Бөрте-чино айтатын көк бөрі оғландарының көктүрктер болуы 

да әбден заңды. 

60

 Киргизско-русский словарь, 1985, С. 373



61

 Орта түрк тіліндегі ұйғыр жазулы мәтіні: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет