Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет7/407
Дата27.04.2022
өлшемі13.38 Mb.
#32466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

Тарихты  жазу  –  тарихты  жасаумен  бірдей  өзекті.  «Тарихты  жеңімпаздар 



жазады»  деген  белгілі  қағидаға  сүйенсек,  біз  бір  кезеңде  тарихы  тоналған, 

жадысы жоғалған жұртқа айнала жаздадық. Осы орайда, есесі кетіп, есеңгіреген 

елдің еңсесін тіктеуде, оның өзіне деген сенімін ұялатып, тариxи санасын қайта 

жаңғыртуда Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан мемлекеттік 

«Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың 

жеті қыры» сынды іргелі бағдарламалар мен маңызды тұжырымдамалар үлкен 

серпін берді. 

Сол арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен архивтер мен бағалы қорлардан сүбелі 

деректанулық мұра жинақталды. Түрлі бағыттағы археологиялық-этнографиялық 

экспедициялардың  олжалары  да  қомақты.  Осы  салада  жүйеленген  архивтік, 

археологиялық,  этнографиялық,  нумизматикалық,  фольклорлық-әдеби 

деректерді  игере  отырып,  төл  тарихымыз  бен  ұлттық  құндылықтарымызды 

жаңаша  пайымдаудың  кезі  келгенін  зиялы  қауым  жұмылып  атқарып  жатқан 

шығармашылық жұмыстардан байқауға болады.

 Қолдарыңызға тиіп отырған «Ұлы дала тарихы» атты еңбекті осындай іргелі 

ізденістерге жасалған қадамның бірі ретінде қабылдаңыздар. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   407




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет