Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет43/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

49 


БАЙЫРҒЫ ТҮРКТЕРДЕГІ ЕЛ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ  

МЕМЛЕКЕТТІЛІК ДӘСТҮРІ 

Бүгінгі  күні  бір  шеті  Шығыс  Сібірге,  енді  бір  шеті  Жерорта  теңізіне  дейін 

созылып  жатқан  ұлан-ғайыр  кеңістікте  түрк  халықтары  қоныстанған.  Атап 

айтқанда Орталық Азия, Еділ-Орал, Шығыс Еуропа мен Кавказ аймағы, Анадолы 

және әлемнің тағы басқа жерлерінде тамыр жайып, мекен етіп келеді. Соңғы 

екі мың жылдық тарихқа зер салып қарасақ, түрк халықтары қоныстанған бұл 

аймақтардың кей кездері кеңейіп, кейде кішірейіп отырғандығына қарамастан, 

түрктер  Ұлы  дала  төсінде  саяси  күш-қуатын  үнемі  сездіріп  отырғанын  көре 

аламыз. Байырғы түрктердің далалық дәстүрмен империя құруы, ұлан-байтақ 

территорияда билік жүргізуі және жүздеген билеуші әулеттерімен мемлекеттілік 

дәстүрді жалғастыра білуі кездейсоқ болмаса керек-ті. Əлбетте, мұның өзіндік 

құпия сырлары да бар! 

Азия  мен  Еуропадағы  Ғұндар  империясы  (б.з.б.  III  ғ.-  б.з.  V  ғ.),  Көк  Түрк 

қағандығы  (552-744  жж.),  Шыңғыс  әулеті  –  Ұлық  ұлыс  («Алтын  Орда»

70



империясы  (XIII-XV  ғғ.)  және  Темір  әулеті  (1370-1501  жж.);  Үндістан  мен 



Ауғанстанда Ғазнауилер (961-1186 жж.) мен Бабыр әулеттері (1526-1857 жж.); 

Мысыр мен Таяу Шығыста Мәмлүктер (1250-1517 жж.); Иран, Оңтүстік Кавказ, 

Таяу Шығыс және Анадолыда Селжүктер (1038-1307 жж.), Сефавилер (1501-

1736 жж.), Балқан түбегі, Анадолы, Кавказ, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада 

Османдықтар (1299-1922 жж.) және тағы басқа түрк мемлекеттері әлемнің үш 

құрлығында өз билігін орната білді.

Жазба  деректерге  жүгінер  болсақ,  ата-бабаларымыздың  осындай  ірі 

жетістіктерінің  негізінде  көптеген  фактордың  жатқандығын,  соның  ішінде 

түрк  халықтарының  ғасырлар  бойы  дамып,  қалыптасқан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет