Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет335/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

348 


нәрселерді түсінуге болатындығына сенеді. М.Жаруллаһты түсініп ұғыну және 

білу үшін әрдайым ақыл және сезім жеткілікті бола бермейді. Ақылды қолдану 

жүректің сергектігі мен бағыт-бағдарымен тығыз байланысты. Міне, сол  сәтте 

әртүрлі жамандықтардан тазарып, ахлақи әдемілігі мен дұрыс амалдарының нәти- 

жесінде  қол  жеткізген  жүрек  тазалығының  арқасында  ақылдың  жасампаздығы 

артады. 


Жүрекке  ерекше  мән  бере  сөйлейтін  ойшылдардың  бірі  –  Абай.  «Алла 

Тағала  өлшеусіз,  біздің  ақылымыз  өлшеулі.  Өлшеулі  бірден  өлшеусізді  білуге 

болмайды», – деген Абай:

«Халиққа мақұлық ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі»

601


, –

деп  жырлап,  Жаратушыны  жаратылғанның  шолақ  ақылымен  ойлап,  толық 

ұғынудың  мүмкін  емес  екендігіне  меңзейді.  «Мен  жүректі  жақтадым»,  -  деп 

сопылық ілімнің негізгі ұғымдарының бірі – жүрекке жүгінеді. Осы орайда айта 

кететін  жайт,  тасаууф  ілімінде  жүрек  –  адамның  өзегі,  дәні  болып  саналады. 

Жүрек,  яғни  көкірек  көзі  заттың  ішкі  мәніне  бойлай  алады,  тылсым  дүниені 

түсініп,  ғайыпты  сезінеді,  шабыт  алып  қанаттанып,  шекара  танымайды.  Адам 

бойындағы бар ізгі қасиет жүректен табылады. Сондықтан, қайрат пен ақылға 

бағынбайтын жүрек дене мүшелерінің әміршісі болып саналады.

Маржани кітаптарының ең маңыздысы – «Ет-Тарихатул-есна вел-акиде-тул-

хусна»  еңбегі  қаламшылармен  болған  тартыс  шеңберінде  және  оларға  жауап 

ретінде жазылған. Сонымен қатар, өзінен бұрынғы А.Курсавидің тәжрибесінен 

сабақ  алған  Маржани  Бұқарада  болған  кезде  жергілікті  ғалымдардың  қателік 

жіберген  тұстарын  асыра  сынға  алмады.  Білім  беру  жүйесіне  қатысты  сыни 

көзқарастарын  1849  жылы  Қазанға  қайтқаннан  кейін  ғана  білдірген  Маржани 

медресенің, әсіресе, схоластикалық философиядан арылуы керектігін айтады. 

Жалпы  ол  Құран  мен  сүннетке  толық  мойынсынып,  бұлардан  басқаларын 

дәлелсіз қайталауға қарсы еді. 

1870  жылы  Ресей  үкіметі  тарапынан  жаңа  заң  шығарылып,  медреселерде 

орыс тілін оқыту міндеті қойылды. Бұл шешімге молдалар қарсы шықты. Маржани 

орыс тілін үйренуге қарсы болған жоқ, керісінше, қолдады. Маржани қоғамның 

дамуы  үшін  әртүрлі  ғылым  салалары  қажет  екендігіне  назар  аударды.  Діни 

ғылымдармен  қатар  дүниелік  ғылымдармен  де  айналысу  керектігін,  Батысқа 

және жаңашыл ғылымға апаратын жол орыс тілі арқылы өтетінін, орыс тілінің 

маңыздылығын  ұғынған  Маржани  1876  жылы  16  қыркүйекте  ашылған  «Орыс-

татар мұғалімдер мектебінде» (Русско-татарская учительская школа) дін және 

тарих мұғалімі болып 9 жыл жұмыс істеді. Орыс зиялыларымен танысуы, Радлов 

сияқты  ғалымдармен  достық  қатынаста  болуы  және  орыстардың  білім  беру 

601

 Абай, 1994. – 414.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет