Дауыс ырғағы ( интонация )



Дата11.04.2023
өлшемі19,38 Kb.
#81561




Дауыс ырғағы ( интонация )
Күнделікті сөйлеу барысында адамдар арасында, үлкен мен кішілердің, бала мен баланың арасындағы қарым-қытынас дауыс ырғағын сан алуан түрлендіріп, ойын дәл, әсерлі жеткізуге мүмкіндік береді. Дауыс сазын сөйлеуші өз мақсат мүддесіне бағындыра сөйлейді. Үлкен жиындарда, оқушылар аудиториясында сөйлеген үгітшілер мен ұстаздарда сол тыңдаушы жүрегінен жол табуға, тыңдаушысын ұйыта тыңдауға ұмтылады. Соның бәрі сөз мағынасын, сөйлем мағынасын, айтпақ ойын дауыс сазы арқылы жеткізеді. Тыңдаушысын табындыра алмаған үгітші мен баяндамашының, аудиторияны басқара алмаған ұстаздың тыңдаушы алындында беделі болмақ емес.
Сондықтан дауыс ырғағы дегеніміз сөйлеудің мағыналық бояуы. Толығырақ түсінсек көркем сөз оқушы кейіпкердің көңіл күйі мен ішкі сезімі, жан дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс реңкі арқылы жеткізуі. Өкінішке орай, сахна артистері болмаса, дауыс сазын қажетіне пайдалана алатындар көп емес. Ал мектеп мұғалімдері, әсіресе бастауыш класс мұғалімдері сөз сазын келтіріп сөйлеуге төселуге міндетті. Ол үшін тілдік материалдарды жетік біліп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, сөйлеу барысында жайшылықта әсерсіз кейбір сөздердің құлпырып шыға келетінін практикалық жолмен сезініп жаттығу талап етіледі.
Мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу барысында мұғалімнің негізгі құралдарының бірі – айтатын сөзі мен сөйлемін дауыс ырғағы арқылы жеткізуі. Мұғалімнің бір құралы сөзі мен дауысы ғана ғой.
«Ана тілі» оқулықтарындағы текстерді оқу барысында ұстаздар шәкірттерге дауыс ырғағын қалай қоюдын үлгісін көрсете отырып оқиды, баланы солай оқуға үйретеді. Сондықтан бастауыш класс мұғалімдері дауыс ырғағын құрайтын негізгі элементтерді жете меңгерсе құба- құп. Олардың ең негізгілері: сөйлеу буыны, үзіліс жасау, екпін қоя білу, сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін, сөйлеу қалпының әуені, оқудың әсерлі болуы, сөйлеудің қарқыны мен ырғағы, нормалы дауыс ырғағы.
Сөйлеу буыны. Текстерді оқуда, әңгімелеуде сөздердің буындарының атқаратын ролі де ерекше. Қазақ тілінде жоғарыда айтылғандай тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі бірыңғай жуан буынды немесе бірыңғай жіңішке буынды болып келуі, дауыс сазының кедір- бұдырысы әуезді естілуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге кез келген тексті оқуда немесе әңгімелеу үстінде балаларға анық та ашық дауыспен жеткізу үшін сөз буындары сәл созылыңқы оқылуы тиіс. Ол үшін ұстаз әрбір дауысты, дауыссыз дыбыстарды дыбыс артикуляциясына жақын оқуға ұмтылса, дауыс сазын дұрыс келтіруге мүмкіндік береді. Өте тез, асығыс оқудан сақтандырады. Сөз буынының дұрыс оқымау бір сөзбен екінші сөздің араласып жігінің ажырамай тұтасып кетуіне соқтырса, бала сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің мағынасына түсінбей қалуы мүмкін. Өздері де тез, асығыс оқуы мүмкін. Өзінің оқуына өзі талап қоя алмаған ұстаз баланың оқуын түзетуге мән бермейді.
Сөйлеу буынын екпінмен шатастыруға болмайды.Екпін сөздің бір буынына ғана түседі. Ал сөзде бірнеше буын болады. Сол буын құрайтын әрбір дауысты дыбысты аз да болса созыңқырап айтса, оқыса дауыс сазы да әсерлі, әуезді шығады.
Бастауыштың бірінші класында сауат ашу кезінде әрбір буын жігімен созылыңқырап оқылады. Бұдан буындап оқу керек деген ұғым тумауы керек. Дауыстап оқу кезінде балалардың дұрыс оқуға қаншалықты төселгендігі тексеріледі. Класс жоғарылаған сайын буын жігі жинақталып, дауыс сазын текстің мағынасына қарай құбылтып қолдануға төселе бастайды. Алғашқы оқуға төселу кезінен бастап-ақ сөз буындарының оқу мен сөйлеудегі атқаратын орасан зор міндетін практикалық жолмен игерту керек. Өйткені, мәнерлеп оқу дағдысы текстің мазмұнын саналы түрде қабылдағанда ғана қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет