«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры»



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі24.17 Kb.
#20778
1   2   3   4   5
«Сексен сом» әңгімесі басты кейіпкері Егеубай қарт. Әңгіменің басында Егеубайдың үйдің тірліктерін жасап жатқаны суреттеледі.

Ақын осы тұста сол кездегі аштық, кедейлікті Егеубай арқылы жеткізгісі келгенің мына жолдан байқаймыз «Е жем керек екен, сен түгел балаларға да нан жоқ» Кейін Егеубайдың жанына Тымымбай келіп, жиылыстан келгенің және Алашорда құрылғаның хабарлайды. Бұл ел кедей болғандықтан ақшаны басқа ауылға ауыстырған, әр үйге сексен сомнан келетінің айтқан кезде Егеубайдың көңілі түсіп, күні бойы осы сексен сомды ойлайды.

Автор деталь ретінде «сексен сомды» алғаның байқауымызға болады. Қазақ халқының сол кездегі салықтың, ауылнайлардың кесірінен халықты аштық, кедейлік бойлаған.

Шығарманың барысында ауылға делегаттар келіпті дегенді естіген Егеубайдың осы ауылдан әзірше кетуге шешім қабылдайды. Таң ата кетпек болғанда ауылнайдың баласы келіп делегаттардың шақырғаның айтады. Амал жоқтан барады. Егеубайдың ойы бұл ауылнайға не істедім, неге маған өшікті деген сауал мазалайды. Ақыр соңында Егеубайдың жалғыз көк атын алып тынады.



«Күлпаш» әңгімесі 1922 жылы жазылған. Әңгіме сюжеті кедей отбасы, киерге киімі жоқ, ішерге ас жоқ Мақтым және оның әйелі Күлпаш, баласы Қали.

Бейімбет Майлин қазақ халқының сол кездегі ашаршылықтан тартқан азаптарын, тіпті сүйіп қосылған жары Мартымнан Жұмағазыға кеткен Күлпаштың бейнесін көреміз. Ауыл адамдарын өте кедей екенің шығарманың басынада айтып өтеді. Бұл әңгімеде жағымсыз кейіпкер Күлпаштың сіңілісі Раушан. Раушан Күлпашқа бұл өмірін болмас, Мақтымды тастап бай Жұмағазыға ти деп азғырады.

Әңгімеде Күлпаш арлы, қамқор ана болып суреттелген. Егер Раушан оны азғырмаса, Күлпаш соңына дейін шыдайтының автор көрсеткен болатын. Ол Жұмағазыға кеткенмен де әлі болса сүйген жарын баласын ойлап, тиыш өмір сүре алмайды, істеген ісіне өкінеді.

Оқиғаның соңында Күлпаш үйне оралғанда Қали мен Мақтымның өлігін көріп, жылаумен аяқталады.



«Қара шелек» әңімесі 1930 жылы жазылған. Әңгіме қара шелектен басталады. Ол қара шелек Айшаның атасының басындай сақтаған шелегі болатын. Бұл әңгіме ұйымдасқан ауыл адамдарының өмірі суреттеледі. Басты кейіпкер Айша. Ол ауылдағы ең бір таза әйел, адал жар, ұқыпты, сенімді адам және кейінен артель бастығы болып сайланады. Оның күйеуі Бірмағамбет сьезд басшысы, шыншыл, ізденімпаз, еркеше мінезді кейіпкер. Айшаның оның қызғаншақ, томырық екенің айтып өтеді. Айша мен Бірмағамбеттің баласы Қуандық.

Автор бұл әңгімеде деталь ретінде «қара шелекті» алған осы шелек арқылы ауыл өмірін, коллективті жұмыстын бастауын көрсеткісі келген. Бірмағамбет ауылда болмаған кезде Айша жиналысқа барады. Бұл жерде Қайралап пен Ыдырыс астық науқанында майкот болаған байлар Айша сөзден тиіседі. Айша ашумен осы коллективті жұмысқа келесіп, кейін оның басшысы болып сайланады.Сол сәттен бастап дұрыс жасады ма жоқ па деп қайғыға батады. Болған жағдайды ойлап шелегін қара тоқалған қалай беріп қойғаның білмей қалады. Кейінен су алуға бармақ болғанда шелегі жоқ екенің көріп шошынып Қожағұлдың үйне келеді. Шелегі майысып жатады, ашуланып қара тоқалды ұра жөнеледі. Бұл жерде қара тоқал Қожағұлдың салақ әйелі. Қожағұл молда, саудагер шал және Бірмағамбеттің туысы. Айша Қожағұлдың айтқан сөздерінен ғана неге келіскенің түсініп ала сиыры мен шелегін ойлап оқиға аяқталады.

Қорыта келе автор бұл әңгімеде ауыл өмірің бір шелекке зар болуын, кедейліктің бейнесің көрсеткісі келеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет