Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет376/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

383 


жатты. Сол кезде Ататүрік түрік ұлтының Түркияда сақталып қалуына зор септігін 

тигізді.  Сондықтан  Ататүрікті  талайлы  шақта  тағдыры  тәлкекке  түскен  түркке 

Тәңірдің тартуы деп білген жөн. Одақтастар әскері Осман мемлекетіне басып 

кіріп, Ыстамбұлға орнықты. Англия, Франция, Италия және Грекия Түркияның 

аймақтарын  басып  алды.  Бірақ,  өзара  бөліске  салғанда  оларда  ауызбіршілік 

болмады. Одақтастардың алауыздығын Ататүрік жақсы пайдаланып, қысылтаяң 

кездегі ауыр шарттарды қолайлы мүмкіндікке айналдыра білді. Туған жерін қорғап 

қалу үшін жанын аямайтын болмысынан әскер халықты бастап, қолдауына ие 

болды.  Сұлтанның  өкілі  ретінде  халық  көтерілісіне  басшылық  жасап  жүрген 

адамдардың басын қосып, Ерзұрұм, Сивас қалаларында құрылтайлар өткізді. 

Сол арқылы халық билігін жария етті. Мұның барлығын «Ыстамбұлдағы билікті, 

Осман империясын құтқару үшін» деген ұранмен жүргізді. 

Ататүрік  шебер  қолбасшы  болды.  Ең  әуелі  гректерді,  сосын  француздар 

мен итальяндықтарды ығыстырып шығарды. Ақырында ағылшындар да Түркия 

жерінен  кетті.  Бірақ,  Түркия  жеріне  төніп  тұрған  тағы  бір  қауіп  бар  еді.  Бұл 

батыс әлемін империалистік күш, аяусыз жау ретінде қабылдап, дүниежүзілік 

пролетарлық  билікті  орнатуды  көздеген  большевиктер  болатын.  Билік 

басындағы Троцкий, Зиновьев бастаған топ «дүние жүзіне төңкеріс орнатамыз» 

деді.  Бұған  сенген  түрктер  де  аз  болмады.  Əнуар  паша,  Жамал  пашалар  да 

осы идеяны қолдады. Олар Британияға импералистік күш ретінде қарап, содан 

өш алуға тырысты. Сөйтіп, Жамал паша Үндістандағы мұсылмандарды, Əнуар 

паша  Түркістан  мен  Ауғанстандағы  мұсылмандарды  көтеріліске  бастамақшы 

болды. Ал, Ататүрік ақылға қонымды саясат ұстанып, большевиктермен белгілі 

деңгейде мәмілеге келіп, коммунизм идеясының Түркияға енуіне тосқауыл қоя 

білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет