Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет41/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

45 


кезеңімен (VIII-XIII ғғ.) тұспа-тұс келеді. Осылайша бұдан кейінгі ғасырларда 

түрктердің араб жазуын қолдану өрісі кеңейді. 

Араб  тілі,  ислам  мәдениеті  кең  етек  жая  бастады,  түрктер  мемлекеттік 

ресми  іс-қағаздарын  араб  графикасына  негізделген  ортағасырлық  түрк 

жаңа  жазуымен  жаза  бастады.  Түрк-мұсылман  оқымыстылары  бұл  жазуды 

ортағасырлық  түрк  тілінің  табиғатына  әбден  икемдеген  еді.  Бұл  жазу  түрк 

әлемінде  жаппай,  әрі  ұзақ  уақыттар  бойында  қолданылды.  Осы  жазумен 

жазылған мәтіндерді «орта түрк жазуы», «шағатай жазуы», «қыпшақ жазуы», 

«қадым жазуы» секілді атайды. 

Біз әртүрлі кезеңде, әртүрлі қилы замандарды бастан өткерген жұртпыз. 

Еуразия кеңістігін XV ғасырға дейін жалпы түрк дәуірі деп айтқан, жылқының 

жалында,  тарпаңның  тұяғы  жеткен  жердің  барлығын  иеленген  баһадүр 

бабаларымыз,  Еуразия  кеңістігіндегі  карталардың  қалыптасуына  ықпал 

еткен.  Сондағы  мемлекеттердің  құрылуына,  қалыптасуына,  тіпті,  қирауына 

да әсер еткен. Бірақ кейінгі ғасырларда сол біздің тарихымыз да, тағдырымыз 

да  біздің  араласуымызсыз  жасалды.  Соның  салдарынан  біз  көптеген 

тұлғаларымыздан,  асыл  қасиеттерімізден  айырылдық.  Көптеген  тарихи 

оқиғаларды жадымыздан шығарып алдық. «Түрк әлемі» деп аталатын үлкен 

кеңістікті  біріктіретін  ұлттық  кодтарымыздан  көз  жазып  қалдық.  Соның  ең 

үлкені жазу.

Мысалы ұлт та адам секілді. Бір кезде бұл туралы ибн Халдун да айтқан, 

біздің балалық шағымыз болады, ержетуіміз, атжалын тартып мініп, есейген 

кезіміз  болатыны  секілді,  кез  келген  мәдениет  пен  өркениеттің  шығыстан 

туып,  уақыт  өте  келе  күнбатысқа  бетбұратын  кезеңдері  болады.  Бірақ  ол 

қайта  айналып,  қайтадан  пассионарлық  дәуірге  оралуы  үшін  осы  кодтар, 

әсіресе рухани кодтар берік, ұлттық жады мықты болу керек. Бұдан бұрынғы 

бабаларымыз «жадытас» деп атаған. Сол жадытастарға, мәңгітастарға мың 

жыл  өтсе  де  ұрпағымыз  осы  бағыттан  жаңылмасын  деп  қашап  жаздырған 

ұлттық кодтар, рухани қазыналарды қайта жаңғыртуымыз керек. 

Əр  ұлттың  өз  ен-таңбасы  болады.  Ол  –  өзінің  дыбысына,  өзінің  сөзіне 

қызмет етеді. Əліппе деген сол сөздің киімі. Сондықтан әр елдің өз әліппесі 

сол елдің сөзіне ең жақын келетін формада болуы керек.

Біз өзіндік алфавиті бар әлемдегі санаулы ұлттың біріміз. Еуропада немесе 

қазіргі өркениетті көптеген елдерде алфавиттің не екенін білмейтін кезеңде 

біздің өзіміздің төл әліппеміз, алфавитіміз болды. Сол алфавитпен мәңгілік 

тастарға қашап, мәңгілік мұра қалдырған ұлтпыз. Сондықтан тарихи тұрғыдан 

алған кезде, біздің алфавитіміз бұл – үлкен кезеңдерден өтіп, бізге бай мұра 

қалдырған ұлы қазынамыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет