Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет387/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

393 


Елбасы  мақа лада  қазақ  халқы  қастерлі  санай тын  «жеті»  санын  ырымдап, 

символикалық мағынада қол данғандай әсер қалдырды. Көкті – жеті қат аспан ға, 

текті – жеті атаға, байлығы мен мұрасын – жеті қазынаға, жа һан ды жеті жұртқа 

теңейтін баба лары мыздан жеткен жеті саны мақа лада Ұлы даланың жетістік-

тері мен адамзат тарихына қосқан сүбелі үлесін әдемі жүйелеп тұр. 

Елбасы мақаласында ай тылғандай, «бүгінгі қазақ тардың арғы бабалары ұлан-

ғайыр Еуразия құрлығындағы сая си және экономикалық тарих тың беталысын 

талай  рет  түбе гейлі  өзгерткен».  Қыран  ұшса  қа наты  талатын,  құлан  жортса 

тұяғы тозатын шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен баһадүр бабалар тоқпақ жалды 

тарпаңды  ерттеп  мініп,  арғымақтың  тұяғы  жеткен  жерге  иелік  еткен,  адамзат 

тарихында ірі бетбұрыстар жа сап, Ұлы дала өркениетін қалып тастырған. «Уақыт 

пен  кеңіс тіктің  көкжиегі  тоғысқан  жерде»  пайда  болып,  дәуір  дауылдарына 

шыдас берген алып емендей тамырын тереңге тартқан, ежелгі Мысыр, Қытай, 

Иран,  Үндістан,  Рим  секілді  іргелі  елдермен  қарым-қатынас  орнатып,  оларға 

балама өркениет құрған Түрк әлемі Шығыс пен Батыстың, түстік пен теріскейдің 

арасын  жалғаған  Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  әлемдік  сауданың  күретамырына, 

дүниежүзілік дипломатияның дәнекеріне айналған. Сондықтан ғалымдар көне 

көшпелілерді «жаулаушы ғана емес, өркениетті жасаушы һәм оны жалғаушы 

ұлт» ретінде бағалауда. Тарихқа еуроцентристік көз қараспен қарайтындар «көш-

пелілер бей-берекет көшіп-қонып жүрген, оларда өндіріс орындары болмаған» 

деген  жаңсақ  ұғым  қалыптастыр ған.  Шынтуайтында,  мақала да  айтылғандай 

«біздің жері міз материалдық мәдениет тің көптеген дүниелерінің пайда болған 

орны». Түрк өрке ниетінің алтын бесігі Алтайда темір қорыту бағзыдан бері бар 

екенін беріде жүргізілген архео логиялық қазба жұмыс тары да айқындап отыр. 

Түрктер арасында қара темірді қамырша илеп, болат балқытқан ұстаны киелі 

санау культі осылайша қалып тасқан. Ұлы даланың құді ретті әміршілері Тэмужин 

– Темір ші, Темірлан аталуы да осы киенің сарқыты деу ге бо лады. Сондықтан 

жа ңа ға сырда домна пеште болат бал  қытып, құрыштай шың  дал  ған Елбасының 

металл өн діруді түрктердің ата кәсі бі ретін де қарауы – дәстүр сабақ тас тығының 

жаңғыруы! 

Елбасы  Ұлы  даланы  түрк  әлемінің  киелі  бесігі  деуі  –  заң дылық.  Расында, 

тақтары тұр мақ, аттары да алтынмен ап талған қаһарлы қағандар мекені болып 

саналатын Берел ден бастау алатын асқақ Алтай – күллі түрктің бағзы замандарда 

кіндік  байлаған  кен  ордасы.  Батыстағы  Сарайшық  пен  Сығанақтың  арасы, 

күңіренген қобызымен тіршілік атаулыны ұйытқан қасиетті Қорқыттың қонысы 

– бүгінде Түркия, Əзербайжан, Түрікменстанда мем лекет құрған оғыздар әуле-

тінің берекелі бесігі. Оңтүс тіктегі әзірет қонған әз қа ла – Түркістанға ислам дінін 

қабыл даған күллі түрк жұртшылығы тағзым етеді. Ертегіден бас талып, Едігемен 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет