Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет379/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

385 


отырған.  Соларды  қолдау  арқылы  сол  кездегі  түрк  қоғамын  қалыптастыруға 

тырысқан. Сондықтан, жалпы Түркиядағы түркшілдік идеясына дем берушілер 

Ресейден  барған  зиялылар  болды.  Олардың  жазған  еңбектері  Түркияда 

түркшілдіктің өркендеуіне негіз болды. Зайырлылық, батысшылдық принциптерін 

құруда,  конституциялық  реформалар  жасауда  түрк  әлемінен  келген  зиялы 

қауымның біршама әсері болды. Мәселен, татар Акчура Түрік тарих құрылымын 

басқарды,  әзери  Ахмет  Ағаоғлы  мен  татар  Садри  Мақсули  Арсал  заң  мен 

саясат саласында ықпалды қызмет атқарды, башқұрт Зәки Уалиди Тоған мен 

Абдулқадир Инан тарих, әдебиет және тіл саласында жемісті еңбек етті.

Түркия  Республикасының  10  жылдығы  аталып  жатқан  кезде,  Ататүрік: 

«Австрия-Венгрия және Осман империясы сияқты Кеңестер одағы да қирайды. 

Əр  ұлт  азаттық  үшін  айқасқа  шығады,  тәуелсіздік  үшін  күреседі.  Сол  кезде 

Орталық  Азиядағы  қандастарымыз  тәуелсіздіктеріне  қол  жеткізеді.  Бірақ,  біз 

туысқан  ретінде  ол  күнді  күтіп  отырмауымыз  керек.  Дайындалып,  арадағы 

көпірлерді  құруымыз  керек.  Ол  көпір  –  тарихымыз,  тіліміз,  мәдениетіміз. 

Осыларды  бүгіннен  қалыптастырайық.  Ортақ  тарихымызды  жазайық.  Ертең 

бұл біздің арамызды жалғастыратын дәнекерге айналады» деп өсиет айтқан. 

Сондықтан, түрк елдерінің арасындағы бүгінгі бауырластықтың пайда болуына 

Ататүріктің әсері болғаны анық.

Жалпы, Ататүрік социализмнің де, капитализмнің де, либерализмнің де озық 

үлгілерін мүмкіндігінше өз елін өркендету жолында пайдаланды. Мәселен, ол 30-

шы жылдары бес жылдық жоспарлы экономиканы енгізді. Соғыс аяқталысымен, 

қылышты  ораққа,  оқты  сабанға  алмастыру  туралы  ұран  көтеріп,  ауыл 

шаруашылығына мән берді. Ұлттық өнім мен өнеркәсіпті дамытуға ден қойды. 

Бір мысал, әлі соғыс жүріп жатқан 1921 жылы ол «Жергілікті жерде өндірілген 

киім кию туралы» заң шығарды. Жалпы, Ататүрік «халықшылдық, ұлтшылдық 

және  мемлекетшілдік»  деген  ұранды  ұстанды.  Сондықтан  Ататүрік  барлық 

билікті мемлекетке шоғырландыруға тырысты. Сол арқылы Осман империясы 

кезінен  ықпалын  жүргізіп  келген  түрлі  әулет  пен  топтардың  әсерін  әлсіретті. 

Əскер  мен  мемлекеттік  қызметке  шоғырланған  түрік  ұлтын  шаруашылық  пен 

саудаға тартты. Оған дейін бұл сала негізінен еврей, армян ұлты өкілдерінің 

қолдарында  болатын.  Ататүрік:  «Бізден  миллионерлер,  ірі  капиталистер 

шығу  керек.  Ірі  буржуазия  қалыптасу  керек.  Ол  ұлттық  сипатта  болуы  тиіс» 

деді  және  соған  мүмкіндік  жасады.  Осылай  жаңа  орта  тап  қалыптастыруға 

тырысты. Астананы ел орталығындағы Анкараға ауыстыру да экономикаға жан 

бітірді. Барыс-келіс артты, сауда жанданды, бұқара халыққа жұмыс табылды. 

Бәсекелестікте соғыстан қалжыраған түрік халқы ұтылып қалмау үшін ол жалпы 

халыққа негізделген халықшылдық саясатын жүргізді. Соның арқасында Түркия 

30 жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстан оңай шықты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет