Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


ТҮЙІН СӨЗ: ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТЫ



Pdf көрінісі
бет6/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   407
ТҮЙІН СӨЗ: ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТЫ  ............................................................................... 392

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................................... 397

Қосымша ............................................................................................................................. 411



ҰЛЫ ДАЛА тарихы



АҢДАТПА

Əйгілі тарихшы Рене Груссе 1938 жылы жариялаған «Ұлы дала империялары» 

деген бірегей зерттеуі арқылы Ұлы дала ұғымын әлемдік тарихнамаға алғаш 

рет орнықтырып, ғылым кеңістігінде бетбұрыс жасаған еді. Қазақ хандығының 

550 жылдығын атап өту салтанатында Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Біздің қасиетті 

жерімізді ықылым замандардан Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың 

ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы даланың мұрагерлеріміз! 

Осынау  кең-байтақ  Ұлы  даланың  көгінде  халқымыздың  бақ  жұлдызы  болып 

жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы 

болған Ұлы дала!», – деп Ұлы дала ұғымына жаңа мағына сыйлап, қайтадан 

жаңғыртуы  ғылыми  қауымға  терең  ой  салып,  өткенімізді  байыпты  көзқарас 

тұрғысынан зерделеуге соны серпін берді. 

Расында,  Байкалдан  Балқанға,  Алтайдан  Ақтеңізге,  Моңғолиядан 

Мажарстанға  дейінгі  ұлан-ғайыр  алып  аумақты  мекендеген  байырғы 

халықтардың арғы тамыры Ұлы даладан бастау алады.

Ежелгі  дәуірлерде  Ұлы  дала  төсінде  сақтардан  алау  алған  елдік  дәстүр 

жалғасын  тауып,  ғұндар

1

  мен  түрктер



2

  дүниені  дүр  сілкіндіріп,  айбынды 

империялар  орнатады.  Даңқты  бабаларымыз  іргелі  мемлекеттердің  негізін 

қалап, замана көшінің келбетін өзгертіп қана қоймай, бағзы дәуірлерде алғаш 

рет жылқыны қолға үйретіп, кен қорытып, темір өндіріп, ауыз әдебиетінің бай 

үлгілерін ұрпаққа аманаттап, адамзат ақыл-ой қазынасына өлшеусіз үлес қосты. 

Ұлы даланың әр қиырынан табылған мәрмәр тасқа бәдізделген жазу мәдениетінің 

үздік нұсқалары – жазба ескерткіштер, Тәңір наным-сенімінің көріністері – киелі 

ғибадатханалар  мен  ғұрыптық  кешендер,  өркениеттің  жауһарлары  –  көне 

шаһарлар мен әсем кесенелер ежелгі түрк мәдениеті әлеуетті де салтанатты 

болғанын айғақтайды. 

Ұлы  даланың  тұрғындары  арман-аңсары  мен  қаһармандық  тарихын  туған 

жердің  әр  тасына  қашап  қалдырған,  оны  бәдіздеп,  оюмен  өрнектеген  ойшыл 

халық. Осылайша Еуразия кеңістігіндегі байтақ қоныстың әрбір тасы таңбаланып 

паспортталған,  оны  көзінің  қарашығындай  сақтаған  Ұлы  дала  елінің  аманаты 

бізге ұласқан. 

1

 Қытай жазбаларында hiun-nu, siun-nu- деп хатталынған бұл атауды ғылыми әдебиеттерде «хунну, 



сюнну» деп жазып келеді. Біз қазақша қалыптасқан «ғұн» атауына тоқталып, осы нұсқаны қолдандық. 

2

 Көне түрк бітіг жазбаларында türk, türük / törük деп жазылған осы атауды отандық ғылымда «түркі» 



деген атаудың қалыптасқан дағдысы бар еді. Біз бұл атауды көне түрк бітіг жазбаларындағы таңбалық 

нұсқасы бойынша «түрк» деп қолдандық. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет