Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет49/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

54 


төресін тұта (ұстай) берді»

84

 деген үзінді дәлелдеп тұр. Осы бір сөзді арада мың 



жылдан астам уақыт өткенде Бұқар бабамыздың «төрде отырған қарт бабаң, 

төресінен жаңылар малдан соң» деп, әділдіктен тайып, заңынан жаңылған биді 

сынайтын әйгілі орамынан кездестіреміз. «Төресіз ел болмайды» мақалының 

мағынасы  да  осы  ұғымды  білдіргені  түсінікті.  Мемлекет  басқарушысыз,  яғни 

«қағансыз» болмайды. Егер оларды қарсылас күштер орнынан алып тастаса, 

онда  мемлекет  те  мемлекет  деп  саналмайды.  Басқаша  айтқанда,  «еркі  жоқ 

(басқаға тәуелді) билеуші» мемлекеттің басшысы бола алмайды. 

Расында «Ел» мемлекет болуы үшін оның, ең алдымен, тұрақты территориясы 

(жері,  шекарасы),  қуатты  әскері  (халқы)  және  заң-ережелері  (конституциясы) 

болуы  шарт.  Ежелгі  Ғұн  империясында  осы  аталған  мемлекеттіліктің  негізгі 

алғышарттары мен басты формаларының нық орнағандығы тарихи құжаттарда 

сақталған.  Ғұндардың  мемлекеттік  құрылымының  нақтылы  әрі  қатаң  саяси 

тәртіпке бағынғандығы туралы қытай жылнамаларында баяндалған

85

. Ғұндардың 



24 тайпалық жүйелі басқару аймақтары болған, әр аймақтың басшылары бір 

«шаньюй»  Тәңірқұтқа  бағынып,  бір  орталықтан  әскери  жасақтар  шығарған

86



Қытай  жазбаларында  ғұндардың  24  тайпа  көсемдерінде  жүз  мыңдаған 



әскерлерімен  түмен,  мыңдық,  жүздік,  ондық  әскери  құрылым  жасалғандығы 

баяндалады

87

.

84



 Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005, 186.

85

 Бернштам, 1951, 262 с.



86

 Таскин, 1968.

87

 Иностранцев, 1926 ; Бернштам, 1951. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет